Картаға түсетін ауданды зерттеу
Карта жасау кезіндегі далалық тәсілді пайдаланғанда, оған қажетті материалдардың бәрі қолданылады. Картаның жақсы жасалуына әдістемелік тәсілдер, олардың сапасы материалдардың нақтылығы әсер етеді. Материал көп және кең түрде қолданылса, карта соғұрлым жақсы шығады.
Орталық мекемелердің материалынан басқада мекемелерден жинайды. Мысалы, жер бетін түсіру кезінде көп мәлімет жинау қажет емес. Себебі, барлық керекті мәлімет түсіру кезінде алынады. Аэрофото түсіру кезіндегі материалға деген сұраныс өте үлкен.
Сондықтан, аэротүсіру кезінде материалдарды жинап, мұқият оқып, камералдық шифрды оқуды қамтамасыз етуге пайдаланады. Деректерді жинаған кезде, алғашқы кезекте, республикалық геодезиялық бақылау бөлімдеріне хабарласады. Бөлімнен картографиялық материалдарды, дененің белгілі жердегі нақты мәліметін алуға болады. Сонымен қатар, экспедиция мен зерттеу нәтижелерінің есептерін арнайы карта жасауға қолданылған барлық материалдарды олар беруге тиісті.
Бірінші кезекте, жиналған материалдардан мемлекеттік жер қатынасы туралы деректерді бөліп алу керек. Бұл мекеменің материалдарында барлық атап айтқанда, акционерлік қоғамдардың фермерлердің, шаруа қожалықтарының, жеке адамдардың, сонымен бірге, орман, мемлекет қорына жататын жерлерге анықтама береді.
Жер қатынастары жөніндегі, сызбалар мен кестелерде, егістік жерлердегі, ферма маңындағы жайылымдарды ауыспалы егіс көрсетіледі. Оның сыртында, Плантациялар, бау-бақша, табиғи жайылым, шабындық, жерді пайдаланудың басқа да түрлерін сол жерден табуға болады.
Сонымен қатар, ауылшаруашылық дақылдарды айтқанда, есепте жоқ жерлердегі егсілген дақылдар табиғи шабындық тағы басқалар туралы мәліметтер осы мекемеден табылады.
Орман туралы мәліметтерді аэрофото арқылы түсірілген бөлімшелерден алады. Сонымен бірге, орман, оның зерттелуі туралы басқа да маңызды деректерді орман шаруашылығы сияқты мекемелер береді. Топографиялық карталар үшін қажетті орман туралы анықтамаларды, материалдарды, аэрофото түсірген, орман құрылымы жөніндегі жазбалардан, түсірілімнен, т.б. жерлерден алуға болады.
Кесімді бағаның тізбесіндегі жазбаларда, көптеген мәліметтер көрсетіледі. Сондықтан да, бұл мәселе карта жасау мамандарын қатты қызықтырады. Топографиялық картаға жетекшілік жасайтын маман да бұған қызығады.
Орман құрылымындағы көптеген дерек көздерін, атап айтқанда:квартал номері, кесімді баға берген жердің номерімен аумағы, тұқым немесе жыныс құрамы, ағаштың тұқым түрлері, орташа биіктігі, орташа жуандығы, сапасы отырғызылатын ағаштың толық құрамы, ағаш қоры, кейінгі өзгерістер осы аталған жазбада болады. Сөз болып отырған жазбадан картаға қажет басқа пайдалы деректерді де алуға болады. Мысалы: орман түрлері, ағаштың жас мөлшері, діңгек саны,қоныстар туралы мәлімет алынады.
Картографияға маңызды да қажетті дүниелерге, орман құрылымы туралы мәлімет салынған планшеттер, жоспар т.б. жатады. Осы мақсатағы карталар орман құрылымның дәрежесіне байланысты 1:5000-нан 1:10000 масштабқа түсіріледі.
Орманға отырғызылатын ағаштардың жоспарында, орман карталары көрсетіледі. Сонымен бірген, жас мөлшерін белгілейтін баға тізімі, оның толық құрамы беріледі. Рет нөмері, сандық көрсеткіштері кесімді бағадағы тізімдегі көрсеткіштер мен бірдей болуға тиісті. Орманды бағалау, орман шаруашылығындағы жұмыстар туралы тусінік жазбаларды физико-графиялық және экономикалық орман қорының мәліметінен табуға болады.
Батпақты жерлер туралы ақпарды экспедициялық мәліметтерден алған жөн. Бұл материалдар, топографиялық түсірілімдерде 14:10000; 1:25000 масштабқа негізделеді. Нәтижесінде топографикалық жоспар қабылданады. Әрине бұған қосыша геоботаникалық, геологиялық бұрғылау т.б. мәліметтер қосылады. Оның сыртында, аэрофото түсірілімдер, топырақтану карталарында 1:2000; 1:5000; 1:10000 масштабына сай жазылады.
Шым тезек орындары туралы ақпар, оның қоры, сапасы, өсімдік жабындысы, жер бедері жөніндегі мәліметтерді далалық, камералық, лабороториялық жұмыстардың нәтижесі бойынша алуға болады. Ең бағалысы, жазылған жұмыс жоспары шымтезек орны, оның техникалық есептері. Шымтезек орны бойынша жұмыс жоспары техникалық жағдайларға байланысты жасалады. Жоспарда түсіру барлау, шымтезек қалыңдығы т.б мәліметтер беріледі.
Елді мекендер жөніндегі ақпар, алғашқы кезекте, өте ұсақ масштабтағы топографиялық картадан алынады. Мысалы, оны кезекші карта, барлық елді мекендердің толық мәліметін бере алмайды.
Сондықтан, арнайы материалдарды қолдануға тура келеді. Мысалы, ірі масштабтағы қала жоспары, яғни нақты, дәл ғимараттардың орналасқан жобасы, қалалық мекмелердің орналастырылуы т.с.с. картаның белгіленген атауы. Далалық зерттеу жұмыстарын жүргізгенде ең алдымен барлық жиналған материалдарды зерттеп ауданның толық мәліметін алу үшін қосымша түсіру жасайды. Осыдан кейін барып, барлық қолдағы материалдарды мұқият талдап барып, редакциялық жоспар құрады (редакциялық нұсқау).