Кәсіпорын активтерін қалыптастыру көздерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау

Талдаудың келесі кезеңі – баланс активтерінің қалыптасу көздерін зерттеу. Мұнда кәсіпорын мүлігін толықтыру арақатынасы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтайтын өзіндік және несиелік капиталдың есебінде болатынын еске сақтау қажет.

Нарық жағдайында кәсіпорын әрекеті және оның дамуы өзін-өзі қаржыландыру, яғни өзіндік капитал есебінде өткізіледі. Тек өз қаржылық ресурстарының жеткіліксізінде несиелік қаражаттар алынады. Сондықтан сыртқы несиелік көздерден қаржылық тәуелсіздік өте маңызды болғанмен, оларсыз да болмайды. Тәжірибеде ағымды активтердің аз бөлігі өз көздері арқылы, яғни өндіріс бағдарлама қамтамасыздық шеңберінде қалыптасады. Егер өндіріс процесінде минималдық қажеттіліктен артық ағымды активтердің қосымша қажеттілігі туса, ол банктің қысқамерзімді кредиті арқылы, яғни несиелік қаражат арқылы жабылады.

Активтер қалыптасу көздерін талдау процесінде өзіндік және тартылған капиталдың нақты мөлшері, олардың есепті мерзімде өзгеруі және сол өзгерістердің себептері анықталады. Мұнда бас назар өзіндік капиталға бөлінеді: оның нақты мөлшерін ғана емес, оның капиталының жалпы қосындысында үлес салмағын анықтайды. Бұл көрсеткішті меншік, тәуелсіздік және автономия коэффициенті деп атайды, бірақ оның мәні бір: сол көрсеткіштен кәсіпорынның қаржыландырудың сыртқы көздерінен тәуелсіздігін және ол өз қаражатын қалай қолдануы мүмкіндігін қарайды.

Тәуелсіздік коэффициенті өзіндік капиталдың (Өк) барлық аванс капиталына (Ак) қатыстығымен формула бойынша анықталады:

Коэффициент независимости определяется отношением собственного капитала (С к) во всему авансированному капиталу (А к) по формуле:

Тк = Ө к : А к

Оның өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігінің өсуін, болашақта қаржылық қиыншылық тәуекелін төмендетуін айқындайды. Бұл көрсеткіштің нормативтік маңызы 0,5-0,6 құрайды.

Несиелік қаражатты пайдалану келесі көрсеткіштермен сипатталады: тәуелдік, қаржыландыру коэффициенттерімен, несиелік және өзіндік қаражат арақатынасымен, қаржылық тұрақтылықпен немесе инвестицияларды өтеумен, несиелік қаражатты ұзақмерзімді тартумен, инвестициялаумен.

Тәуелдік коэффициенті тәуелсіздік коэффициентінің теріс көрсеткіші болып саналады. Ол мына формула арқылы есептеледі:

Кт = Т к : А к немесе Кт = 1 – Ктс ,

мұнда Т к – тартылған капитал, А к – аванс капиталы.

Бұл көрсеткіш капиталдың жалпы құнындағы қарыз үлесін сипаттайды.

Қаржыландыру капиталы мына формула арқылы есептеледі:

Коэффициент финансирования рассчитывается по формуле

Қ к = Ө к : Т к.

Бұл коэффициент төмен болған сайын, банктер мен кредиттерді қаржыландыру сенімді болады. Коэффициент көрсетеді, кәсіпорын әрекетінің қай бөлігі өз қаражаты арқылы қаржыландырылады, қайсысы – несие арқылы. Егер оның мөлшері 1-ден аз болса, бұл кәсіпорын мүлігінің үлкен бөлігі сыртқы көздер арқылы қалыптасқанын мәлімдейді. Осындай жағдай қарыз алғанның төлем қабілетсіздігін көрсетеді де, оның кредит алуға қиыншылық туғызады.

Қаржыландыру коэффициентінің теріс көрсеткіші – қарыз және өзіндік қаражат қатынастары коэффициенті, ол мына формула арқылы есептеледі:

Кқ/ө = Тк : Өк

Бұл коэффициент, кәсіпорын өзіндік қаражат активтеріне әр тенгеге қанша қарыз қаражат тартқанын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің нормативті шектеуі: Кқ/ө < 1.

Кәсіпорын тәуелсіздігінің деңгейін сипаттайтын маңызды көрсеткіш – қаржылық тұрақтылық немесе инвестицияларды жабу коэффициенті. Ол кәсіпорынның жалпы капиталында өзіндік және ұзақмерзімді қарыз қаражаттардың үлесін сипаттайды және мына формула арқылы есептеледі

Кқ/т = (Өк + Ұм) : Ак,

мұнда Ұм – ұзақмерзімді міндеттер (ұзақмерзімді кредиттер мен несиелер). Оның нормалық маңызы 0,75-тен 0,9-ға дейінді құрайды.

Кәсіпорын капиталы құрылымын талдағанда жеке топтар мен көздердің құрылым өзгерістерін айқындайтын жеке көрсеткіштер де қаралады. Оларға қарыз қаражатты ұзақмерзімді тарту коэффициенті қатысады, оның есептеу формуласы

Кұ/м = Ұм : (Өк + Ұм).

Ол өзіндікпен қатар қаржылық есеп беру активтерді қаржыландыру үшін тартылған ұзақмерзімді кредиттер мен несиелердің үлесін көрсетеді,кәсіпорын өндірісті жаңартып кеңейту үшін қаншалық қарқынды қарыз қаражатты пайдалануын бағалайды.

Капитал құрылымы қалыптасуы тиімділігін бағалау үшін, өзіндік капиталдың негізгі қаражат құнына қатынасына тең инвестициялау коэффициенті пайдаланады.

Активтер қалыптасуының мінсіз нұсқасы - өзіндік капиталы барлық негізгі капиталды және жартылай айналым капиталын жабатын кез. Кәсіпорынның қаржы жағдайы тұрақты болады, қарыз қаражаттың бәрін алып қойса да. [kgl]

[gl] 12 ТАҚЫРЫП. БАЛАНС ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ [:]

Сабақ мақсаты: кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау негіздерімен таныстыру

Түйінді сөздер:төлем қабілңттілік, өтімділік, несие қабілеттілік, берешек, міндеттеме.

Дәріс жоспары(1 сағат)

1. Төлем қабілеттілік және өтімділік түсінігінің экономикалық мазмұны Төлем қабілеттілік және өтімділік көрсеткіштері

2. Ағымдағы төлем қабілеттілік. Перспективалық төлем қабілетілік

3. Мәнді өтімділік көрсеткіштерін экономикалық интерпретация жасау

Аралық көрсеткіштердің динамикасы

Баланс өтімділігін талдау міндеті нарық жағдайында қаржылық шектеулердің қатаңдығын нығайту және кәсіпорын кредит төлем қабілеттігіне баға беру қажеттілігімен, яғни оның барлық міндеттерін уақытында өтеу қабілетімен байланысты туындайды.

Кәсіпорынның қаржы жағдайын қысқамерзімді және ұзақмерзімді болашақ жағынан бағалауға болады. Бірінші жағдайда баға критериі -кәсіпорынның өтімділігі және төлем қабілеттігі, яғни қысқамерзімді міндеттер бойынша уақытында және толық көлемде есеп айырысу қабілеттігі.

Қай-бір активтің өтімділігі деп оны ақшалай қаражатқа ауыстыру мүмкіндігін санайды, ал өтімділік деңгейі бұл трансформация болған уақыт мерзімінің ұзақтығымен анықталады. Мерзім қасқа болса, активтің бұл түрінің өтімділігі биік болады.

Өтімділік - құндылықтардың ақшаға жеңіл айналу қабілеттігі, яғни өтімділік қаражат. Өтімділікті екі жақтан қарауға болады:активті сатуға керек уақыт және активті сатудан алынған ақша ретінде. ӨЗара екі жақ тығыз байланысты: көбінесе активті қысқа мерзімде сатуға болады, бірақ бағасын тым жеңілдете.

Өтімділік деп кәсіпорын міндеттерін оның активтерімен жабу деңгейі саналады. Олардың ақшаға айналу мерзімі міндеттерді өтеу мерзіміне сай. Кәсіпорынның төлем және кредит алу қабілеттігі бұл айналым қалай тез өтуіне тәуелді. Өтімділіктің екі ұғымын айыру қажет – баланс өтімділігі және кәсіпорын өтімділігі.

Өтімділік қаражаттарды және тез өткізілетін активтерді ең шұғыл және қысқамерзімді міндеттермен салыстыру ағымды өтімділікті білуге көмектеседі. Баяу өткізілетін активтерді ұзақмерзімді міндеттермен салыстыру болашақ өтімділікті көрсетеді. Ағымды өтімділік қарастырылған сәтке жақын уақытта кәсіпорынның төлем қабілеттігі (немесе төлем қабілетсіздігі) туралы мәлімдейді. Болашақ өтімділік болашақ түсімдерді салыстыру негізінде (олардың ішінен актив және пассивтердің сәйкес топтарында жармысы ғана көрсетілген, сондықтан болжам шамамен алынған) төлем қабілетінің болжамы ретінде көрсетілген.

Өтімділік көрсеткіштері кәсіпорынның өз қысқамерзімді міндеттерін орындау қабілеттігін бағалау үшін қолданылады. Олар кәсіпорынның төлем қабілеті туралы бұл сәтте ғана емес, төтенше жағдайда да түсінік береді.

Төлем қабілетінің жалпы бағасын ағымды өтімділік (төлем қабілеттігі, жабу) коэффициенті береді. Егер ағымды өтімділік коэффициенті бірден кем болса, бұл проблема барын көрсетеді. Бұл көрсеткіш үшін қалыпты маңызы екіден артық немесе тең.

Тез өтімділік коэффициенті (қатал өтімділік, ауыспалы баға). Маңызы бойынша алдыңғы көрсеткішке ұқсас, бірақ бұл коэффициент ағымды активтердің тар шеңберімен, есептен оның аз өтімділік жағы - өндіріс қоры шығарылғанда есептеледі. Осындай шығарудың логикасы қорлардың аз өтімділігінде ғана емес, өндіріс қорын амалсыз өткізу жағдайда алынатын ақшалай қаражат, оларды сатып алғандағы шығындардан өте төмен болуы. Коэффициенттің төменгі қалыпты шегінің бағасы бірден көп немесе тең. Бұл коэффициент динамикасын талдаған кезде, оның өзгеру факторларына назар аудару қажет. Солай, егер ауыспалы өтіділік коэффициентінің өсуі негізінде ақталмаған дебиторлық қарыздың өсуімен байланысты болса, кәсіпорын әрекеті жағымсыз жағынан сипатталады.

Ауыспалы өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат, жеңіл өткізілетін бағалы қағаздар және дебиторлық қарыздардың ағымды міндеттерге қатынасы ретінде есептеледі.

Абсолюттік өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат, жеңіл өткізілетін бағалы қағаздардың ағымды міндеттерге қатынасы ретінде есептеледі. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның ең қатаң өтімділік критериі деп саналады; қысқамерзімді несиелік міндеттердің қай бөлігі керегінде шұғыл төлене алатынын көрсетеді. Талданған көрсеткіштің қалыпты шектеуі 0,2-ден артық немесе тең.

Наши рекомендации