Сабақтың мақсаты:ҚР-ны құқықтық мемлекет ретінде қарастыру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Құқықтық мемлекет ұғымы, ерекшелігі туралы білім беру.
Дамытушылық:Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік:Құқықтық мәселелерді негізге ала отырып, бірлестікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:сыныптық
Сабақты ұйымдастыру әдісі: жаңа сабақ меңгеру, дәріс
Көрнекілігі:тірек сызбалар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
4 бөлімді қайталау
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары.
2. Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде.
3. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі.
1. Құқықтық мемлекет–бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.
Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын (екі негізгі қағиданы) бөліп қарастыруға болады:
1) мазмұнды жағы– адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден, тұлға үшін құқықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;
2) формальды-заңды жағы–мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің қағидасына мыналар да жатады:
Ø билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;
Ø заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тәртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертіліуі және тоқтатылуы мүмкін емес;
Ø мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
Ø қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;
Ø азаматтық қоғамның болуы және тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.
2. Қағиданың басты талабы–саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және белгілі бір әлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өқілдік органы тағайындайтын және заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) және сот (бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр бір билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс.
3. Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ережелерді бұза алмайды және осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі әкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағытталған кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға:
v Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі,
v мемлекеттің кез-келген деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзғандығы,
v билікті асыра пайдаланғаны,
v қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тәртіптік,
v азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілігі,
v импичмент және т.б. жатады.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Құқықтық мемлекеттің ерекшелігі неде?
2. Биліктің тармақталуы құқықтық мемлекетте маңыздылығы
3. Тұлға құқықтық мемлекетте қандай орын алады?
V. Үй тапсырмасын беру.Қазақстан Республикасы-құқықтық мемлекет
VI. Бағалау.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық | ||
Сынып: 11 | Сабақ: 29 | Күні: |
Тақырыбы:ҚР мемлекеттік билік органдары
Сабақтың мақсаты:ҚР мемлекеттік билік органдарының ерекшелігін түсіндіру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Президент, парламент, үкімет, сот билігіне анықтама беру.
Дамытушылық:Сөйлеу мәдениетін дамыту
Тәрбиелік:Өзара көмек қасиеттерін, бірліктерін арттыру
Сабақтың түрі:аралас
Сабақты ұйымдастыру әдісі: лекция
Көрнекілігі:тірек сызбалар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары.
2. Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде.
3. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі