Азақстандық зейнетақы нарығының құрылымы

Қолданыстағы зейнетақы жүйесі кемшіліктері болғанына қарамастан республикада зейнетақы жинақтайтын қорларды, зейнетақы активтерін инвестициялық тұрғыдан басқаратын компанияларды, кастодиан-банктерін, бағалы қағаздар бойынша брокерлік компанияларды, екінші деңгейлі депозиттік банк­терді, қор биржасын, орталық депозитарийді, мемлекеттік рет­теуші органдарды қамтитын қатысушыларының айтар­лықтай үйлесімді институционалдық құрылымы құрылды.

Айтылып өткендей, Қазақстанда Зейнетақы төлеу бойын­ша мемлекеттік орталық (ЗТМО) құрылды. ЗТМО-дан зейнетақы алудың құқығына мына категориядағы азаматтар ие болады:

- 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақы алғандар;

- әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарының, ҚР Әділет министрлігінің қылмыстық атқару комитетінің қаржылық полиция органдарының қызметкерлері және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыны алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін ҚР заңымен белгіленген ережеге сай әскери атағы бар мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері;

- 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейін ең аз дегенде 10 жыл радиациялық қаупі жоғары және төтенше аймақтарда тұрған азаматтар: жалпы еңбек өтілі 25 жылды құрайтын ерлер 50 жасында, жалпы еңбек өтілі 20 жылды құрайтын әйелдер 45 жасында зейнетке шығып, ЗТМО-дан зейнетақы алады;

- 5 және одан да көп балалы әрі оларды 8 жасына дейін тәрбиелеген әйелдердің 1998 жылдың 1 шілдесінен бастап жыл сайын 6 айға аталмыш зейнетақы жасын біртіндеп арттырумен (алайда бұл тек 3 жылдан артық болмауы тиіс) жасына қарай зейнетақы алуына құқы бар.

ЗТМО мемлекеттік кәсіпорын формасында құрылды. Бұл органның негізгі функцияларына мыналар жатады:

- республикалық бюджеттің қаражат есебінен зейнет­ақымен қамтамасыз етілу құқы бар азаматтарға зейнетақы төлеуді жүзеге асыру;

- азаматтарға ӘЖК беру;

- міндетті зейнетақы жарнасының дербестендірілген есебі;

- міндетті зейнетақы жарнасын агенттерден ЗЖҚ-ға ау­дару және т.б.

Республикада ЗТМО-дан өзге мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы жинақтаушы қорлары бар. ЗЖҚ халықтың мін­детті және ерікті зейнетақы жарналарын тартады әрі бұл ресурс­тарды бұл арада атаулы ие ретінде алға шығатын кастодиан-банктің шотына аударады. Зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық тұрғыдан басқаруды жүзеге асыра­тын ұйым басқарады (ЗАИБЖҰ) немесе тиісті лицензиясы болса, зейнетақы қорлары дербес басқарады. ЗАИБЖҰ касто­диан-банктің шотына зейнет­ақы жарнасы түскен күннен бастап 3 күннің ішінде бұл қаражатты тиісті бағалықағаздарға орна­ластыруға міндетті.

Зейнетақы жинақтаушы қордың, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және кастодиан-банктің бір-біріне қатысты қызметтерінде пайда болған барлық құқықтық қатынастарында — тараптардың құқықтары мен міндеттері толық айтылатын үш жақты касто­диандық келісім-шарттың ережесі басшылыққа алынады. Халыққа зейнетақы қызметін көрсететін осы үш заңды қатысушының арасындағы өзара әрекет мына сызба бойынша жүзеге асады: зейнет­ақы қоры мен салымшының арасындағы зейнетақы келісім-шар­тына сәйкес салымшы-алушының жарнасы қордың кастодиан-банктегі арнайы ашылған инвести­циялық зейнетақы шотына түседі. Мұнда зейнетақы қоры банкпен кастодиандық келісім-шарт жасаған.

Келешекте әрбір қатысушының өкілеттілігі мен міндеттерін қатаң шектеу зейнетақы жүйесіне оның сенімді жұмыс істеуін және жинақталған зейнетақының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында енгізілетін негізгі принциптердің бірі болмақ. Сондай-ақ зейнетақы қорлары мен өмірді сақтандыру жөніндегі компания­лар арасындағы өзара әрекеттің тетігі де қарастырылуда. Зейнетақыны жүзеге асыру бойынша зейнетақы қорының сызбасы мен өмірді ақырғы мерзіміне дейін сақтандырудың жинақтау-қайтару сызбасы мәні жағынан бір-біріне ұқсас. Өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандырушы компаниялардың одан ары дамуы мен қалыптасуы және оны зейнетақы реформасына қосу — зейнеткерлердің төлемі болып табылатын зейнетақының сенім­ділігін қамтамасыз ету бойынша проблемаларды шешудің бір нұсқасына айналуы мүмкін. Әрі ол зейнетақымен қамтамасыз етудің қолданыстағы институционалдық құрылымына және Қазақстан­дағы инвестициялық саясаттың шешілуіне қосымша орнықтылық пен сенімділік дарытады.

Зейнетақыны жинақтаудың жаңа жүйесі 1998 жылдың қаң­тар айынан бастап жұмыс істесе де тек ақпан айында ғана зейнетақы жүйесінің барлық буындарының әкімгерлігі (адми­нистраторы) толықтай құрылып, анықталды. 2004 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақы жарналарын тарту және зейнет­ақымен қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыруға берілетін лицензияға Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қоры (МЗЖҚ) мен 15 мемлекеттік емес зейнетақы жинақтаушы қоры (МЕЗЖҚ) ие болды. Мемлекеттік емес зейнетақы жинақ­таушы қорлардың біреуі корпорациялық болып табылды. “Акционерлік қоғамдар туралы” жаңа Заңға сәйкес барлық зейнетақы қоры алушының жұмыс орны мен мекен-жайына қарамастан салымшылардан зейнетақы жарнасын қабылдауды жүзеге асыра алады, яғни АҚ-тың ашық және жабық боп бұдан былай бөлінбейтіндігіне байланысты ЗЖҚ ашық және кор­порациялық зейнетақы жинақтаушы қорлары деп бөлін­бейтін болды.

Билет

Наши рекомендации