Ойнауларды қолдану үшін төлемдерді қою әдістері.
Нарықтық экономикаға көшумен бірге маңызды кәсіпорындарды келісім бойынша шетелдік инвесторлардың басқаруы әртүрлі төлемдердің қойылуын қажет етті. Көптеген шетелдік компаниялар пайдалы қазбалардың бай кен орнын игеруге мүдделі болып отыр. Соған байланысты төлемдер тек компенсация рөлінде ғана емес пайдалы қазбаларды оңтайлы пайдалану қызметін ынталандырады. Яғни ол кез-келген тау-кен кешені үшін маңызды болып табылады. Бұл өз кезегінде минералды-шикізатты қолдану бойынша жоспарды анықтау бойынша ғылыми негізделген жұмыстарды керек етуде.
Бірінші рет 1991 жылы ҚР экология және табиғатты пайдалану бойынша мемлекеттік комитеті қойнауды пайдаланудың нормативтік төлемін анықтайтын әдістемелік кешенін дайындады.
Кен қойнауын дайындау құқы үшін төлемнің негізі төлемнің негізгі ставкасы болып табылады:
(8.1)
мұнда б1 – пайдалы қазба кенорнын дайындау құқы үшін есептік негізгі ставка тенге/т;
Цп- тенгеде есептелген АҚШ долларындағы баға, ;
р - роялти, мемлекетке түскен 0,05; 0,10 - 0,20, шикізат тауарының құнындағы үлесі,
Цв – ішкі нарықтағы шикізат бағасы, тенге/т;
0,5 – мемлекетке «фифти-фифти» жүйесі бойынша түскен ішкі және сыртқы нарықтағы баға айырмашылықтары негізінде пайда болған ренттік табыстың үлесі.
Жанар май (мұнай, газ, көмір) саласындағы кен орнын дайындау үшін төлем көрсеткіші есептік деңгейдің 10 % көлемінде болып қабылданған, ал қара және түсті металлдарға ішкі баға құнының 2-2,5 % мөлшерінде болады.
Мұнай кенорны мысалында дайындау құқы үшін төлемнің базалық ставкасын анықтаймыз. Мұнай кенорны бойынша роялти деңгейі аралық кезеңде 10 % -те бағаланатыны белгілі. Мұнайдың ішкі бағасы қазу құқы үшін төлемді есептемегенде осы кезеңде орташа 6500 тенгені құрайды.
Мұнай нарығындағы мәліметтер бойынша мұнайдың орташа бағасы тоннасына 100 долларды құрайды. (75 тг х 100)=7500 тенге.
Осы мәліметтерге қарағанда, мұнайға төлемнің негізгі ставкасының толық көрсеткіші келесідей болады:
7500x0,1+0,5(7500 - 6500)=1250 тенге/т.
Нақты бір кенорнын дайындау үшін төлемнің деңгейі келесі формуламен анықталады:
П = (Б ± а * Р) В (8.2)
мұнда П – байытылған пайдалы қазбаның бірлігі есебінде шекті ставканың деңгейі, тенге/т;
Б – кәсіпорынның соңғы өнімінің бірлігі есебінде пайдалы қазбаның сәйкес түріне бекітілген негізгі ставка, тенге/т;
а – республикалар арасындағы келісімдер негізіндегі ставкаларды аударуды ескерілген барлық пайдалы қазбалар бойынша ренталық табыстан үлес, бірлік;
Р – кәсіпорынның соңғы өнімінің бірлігі есебінде ішкі бағадағы кенорнын дайындадан ренталық табыс, тенге/т;
В – нақты кенорны шартында жабылған қорлар бірлігінен кәсіпорынның соңғы өнімініңнормативті шығуы, тенге/т.
Табиғи ресурстарды сонымен бірге минералды-шикізатты пайдалану үшін төлемдерді анықтау үшін ресурстардың шектеулігін ескеретін қарапайым модель келесі формула бойынша беріледі:
(8.3)
Мұнда tн – минералды-шикізатпен қамтамасыз етілудің нормативті мерізімі, жыл;
tв – нақты қамту мерізімі, жыл;
Пн - өнімге бірлігіне нормативті пайда, тенге.
Мысалға, республикада мұнайға баға оны өндіру шығын мен өзіндік құнның 50 % өлшемінде рентабельділік деңгейінде анықталады, яғни нормативті пайда 50% тең. Сонда мұнай кенорнын пайдалану құқы үшін көрсеткіш келесіні құрайды:
(8.4)
Геологиялық барлау жұмыстарына аудару ставкасы әр пайдалы қазба бойынша келесі формуламен анықталады:
(8.5)
мұнда С – аударым ставкасы, тенге/т, тенге/м;
3пр – ставканың әрекет ететін мерзіміне сәйкес болатын кезеңге бағдарламамен қарастырылған пайдалы қазбалардың сәйкес келетін түрін іздеуге және алдын ала қазуға қаражаттар,мың тг.;
Ко –геологиялқ жұмыс шығынын ескеретін коэффициент, бірлік үлесі;
Д - баланстық қорлардан пайдалы қазбалардың берілген түрінің жиынтық табысы, мың тг., мың м3;
Р – қазбаларды табу процесінде араластырылатын бос тұқымдардың нормативтік саны,мың тг., мың м3;
П – қазу кезіндегі баланстық қордың нормативтік пайдаланудағы жоғалту сомасы, мың. т, м3.
Геологиялық барлау жұмысына ставка 5 жыл шегінде өзгеруі мүмкін, тек бір жылдың ішінде өзгермейді. Мысалы, республикалық бағдарлама бойынша 3 жылға полиметалдық руданы алдын ала барлауға 200 млн. тенге қажет. Пайдалы қазбаны қазу жобасы 5 млн тонна. Қазу кезіндегі жоғалту -20%, ал нормативті -10%.
Жоғары мәлімтеттерді пайдалана отырып , біз мынаны анықтаймыз:
·баланстық қорлардың қазбалардың ккөлемі:
5000000 х (1 -0,1) = 4500000 т;
·баланстық қорлардың жоғалту көлемі:
4500000x0,20 : (1 - 0,20)=112500 т;
·баланстық қорларды байытылған көлемі:
4500000+112500=5625000 т;
·геологиялық барлау жұмыстарына аударымдардың ставкасы:
200000000:5625000-3,9 тенге/т.
Жоғарыда көрсетілгендей минералды ресуртарды оңтайлы қолданбаған үшін төлем еселеп алынады. Мысалға, қазба кезінде қатты пайдалы қазбаларды нормадан жоғары дайындау барысында 20 мың т. руда , транспорт үшін 9 мың. т, байыту үшін 2 мың т. жоғалтамыз делік. Сонымен қатар концентраттың көтерме бағасы 1000 тенге құрайды, айыппұл коэффициенті - 1,5.
65% құрамдағы тауарлық концентраттың бірлігіне 2,5 т руда керек.
Қазу кезінде және транспорттау кезінде соңғы өнімнің алынбаған көлемі келесідей болады: 30000т:2,5=12000 т; байту кезінде: 2000:0,65=3077 т. Барлық жоғалтқан өнім:
12000+3077= 15077 т.
Төлеуге жататын айыппұл төлемінің көрсеткіші:
15077х20х 1,5=452310 тенге.
Төлемнің маңызды түрлері болып ренталық төлем болып табылады. Ренталық төлем әртүрлі әдістермен анықталуы мүмкін:
(8.6)
мұнда Цр , ЦИ -өнімнің бірінғай шығару бағасы, тенге/т;
Зз, ЗИ – шығарылған өнім бірлігіне тұйықтаушы және жекелік шығындар, тенге/т;
Сс, СИ – сорта салалық және жеклік шығындар, тенге/т;
Пн – нормативті пайда тенге/т.
Дайын өнім металл болып саналатын көп компонентті рудалар үшін тау рентасының көрсеткіші және басқа металлургиялық пайдаланудан кейінгі пайдалы компоненттер, келесі формула бойынша анықталады:
(8.7)
Мұнда Цmj – жоғары деңгейде өңделген металдың j-ro бірлігіне өткізу бағасы немесе 1 т рудадан алынған металдық пайдаланудан кейінгі өнімдердің бағасы, тенге/т;
аdj – сқазылған рудададан алынатын j-ші компоненттің мөлшері, бірліктегі үлесі;
aoj - j-ші алынатын компоненттің байыту фабрикасындағы байытылу кезіндегі бірлігінің үлесі;
аmj – j-ші металлургиялық және басқа металлургиялық пайдаланудан кейінгі компоненттердің кіруі, бірліктегі үлесі;
Сн д; Сн о; Сн м; - металдық пайдалану және өнім бірлігін жеткізу , қазу, байыту кезіндегі нормативті жек құн, тенге/т;
К – руданы қазу кезіндегі коэффициент , ш.б.
Байыту кезіндегі шығарылған компоненттер концентраттардығы дайын өнім болып табылса, онда жоғарыдағы көрсетілген форсмуланы тек металлургиялық пайдалану кезіндегі көрсеткішті қоспай пайдалануға болады.
3. Өнімді бөлу келісімі (ӨБК)
Салық әдістерімен бірге табыстарды алуда шетелдік тәжірибеде салықтық емес әдістер де қолданылады. Оған ең бірінші өнім бөлімдері туралы келісім-шарт жатады. Бұндай келісім типіне мемлекеттік компания түріндегі мемлекетпен шетелдік компания ретінде конторлар арасындағы пайдалы қазбаларды (мұнай мен газ) барлау мен дайындаудың бектілген белгілі мерізімі. Мемлекет шетел фирмасымен бірге бірлескен кәсіпорын құрған ұлттық мұнай компаниясы ретінде барлық жұмыстарды жүргізуде белсенді түрде қатысады. Шетелдік келісім шарт жасаушы ұлттық компания алдында жұмыстарды оңтайлы жүргізу бойынша алдын-ала жоспар негізінде жауапты болып табылады; жобаны қаржыландыруды қамтамасыз етеді және жобаны іске арсыру бойынша барлық тәуекелділікті мойнына алады. Шетелдік компания өзінің шығынын алдын-ала белгіленген пайыздан жоғары болмайтындай (жылдық шығарылымның 20-50%) шығарылған мұнай көлемімен жабады. Бұл үлес күрделі табиғи орта жағдайында жоғары болады және мұнайдың шығарылым көлеміне байланысты қойылуы мүмкін. Сосын төлемдерден кейін шығарылған ресурс белгілі пропорция көлемінде ұлттық компания (70%) мен келісім-шарт жасаушы компания (30%) арасында бөлінеді. Пропорция шығарылу көлемі бойынша өзгереді. Контрактор бөлуден кейінгі қалған ресурстың нақты елдегі нарық бағасында сатуға міндетті бөлігінен басқасын еркін сату құқын иеленеді.
Контрактордың өзінің ресурстық үлесін сатуынан кейін оның табысы сол мемлекеттің ішкі салығына жатқызылады. Негізінде ол жоғарыда қарастырылған салықтардың роялтиден басқа барлық түрін төлейді. Сонғы кезде роялти өнімді бөлу келісімінде қолданыла бастады. Келісімді бекіту кезінде бонус төленеді. Өндіріс көлемі ұлғайған кезде бонус ұлғаяды. Рента коммерциялық шығарылым жүргізілмеген территория бойынша төленеді.
Мемлекет келісім-компаниясының пайдасын өнімді бөлудің әртүрлі пропорциясында әртүрлі салық ставкалары көмегімен реттеп отыра алады. Мемлекеттік компания салық салу объектісі ретінде танылады. Жоба жұмысы шеңберінде контрактордың сатып алған барлық құралдары ұлттық компанияның жеке меншігіне айналады. Барлық сатып алынған құралдардың алғашқы құны аралық шығыннан бекітілген кезең бойында (негізінде бес жылда) тең көлемде коммерциялық қолданудың бірінші жылынан бастап төленуі керек. Көбіне мұндай келісімдерде контрактордың міндеттері мен құқығы, барлық шаралардың орны мен жалғасу мерізімі, геологиялық барлау кезінде территорияны зерттеу кестесі, жылдар бойынша шығарылым көлемі, барлау мен инвестицияға шығындар, курсты ауыстыру бойынша келісім, есеп беру ережесі, ішкі нарықта сату көлемі, импорт-экспорт және дауларды шешу көрсетіледі. Сонымен қатар қабылдаған мемлекет жағынан жұмысшылар саны мен ұлттық кадрларды дайындау бойынша бағдарлама ұсынылады. Мұндай келісімдер Азия мен Африкада кеңінен қолданылады. Бірнеше өзгертілген қызметтік келісімдер немесе тәуекелді қызметтік келісімдер (ТҚК) Латын Америкасында қоданылады. Оларда өнімдегі үлес емес, өндірістік сипаттағы белгілі қызмет өнімінің төлеу бойынша іс қарастырылады.
Мұндай келісімдердің табысты іске асуының бір маңызды шарты барлық операцияны іске асырудағы келісімнің жеткілікті түрдегі дербестілігі болып табылады. Егер мемлекеттік компания шығындарды жабу процесін қадағалау мақсатында барлық аралық шығындарды негіздеуді талап етсе, онда ол келісім компаниясының тиімді жұмысына кедергі жасауы мүмкін. ӨБК жағдайында контрактордың мүддесі өндірістік шикізаттың белгілі пайзындағы құқығында, ал ТҚК кезінде шикізаттың әр өндірістік бірлігі үшін қызмет төлемінде болады.
Барлау кезеңі негізінде 3—6 жылға, қазу кезеңі — 20—30 жылға бекітіледі.
I. Бірінші жылдың түсімі | |
Бастапқы мәліметтер Өндіріс Баға Геологиялық зерттеуге шығындар Ағымдық шығындар Капиталды шығындар | 10 баррель 20$ 6$ 13$ 70$ |
Шығындардың өтелуі Геологиялық зерттеуге шығындар Ағымдық шығындар.Амортизация (2/7 х 70 долл.) Инвестициялық несие (20% х 70 долл.) | 20$ 14$ 53 $ (шығындарды жабу) |
Жалпы табыс (20$* 10) Бірінші ұңғыма дан түсім (20%*200) Контрактор үлесі (30%) Ұлттық компаниялар үлесі (70%) | 200$ 40$ 160 $ (өтеу қаражаттары) - 53 $ (шығындарды өтеу) 107 $ (табыс) 40$ (бірінші ұңғыма дан түсім) 147 $ (жалпы түсім) 44,2$ 105,9$ |
Мұнай өндірудегі контракторлар үлесі Шығындардың өтелуі Табыс мөлшері Бареллелдегі мөлшері 97.2 $ /20 $ Ішкі нарықтағы міндеттемелер 1) 25% контрактордың үлесінен30%)=30%/4=7,5% 2) 10 баррель*7,5% | 53$ 44,2$ 97,2$ 4,86 баррель 0,75 баррель 4 11 баррель экспортқа |
Контрактор табысы Экспортқа (4,11 баррель * 20 $) 6-шы жылға дейін Ішкі міндеттемелерді жабуға мұнай экспорты (0,75 баррель *20) | 82,2$ 15$ 97,2 $ (жалпы табыс 6-шы жылға дейін) |
6-шы жылдан кейін Экспортқа (4.11*20$) Ішкі нарық міндеттемелері (0.75*20$* 10%) | 82,2$ 1.5$ 83,7$ (жылдық жалпы табыс ) |
Контрактордың салық салымы Жалпы табыс минус шығындар Геологиялық зерттеуге шығындар Ағымдық шығындар Капиталды шығындар Салық салынатын табыс (44 2$=14$=58.2$) Салық ставкасы (50%) Салық(50%*58.2$) | 97,2$ 6$ 13$ 20$ 39$ 58.2$ 29.1$ |
Өнімнің соңғы бөлімі Контрактор Жалпы табыс минус салық Мемлекет (ұлттық компания) Мұнай үлесі Алынған салық | 97.2$ 29.1$ 68.1$ 105.8$ 29.1$ 134.9$ 200$ |
Соңғы нәтиже Контрактора Мемлекет | 34% 63% |
8-ші өндіру жылындағы жағдай | |
Бастапқы мәліметтер Өндіріс Цена 1 -го баррель Геологиялық зерттеуге шығындар Ағымдық шығындар Капиталды шығындар | 10 баррель 20$ 0$ 0$ 13$ |
Шығындарды өтеу Геологиялық зерттеуге шығындар Ағымдық шығындар Амортизация Инвестициялық несие | 0$ 13$ 0$ 0$ 13$ (шығындарды өтеу) |
Жалпы табыс (20$*10) Контрактор үлесі (30%) Ұлттық компаниялар үлесі (70% | 200$ 200$ (шығындарды өтеу) -13$ 187$ (табыс) 56,1$ 130,9$ |
Мұнай өндірудегі контракторлар үлесі Шығындардың өтелуі Табыс мөлшері Бареллелдегі мөлшері (66 1$/20$) Ішкі нарықтағы міндеттемелер 1) 1) 25% контрактордың үлесінен 30%)=30% 4=7.5% (10бар*7,5%) | 13$ 56,1$ 69,1$ 3,455 баррель 0,75 баррель 2,705 баррель ( экспортқа) |
Контрактор табысы Экспортқа (2 705 барреіей *20) Ішкі міндеттемелер 10%)(0.75*20$*0 1 (0,75 баррель *20) | 54,1$ 1,5$ 55,6$ (контрактораның жалпы табыс) |
Контрактордың салық салымы Жалпы табыс минус шығындар Геологиялық зерттеуге шығындар Ағымдық шығындар Амортизация Салық салынатын табыс Салық ставкасы (50%) Салық( | 55,6$ 0$ 13$ 0$ 13$ 42,6$ 21,3$ |
Өнімнің соңғы бөлімі Контрактор Жалпы табыс минус салық Мемлекет (ұлттық компания) Мұнай үлесі Алынған салық Ішкі нарықтарда міндеттерді орындаудан түсетін ұмың көлемі (0 75 бар * 18$= 13.5$) | 55,6$ 21,3$ 34,3$ 130,9$ 21,3$ 13,5$ 165,7$ 200$ |
Соңғы үлес Контрактор Мемлекет | 17% 83% |