Экология ұғымы және экология құқығы туралы түсінік.

Экология құқығыдеген ұғымды үш түрлі мағынада қарастыруға болады. Олар:

1. Құқық саласы ретінде.

2. Оқу пәні ретінде.

3. Ғылым саласы ретінде.

Экология құқығы – құқық жүйесінің жаңа бір саласы. Құқық теориясы бойынша біз білетіндей әрбір құқық саласының өзінің реттейтін қатынастар жүйесі болады. Экология құқығы адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның субъектілерінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастарды реттейді.

Экология құқығының мәні– экологиялық- құқықтық нормалардың қолданылуы саласында қалыптасатын тарих тұрғысында қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында, табиғи субъектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Сондай- ақ экология құқығы өзіндік қатынастарды реттеуді ізгілік, халық билігі, заңдылық, жариялылық және азаматтардың тең құқылылығы сияқты принциптерге сүйене отырып жүзеге асырады. Экологиялық құқықтың тағы бір ерекшелігі – бұл экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу әдісі, арнайы экологиялық әдістерге сүйене отырып жүзеге асырады. Мұндай әдістерге мыналар жатады:

·Экологиялық реттеу әдісі;

·Экономикалық әдіс;

·Халықаралық- құқықтық әдіс.

·Экология құқығы ұғымы және экологиялық құқық туралы түсінік. Табиғатты және оның құрамдас бөліктерін қорғау және жер қатынастары және оларды реттеу. Орман және су кодекстері. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, пайдалану және ол туралы нормативтік актілер. Қоршаған ортаны қорғау және оны реттейтін заңдар. Экологиялық құқық бұзушылық және экологиялық құқықтық жауапкершілік.

Оршаған табиғи ортаны құқықтық реттеу,экологиялық құқық бұзушылық және экологиялық жауапкершілік.

Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік пен экологиялық дауларды шешу мәселелері қарастырылады. Қ.Р-сының экологиялық заңнамасын бұзу Қ.Р-сының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар осы кодекстің 321, 322 және басқам да баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Ал экологиялық даулар сотта Қ.Р-сының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шешіледі. Жеке және заңды тұлғалардың табиғат қорғау ісін жобалау, нормалау экологиялық сараптама және экологиялық аудит саласындағы жұмыстар жөніндегі қызмет көрсетуі арнайы лицензия негізінде жүзеге асырылады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияларды беруді Қ.Р-ның лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Сондай- ақ осы кодеске сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын Қ.Р- ның үкіметі бекітеді.

Қ.Р.- ның экологиялық заңнамасын бұзу, қоршаған ортаға зиян келтіру бұл экологиялық құқық бұзушылық болып табылады. Ендеше, экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз кінәлі, құқыққа қарсы, заңға қайшы әрекет немесе әрекетсіздік. Экологиялық құқық бұзушылықты 3 түрге бөлеміз:

1. Қ.Р.- ның экологиялық заңнамасын мүліктік жауапкершілікке әкеп соғатын құқық бұзушылық.

2. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар.

3. Экологиялық қылмыстар.

Қ.Р.- ның экологиялық заңнамасын бұзу Қ.Р.- ның заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қ.Р.- ның әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 31- бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке жеке және заңды тұлғалар тартылады. Жеке тұлға иесі есі дұрыс 16 жасқа толған болуы керек. Жеке тұлғалар мен лауазымды адамдар экологиялық құқық бұзушылық үшін тәртіптік, материалдық, әкімшілік, азаматтық- құқықтық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер тек әкімшілік және азаматтық- құқықтық жауапкершілікке тартылады. Ал экологиялық заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік, қылмыстық, азаматтық және тәртіптік жауапкершілік түрлері қолданыланы.

Сондай- ақ 1995 ж. 30 тамызындағы республикалық референдумда қабылданған Қ.Р.- ның конституциясы экология құқығының негізгі қайнар көзі болып табылады, өйткені бұл конституция табиғатты қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің жалпы құқықтық негіздерін бекітіп береді. Ал экологиялық қатынастарды Қ.Р.- ның экология кодексі мен басқа да экологиялық заңдар реттейді. Қорыта келгенде экология құқығы адам өмірі мен денсаулығын қорғау оның өмірі үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қамтамасыз ету экологиялық заңнаманың әрі экология құқығының негізгі мәні болып табылады.

58.Орман және су кодекстері және оның құқықтық негіздері.

Табиғаттың негізгі ресурстарын пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару қоғамды әлеуметтік басқарудың бір саласы,яғни ол мемлекеттік экологиялық басқару болып табылады.

Экология саласындағы мемлекеттік қатынастарды басқаруға негіз болатын үш жағдай бар.

Бірінші-ҚР табиғи ресурстардың жеке дара меншік иесі.

Екінші- ҚР халықтың ресми өкілі.

Үшінші- Қоршаған табиғи ортаны қорғау оның адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы болуын қамтамасыз ету қызметін атқаратын мемлекет, оның органдары лауазымды адамдарды заң жүзінде белгіленген өкілеттіктері шегінде жүзеге асыру құқығына ие болады.

Мемлекеттік экологиялық басқару табиғи ресурстарды жер, су, орман жер қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қорларын дұрыс пайдалануды, қорғалуы, табиғи ортаның, оның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуы саласындағы бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын ұйымдастыру іске асыру болып табылады.

Бұл салада мемлекеттік экологиялық басқарудың құқықтық негіздері ҚР Конституциясы «Қоршаған табиғи ортаны қорғау уралы заң: жер кодексі, жер қойрауы және минералдық шикізаттарды ұқсату туралы, су, орман кодекстері, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, атмосфералық ауаны қорғау туралы және басқа экологиялық заңдар мен заңдық актілер.

Басқарудың нысандарына заң, шаруашылық, құқық қолданушылық, құқық орындаушылық және құқық қорғаушылық қызметтері жатады.

Басқарудың мақсаты экологиялық бағдарламалардың жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және осы салалардағы заңдар ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына қолайлы жағдай жасау.

Басқарудың осы аталған әдістеріне экологиялық қатынастарды реттеп отыру, түсіндіру, тәрбиелеу, білім беру, экономикалық ынталандыру, экологиялық тәртіп пен ережелерді бұзғаны үшін жазаларды қолдану шаралары жатады. Қоршаған ортаны қорғаудың әдістері қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу, ластағаны үшін ақы төлеу, табиғи ресурстарды қорғау және толықтыру үшін ақы төлеу, қоршаған ортаны қорғау қорларын құру болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру болып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру болып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар болжамдық құқық және бағдарламалық нысаналық құжаттар мен материалдарда ескеріледі. ҚР әлеуметтік экономикалық дамуын жоспарлаудың жобаларына табылған пайдаланудың әртүрлі бағыттар жөніндегі ұлттық бағдарламалар және тұжырымдамаларға енгізіледі.

Наши рекомендации