Шығармашылық дсңгей

Орытынды

Қазіргі уақыттағы Қазақстандагы сыртқы экономикалық байланыстардың келесі формалары бар: сыртқы сауда, Қазақстан территориясындағы және шетелдердегі біріккен кәсіпорындар, Қазақстан территориясындағы шетел кәсіпорындары, халыкаралық үйымдар, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, шетелдік жүмыс күшін тарту, шетелдік туризм, еркін экономикалық аймактардағы ынтымақтастык жэне халықаралық экономикалық қызметтестіктің басқа да формалары.

Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметтегі негізгі міндеті - халық шаруашылыгы қүрылымын жетілдіру мақсатында халықаралық еңбек бөлінісін белсенді қатыстыру, технологиялық артта қалушылықтан арылу, республикалық валюта қорын қалыптастыру.

*

Лекцияға әдістемелік нұсқаулар

Осы лекцияны қарастыру барысында Қазақстан Републикасының сыртқы экономикалық кызметінің этаптарына көңіл аудару керек. Сондай-ақ, Қазақстанның сыртқы экономикалық кызметін реформалау мақсаттары мен міндеттерін уғып алу міндетті.

Дебиеттер

6. Майдан-Әлі Байгісиев. Халықаралық экономикалық қатынастар.Оқу қуршіы.- Алматы.Санат,1998.

7. Ермаков В.А. Казахстан в современном мире.Экон-георг.очерк.-Алматы,1998.

8. Темиргалиев Б.Б. Основы внешнеэкономической деятельности Казахстана.- Алматы, 1997.

9. Стровский Л.Е. Внешнеэкономическая деятельность предпрития. Учебник.-М:ЮНИТИ, 2001

Теорнялық білім бақылауының сурақтар мен тапсырмалар нұсқаулары

Репродуктивті децгей

14.Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалык қызметін реформалаудың негізгі кезеңдері?

15.Сыртқы экономикалық қызметтің мақсаттары мен міндеттерін ата?

16.Сртқы экономикалық қызметті қалыптастырушы факторлар?

Репродуктивті-практикалық децген

14 Сыртқы экономмикалық қызметті реформалау мақсаттары мен міндеттері Қазақстанның жалпы экономикалық дамуының мақсаттарымен калай байланысты?

15 Сыртқы экономикалық қызметтің қандай формалары бар және олар бір-бірімен қалай байланысады?

16 Сыртқы экономикалық кызметті мемлекеттік реттеу дегенді калай түсінесің?

Шығармашылық дсңгей

10 Елдің тәуелсіздік жылдары дамуы барысында сыртқы экономикалық кызмет сипатының өзгеруі себептері?

11 Халықаралык сауданың кандай формалары Қазақстанда басымырак қолданылды?

*

Максаты:Сырткы экономикалық кызметтегі мемлекеттік саясатты, саудадағы негізгі реттеуші құралдарды қарастыру.

10. Мемлекеттің халыкаралык жэне сыртқы саудадағы рөлі

11. Протекционизм: мэні жэне формалары

12. Сауда саясатының сипаты жэне халықаралык сауданы реттеудің кедендік әдістері

13. Сыртқы сауданы реттеудің тарифтік жэне бейтарифтік әдістері

І.Әр түрлі елдер жалпы әлемдік экономикада жалпы жэне онын жекелеген тауар рыиоктарында эр түрлі орын алады. Халықаралық сауданың эр бір катысушысы өз мүдделерін қорғау мақсатында қандай да бір іс-әрекет атқаруға тырысады, яғни осы салада белгілі бір саясат жүргізеді. Халықаралық сауда саласында саясаттың негізгі екі түрі бар:

17.халықаралық сауда саясаты;

18.сыртқы сауда саясаты;

Хсиіыцаралъщ сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама қабылданған саясат. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДС¥) жүргізеді және ол әлем елдерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мүндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.

Сыртцы сауда саясаты атауымен мемлекеттің баска елдермен сауда катынасына бағытталған іс-әрекеті түсіндіріледі. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:

17 осы елдің халықаралық еңбек бөлінісіне кіруінің дәрежесі мен эдісін өзгерту;

18 экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;

19 елді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету (шикізат, энергия жэне т.б.);

20 экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту.

Кейбір мақсаттар ұзак мерзімді сипатта болады, мысалы халықаралық еңбек бөлінісіне

кіру дэрежесі мен әдісін өзгерту. Басқа мақсаттар одан гөрі аз мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін, мысалға экспорт пен импорт көлемін өзгерту.

Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар:

21 еркін сауда саясаты;

22 протекционизм.

Еркін сауда саясаты таза күйінде мемлекеттің сыртқы саудаға тікелей араласудан бас тартып, рынокқа негізгі реттеуші ролін жүктеуін білдіреді. Бірақ бүл мемлекеттің осы шаруашылық іс-әрекетінің бағытына әсер етуден толық шеттелуін білдірмейді. Мемлекет өз шаруашылық субъектілеріне максималды еркіндік беру үшін басқа елдермен келісім-шарттарға отырады.

Еркін сауда оң саяси салдарға экеледі, өйткені елдердің өзара байланыстылығы күшейіп, бір-біріне дұшпандық әрекетінің мүмкіндігін төмендетеді.

Еркін сауда саясатының жүргізілуі экономикасы дамыған елдерге халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде, еркін сауда саясаты таза күйінде ешқашан жэне еш жерде қолданылған жоқ.

12 Протекционизм: мәні жэне формалары.

Протекционизм - отандық экономиканы шетелдік бэсекелестерден қорғауға бағытталған саясат. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті жоққа шығарылады, өйткені әлемдік рыноктағы жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бэсекеге жарамдылыгы эр түрлі, осыған байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған елдер үшін рыноктық күштердің еркін іс-эрекеті пайдасыз болуы мүмкін. Күшті шетелдік мемлекеттер жағынан шектелмеген бэсеке

*

экономикалық дамуы төменірек елдерде экономиканың тоқырауына жэне осы елде тиімсіз экономикалық кұрылымның қалыптасуына экелуі мүмкін.

Протекционизм елде белгілі бір салалардың дамуына көмекте-седі. Аграрлы елдерде протекционизм көбінесе индустриализацияның қажетті шарты болады. Одан басқа, протекционизм жұмыссыздыктың азаюына әсер етеді. Бірак бүл саясатты ұзак мерзім бойына пайдалану экономиканың токырауына әкеледі, өйткені шетелдік бәсеке болмаса, жергілікті кәсіпкерлердің техникалық деңгейі мен өндіріс тиімділігін жогарылатуға ынтасы төмендейді.

Өзінің төтенше формасында протекционизм экономикалық автаркия түрінде болады, яғни ел импортты тек өз елінде шығаруға мүмкін болмайтын тауарлармен ғана шектейді. Экспорт болса, импортты қамтамасыз ету деңгейінде ғана рұқсат етіледі.

Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндірісі дамыған елдерде шиеленіскен бэсекелестік жағдайында үлттықтауар өндірушілерін қорғау үшін пайдаланылуда.

Мемлекет шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі жэне кандай да бір іс- әрекетке ынталандыруы мүмкін.

Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары эр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге катысты тыйым салу болып табылады.

Сыртқы сауданың қүралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жагдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту жэне азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылық субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сэйкес шешім қабылдауына мэжбүр еткізеді. Осы қүралдарға тарифтік (іагіШ) жэне тарифтік емес шектеулер (поп ІагіНз Ьаггіегз) кіреді.

14. Сауда саясатының сипаты жоне халықаралық сауданы реттеудің кедендік әдістері

Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.

Кедендік тариф - бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салыгы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салыгы түсініледі.

Импорттық салықтар механизмінің кіші ел экономикасына іс-әрекетін қарастырайық. Қазақстанда қандай да бір тауардың мысалға мақта өндірісі мен тұтынуы жүзеге асырылады дейік. 3.1. суретте 5 түзуі мақтаның үсынысын, Д түзуі - сұранысты, ал Р0 - ішкі рыноктың бағасын (тепе-теңдік баға) білдіреді. Осы баға кезінде өндірілген жэне тұтынылған мақта мөлшері Оо-ге тең болады. Бұл жағдай автар-киялық экономикада пайда болуы мүмкін.

Қазақстан өзінің кедендік шекараларын мақтаның элемдік бағасы Р-қа тең кезінде ашты деп бол-жамдайық. Бұл баға ішкі бағадан төмен болғандьщтан, ішкі бағалар төмендеп, мақта өндірісі (()о -ден рі-ге дейін төмендеп, тұтыну <Зо-ден Оз-дейін өседі. Түтыну өсімі импорт есебінен жүзеге асып, оның көлемі (Ог-Оі) тең болады.

Ұлттық мақта өндірушілерінің мүддесін қоргап, Қазақстан үкіметі импорттын баж салығын (т) енгізеді. Қазақстан элемдік бағаға эсер ете алмайтын кіші ел болсын. Мақтаға Рг ге тең жаңа баға қалыптасып, Т=РГР болады. Осының нәтижесінде ішкі өндіріс көлемі ден (Зз -ке дейін өседі. Осы жағдай шетелдік өнімге импорттық баға салығын салу салдарынан шетел тауарларына (біздің мысалымызда мақта) бағасының өсуімен түсіндіріледі. Ұлттық өндірушілер сорты мен сана мінездемелері үқсас өнімді сатқандықтан, өз өніміне баганы көтеруді тиімді деп санайды. Әрине бүл баға көтерілу деңгейі импорт тауарлар бағасының деңгейіне сэйкес келмеуі мүмкін, бірақ біздің мысалымызда ол бағалардың сәйкес келуін болжамдайық. Осыған байланысты Р бағасымен мақтаны өндіру мен сатуды тиімсіз деп санаған кейбір өндірушілер, жаңа жағдайларда өнімдік өзіне тиімді жаңа Р( бағасы бойынша нарықта сатуды жүзеге асыра бастайды.

Мақтаға бағалардың өсуіне байланысты Қазақстанда түтыну СЬ ден (фі төмендеп, ол өз кезегінде импорттың азаюына экеледі. Біріниіідеи, ішкі өндіріс көлемі үлғаяды. Ол, ұсыныстың ішкі қисығының иілуіне (эластичность) байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін.

*

Екіншіден, ішкі тұтыну көлемі қысқарады. Қысқару көлемі, сұраиыстың ішкі қисығының иілуіне (эластичность) байланысты әсері эр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан импорттық баж салығын енгізу, эр түрлі тауарлар үшін эр түрлі нәтижелерге әкелуі мүмкін.

Тарифтердің бағаларға эсер етуі ішкі сұраныс пен әлемдік ұсыныс көлемінің арақатынасына байланысты болады. Әлемдік ұсынысқа карағанда аз сұранысы бар Қазақстан мемлекеті қойған тариф әлемдік бағаны төмендете алмайды. Ал ішкі баға тарифтің толық сомасына өседі.

Әлемдік бағаға әсер ете алатын үлкен мемлекет жагдайында, баж салығы импорттаушы елде тауар бағасын жоғарылатып, экспорттаушы елде төмендетеді. Баға өзгерісінің нэтижесінде тұтынушылар импорттаушы елде ұтылса, экспорттаушы елде ұтады. Өндірушілерге келсек, жағдай керісінше болып, импорттаушы елде ұтып, экспорттаушы елде ұтылады. Кедендік баж салығын енгізген мемлекет болса, табыс алады. Мысал үшін ірі мемлекет болатын АҚШ-ты алып, ол Қазақстаннан астықты импорттайды деп болжамдайық..

Ьшш

і

Ь

Р'

Р.

Сурет 2. АҚШ-та импорттік тариф енгізілудіц эффекті

15. суретте баж салығын енгізуден пайда болатын ұтыс пен шығындар айқын көрсетілген. Баж салығы ішкі бағаны Рм, -дан Р4 -ға дейін көтеріп, экспорттық бағаны Рүу - дан Рц-ге дейін төмендетеді. Астықтың ішкі өндірісі 8і-ден 82-ге дейін өссе, ішкі тұтыну Ді- ден Д2-ге дейін төмендейді. Әр түрлі элеуметтік топтар үшін ұтыс пен шығындары а, в, с, сі, е нүктелерімен көрсетілген көлемдегі фигуралармен анықталады.

Бірінші кезекте американдық өндірушілер ұтысын қарастырайық. Өйткені олар өз астығын жоғарылаған бағамен сатқандықтан, ұтыстары ұлғая түседі. Ол Р мен ()) көбейтіндісінен алынған аумақтан ұсыныс қисығының астындағы аумақты алып тастаудан пайда болатын а-ға тең ұтыс өсіміне ие болады. Ал американдық тұтынушылар астықты жоғары бағамен сатып алғандықтан, ұтылысқа ұшырайды. 3.2. суретте олардың шығындары а, в, с жэне сі аумақтарының сомасына тең болады немесе басқаша айтқанда Р х 0 көрсеткіші көрсететін көлемдегі фигура мен ұсыныс қисығының астындағы аумақ көлемдерінің айырмасының геометриялық қысқаруын айтамыз.

Американдық өндірушілер мен тұтынушылардан басқа бұл жағдайда АҚШ үкіметі де барын айта кету қажет. Мемлекетте бысты баж салықтарынан келетін түсімдерді жинау арқылы алады. Табыс ( тариф қойылымын астық импортының көлемінің кебейтіндісіне тең болып (ф=*82 болады. шРрР/ болғандықтан, мемлекет табысы С жэне Е аумақтарының қосындысына тең болады.

Енді тарифтің, американдық қауымының элеуметтік эл-ауқатына әсер ететін таза тиімділігін қарастырайық. Баж салығын енгізуден шыққан шығындар келесідей көрсетіледі: Тұтынушылар шығындары - Өндірушілер пайдасы - Мемлекет табысы немесе түсініктерді фигуралармен алмастырса:

*

(а + Ь + с + сі) -а - (с+е) = Ъ+<і-е.

Осы аркылы біз шығындарды өлшейтін екі үшбұрыш және ұтыска сэйкес келетін төртбұрышты алдық. Ь+ё аумағы тариф әсерінен тиімділіктің төмендеуін көрсетсе, е аумағы сауда жағдайларының жақсаруынан алынған ұтысқа тең болады. Өйткені баж салығы Қазақстан өнімінің бағасын төмендетеді. Баж салығы енгізілгеннен кейін, Қазақстан ірі экспорт нарығын жоғалтпау үшін өніміне бағаны төмендетуге барады. Бұл кұбылыс "Мецлер парадоксы" деп аталады.

Нақты кедендік корғау көлемі дайын өнім мен шикізатқа баж салығы көлемдері арасындағы айырма мен дайын өнімдегі шикізат үлесі көп болуымен байланысты жоғарылай түседі. Кедендік қорғау тиімділігінің деңгейі мынандай формуламен анықталады:

Бұл жерде: 1-дайын импорт өніміне салынатын кедендік баж салығының номиналды деңгейі:

а, - тарифтің жок жағдайындағы аяккы өнім бағасындағы импортталған шикізат құнының келемі;

Ь - импортты шикізатқа салынатын номиналды тарифі.

Бұл формуладан қорғалу деңгейінің жоғарылауы дайын өнім мен шикізатқа салынатын баж салықтар көлемі ұлғайғаннан ғана емес, оны өңдеу дэрежесі жоғарылаган сайын немесе қосымша құнның азаюына байланысты болып отыр. Бұл тәжірибе көбінесе шығарылатын шикізаттың өңдеу денгейін жоғарылатуга тырысатын дамушы елдерге катысты дискриминациялық сипат алуда.

Кедендік баж салығы төмендегідей критерийлер бойынша бөлінеді:

16. Тауар козғалысының бағыты бойынша.

Тауар қозгалысының бағытына байланысты импорттық, экспорттык және транзиттік баж салығы болып белінеді. Көбінесе импорттық баж салықтары кездеседі. Өйткені олар ұлттық өндірісті, ішкі бағалар деңгейін қорғау мен фискалды жэне саяси мақсаттарда кең қолданылады.

17. Баж салығын орнату әдісі бойынша.

Орнату эдісіне сәйкес баж салықтары адвалорлы, спецификалық жэне құрама болып бөлінеді. Әлемдік саудада кең тараған тауар бағасына байланысты пайыз мөлшерімен орнатылатын баж салығын адвалорлы (бағалық) салық деп атайды.

Осыған байланысты импорттық тауарларды бағалау әдісінің маңызы жоғарылайды. Қазіргі кезде ол көптеген елдерде тариф пен сауда жөніндегі Генералды келісім шеңберінде жасалған кедендік мақсаттарда тауарларды бағалау туралы Келісіммен реттелуде. Адвалорлы баж салықтарының орта көлемі салыстырмалы төмен (6 пайыз) деңгейде болады. Әдетте импорттык баж салығы тауардың өңделу дэрежесі жоғарылаған сайын өсе түседі.

Спецификалық (арнайы) кедендік баж салығы өлшем бірлігінің абсолютті мағынасында орнатылады.

Кұрама (комбинированный), аралас баж салықтары жоғарыда көрсетілген екі эдіспен орнатылады.

18. Баж салықтарының іс-эрекет бағыты бойынша.

Іс-әрекет бағыты бойынша преференциалды жэне дискримниациялык баж салықтары болып бөлінеді. Преференциалды баж салықтары бір елдер немесе қандайда бір тауарларға тиімді жағдай жасау мақсатында минималды, деңгейден төмен койылады. Дискримниациялық баж салықтары кандай да бір ел немесе тауарга қарсы орнатылып, оған тиімсіз жағдайларды орнатуға бағытталады.

Демпингке қарсы баж салықтары орын толтыру (компенсационный) баж салықтарының түрі болып табылады. Олар демпингке қарсы колданылып, бағалар деңгейін қалыпты жағдайда ұстау үшін пайдаланылады.

Тарифті саясатты қолдану тиімділігі туралы көптеген көзқарастар бар.

Экономикалық саясат кұралы ретінде тарифті қолданудың қарсыластары тарифке қарсы бірқатар дэлелдер келтіруде:

19.Тарифтер экономикалық өсуді тежейді;

20.Тариф-тұтныушыларға салықтық ауыртпалықты ұлқайтады;

*

19. Импортталған тауарларға салынатын тариф жанама түрде елдің экспортына нұқсан келтіреді;

20. Тариф жүмыстылықтың жалпы деңгейінің кыскаруына әкеледі;

21. Тарифтерді бір жакты енгізу көп жағдайда сауда соғыстарына әкеледі.

Ал тарифтерді жақтауға мынандай дәлелдер келтіріледі:

21.Тариф - жас салаларды қорғайды;

22.Тариф - жергілікті өндірушілерді ынталандыру күралы;

23.Тариф - бюджеттік түсімдердің маңызды көзі;

24.Тариф - үлттық қауіпсіздікті, елдің халықаралык, беделін қорғайды Кедендік тарифтер көп түрлігі жэне орындайтын мәселелері

бойынша мүмкіндігіне байланысты экспорт-импорг мэмілелерін реттеуде өте кең қолданылады. Көбінесе импорттык, баж салықтары протекционистік шара ретінде пайдаланылады. Дамушы елдерде олар салықтық түсімдерді үлғайтуға, дамыған елдерде олар сыртқы сауданы реттеуде қолданылады.

23 Барлық сыртқы экономикалық жүйені реттеу іс-шаралары кедендік-тарифтік жэне тарифтік емес іс-шараларға бөлінеді. Тарифтік емес кедергілер үш топка бөлінеді:

13 белгілі бір отандык өндіріс салаларын корғауға бағытталган импортты тікелей

шектеу шаралары: квоталар, лицензиялар, орнын

толтыру (компенсационные) алымдары, импорттық депозиттер,

және демпингке қарсы жэне орнын толтыру (компенсационные) баж салықтары;

14 тікелей сыртқы сауданы шектеуге бағытталмаған, бірақ сондай нәтижеге

әкелетін экімшілдік шаралар: кедендік қүжаттарды

дайындау, техникалық жэне санитарлық стандарттар мен нормалар, тауарды орау мен таңбалауға қойылатын талаптар т.б.сияқты.

15 Сыртқы сауданы шектеуге тікелей бағытталмаған; бірақ сол нэтижеге экелетін басқадай шаралар:

Квоталар мен лицензиялар. Квота (контингент) деп - белгілі бір кезеңде импорттық немесе экспорттық тауарға құнын немесе мөлшерін шектеуді түсінеміз. О-ге тең квота қойылған жағдайда, импортқа немесе экспортқа тыйым салыну, басқаша айтқанда эмбарго орын алады. Квота импорт пен экспорт мүмкіндіктерінен жоғары деңгейде де қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда квота шектеу емес, тауардың қозғалысын бақылау әдісі болып табылады.

Импортқа квота енгізудің елдің әл-ауқатына тигізетін эсері мен салдары импорттық баж салығын енгізумен ұқсас болады.

Экспорттық квоталар өте сирек қолданылады. Ол тек осы өнім бойынша елде жетіспеушілік кезінде және саяси мақсаттарда (дискриминациялық сипатта) қолданылады. Импорттық квоталар үлттық өндірісті шет ел бәсекелестерінен қорғау, жұмыссыздықты қысқарту, төлем балансын жақсарту, тауар қозғалысын бақылау үшін қолданылады.

Квотаның бір түрі болып экспортты ерікті шектеу келісімі табы-лады. Көбінесе ол дағдарыстағы салалар өніміне байланысты қолданылады.

Квотаның басқа бір түрі тарифтік квоталар деп аталады. Қойылған квоталар көлемінде тауарлар импорты баж салыгынсыз жүзеге асырылып, осы көлемнен асқан импортқа жоғары салықтар салынады. Мысалға, АҚШ-та осындай шаралар арқылы сүт, балық, картоп, және мотоциклдің кейбір түрлерінің импорты реттеледі.

Квоталар көбінесе лицензия негізінде бөлініп, осы жағдайда ол экспорт пен импортқа рүқсат болып табылады.

Лицензиялау - белгілі бір тауар түрінің экспортына не импортына сәйкесінше мемлекеттік органнан белгілі бір мерзімге арнайы рұқсат қағазы лицензияны алуы тиіс. Лицензиялау арқылы тауар түрінің экспорты мен импортына мемлекеттік

*

монополия орнайды. Лицензия алынатын тауар немесе қызмет түрлері арнайы заңнамамен бекітіледі. Қазіргі уақытта экспорт немесе импортқа лицензия кажет тауарлар мен қызметтер тізбесі келесідей: қымбат металл , тастармен эшекейленген тауарлар, дэрілер, радиоактивті тауарлар, наркотикалық заттарт.б.

Басқадай тарифтік емес шектеулер. Мемлекет валютаны пайдалану әдісін (мемлекетке валютаны сатуға мэжбүр ету жэне т.с.с.) аныктауға валютамен төлеуге рүқсат алуға міндеттеуі сияқты валюталық шектеулер орнатуы мүмкін. Онын салдары мөлшерін шектеу кезіндегідей болады. Одан "айналып өтудің" әдісі клирингтік келісімдер, қарама-карсы сауда болып табылады.

Сыртқы сауданы шектеуде басқа да тарифтік емес шектеулер қолданылуы мүмкін. Мысалға: сыртқы саудадағы мемлекеттік монополия, жергілікті шикізатты пайдалану талаптары, экспорттаушыларға салық жеңілдіктерін беру жэне т.б.

Экспорттық субсидия дегенімізде мемлекеттің кәсіпорындардың экспортын ынталандыру мен олардың өнімдерінің шет ел рыноктарында бәсекелестігін жоғарылатуға, басқаша айтқанда пайда мөлшеріне әсер етпестен экспорт бағаларын төмендетуге мүмкіндік беру жолдарын түсінеміз. Ол көмек көбінесе ақшалай формада болады.

Қазақстандагы кедендік-тарифтік реттеу мынандай қүқықтык,-нормативті кұжаттарға негізделген: 1991 жылдың 24 желтоқсанындағы ҚР "Кедендік тариф пен баж салығы туралы" заңы; 1999 жылдың 16 шілдесіндегі "ҚР кедендік іс туралы" заңы; 1999 жылдың 13 шілдесіндегі "ҚР-ғы демпинге карсы шаралар туралы" заңы; 1994 жылдың 14 көкегіндегі "Жүк түсіру алдындағы инспекция бойынша келісімі"; 1999 жылдың 16 шілдесіндегі "ҚР-ғы субсидиялар мен шығынды өтеу шаралары туралы" заңы.,

Кедендік баж салығы қойылымдарының жүйеленген жиналымы ретіндегі кедендік тариф, тауарларды кодтау мен жазудың қалыпты жүйесіне қатысты кедендік істің нормалары мен принциптерінде қүрылған. Қазақстан ТМД елдері үшін эрекет ететін сыртқы экономикалык іс-эрекеттің тауарлы номенклатурасын пайдаланып, ол іс жүзінде қалыпты жүйеге сәйкес келеді.

Орытынды

Сыртқы сауданың құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту жэне азайтуға әсер ету кұралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылык субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мэжбүр еткізеді. Еркін сауда саясатының жүргізілуі экономикасы дамыған елдерге халықаралык айырбастан неғұрлым кеп пайда алуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде, еркін сауда саясаты таза күйінде ешқашан және еш жерде қолданылған жоқ.

Наши рекомендации