Материалдық қорларды түгендеу

Қазақстан Республикамызда осы күнгі қолданылып жүрген ереже бойынша кәсіпорындар жылына кем дегенде бір рет өздерінің менщігіндегі материалдық қорларына түгендеу жұмысын жүргізуі керек. Түгендеу жұмысы міндетті түрде мынадай жағдайда жүргізіледі:

- жылдық есеп беру алдында маусыммен жұмыс істейтін қайта өндіруші ұйымдар, сондай-ақ дайындаушы және басқа да ұйымдар материалдар мен шикізатқа олардың қалдығының азайған кезінде түгендеу жұмысын жүргізе алады;

- материалдық қорларды міндетті түрде түгендеу материалдарға жауапты адамның ауысуына байланысты, ұрлық және қиянат жасағанда, сондай-ақ материалдық қорлар бұзылғанда, табиғи апат, өрт болғанда, ұйым таратылғанда (қайта құрылғанда) т.б. жағдайларда жүргізіледі.

Түгендеу жүргізу үшін кәсіпорын басшысының бұйрығымен орталық түгендеу комиссиясы құрылады. Бұл комиссияны кәсіпорын басшысы немесе оның орынбасары басқарады. Сонымен қатар әрбір цех, бөлімше бойынша жергілікті түгендеу комиссиясы құрылады. Оның жұмысын орталық комиссия ұйымдастырып және басқарып отырады.

Кәсіпорын басшысының бұйрығымен түгендеу жүргізу оның басталуы және аяқталуы мерзіміне жауапты адам тағайындалады. Түгендеу жұмысы материалдарға жауапты адамның жауапкершілігінде материалдардың түрлері және олардың сақтаулы тұрған жерлері бойынша жүргізіледі. Кәсіпорында сақталып тұрған, бірақ оның өз меншігіне жатпайтын , яғни басқа ұйымдардың немесе жеке адамның материалдарында түгендеу керек.

Түгендеу – бұл барлық материалдардың әрқайсысын біртіндеп санап шығып, одан кейін материалдардың нақтылы қалдығын бухгалтерлік баланстағы қалдығымен салыстыру. Түгендеу жұмысы материалдардың түгел сақталуын қамтамасыз етудің басты құралы болып табылады. Жергілікті түгендеу комиссиясы материалдардың қалдығын өлшеу және санау арқылы олардың сақталып тұрған жерлері жіне материалдарға жауапты адамдар бойынша түгендеу тізімін жазып (үлгілі түрі инв-3), кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырады. Түгендеу тізіміне түгендеу комиссиясының барлық мүшелері қол қоюлары тиіс. Басқа ұйымдардың немесе жеке адамның материалдық игіліктеріне бөлек тізім жасалады. Ұйым бойынша түгендеу нәтижесін анықтау үшін салыстыру тізімдемесі жасалады. Салыстыру тізімдемесі түгендеу кезінде анықталған нақтылы қалдығы, оның бухгалтерлік есептегі қалдығына сәйкес келмейтін тауарлық-материалдық қорлар бойынша жасалады. Салыстыру тізімдемесеінде артық немесе кем шыққан материалдық құндылықтар бухгалтерлік есепте көрсетілген бағасымен есептеледі. Түгендеу комиссиясы барлық артық немесе кем шыққан материалдар жөнінде оларға жауапты тиісті адамдардан жазбаша түсінік алуы тиіс.Ол жазбаша түсінік негізінде тұрақты жұмыс атқаратын түгендеу комиссиясы кем шыққан, жоғалған, бұзылған материалдардың қандай себептен болғанын анықтайды және де келешекте қайталабас үшін шара қолданады. Сондай-ақ комиссия түгендеу кезінде материалдадың артық шығу себебін де анықтайды. Белгіленген кемі мөлшері тек қана кем шыққан материалдарға ғана қоладнылады. Егер кейбірматериалдар бойынша кему мөлшері бекітілмеген болса, онда ол материалдардың кем шыққаны мөлшерден тыс болып саналады. Материалдық қорлардың белгіленген мөлшерден артық-кем шыққаны, сондай-ақ олардың бұзылуынан пайда болған шығын кінәлі адамдардан өтелуі керек. Материалдардың бекітілген табиғи кему мөлшерінен артық-кем шығуы және олардың бүлінуіне байланысты шығын, егер оған кінәлі адам табылмаған жағдайда орталық комиссияның шешімімен шығындарына қосылады. Қай жағдайда материалдаардың артық шығуының себебі материалдық қорлардың, өндіріс шығындарының басынан қате есептелуі салдарынан болуы мүмкін. Ондай жағдайда материалдық қорлардың құны өндіріс шығындарынан алып тасталынып, қайтадан кіріске алады. Сондай-ақ қателіктен аттары, сорттары, өлшемдеріалмасып кеткен материалдардың өзара бірімен-бірін жапқаннан шыққан сомалық айырмашылыққа да өндіріс шығындары азайтылады. Қателесіп алмасып кетуден артық немесе кем шыққан материалдардың сандарын өзара жабуы тек осы тексеріліп жатқан мерзім аралығында алмасып кеткен және тек бір адамның өзінің жауапкершілігіндегі аттас материалдар бойынша тепе-тең санға ғана рұқсат етіледі. Материалдарға жауапты адам материадардың өзара алмасып кетуінен артық немесе кем шыққаны жайлы толық түсінік беруге тиіс. Егер кем шыққан материалдарды артық шыққан матриалдар жапқан кезде, кем шыққан материалдар құны артық шыққан материалдардың құнынан көп болса, екеуінің арасындағы айырмашылық сомасын кінәлі адам төлеуі керек.

Кәсіпорындағы материалдық қорларды түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте түгендеудің біткен айында көрсетілуі тиіс. Кем шыққан және бүләнген материалдардың құны кінәлі адамнан қағида бойынша бөлек сауда бағасымен өндіріледі.

3-кесте. Тауарлық-материалдық қорлар шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялардың мазмұны Дебет Кредит
  Жабдықтаушылар мен жеткізушілерден келген материалдар есеп айырысу құжатының келгеніне қарамастан кіріске алынды.
Сатылып алынған материалдардың құны кассадан төленді.   1310-1315 1010, 1020
Есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы сатылып алынған материалдық құндылықтардың құны. 1310-1315
Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан өтеусіз келіп түскен материалдар 1310-1315
Негізгі құралды бұзғаннан, істен шығарғаннан алынған материалдық құндылықтар 1310-1315
Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз өндірісінде өндіріліп, дайындалып өз қажетіне пайдалануға арналған материалдарды кіріске алу. 1310-1317 8010, 8030
Алынған материалдар және олар үшін кеткен шығындар арнайы банктердегі шоттардан төленеді. 1310-1315
Пайдалануға болатын өндірістік ақаулардан алынған материаларды кіріске алу. 201-208 1310-1317 900 8010
Түгендеу кезінде артық шыққан материалдарды кіріске алу. 1310-1315, 1317
Еншілес және тәуелді серіктестермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан келіп түскен кіріске алынған материалдар. 1310-1315, 1317
Материалдық құндылықтарды дайындайтын жұмыскерлерге есептелінген еңбекақы. 1310-1315,
Өдіріс пен шаруашылыққа пайдалану үшін жіберілген материалдар: - негізгі өндіріске; - қосалқы өндіріске; - цехқа (үстеме шығын); - ұйымның әкімшілік шығындары.     8011 8031 8041 7210    
Салынып жатқан (аяқталмаған) құрылысқа жіберу мақсатымен есептен шығарылған материалдар. 1310-1315, 1317
Өндірістік ақауды жөндеу үшін есептен шығарылған материалдар. 8011, 8031   1310-1315
Түгендеу барысында бүлінген және жетпей қалған материалдарды есептен шығару. 1310-1315, 1317
Басқа ұйымға әріқарай жөндеуге берілген матералдар. 1310-1315, 1317
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жөндеуден алынған материалдарына 1310-1315, 1317
Жөндеуден алынған материалдар үшін есептелінген сома. 1310-1315, 1317 3310, 3320

Наши рекомендации