Тақырып 4: Әлеуметтанулық зерттеудің әдіснамасы
1.Әлеуметтік деректер және әлеуметтік ақпарат.
2.Әлеуметтанулық зерттеулер классификациясы.
3.Әлеуметтанулық зерттеудің ғылыми ұйымдастырылуы. Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы: құрылымы, элементтері, зерттеу объектісі, жұмыс жоспары.
4.Әлеуметтанулық зерттеудегі іріктеу.
Нақты өлшеуге және тексеруге болатын ақпаратқа, фактілерге сүйену айтарлықтай тәжірибелерге нәтижелеріне бағыт алу - әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болуынан бергі ерекше белгілері. Қоғамтанудың ешбір өзге саласында эмпирикалық зерттеулердің бай, түрлі және мұқият жүйеленген тәжірибесі жинақталмаған. Әлеуметтану зерттеулерінің әдістері оларды жасаған ғылым шеңберінен әрі кетті. Олар экономика, психология, саясаттану, құқықтануда қолданылады. Әлеуметтану ақпаратын тұтынушылар, әлеуметтану тұрғысынан зерттеулердің бір түрлеріне тапсырма берушілер мемлекетік органдармен және фирмалар, бизнесмендер және саясаткерлер, қайырымдылық қорлары мен діни ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады.
Сұрақ жауап әдісі сандық әрі сапалық әдістемелерде қолданылады. Оған қоса, сұрау тек әлеуметтану әдісі ғана емес, ол психология, медицина, журналистика, тергеу тәжірибесінде қолданылады. Бірақ, сұраудың әдістемелік мәселелері толық күйінде нақ әлеуметтануда жасалынған.
Әлеуметтану қоғамдастығынан тыс әдістердің ішінде сұрау ең белгісі болып табылады. Көптеген адасдардың ойынша, әлеуметтанушы – қоғамдық пікірге сұрау жүргізетін адам.
Эмпирикалық әлеуметтанушылық және маркетингтік мәліметтер алу үшін үш негізгі қайнаркөзі бар екенін назарға алу керек. Олар:
1. деректік көздер;
2. адамдардың міңез-құлқындағы, анық әлеуметтік жағдайдлардағы әлеуметтік процестердің мыртқы көріністері;
3. адамдардың өздері (олардың сөздері, пікірлері, бағалаулары).
Әлеметтану бақылауы өзінің әр түрінде зерттеушіге сандық, кей кезде сапалық, кейде екеуінің де жиынтығында ақпарат береді. Ақпарат жинауда процестер мен құбылыстарда визуалды және есту арқылы қаылдауға негізделген. Бақылаудың ерекше белгісі ол басқа әдістермен бір жиынтықта пайдалану болып табылады.
Бақылау әдісінің қолдану аясы кең – маркетингтен бастап ғылым әлеуметтануына дейін – кіші топтарды зерттеуден бұқаралық сана мен міңез-құлықты зерттеуге дейін болады. Бақылаудың келесідей түрлері бар:
1. қатысушы бақылау;
2. енгізілмеген бақылау;
3. далалық сапар және т.б.
Әлеуметтану мәліметтерін талдауда объективтілік, көбінесе әлеуметтанушының зерттеу объектісі мен пәнін білуіне байланысты.
Алынған мәліметтерді талдаудың сапалық бөлігі құралады:
1. зерттелетін құбылыстар мен бұрын анықталған фактілермен салыстыру арасындағы байланысты немесе заңдылықты анықтау;
2. анықталған байлансытар мен үрдістерді сипаттай отырып, олардың қандай жағдайда орын алатынын ескерту керек;
3. зерттеу мәліметтері негізінде олардың артында тұрған әлеуметтік проблеманы тұжырымдауға әрекет жасалынады;
4. зерттеу мәліметтерін зерттелетінқұбылыстар туралы болжамдарға тықпаламу керек.
Мәліметтерді талдау кезеңдері:
1. Мәліметтерді сипаттау;
2. Мәліметтерді түсіндіру;
3. Үлгі негізінде түсіндіру;
4. Болжам рәсімі.
Пайдаланылатын әдебиет:
1. Булатова А., Исмагамбетова З. Курс лекции по социологии, А., 2000
2. Тощенко Ж. Социология, М., 1999
3. Мостовая И. Зачет по социологии, М., 1999
4. Радугин А., Радугин К. Социология, М., 2001
5. Лавриненко В. Социология, М., 1998
6. Збровский Г. Общая социология, Екатеринбург, 1997
7. Капитонов Э. Социология 20 века, Росто на Дону, 1996
8. Андрущенко В. Социология, Харьков, 1996