Кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдау.
Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды. Әбілқайыр ханның мақсаттары:
Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату.
Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу.
Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.
Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру.
Ең басты мақсаты – жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату.
Әбілқайыр хан 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз қалдырған. Кіші жүз ақсүйектерінің талабы: Ресеймен әскери одақ құру.
Әбілқайыр хан талабы: Ресейдің құрамына кіру.
1730 жылғы қыркүйек – Петербургке аттанған елшілері Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлына Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды.
1731 жылғы 19 ақпан – Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы хан ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабылдады.
Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілқайырдан ант қабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А. И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді.
1731 жылы қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілқайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында алауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен, бұл қарсылық сәтсіз аяқталды.
1731 жылғы 10 қазан – Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді.
Кіші жүздің Хиуа хандығымен, қарақалпақтармен шектесіп жатқан аудандары Ресей империясына қосылмады. Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714–1720 жылдары бекіністер тұрғызған болатын: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков (Кереку), Өскемен.
Патша үкіметінің мақсаты – қазақ-жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу.
Патша үкіметі Жайық бойына бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қолайлы өңірлерді басып алып, орыс помещиктеріне, казак-орыс қоныстанушыларына таратып беру саясатын ашық жүргізе бастады.
Жаңадан қосылған қазақ жерлеріндегі шептерін нығайту мақсатында Ресей үкіметі 1734 жылы мамырда Сенаттың хатшысы И. К. Кириллов басқарған экспедиция жабдықтады:
Ор өзені бойында бекініс тұрғызу;
Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын кеңейту;
Қазақ өлкесіндегі табиғат байлықтарын игеру;
Сырдария бойында қала тұрғызып, Өзен флотилиясын құру.
Саяси жағдайдың шиеленісіп кетуіне байланысты экспедиция мақсаттары түгел іске аспады.
1735 жыл – Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды.
Орынбор шекаралық комиссиясының келесі төрағасы И. И. Неплюев (1742 ж.) Орск қалашығын 1743 жылы жаңа жерге көшірді. 1743 жыл – Орынбор қаласының негізі қаланды.
1735–1737 жылдары болған башқұрттардың көтерілістері кезінде Әбілқайырдың башқұрт билеушілерімен бірігіп кетуінен сескенген патша үкіметі екінші рет ант алуды көздеді.
1738 жылғы тамыз – Орынбор комиссиясының басшысы, тарихшы В. Н. Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының съезін өткізді.
Кіші жүз бен Орта жүзден барлығы 60-қа жуық старшын Ресейге берілгендігін қуаттап екінші рет ант берді.
1740 жыл – Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның ант беруі саяси жағдайдан туған айла болды. Ресеймен жақындасып, Орта жүзге жасалатын жоңғар шабуылын әлсіретуді көздеді.
1734 жылғы 10 маусым – императрица Анна Иоанновна Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдауға келісімі жөнінде жарлық шығарды.
Экономикалық мешеулікпен, феодалдық бытыраңқылықпен қатар Қазақстанның өндіргіш күштерінің дамуын тежеген факторлардың бірі сыртқы саяси қауіп болды. Халық үшін осы ауыр жағдайда қазақ хандықтары билеушілерінің алдында маңызды да күрделі міндет қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету және елде күшейе түскен феодалдық бытыраңқылық үрдісін жою міндеті тұрды. Қазақ қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Жайық және Сібір қазақтарының қоршауында шын мәнінде экономикалық оқшаулау, ұлы империяның тұрақты қысым көрсетуі жағдайында бола отырып, қазақ жүздерінің билеушілері Россия империясы сияқты одақтас іздеуге мәжбүр болды. Кіші жүздің Россия құрамына енуі туралы мәселені шешу кезінде Кіші жүз ханы Әбілқайыр бастаған хан партиясы елеулі роль атқарды. Ол қазақ хандықтары тап болған күрделі ішкі және халықаралық жағдайда қырдағы басқа топтардан гөрі дұрыс бағалап, бірінші кезекте Кіші жүзде Россия құрамына қосқан жағдайда Россияның көмегімен ғана Жоңғария, сондай-ақ Цин империясы тарапынан төнген қауіп-қатерді жоюға және ішкі алауыздықтарды тоқтатуға болатынын басқалардан бұрынырақ түсіне білді. XVIII ғасырдың 20-жылдарына дейін султан болып жүрген кезінде Әбілқайыр орыстың дипломатиялық топтарына едәуір белгілі болатын. «Ақылы жеткілікті және қулықтан да ада емес адам» - деп ол жөнінде А.И.Тевкелев осындай пікір айтқан. Ол ең алдымен қазақ мемлекеттілігінің стратегиялық мүдделерін басшылыққа алып, екінші жағынан Россия әкімшілігіне сүйене отырып, өзінің басқа бәсекелестерінен жоғары болуға, оларды саяси аренадан ығыстырып шығаруға ұмтылды, атақты Тәуке ханның заманында болғанындай, өзі билеген хандықтың жеке-дара басшысы болу мақсатымен, халыққа қасіретті зардабын тигізетін жоңғар басқыншылығына жол бермеу үшін күш пен мүмкіндікті біріктіруге тырысты. Осы міндеттерді іс жүзіне асыруға ұмтылған Әбілқайыр 1730 жылдың жазында Уфа наместниктігі арқылы Петербургке елші жібереді.
1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың Сейтқұл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келіп жетті. Олар әйел патша Анна Иоанновнаға Кіші жүзді Россия империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. «Біз Әбілқайыр хан,- деп көрсетілді жолдамада,- маған карасты Орта жүз бен Кіші жүздің көптеген ...халқымен сіздің алдыңызға күлліміз бас иеміз... Сіздің қамқорлығыңызда болсақ дейміз». Әбілқайыр өз жолдамасында қазақтар мен башқұрттар арасында қалыптасқан тым шиеленіскен қарым – қатынасты баса айтты. Хан Кіші жүзді Россия құрамына қосу бұл қарама қайшылықтарды жояды деп есептеді. 1731 жылғы 19 февральда императрица Анна Иоанновна Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына олардың Россия қоластына ерікті түрде қабылданғандығы туралы грамотаға қол қойды. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірде Кіші жүзге А.И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. Олармен бірге Петроградка жіберілген қазақ елшілері де оралды. Кіші жүз қазақтарының Россия қоластына қабылдануында атақты Бөгенбай батыр елеулі роль атқарды. 1731 жылғы 10 қазанда Тевкелевті қазақ ру басыларының жиналысына шақырды, онда Әбілқайыр, содан соң Бөгенбай батыр, Есет, оның тумасы Құдайназар мырза, ал олардан кейін тағы да 27 білікті қазақ феодалдары Кіші жүздіңРоссияға өз еркімен қосылуы туралы юридикалық актіге қол қойды. Орта жүздің Россия бодандығын қабылдау