Лексикология және оның салалары. 4 страница. Филология ғылымында стилистика, стильсөздері ертеден қолданысқа ие

Филология ғылымында стилистика, стильсөздері ертеден қолданысқа ие. Ресейде 19, тіпті 18 ғасырдан стилистиканың жекелеген аспектілеріне арналған зерттеулер шықты (мысалы, әртүрлі көркем шығармалардың не жазушылардың тілі, стилі туралы), теориялық сипаттағы еңбектер де жарық

көреді. Алайда, ғылыми пән ретінде стилистика 20 ғасырдың 20-30 жылдарынан қалыптаса бастайды, ал оның бір тармағы болып саналатын функционалды стилистика 50 жылдардан бастап белсенді түрде зерттеу объектісіне айналады.

Стилистика, стиль ұғымының мәні тілдің коммуникативтік аспектісімен, тілдің қолданысымен, қызмет ету жағдайымен тығыз байланысты. Бұл мәселеге көңіл бөлу 19 ғасырдың аяғы 20 ғасыр басындағы тілші ғалымдардың еңбектерінен бастау алады: В.Гумьбольд, Ф. де Соссюр, А.А.Потебня, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Е.Д.Поливанов, Л.П.Якубинский, Р.О.Якобсон, В.В.Виноградов, Г.О.Винокур т.б.

Функционалдық-стилистикалық зерттеулер, әсіресе, өткен ғасырдың 60 жылдарынан, тіл ғылымының тілдің құрылымын зерттеуден оның қызметін (тілдің тұрақты күйінен даму жағдайын) зерттеуге ауысуынан бастап белсенді жүргізіледі. Стилистиканың қалыптасуы әдеби тіл нормасы мәселелерін зерттей бастауға да тығыз байланысты (чех ғалымдары: В.Матезиус, В.Гавренек, Э.Косериу және орыс ғалымдары В.В.Виноградов, Г.О.Винокур т.б. еңбектері).

Стилистиканың қалыптасуына тіл ғылымының «ұсақ» бірліктерді зерттеуден «ірі» бірліктерге ден қоюы да (дыбыстардан – мәтінге қарай) әсерін тигізді.

Стилистиканының дамуына әдеби тіл, тіл мәдениеті мәселелерін зерттеу де өзіндік үлес қосты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына байланысты стиль, сөз мәдениеті мәселелері одан әрі өзекті бола түседі.

Мәтін лингвистикасы, прагматика стилистикалық зерттеулердің кейбір жаңа бағыттарын туғызды. Ю.С.Степанов: «Қазіргі уақытта ұлттық мәдениетті, тілді және психологияны зерттеу стлистиканың (тіл ғылымының бір саласы ретінде) пайда болуымен одан әрі нақтылана, айқындала түсті»,- дейді [4,21].

Стилистика, сонымен, өзінің сипаты, мәні жағынан — функционалды сипатқа ие (оның даму тарихы соны дәлелдейді). Бұл теориялық ғылым бола тұра, оның қолданбалы, тәжірибелік маңызын жоққа шығармайды. Керісінше стилистиканың дамуы (функционалды стилистиканың) тілді оқыту әдістемесіне, басқа қолданбалы салалардың дамуына ықпалын тигізді. Лингвостилистика тілдік теорияның іргелі мәселелерін зерттейді (мыс, тілдің әлеуметтік табиғаты, оның құрылымдық және функционалдық аспектілерінің байланысы, қызмет ету заңдылықтары, тіл мен ойлаудың байланысы). Тіл ғылымы тарихындағы ұлы жаңалықтардың бірі — тілдің қос қырлылығының (жүйелілігі мен қызмет ететіндігі, қозғалмалылығы)ашылуы болды. Тіл осы екеуінің бірлігінен тұрады. Мұның бір жағы -құрылымдық-жүйелік жағы, жеткілікті дәрежеде зерттелсе, функционалдық жағы (сөз тудырушылық аспектісі) енді ғана зерттеле бастады.

Тіл — өте күрделі, көп қырлы құбылыс. Сондықтан оны бірден тұтастықта алып зерттеу мүмкін емес, жеке бір қырынан келіп: логикалық, құрылымдық-жүйелік, психологиялық т.б. зерттеуге болады.

20 ғасыр тіл ғылымының үлкен жетістігі деп тілдің жүйесін, оның құрылымдық ұйымдасуын жан-жақты қарастыруын айтуға болады. Бірақ бұл тілдің кейбір мәнді белгілерін анықтауға жеткізе алмады. Соңғы кездері тілді зерттеуде коммуникативтік-функционалдық бағыт кең өріс алып, тілдің функционалдық жағына, сөйлеуге, мәтінге көңіл бөліне бастады.

Шынында, тілді тек жекелеген бірліктердің жүйесі деп анықтау жеткіліксіз, өйткені жеке тілдік бірлік болсын, не, тіпті, тілдің тұтас жүйесі болсын әлі коммуникативтік қызмет атқармайды. Жеке тілдік тұлға мен жүйеде ол мүмкіндік түрінде ғана қатысады. Бұл маңызды әлеуметтік қызметтің нақты жүзеге асуы тіл шынайы қарым-қатынас процесінде қолданысқа түскенде ғана мүмкін болады. Тек осы жағдайда тіл ақпарат тасушы жүйе түрінде көрінеді [5,26]. Тілді жүйе мен оның қызметінің (қолданымының) бірлігі ретінде түсіну ғана оның қатысымдық табиғатын толық түсіндіре алады. Мұнда қызмет ету дегенді тек тілдік жүйені сөйлеу актісінде пайдалану ғана деп түсінбеу керек, сонымен қатар тілді жалпы қарым-қатынас процесінде пайдалану деп түсіну керек, яғни қарым-қатынастың мақсаты мен міндеттерін орындау үшін тілдің көптеген сыртқы факторлардың әсерімен қолданысқа түсуі дегенді білдіреді. Бұл сөйлем — айтылымның мағыналық жағын байытады.

Сөзде заттардың (олардың әртүрлі топтарының) белгіленуі, ұғымның бейнеленуі қарым-қатынас үшін, тілдің қатысымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін әлі де жеткіліксіз болады. Қарым — қатынас процесінде контексте сөздердің жалпыланған мағыналарын нақтылау жүріп жатады. Өйткені тілдік тұлғаларды (тіпті, сөздерді) сөйлеушілер шамамен бірдей мағынада қолданады. Сондықтан сөйлеу кезінде (әсіресе, жазба түрдегі) «сөз азабы» деген туады (ол ақын, жазушыларға ғана тән емес). Ауызша сөзде дәлсіздіктердің, оғаш құрылған сөйлемдердің болуы сондықтан. Қарым-қатынастағы мұндай кедергілер вербалды емес амалдардың (ым, мимика) көмегімен игеріледі.

Сөйлеу (ауызша болсын, жазбаша болсын) — шығармашылық процесс, ол аз дәрежеде автоматтандырылған және әртүрлі салада бірдей болмайды. Тілдік қатынаста стандарт, әрине, негіз, тірек қызметін атқарады, бірақ толыққанды, тиімді қарым-қатынас жасау үшін тілдің бұл қасиеті жеткіліксіз. Өйткені шынайы қарым-қатынастың алдын-ала болжап болмайтын нәзік иірімдері толып жатады.

Сөйлеу қызметінің шығармашылық сипаты туралы Л.В.Щерба былай деп жазды:«Сөйлеу процесінде бұрын айтылғанды немесе естігенімізді жиі қайталасақ та, алайда… сөйлеуде бұрын естімеген тұлғаларды, сөздерді жиі қолданамыз, қолданып қана қоймаймыз, үнемі жаңа тіркесімдер жасап отырамыз» [6,24]. Тілдің қолданысы тілдік тұлғалардың мағынасын синтагматика қағидалары бойынша жай қоса салу деген емес, сондықтан сөз (сөйлеу) оны құру үшін пайдаланылған тілдік тұлғалардың мағыналарының механикалық қосындысынан тұрмайды.

Өзара түсінісу қарым-қатынас контексінде пайда болатын «жаңа қолданымдардың» көмегімен (солардың негізінде) жүзеге асады. Мысалы, тілдегі жаңа қолданыстар: метафора, метонимия т.б. (сөздердің, тіркестердің жаңа мағыналары) тіл жүйесінде алдын ала белгіленбейді, сондықтан белгілі бір кезеңге дейін ешкімге белгісіз болады, алайда тыңдаушы адам оны бірінші рет естігенде оның мағынасын бірден түсінеді (контекстегі белгісіз сөздерді түсіну тілдің осы қасиетіне негізделеді).

Сөздің шығармашылық аспектісі айтылғанның (жазылғанның) ерекше мәнерлілігіне, әсерлілігіне байланысты, ал бұның өзі стилистикалық құбылысқа жатады. Тіл жүйесінің «құпиялылығы» — оны шығармашылық тұрғыдан пайдалану мүмкіндігінде жатар.

Тіл мен сөз (сөйлеу), дәлірек айтқанда, тілдің жүйелік (құрылымдық) және қолданымдық аспектілері өзара бірлікте, бірақ бірдей емес. Қолданыс кезінде тілдің бай шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Олар тілден тысқарғы шексіз жағдаяттар мен әсерлерге байланысты әрдайым жаңадан туындап отырады. Тіл жүйесінде алдын ала қалыптастырылған мағыналық мазмұн электронды есептегіш машиналары (ЭЕМ) үшін, әрине, тиімді, бірақ ол тілдегі шығармашылықты жоққа шығарады. Шынында, табиғи тұрғыдағы тіл мен ойлау тілдегі осы жалпыланғандық пен қалыптылықты (стандарттылықты) әрдайым еңсеріп отырады. Тілдің жоғарыдағы белгілері (дайын үлгі, стандарттылық) — бұлар әрі қажетті, әрі пайдалы да, бірақ олар тілді қолдану процесінде кедергілер де жасайды.

Тілдік жүйенің коммуникативтіктілігі толық көлемінде тек қарым-қатынас процесінде ашылады. Тілдік құралдардың барлық стилистикалық-мағыналық реңктері, мәнерлілігі, стилистикалық әсері, орындылығы, қажеттілігі тілдің қолданысында ғана айқындалады. Сөйтіп, тілдің стилистикалық феномені, яғни тілдегі стилистикалық мән о бастан функционалдық сипатқа ие. Тілді танып білу және оны сипаттау үшін жүйелілігіне қоса оның функционалдық аспектісін де ескеру керек.

Сондықтан тіл грамматикасымен қоса жұмсалым грамматикасы (функционалды грамматика) да пайда болып дами бастады.

Қорыта келгенде, функционалды стилистикатілдің қарым-қатынастың әртүрлі салалары мен жағдаяттарында қолдануының заңдылықтарын зерттейді, басқаша айтқанда, ол үшін тілдің функционалды аспектісі арнайы зерттеу пәні (предметі) болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, стилистика тілді қоғам тарапынан қолдану заңдылықтарын зерттейді.

Стилистика, лингвостилистика – тіл білімінің, тілдің көркемдегіш амал-тәсілдерін, қолданылу аясын, қатысымдық әрекет-қызметін зерттейтін саласы.


Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін реттейді, сөйлеу процесінде тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастырады, сондай-ақ тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызмет үйретеді. Ол стилистикалық мүмкіндіктердің барлық базасын қамтуды көздейді, ұлттық әдеби тілдің нормасын сақтай отырып, стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика ғылыми стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін тірек ете отырып, теориялық мәселелерді қарастырады.

Қазіргі стилистика ғылымы тілдік бірліктерді пайдаланудың тәсілдеріне үйретеді әрі коммуникативтік мақсатқа сай іріктеу ұстанымын негіз ете отырып, контекстің тікелей ықпалы арқылы дискурс пен мәтіндегі стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Стилистика тіл ғылымының барлық саласын қамтиды: прагматик. факторды толық есепке алып отырады; тілдік емес ғылымдардың тиімді жақтарын саралайды; Стилистикада тілдік емес факторлардың қызметі стиль түзуге толық мүмкіндік алады; стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық принциптерін ретке келтіріп қана қоймай, тілдік бірліктер қызметін жүзеге асырушы экстралингвистикадық және стилистикалық мүмкіндіктерді қарастырады. Қазіргі тіл білімінде стилистиканың бірнеше даму бағыттары орын алған, олардың қатарына ортостилистика, функционалдық стилистика, көркемдік тәсілдердің стилистикасы, прагмастилистика жатады. Қазіргі қазақ тіл ғылымында стилистиканың екі бағыты бар:

1. Орталық бағыты, яғни функционалдық стилистика Функционалдық стилистика тілдің қолданысқа түсу заңдылықтары мен сөздің базалық, экстралингвистикалық және стиль құраушы факторлары ықпалынан пайда болған, ол қолданыс тілі стилистикасы деп те аталады.

2. Ресурстар стилистикасы, бұл тіл стилистикасы деп те аталады, сөздердің мәтіннен тысқары күйіндегі қызметін айқындайды. Қолданыс тіліндегі стиль мәселесін стилистиканың жаңа бағыты прагмастилистика анықтайды.

Интерпретация, сөйлеу формалары (диалог, әңгіме, дау), стильдегі объективті және субъективті ұғымдар мәселесі, деректі, дерексіз ситуациялар, тілдік емес объектілердің қатынасы, сөйлеудің әлеуметтік-этикалық қыры, т.б. мәселелер прагматикалық аспектіде қарастырылады. Қазақ тіл білімінде стилистика бағыттарынМ.Балақаев, М.Томанов, Е.Жанпейісов, Б.Манасбаев, Р.Сыздықова, М.Серғалиев, Б.Шалабай, т.б. ғалымдар зерттеген.[1] [2] [3] [4] [5]

Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.

Морфологиялық сипаттары

Сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.

Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық (мақал).

Синтаксистік қызметі

Сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай).

Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов).

Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Жақсы студент жақсы оқиды.

Сын есімге күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т.б.) тіркесе алады. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор.

Егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады. Мысалы: Ермeк оқтай түзу, ұзын, биік, кеңжолмен келеді (Ғабиден Мұстафин).

Семантикалық топтары

Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық(туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрауларға жауап береді.

Сапалық сын есімдер

"Сапалық сын есімдер" деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.[1]

Атыстық сын есімдер

Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.

Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы:Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал); Өткір пышақ қол кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).[2]

Табу. Эвфемизм. Дисфемизм

Табу – ескі наным-сенім, мифтік ұғым бойынша атын атауға тыйым салынған сөздер. Табу сөздер төмендегідей негізде қалыптасқан:

1) Табиғаттың дүлей күшіне байланысты тұрмыс-тіршілікке қауіпті сөздердің атын атауға тыйым салынған. Мысалы, "жай түсті" десе, адамға қырсығы тиеді деген сеніммен "жай" сөзін "жасыл" сөзімен алмастырып қолданған;

2) Адам өміріне қауіп-қатер төндіретін жыртқыш аңдар мен жәндіктердің атын атамай басқа сөзбен ауыстырып қолданған. Мысалы, қасқырдың атын тура атаса, малға шабады деген қорқыныштан "қасқыр" сөзін "ит-құс", "ұлыма" деген сөздермен алмастырып қолданған;

3) Адамды опат қылатын ауру аттарын да атауға тыйым салынған. Мысалы, шешек ауруының атын атамай, оны "қорасан" деген сөзбен ауыстырып айтқан;

4) Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша жаңа түскен келін қайын жұртындағы адамдардың атын тура атамай, олардың бойындағы, мінез-құлқындағы ерекшелігіне орай әрқайсысына ат қойған. Мысалы, қыздарға, әйел адамдарға Ақылдас, Ерке қыз, Еркем, Шырайлым, Айнамкөз, т.б. десе, ер балаларға, ер адамдарға Шырақ. Мырза жігіт, Төре бала, Би аға, т.б.

Тіл білімінде құлаққа түрпідей тиіп, жағымсыз, тұрпайы естілетін сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады. Эвфемизм ойды көркем түрде бейнелеп жеткізу үшін қолданылатын, мәдениеттілікті, сыпайылықты білдіретін сөздер болып табылады.

Дисфемизм – мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы әдеби тілге жатпайтын, тұрпайы, дөрекі түрде айтылатын, біреуді қорлау, кеміту мақсатында пайдаланылатын сөздер.

ДИСФЕМИЗМ ЭВФЕМИЗМ
Құрт ауруы Қылтамақ Саңырау, керең Соқыр Ақсақ Екіқабат Туды Өлді Мылжың Ұрлықшы Өсекші Өтірікші Өкпе ауруы Жіңішке ауру Құлағының мүкісі бар Зағип Аяғын сылтып басады Аяғы ауыр Дүниеге келді Қайтыс болды Сөзуар Қолының жымысқысы бар Аузы жеңіл Қосып айтады

Үйірлі мүше (составной член)
Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бір ғана мүше бола алатын, бірақ өз ішінде шартты түрде бастауыш, баяндауыш және басқа сөйлем мүшелеріне талданатын сөздер тізбегін үйірлі мүше деп атайды.
Үйірлілік – сөйлем мүшелерінің барлығына тән. (Составной член предложения – группа слов, отвечающих на один вопрос и являющихся в предложении одним членом, но в своем составе разбирающиеся на главные и второстепенные члены. Составными могут быть все члены предложения).

Мысалы:
Үйірлі бастауыш: Білімі күшті (кім?) мыңды жығады.
Үйірлі баяндауыш: Сіздің ауыл бұрынғыдай емес: өзгеріпті, жаңарыпты, үлкейіпті.(қайтіпті?)
Үйірлі толықтауыш: Құлақ естігенді (нені?) көз көреді.
Үйірлі анықтауыш: Қызылбалақтың машағына бойы үйренген (қандай?) жуас торы ат үріккен жоқ.
Үйірлі пысықтауыш: Жаз шыға (қашан?) қойшылар жайлауға қарай бет алды.

Оқшау сөздер (обособленные слова)
Сөйлемнің құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін мүше.
Олар – қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай.
(Обособленные слова – слова, находящиеся в составе предложения, но не имеющие грамматических связей ни с каким членом предложения. Это - обращение, вводное слово, междометие).
1.Қаратпа сөз – біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер.Негізгі тыныс белгілері – үтір және леп белгісі. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады. Сөйлемнің ортасында келсе, үтір қаратпа сөздің екі жағынан қойылады. Сөйлемнің соңында келсе, үтір оның алдынан қойылады.
Қаратпа сөз көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылса, леп белгісі қойылады.
(Обращение – слова, используемые для привлечения к себе внимания. Основные знаки препинания – запятая и восклицательный знак. Если обращение находится в начале предложения, то запятая ставится после обращения. Если в середине – запятая ставится с двух сторон. Если обращение находится в конце – запятая ставится перед ним. Если обращение произносится с особым чувством, то ставится восклицательный знак.
Мысалы: Балалар, ертең емтихан болады. Білгеніңді айта бер, Марат, қорықпа. Ендігі кезек сенде, қарағым.
Диқансың және, кеншісің және, Мұғалім!
2.Қыстырма сөз – сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіретін сөз немесе сөз тізбегі.
Құрамына қарай қыстырма сөз, қыстырма сөз тіркесі, қыстырма сөйлем болып бөлінеді. Негізгі тыныс белгісі – үтір. Қыстырма сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады. Сөйлемнің ортасында келсе, үтір қыстырма сөздің екі жағынан қойылады. Сөйлемнің соңында келсе, үтір оның алдынан қойылады. (Вводное слово – слово или сочетание слов, при помощи которых говорящий выражает свое отношение к тому, что он сообщает. По составу бывают: вводное слово, вводное сочетание, вводное предложение. Основной знак препинания – запятая. Если вводное слово находится в начале предложения, то запятая ставится после него. Если в середине – запятая ставится с двух сторон. Если вводное слово находится в конце – запятая ставится перед ним).
Мысалы: Меніңше, мұғалімнің пікірі дұрыс. Қорықтыма, әйтеуір, оның жазуға батылы бармады.
Шақырғанда келмедің, ұмытып кеттің-ау, сірә.
Қыстырма сөздері мағынасына қарай мынадай топтарға бөлінеді (вводные слова по значению делятся на данные группы)
1. Кісінің көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөздер:
(выражают настроение, чувства человека) несің айтасың, бағымызға қарай, амал қанша, абырой бергенде т.б. Мысалы: Амал қанша, сен дұрыс айтып тұрған жоқсын.
Биыл, несің айтасың,егіннің жақсы шықты.
2. Айтылған сөзге нануды, жорамалдауды білдіреді:
(выражают соглашение, безусловность сказанного)
әрине, әлбетте, рас, сөз жоқ, сірә, мүмкін, шамасы, расында, шынында, шынын айту керек, өзіңіз білесіз,
бәсе, дұрысында т.б. Мысалы: Осының бәрін ол, әрине, жалғыз істей алмады. Мүмкін, бүгін жұмысты бітіретін
шығармыз.
3. Ойдың айтылу амалын, тәсілін білдіретін сөздер: (выражают отношение к сказанному)
қысқасы, сайып келгенде, былайша айтқанда, жалпы алғанда, демек, ендеше т.б.
Мысал: Қазақстан қазір, қысқасы, гүлденген республика болды. Былайша айтқанда, бүгінгі күн сәтсіз болды.
4. Айтылған ойға пікір білдіруге байланысты: (выражают мнение к выраженной мысли) сіздіңше, меніңше, мен білсем, қысқасы, айтуына қарағанда, айтуы бойынша, пікірі
бойынша, олай болса, демек, сөйтіп т.б.
Мысалы: Меніңше, бұл – маңызды іс. Қарттардың айтуына қарағанда, Арал теңізі жыл сайын тартылып келеді.
5.Айтылған ойлардың өзара қатынасын білдіреді: (обозначает связь между выраженными мыслями) біріншіден, екіншіден, ақырында, керісінше, сөйтіп, мысалы, әуелі, бір жағынан т.б.
Мысалы: Біріншіден, қаражаты жоқ болса, екіншіден, білімі жетпейді. Ақырында, Мараттың айтқаны дұрыс болып шықты.
3.Одағай сөз– айтушының көңіл-күйін, ішкі сезімін және жан-жануарларды шақыру, қуу үшін қолданылатын сөздер.Негізгі тыныс белгілері – үтір мен леп белгісі. Лексикалық мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі бола алмайды.
(Междометие – слова, используемые для выражения эмоций говорящего и для обращения с животными..
Не имеет лексического значения, не может быть членом предложения. Основные знаки препинания – запятая и
восклицательный знак).
Мысалы: Шіркін, ақын болсаң, осындай бол. Бұл не, әй!
Оқтын-оқтын күрсініп: аһ! – дегенде, жүрегі қарс айырылды.

Одағайдың мағынасына қарай түрлері (виды междометия по значению)
1. Көңіл-күйі одағайлары (междометия эмоций)
Шаттану, таңырқау, қуану, ренжу, өкіну, ұнату,
назар аудару т.б. мәндерді білдіреді. (выражает радость, удивление, обиду, сожаление, одобрение и другие чувства).
пәлі, ойпырмай, алақай, пай-пай, бәрекелді, түу, уһ, аһ, әй, еһе, әттең, өй, ой, қап, әттеген-ай, беу, қап, ау, па, уа, мә-ә, мә саған, дүние-ай т.б.
Мысалы: -Қап, тоқтай тұр, бәлем!
- Ой, сен мұнда неғып жүрсің?
- Ойбай-ай, мына балаға қарашы!
2. Жекіру одағайлары (императивные междометия)
Жекіру, тыйым салу, бұйыру мәндерді білдіреді.
(выражает запрет, повеление, возглас неодобрения)
тәйт, тек, жә т.б. Мысалы: - Тәйт, үніңді шығарма!
- Жә-жә, ойланып сөйлеген жөн болар.
- Тек жалғыз-ақ, арыла сөйлес.
3. Шақыру одағайлары (междометия подзыва)
Мал, ит-құсты шақыру, қуу мәнді білдіреді. (обращения к животным)
құрау-құрау, шөре-шөре, көс-көс, айт, қош-қош,
моһ-моһ, құр-құр, кә-кә, пырс, аухау-аухау т.б.
4. Тұрмыс-салт одағайлары (бытовые междометия)
Ассалаума-әлейкүм, уағалимкүм-ассалам, қош,
рақмет, құп, ләббай, жәрәкім-алла, қайыр т.б. Мысалы: - Ақтөс, Ақтөс, кә-кә, - деп, Марат күшігін шақырды.

Мысалы: - Рақмет, балам, көп жаса.
- Ләббай, тақсыр, - деп, нүкерлер атқа қонды.

Тұлғасына қарай (по способу образования)
1. Негізгі одағайлар (непроизводные междометия)оһ, ой, әй, е, ә, ау, па, пай, ө, охо, беу т.б.
2.Туынды одағайлар (производные междометия) мәссаған – мә саған, әттеген-ай - әйт деген ай,
бәрекелді – барын алып келді т.б.
Ескерту (прим): 1. Жұрнақ жалғану арқылы одағайдан басқа сөз табы пайда болуы мүмкін.
(При помощи суффикса от междометия может образовываться другая часть речи).
Мысалы: ура+лау, ойбай+лап т.б.
2. –ал –деп – де – дейтін етістіктермен тіркесіп, сөйлем мүшесі бола алады.
(сочетаясь с данными глаголами, могут быть членами предложения).
Мысалы: Моһ-моһ деп ол жылқысын шақырды. /моһ-моһ деп = пысықтауыш/
3. Одағайлар заттанып, түрлі қосымшалардың жалғануы арқылы сөйлемнің қалыпты мүшесінің қызметін атқарады.(субстантивируясь и принимая разные аффиксы,
междометия могут выполнять функции членов предложения).
Мысалы: Мен үйге аһлап, уһлеп /қалай?/ әзер жеттім.
Оның айтатыны – ойпырмай. /не?/

Наши рекомендации