Сіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары. 7 страница
Инвестицияның қайтарым мөлшері төмендегі формула бойынша анықталады. Келесі жағдайға көңіл аудару керек: егер Қмөл>r, онда кәсіпорынға инвестицияны салу - тиімді, егер де Қмөл<r – тиімсіз, Қмөл = r - онда екі жақты жағдайда тең болады.
Инвестициялаудың тиімділігін есептеу әдістерінде төменгі мәселелерді білу қажет:
• өтеу мерзімін;
• жай табыс мөлшерін
• компаундинг (кеңейту) көлемін;
• дисконттеуді (алдағы табысты қазіргі таза бағаға қатынасын белгілеу әдісі). Өтеу мерзімі – жобаланған пайданың толтыру мезгілі деуге болады.
Сонымен, таза пайда дегеніміз – табыстан, төлемдерден, одан қоса шығындардан пайыздар мен амортизацияны алып тастағаннан кейінгі сома.
Жай табыс мөлшері деп бұл пайданың негізгі инвестициялық пайдаланған толық жай жылдардағы шығын қатынасын айтамыз.
Компаундинг (кеңейту) деп базалық бүгінгі табысты келешек тапсырылған мезгілге есептеп келтіру әдісін айтамыз.
Дисконттеу – бұл компаундингке кері үрдіс. Мұндай келешектегі табысты бүгінгі мезгілдегі сомаға келтіру.
Дисконттеу кұралының әдістері – бұл әдістің бірнеше түрлері бар. Мұның бәрі жұмсалған ақша қаражатының, келешектегі бағасы қазіргіден азаятынын сипаттайды.
Келешектегі дисконттелген құнның күрделі пайызын мына төмендегі формуламен шығарамыз:
мұнда S – n – жылының соңындағы алынған көлемі;
Р – дисконттік құн;
%- пайыздық құн;
n – жыл саны;
(1+%)n – дисконттеу құнының факторы.
Бұл үрдісті келесі мезгілдегі қосылатын табыстардың пайыздық қосындыларын келесі формуламен есептеуте болады:
Бк=Кқ·(1+r)n
мұнда, Бқ – дисконттеу коэффициенті немесе, болашақ ақша сомасы, болашақ құн;
Ққ– бастапқы (қазіргі ағымдағы) құн;
r– пайыз ставкасы немесе табыс мөлшері;
n – табысты қосып есептеудегі жыл саны.
Келешектегі ақша сомасын және пайыз ставканы (біздің мысалда 10%), қазіргі ақша сомасының құнын төмендегі формуланы қолдана отырып, бұрынғы айтқаннан осы қорытынды шығады:
Инвестиция "тәуекел" (венчурлық), "тікелей", "портфельдік" және" аннутенттік" болып бөлінеді.
Венчурлық немесе тәукелдік қаржыландыру – бұл қаржыландырудың тәуекел шарасы болып қана қоймай, ол ерекше тәртіптегі қаржыландыру деуге болады. Венчурлық капитал – бұл шаруашылықты қаржыландыруға шешуші рөл атқаратын жаңа акциялар шығару түріндегі инвестициялар. Венчурлық капитал жаңа қызмет салаларына жұмсалатын капитал. Ол әдетте тәуекел етумен байланысты. Венчурлық капитал орташа және ұсақ кәсіпорындардың өмір сүруінің аса маңызды шаруаларының бірі болып табылады.
Тікелей инвестиция - бұл табыс алу мақсатында шаруашылық субъектісінің жарнама капиталына салу арқылы шаруашылық субъектісін басқаруға қатысу құқығын алу.
Портфельді инвестиция (қоржынды) – құнды қағазды және басқадай активтерді «портфельге» жинақтау жұмысын айтамыз. «Портфель» – салушының нақтылы инвестициялық мақсатына жетудегі әр жақты жиналған инвестициялық құнды қағаздардың жиынтығы.
Портфельде – бағалы қағаздың бір түрі (акциясы) немесе әртүрлері (акция,
облигация, сақтық және депозиттік сертификаттар, кепілдеме куәлігі, қамсыздандыру полисі) бар. Мұндай көп түрлі қағаз портфелін – диверсификацияланған портфель дейді.
Диверсификация дегеніміз – әр алуандық жан-жақты даму, өндірістің көптеген түрімен дамуы, өнім түрлерін көбейту деген ұғымды білдіреді.
Белгілі бір портфельдегі табыс мөлшерін есептеп шығару үшін төмендегі формуланы қолданамыз.
Тм = у1*p1+ у2*p2 + …+уn*pn
мұнда Тм – портфельдегі барлық табыс мөлшері;
p1 p2 pn – жеке активтегі табыс мөлшері;
у1 у2 уn – портфельдегі активтердің тиісінше үлестері.
Инвестицияны портфельмен басқару дегеніміз инфляция деңгейіне қарамай, әртүрлі құнды қағаздардың жиынтығын басқару өнерін біліп қана қоймай, олардың бағасын түсірмей, сақтап, тіпті жоғарғы табыс алып келуіне қарай жұмыс істеу.
Құнды қағаз портфелін басқарудың екі әдісін айтуға болады – белсенді және енжарлы басқару.
Белсенді басқарудың негізгі міндеті – инвестірленген қаржыдан мүмкіндігінше табыс көзінің көлемін болжамдау. Бұл мәселеде қаржы рыногінен көрі, менеджердің нақты жұмысының қортындысы болуы тиіс. Белсенді менеджерлер – қандай портфель болмасын, оны ұстап тұру уақытша нәрсе екенін ескертеді. Портфельдегі құнды қағаздан түсетін табыс, нарық жағдайында түсім және шығын әкелуі мүмкін, кей жағдайда портфельдегі құнды қағаздар мүлде өзгеруі мүмкін.
Міне осындай жағдайда белсенді басқару тәсілінде бір жағынан тиімді құнды қағаздарды жинаса, екінші жағынан құны кеткен, табысы аз қағаздардан тездетіп құтылу қажет. Мұндай белсенді басқару тәсілін – «Свопинг» деп атайды, яғни қаржы рыногі арқылы құнды қағазды тұрақты айырбасталуын белгілейді.
Белсенді басқарудың төрт негізгі түрі бар:
1) Ең жай түрі – «таза табысты іріктеу» – деп аталатын түрі. Мұнда нарықтың уақытша тиімсіз кезінде екі облигацияны көрсетілген бағадан аз ғана өзгешелігі бар сондай бағадағы облигацияға айырбастау. Соңында облигацияларын төменгі табыста сатып, облигацияны көтеріңкі бағамен сатып алуы.
2) Келесі тәсілді «айырбастау» – дейді. Мұндай жағдайда құнды қағазға айырбасталуын айтамыз.
3) Біраз күрделі түрдегі «Свопингті» – «Сектор-Своп» – деп атайды. Әртүрлі уақыттағы және табыстағы облигацияның әртүрлі экономика секторларынан алмасуын айтамыз.
4) Төртінші «Свопинг» түрі – есепті ставканы алдын ала болжау свопингісі. Бұл түрінің мәні ставка төмендегенде портфель уақытының әсерін ұзартуға тырысу, ал ставка өскенде уақыт әсерін қысқартуға тырысу.
Портфельге уақыт әсері көп болған сайын, портфель бағасы есепті ставка өзгерісіне душар болады.
Соңғы кезде өте кең тараған свопингті таңдау тәсілі - компьюторлық әдіспен анықтау. Компьютер тәсілі көп түрлі факторларды ескереді, келешек акцияның бағасын білуге немесе облигацияның бағасын анықтауға, келешек портфель құрамын іздеуге, табыстың мол жағын анықтауға үлкен көмек көрсетеді.
2. . Нарық жағдайында өнеркәсіп өндірісі жаңа технологиялық базаға көшу кезінде, ұдайы өндіріске капитал салудың нәтижесінде "инвестиция" мен "инновация" түсініктері негізгі болып саналады. Өйткені нарық жағдайындағы үрдісте инвестиция негізінде жаңалық түрін өндіріске енгізу арқылы өнімнің жаңа немесе жетілдірілген түрін шығару, өндіріс техникаларын жаңалау, технология тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру іске асырылады.
Сонымен, өндірісті инновациялық деңгейде жүргізу деп ғылыми және техника жетістіктер негізінде тиімді, пайдалы өсім беретін, тұтынушылардың талабын жаңа әдіспен қамтамасыз етілуін айтамыз.
Инновациялық өнімдегеніміз бұл түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім. Өнеркәсіпте инновацияның екі түрін бөліп қарастырады: өнім инновациясы және үрдіс инновациясы.
Өнім инновациясына технологиялық жаңа және технологиялық жетілдірілген өнімдерді дайындау және өндіріске енгізу кіреді. Ол мына бұйымдарды қамтиды: жаңа (қайта енгізілген) радикалдық өнімдік инновация; жетілдіруге ұшыраған бұйымдар, инкременталды өнімдік инновация; жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған бұйымдар - өзге де инновациялық өнім.
Үрдіс инновациясына технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау әдістерін қоса технологиялық едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеу және енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік үрдісті ұйымдастырудың жетілдірілген әдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай-ақ зерттеулер мен әзірмелер нәтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін.
Инновациялық қызмет дегеніміз технологиялық жаңа ойларды (әдетте ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің немесе басқа ғылыми-техникалық жетістіктердің нәтижелерін) түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе рынокқа енгізілген, жетілдірілген өнімдер немесе қызметтер, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдістер немесе тәжірибелік қызметте пайдаланылған өндіріс қызметтерінің тәсілі. Инновациялық қызмет ғылыми, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін қамтиды, атап айтқанда өздерінің жиынтығында олар инновацияға әкеледі.
Технологиялық инновациялар рынокта енгізілген, жетілдірілген өнімдер немесе қызметтер, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдістер түрінде іске асырылатын инновациялық қызметтің немесе тәжірибелік қызметте пайдаланылатын өндіріс қызметтері тәсілінің түпкілікті нәтижесін көрсетеді. Егер инновация рынокқа немесе өндіріс үрдісіне енгізілсе, онда ол жүзеге асырылды деп саналады.
Озық өндірістік технологияларға микроэлектроникада құралған немесе компьютердің көмегімен басқарылатын және жобалауда, өндірісте немесе өнімдерді өңдеуде пайдаланылатын машиналарды, аппараттарды, жабдықты және аспаптарды қосатын технологиялар мен технологиялық үрдістер жатады.
Технологиялық жаңа өнім деп бұл технологиялық сипаттамалары (функционалдық белгілері, конструкциялық орындалуы, қосымша операциялар, сондай-ақ қолданылатын материалдар мен компоненттер құрамы) немесе шамаланған пайдаланылуы негізіндегі жаңа, не осыған ұқсас бұрын шығарылған өнімдерден елеулі айырмашылығы бар өнімді айтамыз. Мұндай инновациялар негізіндегі жаңа технологияларда, не зерттеулер мен өзгермелер нәтижесін пайдалануда негізделуі мүмкін.
Технологиялық жетілдірілген өнім дегеніміз бұл қолда бар өнім, ол үшін сапалық сипаттамалар жақсартылады, тиімділігі ең жоғары компоненттерді немесе материалдарды, бір немесе одан көп техникалық қосалқы жүйелерді жартылай өзгертуді пайдалану арқылы өндірістің экономикалық тиімділігін арттырады.
Инновациялық-белсенді кәсіпорындар деп әзірмелерді және жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді немесе қызметтерді, технологиялық үрдістерді немесе қызметтерді ендіру тәсілдерін жүзеге асыратын кәсіпорындарды айтамыз. Инновацияны өндіріске енгізу жоғарғы мөлшердегі шығындарды қажет етеді.
Инновацияға жұмсалған шығындар дегеніміз кәсіпорындар ауқымында орындалатын инновациялық қызметтердің әр түрлі түрлерінің жүзеге асуымен байланысты ақшалай түрдегі нақты шығындар. Жалпы шығындар құрамына ағымдағы және күрделі шығындар кіреді. Инновациялық қызмет түрлеріне байланысты шығындар келесі түрлерге бөлінеді:
-жаңа өнімдер мен технологиялық үрдістерді енгізуге байланысты ғылыми зерттеулер мен әзірмелерге жұмсалған шығындар;
- заттандырылған технологияларды, өнертабыстарды пайдалануға арналған лицензияларды, өнеркәсіптік үлгілерді, тиімді модельдерді, патенттерге құқықты, патентсіз лицензияларды, технологиялық мазмұндағы қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындар;
- өндірістік жобалауға жұмсалған шығындар;
- аспаптық дайындыққа, өндірісті ұйымдастыруға және қосуға, жаңа өнімдер мен технологиялық үрдістерді енгізуге байланысты дайындыққа және қайта дайындыққа, байқап көріп ендіруге және сынаққа жұмсалған шығындар;
- жаңа немесе жетілдірілген өнімдер мен технологиялық үрдістерді енгізуге байланысты машиналар мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындар;
- жаңа өнімдерді рынокқа шығару бойынша жүргізілетін маркетингтік зерттеулерге жұмсалған шығындар.
10 Дәріс. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
Жоспар:
ығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар. Кәсіпорынның шығындарын құрайтын шығындар жіктелуі. Кәсіпорындағы шығындар құрамы.
ығындарды есепке алу нақты мен нормативтік әдістері.. Өнімнің өзіндік құнын азайтудың мәні, көздері және факторлары.
1. Кәсіпорын шығындары— өндіріске енгізетін факторларды алуға жұмсалатын шығындар; ресурс өнімдерін өндіруге және өткізуге қолданылатын ақшалай көрініс.
Айкын (бухгалтерлік) шығындар– кәсіпорынның қолданылатын ресурстарға төлемі (шикізат, материал, отын, энергия алуға, еңбекақы төлеуге, өтелімге жұмсалатын шығын, көлік, сақтандыру және басқа да кәсіпорынның ақшалай формада төлейтін шығыстары); нарық бағасымен алынған өндіріс факторларының нақты шығындары.
Айқын емес шығындар-өндірісте кэсіпорын иесіне тиесілі (жер, орын, жеке еңбегі және т.б.) ресурстарды пайдаланудағы көрсетілетін шығындар, кәсіпорын бұл шығындарды төлеу міндетін алады, бірақ анық ақшалай формада емес.
Экономикалық шығындар(бухгалтерлік және айқын емес шығындар жиынтығы) - ресурстарды пайдаланудың («жіберілген мүмкіндіктер шығыны») баламалы жолымен байланысты шығындар. Ол ресурстарды пайдаланудың баламалы нүсқаларының барлық ұтымдысын пайдаланған кезде пайда болатын кұндылық болып табылады.
Өзгермелі шығындар- шығарылатын өнімнің көлемі тікелей үйлесімді өзгеретін және шығарылым құрылымына тәуелді болатын шығындар.
Тұрақты шығындар- қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемінен және құрылымына тәуелсіз шығындар.
Тікелей шығындар- нақты бір өнім түрін өндірумен байланысты экономикалық бір текті шығыстар.
Жанама шығындар - өнімнің бірнеше түрін дайындаумен немесе оны өңдеудің түрлі кезеңдерімен байланысты болғандықтан жекелеген бұйымдарды тікелей тиісті белгісіне қарай есептеуге болмайтын шығыстар.
Негізгі шығындар - өнімді дайындаудың технологиялық процестерімен тікелей байланысты шығындар.
Өнімсіз шығындар– кәсіпорындардың, бірлестіктердің ұйымдардың өндірістік және шаруашылық – қаржы қызметіндегі бұрмалаушылықтар мен кемшіліктер туғызған шығындар мен ысырап. Оларға ақаулы өнім шығарудан, тапсырыстардың күшін жаңадан немесе құрылысты қысқартудан, жабдықтың қаңтарылып қарап тұруынан болатын шығындар, жұмыс уақытынан тыс мерзімде немесе қалыпты еңбек жағдайынан ауытқы отырып орындалатын жұмыс үшін жұмысшыларға қосымша ақы төлеу; сақтау кезінде материалдық құндылықтардың кем шығуы және бүлінуі; шаруашылық шарттарының бұзылғаны, транспорттың қаңтарылып қарап тұрғаны үшін төленген айып пен тұрақсыздық айыбын өтеу мерзімі кешіктірілген несие бойынша көтеріңкі проценттер, т.б. жатады.
Жөнелтпе (жүкқұжат) шығындары — өндірісті ұйымдастыру, басқару және қызмет көрсету бойынша белгілі бір жұмыс жағдайларының әсерінен (пайда) болатын өнімді дайындаудың технологиялық процестерімен тікелей байланысты емес (байланыссыз) шығыстар.
Смета- болжалды нәтижеге жету үшін қажетті жұмсайтын түрі мен орны бойынша шығындар мөлшерін анықтайтын ақша өлшеуішімен көрінетін жоспар.
Икемді смета - іскер белсенділіктің түрлі деңгейінде есептеумен дайындалған және өңдірістік шығарылым деңгейіндегі өзгерістерге бейімделген болжалды шығын сметасы.
Калькуляциялау- шығын түрлерін тікелей сол шығын жеткізушілеріне жатқызу процесі, ал калькуляция - накты бір өнім түрін өндіруге және өткізуге жұмсалатын шығындарды есептеу.
Калькуляциялық бірлік — калькуляциялау объектісінің өлшеуіші.
Өндіруге және калькуляциялауға жатқызылатын шығындарды есептеу - бұл құжаттамаларды қабылдау және өндірістік| шығындар көрінісінің жиынтығы. Оларды былай топтауға болады:
а) шығынды есептеу объектілері бойынша - процестік, бөлістік, тапсырыстық;
ә) шығынды есептеу толықтығы бойынша - толық өзіндік кұнын калькуляциялау, толық емес өзіндік құнын калькуляциялау;
б) шығынды есептеу және бақылау жеделдігі бойынша
нақты және нормативті шығындар есебі.
Өндіріске жұмсалатын шығындар былай топталады:
а) өнімнің өзіндік кұнын есептеу және калькуляцияда көрсету шығындарының бабы бойынша:
- шикізат және материал;
- қайтарымды қалдықтар (шегеріледі);
- сатып алынатын бұйымдар (жартылай өнделген өнім, көмекші материалдар);
- технологиялық мақсатта отын мен энергия;
- өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша еңбекақысы;
- әлеуметтік сақтандыру аударымдары;
- өндіруге, дайындауға және меңгеруге жұмсалатын шығыстар;
- жабдықтарды ұстап тұруға және пайдалануға жұмсалатын шығындар;
- жалпы өндірістік шығыстар;
- сапасыз өнім шығындары;
- өзге де өндірістік шығыстар;
- коммерциялық шығыстар;
б) экономикалық элементтер бойынша, бұл өндіріске ненің қандай көлемде жұмсалатынын көрсетеді. Өндіріске жұмсалатын шығындар экономикалық элементтер бойынша топтастырылады:
- материалдық шығындар;
- еңбекақыға жұмсалатын шығындар;
- әлеуметтік сақтандыру аударымдары;
- құрал-жабдықтың тозуы (амортизация);
- өзге де шығындар.
Қазақстан Республикасында өнім өндіруге және өткізуге жұмсалатын барлық шығындар екі топка бөлінеді:
- өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын шығындар, яғни өнімді өндірумен байланысты шығындар (материалдық шығындар, негізгі өндірістік қызметкерлердің еңбекақысы, сақтандыру аударымдары, жүкқұжат щығындары);
- нақты бір өнім түріне байланыссыз, тұрақты деп белгіленген кезең шығыстары (жалпы және басқару шығындары, өткізу шығындары, пайыздық өсім төлеу шығыстары).
- тауарлы -материалдык қорлардың қалдығына жатпайды да жұмсалған кезеңде есептен шығарылады.
Қоғамдағы өндіріс шығындары деп – әдетте өнім өндіруге жұмсалған шығындарды айтады. Шығын – қоғамдық және өндіріс шығыны болып бөлінеді.
Қоғамдық шығынға өнім түріне немесе қоғам өндірісіндегі өнімге толық жұмсалған шығынды айтады. Оған: еңбекақы, түрлі төлемдер, материалды ресурстарды және қосымша өнімнің құны, білім беру, денсаулық, қорғаныс, ұлғаймалы ұдайы өндіріс т.б. қоғамдық мұқтаждарына жұмсалған шығындар жатады.
Өндіріс шығынына: еңбекақы, түрлі төлемдер, материалды ресурстар құны және жыл бойғы негізгі қорлардың тозуы, өнім өндіруге қатысқан техникалар, машиналар, құрал-жабдық, үйлер, ғимараттар т.б. материалдық ресурстар – айналым қоры (жағар – жанар май, отын, химикаттар т.б. құралдар құны) кіреді.
Барлық салаларда өнімнің өзіндік құны жанды еңбек, өткендегі не болмаса мүліктенген еңбек шығындары болып бөлінеді. Өткендегі мүліктенген еңбек шығындары дегеніміз өндіріс құралдарын жасауға кеткен еңбек шығындары. Жанды еңбек шығындары дегеніміз – жұмысшылардың белгілі бір өнімді өндіруге нақтылы жұмсаған шығындарын айтады. Мысалы, өнеркәсіпте керекті мүліктенген еңбек шығынына: түрлі станоктар, техникалар, машиналар, жағар – жанар май, химикаттар т.б. шығындар кірсе, жанды еңбек шығынына: әрбір технологиялық өндірістің жұмыстарына жататын, мысалы: шикізатты қабылдаудан бастап, өнім бұйымдарын шығаруға дейінгі шығындары кіреді.
Сонымен, мүліктенген және жанды өндірістік еңбек шығындарының біріккен жиынтығы – қоғамның өндіріс шығынын құрайды. Өз кезегімен өндірістің қоғамдық шығыны тауардың құнын құрайды.
Тауардың өзіндік құнын тауар қүнының бір бөлігі деуге болады. Ол құн төмендегідей үш бөлімнен тұрады:
баға = С + Ү + М,
мұнда: С – өндірісте тұтынған, еңбек арқылы өндіріс факторларының өнімге айналған түрінің құны;
Ү – өнімнің қажетті еңбек арқылы (өзіміз үшін) келген бөлігінің құны;
М – өнімнің үстеме еңбек арқылы (қоғам үшін) келген бөлімнің құны.
Өнім өндіруге жұмсалған шығынды сол өнімнің әрбір бірлігіне бөлу арқылы өнімнің өзіндік құнын анықтайды. Өнеркәсіпте өзіндік құн динамикасы көп ретте өңделетін шикізаттың сапасына, өндіріс технологиясының қазіргі талапқа сай деңгейіне байланысты.