Аудиторлық дәлелдеулерді жинаудың құрамы мен әдістемелік мазмұны. (ХАС 500) №9. Аудиторлық айғақнама 3 страница

52.Қаржылық есеп берудің аудитін реттеуші мақсатпен жалпы принциптер, тәуелсіз аудитор жүргізетін тексерулердің көлемі және негізгі мақсаты.

53. Қаржылық есептілікте аудитті жоспарлау.(ХАС 300) №16. Аудитті жүргізу сатылары... АХС 300Аудит жұмысын белгілі бір жоспармен іске асырылады. Аудит жұмысын жоспарлауда аудиторлық компания белгілі бір қағидаларды басшылыққа алады. Оған:

1. кешенділік қағидасы, яғни аудиторлық жұмыс жүргізгенде қаржылық есептіліктің бір біріне байланысын, есепті құру кезеңдерін пайдалана білу және бастапқы жоспарлар негізінде жалпы жоспарды құру (болуы немесе нақты болуы, толықтығы немесе операциялардың толық қамтылуы, құқығы мен міндеттемелері және ашылымы мен ұсынылымы)

2. үздіксіздік қағидасы, яғни тексеруге қатынасатын аудит топтарына бір біріне байланысты аудитордың негізгі мақсатына бағытталған жұмыстарды тапсырып және сол жұмыстардың мекеменің құрылымында іске асырылуын қамтамасыз ету. Мекеменің құрылымындағы көрсеткіштерінің, жалпы мекеме көрсеткіштерінің құрамындағы орны, құрылымының жұмысын жүргізу және аяқтау мерзімі.

Мекеменің алдына қойылған жалпы талап және құрылымның алдындағы талап ерекшеліктері. Мекеменің жіне құүрылымдардың алдында жұмыстарды жүргізу үшін заң құжаттарының қойған талаптары, ол талаптардың құрылымда іске асырылуы.

3. Тиімділік қағидасы, жоспарды жасағанда жұмысты орындаудың бірнеше варианттардың болуы.

Аудитті жүргізу төмендегідей сатылардын тұрады:

· Бастапқы кезең

· Аудит жұмысын жүргізудің жоспарының негізін дайындап, оны құру

· Аудиторлық бағдарламаны дайындап, құру.

300 (АХС) мақсаты – аудитордың қаржылық есептілік аудитін жоспарлауға жауапкершілігін орнату жəне нұсқау беру. Бұл АХС қайталама аудиттер мəнмəтінінде құрылған. Сондай-ақ аудиттің бастапқы келесімінде аудитор қарастыратын мəселелер жеке түрде енгізілді.

Аудитті жоспарлау келісім бойынша жалпы стратегия жасау мен аудиттің жоспарын дамытудан құрылған. Адекватты жоспарлау сондай-ақ:

• Аудитордың назары аудиттің маңызды салаларына түсіруге көмектеседі.

• Аудиторға дер кезінде ықтимал проблемалар анықтау мен шешуге көмектеседі.

• Аудиторға тиісті мен сәйкесті түрде орындалуы үшін аудиттің келісімді лайықты түрде жұмылдыру мен басқаруға көмектеседі.

• Күтілген тәуекелдіктерге амал шараларды орындау үшін құзыреті мен қабілеті тиісті түрдегі деңгейлері бар жоба бойынша жасақтың мүшелерін тағайындауға, жоба бойынша топтың мүшелерінің жұмысын үйлестіруге көмектеседі.

• Жоба бойынша топтың мүшелерін бағыттау жəне қадағалауға, олардың жұмыстарын шолу жасауға көмектеседі.

• Жарамды жерінде, құрамдас бөліктердің аудиторлары мен сарапшылардың жасаған жұмыстарын сəйкестендіруге көмектеседі.

Аудитордың мақсаты – аудит тиіcті түрде жүргізу бойынша аудитті жоспарлау.

Аудиттің жалпы стратегиясы аудиттің ауқымын, бағытын жəне мерзімін белгілейді, сондай-ақ аудиттің маңызды жоспарларын дайындауды реттейді.

Аудитор аудиттің жалпы стратегиясын жасауы керек:

(а) Келісімнің ауқымын белгілейтін келісім сипатын анықтау;

(b) Аудит мерзімі мен мəліметтердің сипатын жоспарлауға арналған келісімдердің есеп берудің мақсатын анықтау;

(c) Аудитордың пікірі бойынша жоба бойынша команда мүшелерінің іс-əрекетін анықтайтын маңызды факторларды қарастыру;

(d) Келісім бойынша алдын алу жұмыстарының нəтижелерін жəне жарамды жерінде, кəсіпорын үшін орындалған басқа келсімдерден алынған тəжірибесін қарастыруы керек; және

(e) Келісімді орындауға қажетті ресурстардың сипатын, мерзімі мен көлемін анықтау.

Аудитор төмендегі жайларды құжаттауы тиіс:

(a) Аудиттің жалпы стратегиясы;

(b) Аудит жоспары; және

(c) Аудит келісімін орындау барысында аудиттің жалпы стратегиясын немесе аудит жоспары жасалған барлық маңызды өзгерістер, сол сияқты өзгерістер себептері.

53. Қаржылық есептіліктің жалпы көрінісі - аудиттің ақпараттық базасы ретінде. №20. ҚЕ а-тің ақпараттық базасы ретінде... Экономикалық субъектінің жағдайын өзгертуде немесе оны сақтауда бір жолға қойылуына әсер ететін басқаруды қамтамасыз етеді. Басқару ақпаратқа сүйенеді.

Ақпарат — жинау, сақтау, өңдеу объектісі болып табылатын мәлімет. Ақпарат құнына: ақпаратты жинауға басшылар мен солардың қол астындағылардың жұмсалған уақыты, рынокты талдау, пайданылған уақытын төлеу, сыртқы кеңесшілер қызметтерін пайдалану, сонымен қатар нақты шығыңдар жатады.

Желілі және функционалды басшылардың қатарына жататын бухгалтерлер, қаржылық менеджерлер, экономистер сияқты мамандардың жұмысының табыстылығы, олардың құқықтық, ақпараттық, нормативтік, техникалық және т.б қызметтерін қамтамасыз ету түрлеріне байланысты болады. Ақпаратты қамтамасыз ету осы жүйенің негізгі элементтерінің қатарына жатады.

Басқару — шешім қабылдау деген сөз. Басқару шешімдерін түсініп қабылдау тек акпарат негізінде ғана мүмкін болады. Сондықтан Наполеон: "Басқару - алдын-ала көре білу" деген. Бұл үшін ақпарат қажет. "Ақпарат" түсінігің сан түрлі анықтамасы бар, оның ең сыйымдысында былай деген: "ақпарат — бұл өзі тиісті саладағы белгісіздікті азайтатын мәлімет".

Қазіргі кезде ақпарат, қоғам дамуының негізгі ресурстарының бірі ретінде қарастырылады. Ақпарат сан алуан және адам қызметіне байланысты ғылыми, техникалық, өндірістік, басқарушылық, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, және т.б. больш бөлінеді. Аудит тиімді басқару шешімдері негізінде экономикалық ақпарат жүйесіне жатады. Жоғарыда аталғандай ол қаржылық есеп берудің нақтылығын дәлелдейді. Сондықтан ақпараттың осы түріне тоқталайық.

Тұжырымдамалық негіздеме - аудиторлық ХАС негізін құрайтын басты мәселелер тобын құрайды. Аудит қызметінің тұжырымдамалық негіздері екі саланың тұжырымдамалық негіздерінен құралады.

Каржылық есеп беру операциялар мен оқиғалардың қаржылық нәтижелерін, экономикалық сипаттамаларына сәйкес жалпы категорияларға біріктіре отырып көрсетеді. Осы кең категориялар қаржылық есеп беру элементтері деп аталады. Бухгалтерлік баланстағы каржылық жағдайды бағалаумен тікелей байланысты элементтер -активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал болып табылады.

Табыстар мен шығыстар туралы есеп берулерде қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерін бағалаумен тікелей байланысты элементтер болып табылады.

Концептуадды негіз ақша қозғалысы туралы есеп беру мен меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп берулер әдетте табыстар мен шығыстар және бухгалтерлік баланс элементтерінде болған өзгерістер туралы есеп берулердің жекелеген элементтерін көрсетеді.

1.Қаржылық есептіліктің тұжырымдамалық негіздерінен

Бұл тұжырымдамалық негіздерге кіретін басты құжаттар тобына мыналар жатады:

· халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары (ХАБЕС);

· ҚР бухгалтерлік есеп стандарттары (ҚР БЕС). ХАБЕС барлығы түгелдей, қазіргі уақытта қабылданған (1.03.2001 ж.) ҚР БЕС -тің құрамына кірмеген, аудиттін негізгі мәселелер тобын құрайтын, ХАБЕС сәйкес стандарттары кейінірек қабылдануы мүмкін. Оларға, ХАС бойынша ҚР қабылданған аудит стандарттарының, мына түрлері жатады : "Бухгалтерлік бағалаулар аудиті", "Кейіннен болатын уақығалар", "Үзіліссіз әрекет" т.б. жатады.

· қаржылық есептіліктің ұсынылымы мен ашылымының негізін құрайтын нормативтік актілер тобынан: салық есебінің талаптары анықталатын "Салық кодексі", т.б.

2.Аудит пен ілеспе қызметтердің тұжырымдамалық негіздемелері. Негізгі мақсаты, аудит пен ілеспе қызметтер түрлерін, олардың арасындағы ерекшеліктерін көрсетіп, аудит пен шолу (қаржылық есепке) қызметтеріне сенімділік деңгейлерін айғақтау және анықтау талаптарын ұсыну.

Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем- есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғандығы жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру.

Қаржылық есеп берудің мақсаты экономикалық шешім қабылдау кезінде пайдаланушылардың кең көлеміне қаржылық жағдай, қызмет нәтижелері туралы ақпаратты ұсыну болып табылады.

Аудитор тексеріліп отырған қаржылық есеп беру нақтылығын дәлелдеу үшін, өзі жинаған дәлелдер жеткілікті екеніне сенімді болу керек. Аудиттағы дәлелдеулер жинау – мақсатты түрде жүргізілетін процесс.

Сондықтан аудиттің мақсаты іргелі тұжырымдамаларға негізделеді:

- маңыздылқ;

- аудиторлық тәуекелділік;

- Қаржылық есеп беруді басшылықтың бекітуі ретінде қарау.

Қаржылық есеп беру операциялар мен оқиғалардың қаржылық нәтижелерін, экономикалық сипаттамаларына сәйкес жалпы категорияларға біріктіре отырып көрсетеді. Осы кең категориялар қаржылық есеп беру элементтері деп аталады. Бухгалтерлік баланстағы қаржылық жағдайды бағалаумен тікелей байланысты элементтер – активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал болып табылады.

Аудиторлық мақсат, клиент басшылығын бекіткен бойдан қалыптастырылады және олармен тығыз байланысты болады, Сондықтан аудитордың басты міндеті – басшылықтың қаржылық есеп беру жөніндегі тұжырымдарының дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтау.

Аудит мақсатының мәні – аудиторға қажетті көлемде дәлел жинауға көмектесетін құрылымды құру. Мақсат түрлі тексерулер кезінде бірі болып қалады, бірақ нақты мәліметтер қалыптасқан жағдайда байланысты әртүрлі болады.

Қаржылық есеп берудің әр элементі үшін аудит мақсатын белгілеп алып, нақты ақпаратты жинау процессін бастауға болады. Аудитор қандай дәлелдер жинау керектігін анықтайды.

Егер аудитор қаржылық есеп берудің жеткілікті түрде әділ ұсынылғанына сенімді болса және оның сенімділігі ішкі бақылау жүйесін түсінуге, бақылау тәуекелдігін бағалауға, бақылау кездері тестілеріне негізделсе балансиың жекелеген баптары мен қаржылық есептемесінің басқа нысандарын тексеруді едәуір құрастыруға болады. Сонымен бірге қаржылық есеп берумен жұмысты жеңілдеті және аудиторлық команда мүшелері арасында аудиттің нақты учаскелерін рационалды бөлу үшін он сигменттерге немесе элементтерге бөледі.

54.

Р-ғы аудиторлық қызметті реттеудегі органдардың функциялары мен құрылымы. №34. ҚР аудиторлық қызметті реттеудіңерекшеліктері.

ҚАЗАҚСТАНДАаудиттің дамуы 1990 жылдың 15 ақпанында Қазак ССР Министрлер Кеңесінің қабылдаған № 60 Қаулысының негізінде қаржы Министрлігінің жанында шаруашылық есептегі өзінің территориялық бөлімшелері бар "Қазақстанаудит" аудиторлық орталығының құрылуынан басталады.Ал 1992 жылдан бұл орталықтың негізінде ірі акционерлік компания құрылыған болатын. Осы аудиторлық орталық қазақстан аудиторлық қызметінің негізін құрып, оның өркендеуіне басты себепкер болды. Қазақстандағы аудиттің дамуына басты әсерін тигізген 1993 ж.18 қазанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Советімен Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасында аудиторлық қызмет туралы" заңының қабылдануы. Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтерді реттеу және жүргізу мәсеслерімен қатар оның ұйымдастырылу жүйесін, аудиторларды аттестациялау талаптары мен шарттарын, аудитті жүргізу және басқа да аудиторлық қызметтер көрсету,аудиторлардың құқықтары мен міндеттері, аудиторлық жауапкершілік және оның қоғамдық ұйымдарын анықтады. Аудиторлық қызметтің әрі қарай дамуына әсер еткен 1998 ж. 20 қарашада қабылданған № 304-I ҚРЗ "Аудиторлық кызмет туралы" заңы.Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық кызметті жүзеге асыру процессінде мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар , аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасындағы туындайтын қатынастарды реттесе 15 қаңтар 2001 ж. қабылданған "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Заңы оның әрі қарай дамуына жол ашып, көптеген түсініктер нақтыланып, негізгі халықаралық аудит талаптарына сәйекстендірілді.

Қазақстан Республикасында аудиторларды (жеке және заңды тұлғаларды) Казақстанның аудиторлар Палатасы біріктіреді. Казақстанның аудиторлар Палатасы 1993 ж.қазанынан бастап комерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін өзі басқаратын және қаржыландыратын ұйым ретінде құрылған. Ол заңды тұлға және өз жұмысын оның мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданған жарғының негізіңде жүргізеді. Казақстанның аудиторлар Палатасы 2000 ж.май айында СНГ мемлекетттерінің ішінде бірінші болып Халықаралық бухгалтерлер федерациясына (IFAC) мүше болып қабылданды. IFAC -тың құрамына тек кәсіпкерлер ұйымы ғана қабылданады.

IFAC -тың алдында тұрған негізгі мақсат -ол бухгалтерлердің ұйымына олардың мамандық біліктілік деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға жан жақты көмек көрсету. IFAC-тың құрамына кіру, біріншіден, халықаралық бухгалтерлер мен аудиторлар қауымдастығына мүше болып, бухгалтерлік есепті халықаралық талаптарға сәйкес жүргізу болса, екіншіден Казақстанның аудиторлар Палатасының халықаралық деңгейін бағалау және осы уақыт ішіндегі жүргізілген жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

Біздің елімізде аудит дамуы 1987 жылы «Инаудит» акционерлік қоғамы пайда болуынан басталады. Ол КСРО Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысына сай құрылған. Оның құрылуы елімізде аудитты арықарай дамытуға зор ықпал етті. Шаруашылық есептегі ревизиялық топтармен салыстырғанда жоғары ұйымдық-құқықтық нысанаға ие болғанымен фирма мемлекеттік бақылау органы базасында құрылды, ал құрылтайшылары одақ министрліктері болды.

Бірегей құрылым ретінде «Инаудит» сақталмады, ол бірнеше жеке аудиторлық фирмаларын құруға және басқаруға мүмкіндік туған кәсіпқой мамандар мен нағыз көш бастаушылардың көп істеуінде болды.

1989-1993 жылдары КСРО-дағы аудиторлық қызмет туралы заң актілерін қабылдауға ұмтылыс жасалды. Бұл кезеңде елде көптеген коммерциялық ұйымдар, оның ішінде аудиторлық фирмалар пайда болды. Соңғылары жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ретінде тіркелді. 1989 жылы ҚазССР-ының Қаржы министрлігінің бақылауревизиялық басқармасы жанында шаруашылық есептегі ревизиялық топ құрылды. Содан соң оның базасында 1990 жылы үкімет шешімімен алғашқы «Шаруашылық есептегі аудиторлық орталық» аудиторлық фирмасы мен оның аумақтық бөлімшелері ұйымдастырылды. Жинақталған тәжірибе, тұрақты түрде өскен аудиторлық қызмет көрсету, қандай да бір дәрежеде әлемдік аудиторлық практика ұсынымы 1992 жылы шаруашылық есептегі орталықты «Қазақстан-аудит» тәуелсіз акционелік аудиторлық компаниясына айналдыруға мүмкіндік берді. Ол республикадағы аудиторлық қызымет көрсету жөніндегі, меншіктің жеке нысанына негізделген және аудитты үкімет атынан жүргізу құқығы бар лицензияға ие бірінші тәуелсіз кәсіби компания болып табылды.

Қазақстанда аудиттың қалыптасуы мен оның кең танымал болуына «Қазақстан-аудиттың» сіңірген еңбегі зор. Ол республикамызда аудиторлық қызымет туралы заң жобасын жасаудың негізгі дайындаушысы және оның минстрліктерде, үкімет деңгейінде және парламент комитеттерінде талқылануында бас кеңесші, сонымен қатар Қазақстан аудиторлары Палатасы жарғысының жобасының авторы болды.

1990 жылдан бастап рынокта «Эрнест энд Янг Сыртқы аудит» БК пайда болды. Ол орналасқан жері және иелігіне қарамастан олардың өтініштері бірлескен кәсіпорындарға аудиторлық тексерулер жүргізді. Бұл сол кезде «Үлкен алтылыққа» енген ірі континент аралық аудиторлық фирма еді.

Қазір Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін ірі халықаралық аудиторлық ұйымдар мен жергілікті аудиторлық фирмалар өз қызметтерін дамытуда. Қазақстанда аудиторлық қызметтіне басшылық жасайтын қоғамдық ұйым -ҚР аудитолар Палатасы болып табылады. Казақстанның аудиторлар палатасы аудиторлар мен аудиторлар ұйымының өз еркімен бірігуінің негізінде құрылады.Палата өзінің жұмысын мемлекеттік үкімет және басқару органдарымен қатынаста жүргізеді. Палата өз еркімен халықаралық одақтарға, Палаталарға, қоғамдық бірлестіктерге кіруге және келісімдер жасауға құқылы.

55.

56.ҚР-ғы аудиттік қызметті реттеудің норматвтік жүйесі. «Аудиттік қызмет туралы» ҚР заңы.

57. Құжаттарды құрастырудың ережесін бұзу нысандары.(ХАС 240) №15. Құжаттамаларды құрастырудағы бұзушылық белгілері. АХС 240 АХС-на сәйкес алаяқтық- басқарушы тобының, қызметкерлердің, 3 жақтың ішінен бір немесе бірнеше адамдардың ҚЕ-тің дұрыс емес көрсетілуіне әкелетін әдейі жасалған қылығы. Ал қате- ҚЕ-гі әдейі емес жасалған бұрмаланулар. Қателер бухгалтерия бөлімі жұмысшылырының ынтасыздығы, ұмытушылыгы мен жаңгалақтыгы нәтижесінде пайда болады. Қателер себебі - бухгалтердің бухгалтерлік есеп, салық салу, есептілікті құру ережелерін дұрыс түсінбеуі. ҚЕ-гі кейбір бұрмалануларга жете тоқталайық. Құжаттарда міндетті реквизиттердің жоқтығы.Міндетті реквизиттерге құжаттың аты, құрылу күні, аты, шаруашылық операцияның мазмұны, ақшалай және натуралды өлшеуіштер, операция орындалуы мен дұрыс ресімделуі үшін жауапты тұлғалардың лауазымдары мен қолдары. Алғашқы құжаттардың көбінде үйлестірілген нысан бар. Егер белгілі бір операциялар бойынша үйлестірілген нысандар көзделмесе, онда олар коғамның есеп саясатымен бекітілуі керек. Алғашқы құжаттарда міндетті реквизиттердің болмауы құжаттың жарамдылығын жояды. Мысалы: дұрыс толтырылмаған шығыс кассалық ордер бойынша берілген ақша жетіспеушілік болып саналады және оны кассир материалды жауапты тұлға ретінде өтеуге міндетті. Алғашқы ақпараттың заңды дәлелдеуінің болмауы.Кез келген алғашқы құжат оның дәйектемесі болатын басқа құжаттармен қоса жүруі қажет. Мысалы: кәсіпорын жұмысшысына берілген ссуда шығыс касса ордерімен ресімделеді, оған сәйкесінше хатталған, қол қойылған арыз қосылуы қажет.

Операцияларды шоттар бойынша таратқан кездегі кездейсоқ қателер.Бухгалтерлік есеп қолмен жүргізілген кезде бухгалтер операцияны бір шоттың дебетіне жазып, екінші шоттың кредитіне жазуды ұмытуы немесе сома бұрмаланып, қате жазылуі мүмкін. Бірақ қазіргі кезде бухгалтерлік есептің қолмен жүргізілуі сирек кездескендіктен бұндай қателер автоматтандырылған бухгалтерлік есепте де кездеседі. Бұл жағдайда қателер бағдарламалық жаңылу немесесе бухгалтерлік есептегі өзгертулерге сәйкес уақытында жасалатын түзетулер енгізілмеген кезде пайда болуы мүмкін. Операцияларды кездейсоқ жіберіп қою.Бұл қате есепті компьютермен жүргізуді мамандығы жеткіліксіз бухгалтер жүргізген кезде жиі кездеседі. Ең жиі төлем тапсырмасына сәйкес есепті шоттан ақшаның аударылуын көрсетіп, оны есептеуді ұмыту кездеседі. Бұндай қатені аудитор, компьютерден бөлек шоттар бойынша айналым ведомосін сұратып алу арқылы таба алады. Аудитор бұрмаланулардың бар болуына сілтейтін факторларды іздестіруге әдейі іс-эрекет жасамауы керек жэне аудитор бұрмаланулардың әдейілігі жайында пікір айта алмайды. Қателерді анықтау барысанда аудитордың басты мақсаты - осы қателердің бүкіл елеулі (маңызды) жақтарынан ҚЕ-тің шынайылығына әсерін бағалау. Қателердің бар болуын аудитор өз жұмыс құжаттарында, аудитті өткізу нәтижелері бойынша тексерілетін кэсіпорын басшылығына арналған жазбаша ақпаратта көрсетеді және басшыларды, бухгалтерия қызметкерлерін, лауазымды тұлғаларды хабарландыруға міндетті. Бұрмалануларды тапқанда аудитор оның түзетілуін талап етуге міндетті Егер анықталған бұрмалаулардың саны, тексерісті бастау алдында алдын ала жоспарлау кезеңінде және аудиттің жалпы жоспарын жасаған кезде аудитор болжаған санынан асып кетсе, онда қолданылатын аудиторлық процедуралардың көлемі мен мінезін айқындау керек. Бүл аудиторлық тәуекелді төмендету үшін қажет. Қателердің бар болуын аудитор өз жұмыс құжаттарында, аудитті өткізу нәтижелері бойынша тексерілетін кэсіпорын басшылығына арналған жазбаша ақпаратта көрсетеді және басшыларды, бухгалтерия қызметкерлерін, лауазымды тұлғаларды хабарландыруға міндетті. Бұрмалануларды тапқанда аудитор оның түзетілуін талап етуге міндетті Егер анықталған бұрмалаулардың саны, тексерісті бастау алдында алдын ала жоспарлау кезеңінде және аудиттің жалпы жоспарын жасаған кезде аудитор болжаған санынан асып кетсе, онда қолданылатын аудиторлық процедуралардың көлемі мен мінезін айқындау керек. Бүл аудиторлық тәуекелді төмендету үшін қажет. Қателер мен алаяқтық фактілерін алдын алу мен анықтау жауапкершілігі кәсіпорын басшылығына жатқызылады. Қателер мен алаяқтық фактілерін алдын алуына аудитор жауапты емес. Кәсіпорын персоналының ҚЕ-тің бүрмалануына әкелетін іс-әрекетінің әдейі жасалуы (жасалмауы) туралы шешімді тек лауазымды орган ғана жасай алатыны аудитордың есінде болуы керек. Тексерілетін кәсіпорын қаржылық есептің жасалған әдейі және әдейі емес бұрмаланулар елеулі (ҚЕ-тің шынайылығына әсер ететін) және елеулі емес бола алатынын білу қажет.

Наши рекомендации