Мемлекеттік басқару органдары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерi ретінде
Барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзуге мiндеттi. Мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары өз құзыреттерi шегiнде осы Заңның талаптарын орындауды және онда көзделген тәртiптiк шараларды қолдануды, кадр, бақылау, заң қызметтерi мен басқа да қызметтердi осыған тарта отырып, қамтамасыз етедi.
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, алдын алуды және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, салық, кеден және шекара қызметтерi, қаржы полициясы мен әскери полиция органдары жүзеге асырады.
Осы аталған органдар өз өкiлеттiктерiнен туындайтын шараларды қолдануға және жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталған барлық жағдайлар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және ақпарат органдарына дереу жiберуге мiндетті.
Ocы аталған лауазымды адамдар мен органдар сыбайлас жемқорлық қылмыстар, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстi, материалды, хаттаманы, ұсынымды жолдаған адамға немесе органға заңдарда белгiленген мерзiмде оларды қарау нәтижелерi туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Қазақстан Республикасының Президентi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк орган құруға, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн айқындауға хақылы.
Лауазымды және мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген өзге де адамдарға және соларға теңестiрiлген адамдарға (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын, сондай-ақ осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) және 4) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетiн қызметпен айналысуға тыйым салынады.
Аталған адамдардың кәсiпкерлiк қызметпен айналысуына, егер шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқару немесе басқаруға қатысу заңдарға сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқаруға дербес қатысуына, материалдық игiлiктер алу мақсатымен өзiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн заңсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке адамдардың материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға жәрдемдесуiне тыйым салынады.
Салық органына келiп түсетiн, осы бапта көзделген мәлiметтер қызметтiк құпия болып табылады. Оларды жария ету, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, кiнәлi адамды жұмыстан босатуға әкеп соғады. Бұл мәлiметтер Заңның аталған органдардың, сондай-ақ соттың сұратуы бойынша ғана заңда белгiленген тәртiппен табыс етiледi.
Каржы бақылау шаралары Қазақстан Республикасында тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн құрылыс материалдарын меншiгiне сатып алуға байланысты құқық қатынастарына қолданылмайды. Тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн құрылыс материалдарын сатып алу кезiндегi қаржы бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстанның 2030
жылға дейiнгi Даму стратегиясын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi Заңын, "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарының 10.25-тармағын iске асыруға бағытталған. Еңбек пен қаржы ресурстарының теңгерiмдiлiгi және iс-шаралардың қосарлас жүргiзiлуiн болдырмау мақсатында осы Бағдарлама "Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканың ауқымын қысқарту жөнiндегi экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негiзгi бағыттары" және "Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес" бағдарламаларымен үйлестiрiлген.