Этникалық және тайпалық құрамы
Қарлұқ тайпаларының құрылуы мен ертедегі қарлұқ этникалық топтары қалыптасуының алғашғы кезендері Ішкі Азия аумағында түрік және теле (оғыз) тайпаларының қоршауында өтті. Этникалық үрдістің одан кейінгі даму кезеңі үш тайпалы қарлұқ конфедерациясының құрылуымен байланысты болды, ол кейіннен сан және сапа жағынан Жетісу шегінде қарлұқ халқыньщ қалыптасу сатысына ұласты. Алайда орта ғасырлар дәуірінде бұл үрдіс аяқталған жоқ. Жазбаша деректемелерде қарлұктар туралы алғашқы хабарлар қытайдың Суй әулетінің (581—618) шежіресінде кездеседі және V ғасырдың орта шеніне жатады. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Алтайдың (Ақтағ) баурайларын мекендеушілер ретінде бұлақ деп аталған. «Таншу» әулеттік (618—907) хроникасына сәйкес, қарлұктар (гэлолу, гэлу) түріктерден шыққан және олардың бір тармағы болған. Қарлұқтардың түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы мұсылман тарихнамасында да жинақталған. «Олар (қарлұктар) — ежелгі түріктер», — дейді Ибн әл-Факих (X ғ.)47.Қарлұқтар ежелгі түріктердін руналық ес- керткіштерінде де «үш қарлұқ» деп айтылған. Ол Монғол Алтайы мен Балқаш көлі аралығындағы аумақты алып жатқан көшпелі тайпалардың күшті одағы болды. Қарлұктар туралы уақыты жағынан алғашкы хабар арабпарсы тілдес тарихи-географиялық әдебиетте — Табариде (737 ж.) кездеседі. Ол Тоқарстанда орналасқан қарлұқтар туралы айтады. Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар: жікілдер, бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишилер, тухсилер, шарұктар, аргулар, барсхандар кірген. Бұлардан басқа оның құрамында оғыздардың негізгі көпшілігі Сырдарияның орта және төменгі ағысына көшкеннен кейін Жетісу аумағында калған кейбір топтары, сондай-ақтүрік болып кеткен Жетісу соғдылары болды. Махмұд Қашғари көптеген соғдылар түріктердің әдет-ғұрыптарын қабылдаған деп хабарлайды. Кейінірек қарлұқтардың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың, отырықшы халықтарымен сіңісіп, ислам дінін қабылдаған бір бөлегі, сондай- ақ оғыздардың соларға сәйкес топтары да түрікмендер деп аталып кетті Араб саяхатшысы Әбу Дулаф өзінің қарлұқтар жерімен 25 күн жүріп өтуіне тура келгенін хабарлайды; ал Ибн Хаукальдін деректері бойьшша, «қарлұқтар жерін батысынан шығысына қарай жүріп өту үшін тіпті 30 күн жол жүру керек болған».
Оғыз мемлекеті
Бұл мемлекет Сырдарияның төменгі Арал мен батыс Қазақстанға тоғысатын жерінде орналасқан. Оғыздар құрамына негізінен Арал Каспий далаларының түркіленген халқы кірді, және сонымен қоса Жетісу мен Сібірдің түркі көшпелі тайпалары мен рулары кірген. Оғыздардың негізгі орталығы Жетісуда қалыптасты, бірақ түркі империясының таралуынан кейін, батысқа қозғалу барысында Батыс Қазақстанның көшпелі тұрғындары есебінен толықты. Оғыздардың астанасы Янгикент, Сырдарияның бойындағы қала болды. Оғыздар өз мемлекетін түркі қағанатының қалдықтарында құрды. Олардың қуатының басталуы ІХ ғасырда болды. Олар түркі тайпаларының Арал, Каспийді мекендеген печегнег көшпелі тайпаларын алып соққыға жықты.
Арал бойында печенегтермен оғыздар арасындағы қақтығыстар жүз жылдан астам уақытқа созылды. Оғыздардың және оның одақтасы Хазар қағанатының ығыстыруымен Еділ бойында және қазақстанның батысындағы печенегтер Қаратеңіз бойына қоныс аударды, сол жерде олар Х ғасырда Киев Русіне және Византияға басып кіруімен бүкіл елді дүр сілкіндірді.
Оғыздардың нақты өрлеуі Х ғасырдың екінші жартысына жатады, яғни 965 жылы олар Киев князі Святославпен Хазар мемлекетін талқандады.
985 жылы Святославтың ұлы Владимир, қазіргі татар-чуваштардың ата бабалары – еділ бұлғарларына қарсы жорықта оғыздардың көмегісіз қимылдай алмады. Бұл оқиға Оғыз мемлекетін Алихан басқарып тұрған уақытқа тап келеді.
Оның ізбасары Шахмелик 1041 жылы Хорезмді жаулап алды, бірақ 2 жылдан соң салжықтар қолынан қаза тапты. Салжықтармен жүргізілген бірнеше соғыстар мемлекеттің әлсіреуіне әкеп соқты және қыпшақтардың тықсыруымен оғыз мемлекеті құлады. Оғыздардың едәуір бөлігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға кетті. Қалған бөлігі Қарахан билігі астына кірді. Қалғандары түркі тілдес тайпалар арасына қосылды.
М.Қашғаридің айтуына қарағанда олар 24 тайпадан тұрған және 2 топқа: бұзуқ және ұшык бөлінген. Әр топқа 12 тайпа кірген, олар басқа кіші топтарға бөлінген. Мемлекет басшысы – билеуші жабғы болған. Оның өзінің орынбасарлары кюль – еркіндері болған. Билік мұрагерлік болған. Жабғы жанында кеңес құрылған. Әскер қолбасшысы – сюбаши ерекше маңызды роль атқарған.
Мемлекетте басқару аппараты болған. Малға жеке меншік болған, себебі негізгі кәсіп – көшпелі мал шаруашылығы. Көшпелі ақсүйектер қатардағы қауымдастардан алым – салық жинаған. Көшпелі халықпен қатар Оғыз мемлекетінде жартылай көшпелі, отырықшы тұрғындарда болған. Олар Дженд, Сауран, Фараб, Сығанак, Карнак қалаларында қоныстанған. Негізгі кәсібі – егіншілік және қолөнер. Әскери тұтқындар қатарынан құлдар да болған. Алым – салықтың аса көп арттырылуы, халықтың наразылығын тудырып, мемлекетті әлсіретті, көптеген соғыстар, күштірек түркі тайпаларының қысымы – осының бәрі оғыздар мемлекетінің құлауына себеп болды.
Қарахан қағанаты – жаңа түркі империясы, олардың билеушілері қарлұқтардан шыққан, оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қашғария аумағын мекендеген.
940 жылы түркі тайпалары Қарлұқ қағанатының астанасы Баласағұнды жаулап алып, жаңа Қарахан хандығын құрды. Хандық билеушілері 990 жылы Тараз, Испиджаб қалаларын өздеріне қосып алды. Х ғасырдың аяғына қарай хандық аумағы, Амудария мен Жетісуге дейінгі және шығыста Қашғарияға дейінгі аралықты алып жатты.
Жазба көздеріндегі деректерге қарасақ, қарахан ұрпақтарының шығу тегі бұрынғы Жабғы – Қарлұқтан шыққан. Бильге Күл Қадыр – қаған екендігі айтылған.
Мемлекетте ең басты рольді екі тайпалық топтар – шігілдер мен яғма, яғни қарлұқ тайпаларының негізін құраған.
Қарахан мемлекетінде билік осы екі топтың ақсүйектері арасында бөлінген. Бұл бөліс қағанаттың – шығыс және батыс бөлігі болып екіге бөлінуіне әкелді, олардың әр қайсысының өз қағаны болған. Бас қаған болып шығыс қаған саналған, оның ордасы Қашғар мен Баласағұнда болған
Имақ қағанаты
VIII ғасырдың екінші жартысы — IX ғасырда қаулаған оқиғалар Қимақтардыңтердің мемлекеттік ұйымдарының дамуына түрткі болды, бұл оқиғалар барысында қимақ тайпалары Ертістің орта ағысынан Жоңғар қақпасына дейінгі аумақта берік ірге теуіп, батысқа қарай, Оңтүстік Оралмен Сырдария аңғарына дейін ілгерілеп барды.Қимақтарда мемлекет болғаны туралы алғаш рет IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен, IX ғасырдағы тарихшы әрі географ, өз хабарларында кең білімдарлығымен және біршама жоғары дәлдігімен ерекшеленетін әл-Якуби қимақтар мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай дейді: «Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге (мамалик), соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-ғұздар, қимақтар және оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің әр тайпасында жеке мемлекеті бар және олар бір- бірімен соғысып жатады.» Ибн әл-Факихте (X ғ.) қимақтар туралы қызықты мәліметтер бар, ол барлық түріктердің ең күштілері — оғыздардың, тоғыз- ғұздардың және қимақтардың патшалары бар деп жазады. Ал классикалық араб географтары әл-Истахри мен Ибн Хаукаль «түріктердің жерінде (олардың) тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекеленеді» деп хабарлайды. Қимақ билеушісі едәуір құдіретті болған. IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басында Қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғары атағымен қаған (хақан) деп атала бастады. «Қаған — түріктердің ең басты патшасы. Қаған — хандардың ханы, яғни парсылардың шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың басшысы», — дейді X ғасырдағы орта азиялық ғалым әл-Хорезми. Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған.