Сұрақ 51 Олжас Сүлейменовтың қоғамдық қызметі

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Невада - Семей» антиядролық қоғамдық қозғалысының төрағасы, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Олжас Омарұлы Сүлейменов отандық әдебиетті дамытуға қосқан ерекше үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін және Семей ядролық полигонының жабылуының 15 жылдығына орай «Отан» орденімен наградталды. Өзінің табиғаты жағынан Олжас Сүлейменов - жан-дүниесі, рухани байлығы мол адам. Адамның тәуелсіздігі, еркіндігі оның шығармашылық және қоғамдық қызметінің негізгі нысаны болды. Тәуелсіз адам – ол рухани жағынан бай, әлемдік дамуды философиялық жағынан түсінетін адам. Бірақ, адамның, жеке тұлғаның еркіндігі ақын үшін анархия емес, құлдырау емес, қажеттілік заңдарымен қажетті келісу. Оның ақындық шығармашылығының тағы да бір ерекшелігі – көркем образдарды көре білуі. Жабайы алаң образы осылайша пайда болады. Бұл көшпелі тайпалардың күнкөріс жері. Жабайы алаң-олардың өмір сүретін және әрекет ететін әлемі. Сүлейменовтің шығармаларында алаң образы тәуелсіз және еркін адамның образымен байланысты. Ақынның көркемдік-образдық формада көрсеткен өркениет феномені кейіннен, көбінесе, соның арқасында қазақстандық авторлардың көптеген еңбектерінде тиянақты мәдени талдауға түскендігін нақты айтуға болады. Бұған ақынның бірнеше эсселері мен публицистік еңбектері де ықпал етті. Бұл мағынада О. Сүлейменовтің «Көшпенділер және мәдениет: қазақ эксперименті» атты мақаласына көңіл аударамыз. Бұл мақалада жер қатынасы өркениеті мен көшпенді мәдениеттің арасындағы өзара қарым-қатынаспен айналысатын философтар мен әдебиетшілерге біртұтас бағыт беріледі. О. Сүлейменов бұл туралы былай деп жазады: «Көшпенді дегеніміз кім? Тарихи еңбектермен тәрбиеленген ақыл үшін көшпенділер – шекара туралы немесе жерді меншіктену туралы еш түсінігі жоқ, бір жерден екінші жерге көшіп жүрген ордалар... олардың жолында тұрған қалалар жер бетінен жоғалып кетіп отырды және олар жүріп өткен жолдың барлығы да шөл далаға айналып жатты. Олар заң, құқық дегенді білмеген болатын. Сондықтан, әрине олар сенім, ар-ұждан, ұят, махаббат секілді жоғары рухани қасиеттерді білмейтін. Мен өзімнің ата-бабамның осындай образына сендім. Тіпті, басында оның мінезінің осы қырлары,қажеттіліктерінің қарапайымдылығы маған ұнайтынын да мойындауым керек» Олжастың өз сөзі бойынша, «айыпты көшпенді тарихшылар шығарған үкім жарияланған соң, соңғы сөзін айту құқығын талап етеді» Көшпенді тарих пен мәдениеттің мәселелеріне деген көркемдік- эстетикалық реакция стимул, бұл мәселені теоретикалық деңгейде зерттеу үшін және оны абстрактылы-логикалық түсініктің көмегімен көрсететін арнайы мәлімет секілді болды. Олжас Сүлейменовтің жақтастары ғана болған жоқ, оған қарсы шығушылар да пайда болды. О. Сүлейменовтің көркемдік-философиялық позициясының негіз қалаушы принциптерінің бірі - тарихты танып-білу деп батыл түрде айтуға болады. Ақын үшін қоршаған жанындағылардың барлығы да тарихи дамудың нәтижесі және әлемнің одан әрі дамуының нышаны болып көрінеді. Барлық көрген жаңаша құбылыстарының немесе жағдайларының барлығынан Олжас Сүлейменов өткен заманның терең бейнесін көреді. Бұл әлемді қабылдау оның ақындық шығармашылығынан өтіп кетеді. Бірақ, бұл өзі жасаған импульспен толық түсініп, қабылдаған, оның ақындық және публицистік шығармаларының қатарында анық қалыптасқан позиция, ол кейбір жағдайларда көркем мәтіннің шеңберінен шығып кетіп, тарихи- философиялық сипат алады. Сүлейменов историзмінің принципі оның историогафиялық мәселелерге жолын ұстаушылықпен ғана емес, әдеби-көркем бейнеге түсетін нәрсенің барлығына тарихтың қажеттілігін де ертіп әкетеді. Тарихты білу және бағалау ақында кез-келген суреткердің кәсіби сапаларының критериі ретінде қаралады. Невада — Семей» қозғалысы туралы көп айтылды — мақалалар, сұхбаттар, түсініктемелер жарияланды, деректі фильмдер түсірілді, олардың ішінде шетелдік авторлар да бар. Сондықтан «Невада — Семей» туралы көлемді әңгімеге бармай-ақ, қазіргі заманның осы қозғалысына үстірттеу ғана сипаттама бере кеткім келеді. Бұған мені итермелеген осы қозғалысқа, оның жетекшілеріне деген құрмет қана емес, тікетірес және шиеленіс кезеңінде полигон төңірегінде болған оқиғалардың бәріне де әділ баға берудің өте қажеттігі міндеттеп отыр. Бұл айтулы оқиға 1989 жылдың 28 ақпанында, менің 20 ақпанда полигон жабылсын деген Орталыққа жіберген хатымның талабымен Семейге В. Букатов бастаған үкімет комиссиясы келген күні болған еді. Сол күні ақын әрі жалынды шешен Олжас Сүлейменов Қазақ теледидары арқылы мәлімдеме жасады. О. Сүлейменовтың сол жалынды сөзінен кейін Семей полигонындағы ядролық сынақтарға қарсы бағытталған ашу-ыза өрті қаулап кетті деуге болады. Олжас Сүлейменовтің шығармашылық және қоғамдық қызметіне тән қасиет – азаматтық жауапкершілігі жоғары сезінуге негізделген жүйелілік пен мақсатты түрде ілгері ұмтылу. Оның поэзиясы , драматургиясы , публицистикасы және филологиялық зерттеулері республикалық көлемдегі мәдени , рухани ізденістердің алғы шебінде келеді. Олжас Сүлейменовтің көп қырлы көркемдік , теориялық және қоғамдық тәжірибелік табыстармен өлшенеді.

Сюда можно добавить как он начинал свой қоамдық қызмет, редакции, посольство и т п. С 52 вопроса.

Наши рекомендации