Ылыми-техникалық жетістіктердің экономикалық теориясы. 1 страница

втомобиль көлігі: артықшылықтары мен кемшіліктерi. АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ. артықшылықтары: Маневрлік – көлікті талап етілетін жерге шоғырландыру мүмкіндігі; Жеткізудің жылдамдылығы мен қалыптылығы; Қазіргі заманғы жеткізу түрлерін ұйымдастыру мүмкіндігі (есіктен есікке); Жүктердің аса сақталымдылығы; Шағын қашықтықтарға тасымалдау кезінде үлкен үнемділіктің болуы; Автокөлікті қолдану жеткізілімдердің икемділігін тудырады. кемшіліктері: Жол жүйелеріне тәуелділігі; Аз жүк көтергіштік; Салыстырмалы жоғары тарифтер.

Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздеріАйналым қаражатын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Айналым қаражаттарының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің қарқынына әкеліп соғады. Осының салдарынан өндіріс көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының жоғарғы мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді. Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығындарының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілігін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірістер, тұрғын үй, т.б. шаруашылық және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет. Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұты нушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажданады. Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады.

Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып оның іс әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды. Айналыс қаражатын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады. Айналым қаражаты үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Айналым қаражатының құрамы мен құрылымы Айналым қаражатының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындарындағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Айналым қаражатының құрамы мен құрылымы. Мұндағы тауар жөнелту және жолдау мен дебиторлық берешек нормаланбайтын айналым қаражатына жатады.

Айналым қаражаты үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді. Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және жартылай фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі дайын өнімге айналады. Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек заттарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады: А – Қ – Ө – Д - А1.,мұнда: А – шаруашылық субъектілерін аванстауға ақша қаражаты; Қ – өндіріс заттарын; Ө – өндіріс; Д - дайын өнім; А1 – өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаражаттары. Шаруашылықты жүргізуде нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасын дамытуда оны айналым қаражатымен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар. Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы айналым қаражаттарының айналымдылығының коэффициенті. Ол мына формуламен анықталады: Қақ ылыми-техникалық жетістіктердің экономикалық теориясы. 1 страница - student2.ru мұнда: Өқ- белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны; Оқ – сол кездегі айналым қаражатының орташа қалдығы. Егер өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде, онда айналым қаражатының орташа қалдығы да сол жылға алынады. Сонымен, айналым қаражаттары – бұл өндіріске айналым қорлар мен айналыс қорларды құрастыру үшін арналған кәсіпорынның ақша қаражаттары.

уе көлігі: артықшылықтары мен кемшіліктері. ӘУЕ КӨЛІГІ. артықшылықтары: Жоғары жылдамдықта жеткізу; Жолдарды қысқарту; Жүктің жолда жоғары деңгейде сақталынуы; Ең жоғары деңгейде қызмет көрсету; Қарапайым түрдегі орау; Ең төменгі сақтандыру шығындары (аз уақытта тасымалдауға байланысты). кемшіліктері: Жоғары жүк тарифтері; Ауа-райы жағдайларына тәуелділік; Өлшем мен салмағына шектеу қою; Жерүсті қызметтеріне тәуелділік; Әуежайлардың кәсіпорындардан қашық орналасуы.

Бағаның құрылуының нарық үлгісіндегі ерекшілігіКәсіпорынның баға саясаты нарықтық бағаның бет алысы көптеген жағдайда нарық құрылымының бәсекеге жарамдылығына байланысты. Әдетте, нарық төрт тұрпатқа бөлінеді (еркін бәсеке, монополисттік бәсеке, олигополисттік бәсеке және таза бәсеке), олардың әрқайсысы салалық және кәсіпорындар шығарған өнімдердің бағаларын қалыптастырудың ерекше жағдайларын сипаттайды.Еркін бәсекедегі нарық бағаларыЕркін бәсекедегі нарық былай сипатталады:1.фирмалардың көптеп болуы, әрі әрдір фирманың өнімге нарықтық ұсыныс көлеміндегі деңгейі соншалықты аз, не бағаның артуы немесе кемуі оның кез келген қимылы бағаның нарықтық тепе-теңдігін қамтып көрсете алмайды; 2.өндірілген бәсекелі тауарлардың бір тектілігі және өзара алмасушылығы; 3.бағаның шектілігінің болмауы. Еркін бәсеке болған жағдайында бірден бір кәсіпорын баға құрылымына ықпал ете алмайды, тауарлардың бағасы тек қана сұраныс пен ұсыныс жиынтығының ықпал жасауынан қалыптасады. Жеке кәсіпорындарда баға саясаты, яғни бағаны реттеу қабілеттілігі болмайды. Ол тек қана нарықтық бағаға бейімделеді. Монополисттік бәсеке жағдайындағы баға құрылымы Монополисттік бәсеке нарығы нарықтық бағаға біріңғай емес мәмілеме, сонымен қатар кең түрдегі ауқымды баға жасайтын көптеген сатып алушылар мен сатушылардан тұрады. Баға мәмілемесінің бар болуы сатушылардың сатып алушыларға тауарлардың түрлі нұсқаларын ұсынуы қабілетінің болуын түсіндіреді. Нақты бұйымдар бір-бірінен сапасы, ерекелігі және сыртқы рәсімдеуімен көзге көрінеді. Бәсекелердің көп болуы олардың әрқайсысы бағаны бақылауға шек қояды.Өндірілген тауарларды елеулісаралау кәсіпорынның баға саясаты арасындағы өзара тығыз тәуелділігінің жоқтығын түсіндіреді және бағаның жеке деңгейі жөніндегі келісімге шек қойылады. Олигополия жағдайындағы баға құрылымыОлигополия түрлі нарықтық жағдайларды қосады, аз санды сатушылар, жалпыға бірдей өндірушілердің өзара тәуелділігі сол сияқты кейбір кәсіпорындардың бағаларының өзгеруіне немесе өндіріс көлеміне бәсекелестердің жауапты әрекет жасауларын алдын ала болжау болып табылады. Әдетінше, олигополиялық баға құрылымының бірнеше жалпы шегі бөлінеді: 1.олигополиялық бағалар толымды бәсеке жағдайындағы бағаларға монополиялық бәсеке немесе тіпті кейбір жағдайда таза монополияға қарағанда аз өзгереді: 2.олигополиялық жағдайда баға «қатал» немесе икемділік тенденциясында болады; 3.егер де баға бір өндірушіде өзгеруі ықтимал болған жағдайда, сонымен қатар одан басқа өндірушілер де бағаларн өзгертеді; 4.Олигополия бағаларды ынталандырудағы және бағаны бекіту немесе өзгерту кезіндегі әрекетін құптайды. Таза монополия жағдайындағы бағаларНарықтағы таза монополия кезінде бір-ақ сатушы болады. Монополист болып мемлекеттік мекемелер, меншіктің реттелмейтін монополиясы. Келтірілген жағдайлардың әрқайсысында баға құрылымы түрліше құрылады. Егер де тауар сатып алушылар үшінмаңызды болып, оны толық құнына сатып алуға мүмкіншілігі болмаған жағдайда, мемлекеттік монополиядағы баға өзіндік құнға қарағанда төмен белгіленуі мүмкін. Баға шығынды өтеуге немесе орта табыс алу есебінен бекітілуі мүмкін. Реттелген монполия жағдайында мемлекет кәсіпорынға бағалау және тарифтерді белгілеуге рұқсат етеді. «Пайданың әділ нормасын» алуды қамтамасыз етеді. Бұл өндірісті қолдауға, ал қажет болған жағдайда оны кеңейтугемүмкіндік жасайды. Реттелмеген монополия бағаға елеулі бақылауды жүзеге асырады және нарықтық бағаны ұсынуы мүмкін. Алайда кәскәсіпорын-монополист еш уақытта ең жоғары баға белгілей алмайды.Сонымен, қорыта айтқанда, нақты экономикалық жағдайда көрсетілген баға үлгілерінің қайсысы таза түрінде анықтау едәуір қиын. Кәсіпорынның өзінің бір тауарымен нарыққа таза монополиямен шығуы мүмкін, ал басқасымен – бәсекелестік нарықта. Қиындау болатын жай – ол олигополиямен, өйткені, жер қойнауында қалай монополия, солай еркін бәсекенің шығуы мүмкін.Бағаның бәсекелестік құрылымын талдау өзінен-өзі бағаны белгілеуде дайын рецептер бере алмайды; ол ең алдымен сұраныс пен ұсыныстың арақатынастарына байланыстылығы баға құрылымының заңдылықтарын анықтауда қажет. Баға экономикалық санаты ретінде бірнеше маңызды бернелерді (функцияларды) атқарады: Бағаның есептік бернесі – небір өнімді өндіру мен сатуға кететін қоғамның қажетті еңбек шығындарын қамтып көрсетеді. Баға еңбек шығындарын қанша, шикізат, материалдар, тауарларды дайындаудағыбұйым жиынтығын анықтайды. Ең ақырында, баға тек өндіріс шығындарының жиынтық мөлшерін және тауар айналымын қамтып қана қоймайды, сонымен қатар пайда мөлшерін де қамтиды.

Ғылыми-өндірістік жұмыстарды ұйымдастыру. Жаңа өнімді өңдеу, өнеркәсіптік өндірістің әдістері мен жаңа құралдарын өңдеу- ғылыми зерттеулер нәтижесіне негізделеді. Ғылыми зерттеулер іргелі және қолданбалы деп бөлінеді.Іргелі зерттеулер- бұл негізгі қалаушы ғылым облысы болып табылады және жаңа өнімдерді, технологиялық процестерді өңдеу үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуға жол беретін өнімді өңдеу барысында орындалады. Техникалық тапсырма- орындалған ғылыми-зерттеу жұмысының, отандық және шетелдік өнімдердің ең жақсы үлгілерін талдаудың ғылыми болжамдарының деректері негізінде өңделеді. Тапсырмада: өңделетін өнім тағайындалуы, техникалық-экономикалық сипаттамасы, сапа көрсеткіштері, өндірістік және пайдалану талаптары, көп жағдайда максимальді мүмкін бағасы беріледі. Ол тапсырыс берушімен өңделеді. Техникалық ұсыныс- техникалық тапсырманы талдау негізінде, патенттік материалдарды зерттеу, отандық және шетелдік өнімдердің жаңа үлгілерін зертеу негізінде өнімді жобалайтын мекемемен өңделеді. Жетілген техника деңгейін, оның даму болжамдарын, халық шаруашылығының қажеттіліктерін, әлемдік нарық құбылыстарын және басқа факторлардың әсерін зеттеу нәтижелері бойынша жаңа өңдеулердің техникалық-экономикалық негізделуі жасалады және оның жоғарғы техникалық деңгейі мен патенттік қабілеттілігін қамтамасыз ету жолдарының техникалық-экономикалық негіздемесі беріледі. Эскиздік жоба мақсаты- техникалық тапсырмаларда қарастырылған техникалық және экономикалық талаптарды қанағаттандыру мүмкіндіктерін негіздеу болып есептеледі. Оның құрамына: бұйымның жұмыс істеу принципі жөнінде, оның габариті, массасы, дайындалуының еңбек сыйымдылығы, өзіндік құны және экономикалық тиімділік жөніндегі техникалық құжаттар кіреді. Оның негізінде техникалық мүмкіндік пен ұсынылған принцип бойынша бұйымды әрі қарай өңдеудің экономикалық тиімділігі анықталады. Эскиздік жобаны қарастырған соң техникалық жобаны өңдеу кезеңі басталады. Табиғат пен қоғамның заңдылықтарын зерттейді. Фундаментальдік зерттеулер негізінде қолданбалы зерттеулер орындалады. Іргелі зерттеулерді ғылыми институттар мен мекемелер жүзеге асырады. Олардың жұмыстарының нәтижелері- жаңа принциптер, заңдар, құбылыстарды ашу. Қолданбалы зертеулер мақсаты іргелі зерттеулер нәтижелерін тәжірибеде пайдаланылуы мен жүзеге асыру бойынша нақты әдістерді өңдеу болып табылады. Қолданбалы зерттеуді салалық ғылыми-зерттеу институттары, кәсіпорындарда орындайды. Қолданбалы зерттеулер негізінде нақты өңдеулер жүргізіледі. Өнертабыс деп халық шаруашылығының кез келген саласындағы мәдениет, денсаулық сақтау, қорғаныс тағы басқа жоғарғы тиімділік беретін тапсырма шешіміндегі жаңалықты айтады. Бұл тек сандық емес, сондай-ақ сапалық көрсеткіштермен беріледі.Тиімді ұсыныстар деп ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін қолданылатын техника, шығарылатын өнім, өндіріс технологиясы, бақылау әдістері, бақылау мен зерттеулер, техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, басқару, жоспарлау мен есептеуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды айтады. Лицензия деп өнім өндіру құқын немесе технологиялық процестерді пайдалану құқын патенттелген өнертабыстардың негізінде белгілі бір төлемге берілетін құжат.

ылыми-техникалық жетістіктердің экономикалық теориясы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауындағы негізгі бағыттар Президент Қазақстан он бағыт бойынша кешенді міндеттерді жүзеге асыруы қажет деп атап өтті.Бірінші. Қазақстандықтарды жұмыспен қамту. Бұл оқытудың тиімді жүйесін құру және жұмысқа орналастыруға көмектесу, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсету, еңбек ресурстарының жинақылығын арттыру, Қазақстанның экономикалық белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыру басымдықтары. Екінші. Қолжетімді баспана. Қазақстанда жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде. Ең алдымен, жарты миллионнан астам жас отбасыны жеке баспанамен қамтамасыз ету туралы мәселені шешу маңызды. Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажет. Үшінші. Өңірлерді даму. Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты. Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет.Төртінші. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Электронды үкіметті дамытып, әкімшілік кедергілерді қысқартып, халықтың компьютерлік сауатын арттыру қажет. Бесінші. Кадрлар әлеуетін жақсарту. XXI ғасырда Қазақстанды лайықты алып шығатын жаңа басқарушы таңдаулы топтың негізін құрайтын білікті басқарушылардың саяси класын әзірлеу - маңызды міндет. Үкіметке, Президент Әкімшілігіне президенттік кадрлар корпусына кандидатуралар жөнінде ұсыныстар әзірлеу тапсырылды. Алтыншы.Сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту. Сот корпусын қалыптастыру тәртібін түбегейлі қарастыру қажет. Ағымдағы жылы жаңа Қылмыстық-процессуальдық кодексті, жекеменшік детектив қызметі туралы заң жобасын әзірлеуді аяқтау қажет. Құқық қорғау және арнайы органдарды сапалы кадрлық жаңарту – маңызды мәселе. Жетінші. Қазақстанда адам капиталының сапалы өсуі. Бұл, ең алдымен, білім және денсаулық сақтау. Оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту қажет. Білім тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ алған білімін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалануға икемделуі керек. Адам әлеуеті деңгейін арттырудың өзге маңызды бағыты қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету, саламатты өмір салтын алға жылжыту болып табылады. Сегізінші. Зейнетақы жүйесін жетілдіру. Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуі қажет. Тоғызыншы. Индустриялық-инновациялық жобалар. Индустриялық-инновациялық даму аясындағы жобалардың әлеуметтік мәні абсолютті. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді.Оныншы. Ауыл шаруашылығын дамыту. Делдалдарсыз бөлшек сауданы мемлекеттік қолдаудың тетіктері енгізілетін болады, бірыңғай астық холдингі құрылды, аграрлық өндірісте жеке инвестицияның тәуекелін төмендету үшін мемлекеттік кепілдендіру жүйесі мен сақтандыру займдары құрылды.

Еңбек. Еңбек ресурстары. Жалақының нысандары. Еңбек ақы - бұл жалдамалы жұмысшының табыс алу элементі, өзіне қатысты еңбек ресурсын экономикалық жүзеге асыру нысанының құқығы. Сонымен бірге жұмыс берушіге, яғни еңбек ресурсын өндіріс факторларының бірінің сапасын жақсарту үшін, сатып алушыға жалдамалы жұмысшыларға еңбек ақыны төлеу өндіріс шығындарының элементтерінің бірі болады.Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақы көлеміне нарықтық және нарықтық емес бірқатар факторлар әсер етеді. Нарыққа өткеннен кейін еңбек ақыға қатысты жаңа қатынастар пайда болады. Яғни, нарық ресурсы болатын еңбек нарығы пайда болады. Оның субъектілері ретінде мыналар болады: жұмыс беруші (жеке кәсіпкер, біріккен кәсіпкерлер). Олар белгілі еңбек ресурсы санына сұраныс білдіреді. Сонымен бірге жалдамалы жұмысшылар – еңбек ресурсының меншіктері. Олар еңбек нарығындағы еңбек ресурсының сапалы санын ұсынады. Ал объекті, ол белгілі бір уақыт аралығында сапалы еңбек ресурсы санын қолдану құқығы болады.Жалақының негізгі элементі – жалақы мөлшерлемесі. Бірақта ол еңбек нәтижесіне әсер ететін жұмысшылардың мүмкіншіліктерін, физикалық күнін, реакциясын ескермейді. Сондықтан жалақы құрылымында тағы бір элементті бөліп айтуға болады, ол өтпелі бөлігі. Ол еңбек қызметінің жеке нәтижесінің өзгешелігін көрсетеді: (сыйақы, қосымша төлем және т. б.) Сонымен бірге табыстың басқа түрлері де бар. Ол жұмысшының нақты кәсіпорында алатын мүмкіншілігі (материалды көмек, бағалы сыйлық, зейнетақы сақтандыруы).Адамның өз еңбегі үшін алатын ақша саны негізінде жұмыс күшінің құны көлеміне байланысты. Әр топ үшін бұл құнның жоғарғы және төменгі деңгейі болады.Төменгі деңгейге өмір сүруге қажетті қаражат сомасы жатады.Жоғарғы жұмысшы күші шегі ол кейбір елдерде әдет-ғұрыпты болатын әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерді өтейтін қосымша шығындар. Жалақы номиналды және нақты түрінде ажыратылады. Номиналды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алатын ақшасының жалпы сомасы.

Жалақының функциялары1.Қайта өндіру функциясы-бұл жұмысшыларды және де олардың отбасыларының мүшелерін, жұмыс күшін, ұрпақта қайта өндіру үшін керекті өмірлік құндылықтармен қамтамасыз етуге байланысты. Мұнда тұтынуды көтерудің экономикалық заңы іске асырылды. Бұл функция жалақыны мемлекеттік реттеу айырмашылықтарымен, жұмыс күшін қайта өндіруді қамтамасыз ететін заңмен бекітілген оның минималды көлеміне байланысты. 2.Ынталандырушы функциясы- жұмысшының еңбек үлесіне байланысты жалақы белгілеуге, кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің нәтижесіне байланысты. 3.Өлшеу-бөлу функциясы. Бұл функция өндіріс құралдарының иелері мен жұмыстар арасындағы тұтыну қорын бөлу кезіндегі еңбекті көрсетеді. Жалақы арқылы оның еңбек үлесіне сәйкес өндіріс процесінің әрбір қатысушысына тұтыну қорындағы жеке бөлігін анықтауға болады. 4.Ресурстік-шығарушы функциясы- қазіргі уақытта айтарлықтай өсуде. Оның мәні еңбек ресурстарын аймақтар, салалар, кәсіпорындар бойынша таратуды тиімді үйлестіру болып табылады. Еңбек ресурстарын шығару саласындағы мемлекеттік реттеу минимумға жақын жағдайында, ал еңбек ресурстарының қызмет етуі тек жалданушы жұмысшының еркіндегі жағдайында ғана мүмкін болса, өмір деңгейін жоғарлатуға ұмтылу оның мұқтаждығын қанағаттандыратын жұмысты табу мақсатымен түсіндіріледі. 5.Төлем қабілеті бар халық сұранысын қалыптастыру функциясы- төлем қабілеті бар сұранысты сәйкестендіру, мұнымен сатып алушылардың ақша құралдарымен қамтамасыз етілген тұтыну көрінісінің формасы түсіндіріледі. Төлем қабілеті бар сұраныс екі негізгі факторлардың әрекетімен қалыптасатынына байланысты тұтыну мен қоғамның табысы, онда жалақы көмегімен рынок жағдайында тауарлы ұсыным мен сұранымның арасындағы керекті пропорция белгіленеді.

Наши рекомендации