Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке
Сұраныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы анықталған тауарларды тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі немесе адамдардың бір нәрсе үшін ақы төлеуге қабілеттілігі мен тілегін білдіреді. Сұраныс пен баға арасындағы кері қатынасты сұраныс заңы қарастырады.
Сұраныс заңы:
А) баға мен сатып алынатын тауар санының арасындағы кері байланысты көрсетеді;
ә) сол тауарға деген сұраныстың бірте-бірте азаюы.
Сұраныс қисығы дегеніміз – белгілі уақыт аралығында әртүрлі бағамен тұтынушылардың сатып алуға дайын экономикалық игіліктер санын көрсететін қисық.
Ұсыныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы қойылған тауарларды нарыққа шығару немесе рынокқа сату үшін шығарылған өнімдердің түрлі саны. Тауарларды ұсыну мен баға арасындағы тура қатынасты ұсыныс заңы қарастырады. Ұсыныс заңы баға мен ұсыныстың бір бағытта өзгеруін көрсетеді.
Ұсыныс деңгейінің өзгеруі дегеніміз – басқа шарттардың өзгеріссіз болған уақытындағы тауар бағасындағы өзгерістің нәтижесінде өндірушілердің сатуға мүмкіндігі және тілегін көрсететін тауарлар санындағы өзгеріс.
Ұсыныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруіне байланысты өндірушілердің сатуға тілегі бар тауарлар санының өзгеруі.
Ұсыныс қисығы дегеніміз – нақты уақыт кезінде әртүрлі бағада өндірушілердің сатуға дайын экономикалық игіліктерінің санын көрсететін қисық.
Ұсыныс көлеміне де 2 фактор әсерін тигізеді:
а) баға;
ә) бағалық емес факторлар.
Ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:
- Қолданылатын өндіріс технологиясының сипаты;
- Салықтар мен дотациялар;
- Табиғи-климаттық жағдайлар;
- өндіріс ресурстарының сапасы мен санының өзгеруі;
- ресурстардың бағаларының өзгеруі;
- күтім;
- маркетинг, бәсеке, жеткізушілер санының өзгеруі.
Бәсеке дегеніміз - тауар өндірушілер арасындағы жоғары пайда табу барысында өз өнімдерін өткізудегі жарысы.
Нарық құрылымының көптүрлілігіне байланысты бәсекенің 2 түрі бар:
а) жетілген бәсеке;
ә) жетілмеген бәсеке.
Бәсекенің бөлінуіне әсер ететін факторлар: фирманың көлемі мен саны, өнім түрлілігі, нарыққа кіріп-шығу шарттары, ақпарат алу мүмкіндігі, бағаға бақылау жасау деңгейі.
Жетілген бәсеке дегеніміз- бірнеше мың сатушылардан құралатын бәсеке. Жетілген бәсекеде фирма рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға бағаны рынок белгілейді.
Жетілмеген бәсеке дегеніміз- таза бесекенің кем дегенде бір шарты орындалмайтын бәсеке түрі.
Жетілген жіне жетілмеген бәсеке арасындағы айырмашылықты келесі кестеден көруге болады:
Жетілмеген бәсекенің 3 түрі бар:
а) Монополиялық бәсеке- 10-100-ге дейінгі фирмалар арасындағы бәсеке. Олар тауарлардың ішінде қз тауарының артық екеніне көндіргісі келеді. Мұндай бәсекеге киім-кешек, сабын, кір жуатын ұнтақ сататын нарықтар жатады. Бір-біріне ұқсас тауарлар өндіретін, бірақ тұтынушылардың ойы боыынша әртүрлі тауарлар шығаратын фирмалар. Олардың тауарлары бір-бірінен сыртқы көрінісі арқылы ерекшеленеді.
ә) Олигополия – 1-10-ға дейінгі бірнеше ірі фирмалардың арсындағы бәсеке.
Олигополиялық нарыққа кірудің негізгі шарты- капитал деңгейі, жаңа техника және технология өндірісіне бақылау жүргізу. Өндіретін өнім түріне қарай олигополия 2-ге бөлінеді:
Таза олигополия- бұл кәсіпорында бірдей стандартты өнім өндіру.
Дифференциалды олигополия- бұл 1 бағытта әртүрлі өнім шығаратын фирмалар.
б) Монополия-жалғыз өндіруші фирма. Ол ұлттық экономикадағы жоғары орын алатын ірі корпарацияларды көрсетеді. Монополия болған кезде жалғыз 1 ғана өндіруші болады, ол ұсынылатын тауар көлемін толығымен бақылап отырады. Монополияға кіру үшін келесідей ерекшеліктері блуы керек: а) өнім өндіру масштабы; ә) құқықтық артықшылығы;
б) шығарылған өнімнің басқа тауарлардан ерекше болуының арқасында оған берілетін құқықтар (патент және лицензия);
в) негізгі шикізат түріне меншіктік қатынасы.
БАҒА — тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге Баға да пайда болды.
Тақырып № 29