Gl] 11 ТАҚЫРЫП. КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫНА

ЖАЛПЫ БАҒА БЕРУ [:]

Сабақ мақсаты:компанияның қаржы жағдайына жалпы баға беру әдістемесімен таныстыру

Түйінді сөздер:актив, пассив, қаржылық талдау, салыстырмалы талдау.

Дәріс жоспары(1 сағат)

1. Талдаулық процедуралардың сипаттамасы

2. Кәсіпорын баласы активтері мен пассивтерін құрылымдық талдау. Пассив құрылымын талдау. Актив құрылымын талдау

3. Балансты көлденең және тік талдау.Салыстырмалы талдаулық баланс

Қаржылық есеп беруді тексерген кезде аналитикалық процедураларды өткізу қойылған мақсаттарға, сонымен қатар ақпараттық, уақыттық, әдістемелік, кадрлік және техникалық қамсызданудың түрлі факторларына тәуелді. Аналитикалық жұмыс екі бағытта ұйымдастырылуы мүмкін:

- қаржылық есеп берудің экспресс-талдауы;

- қаржылық жағдайдың тереңдетілген (бөлшектенген) талдауы.

Экспресс-талдаудың мақсаты – қаржылық жағдайдың және шаруашылық субъекттің даму динамикасын көрнекі және қарапайым бағалау. Экспресс-талдауды үш кезеңде өткізеді:

- дайындық кезеңі;

- қаржылық есеп беруді алдын-ала шолу;

- есеп беруді экономикалық оқу және талдау.

Бірінші кезеңнің мақсаты – қаржылық есеп беруді талдаудың мақсатқа сәйкестігі туралы шешім қабылдау және оны оқуға дайын екеніне көз жеткізу. Ол үшін аудиторлық қорытындымен танысуға және көзбен шолып қарапайым есеп тексеруін формалдық нышаны және мәні бойынша өткізу қажет: барлық үлгілер мен қосымшалардың, реквизиттер мен қолдардың болуы, есеп беру үлгілерін дұрысжәне анық толтыруын, баланс валютасын және барлық аралық қорытындыларын тексеру, есептілік үлгілер көрсеткіштерін өзара байлау.

Екінші кезеңнің мақсаты – есепті мерзімдегі жұмыс жағдайын бағалау үшін, әрекеттің негізгі көрсеткіштерінің тенденцияларын және кәсіпорын қаржы, мүлік жағдайының сапалық өзгерістерін анықтау үшін баланстың түсіндірме хатымен танысу.

Үшінші кезеңнің мақсаты – кәсіпорын қаржы жағдайын және оның қаржылық-шаруашылық әрекетінің нәтижелерін бағалау.

Экспресс-талдаудың негізгі элементтерінің – жылдық есеп берумен, әсіресе бухгалтерлік баланспен жұмыс істеу ептілігі. Балансты оқу ептілігі - әр стаьяның мазмұнын, оны бағалау әдісін, басқа статьялармен байланысын білу.

Балансты оқуға кіреді:

- талданған мерзім бойынша баланс валютасын бағалау;

- баланс валютасының өсу темптерін өндіріс көлемі, өнімді өткізу, жалпы және таза табыс өсуінің темптерімен салыстыру;

- баланстың бөлімдерінің, топтарының және жеке статьяларының негізгі өзара байланысын зерттеу;

- бухгалтерлік баланстың жеке бөлімдері мен статьяларының өзгеріс сипатын талдау.

Балансты оқуды талданған мерзім бойынша баланс валютасы өзгерудің қалыптасуынан, сонымен қатар оның өсу темптерін өндіріс көлемі, өнімді өткізу, жалпы және таза табыс өсуінің темптерімен салыстырудан бастайды.

Оқу процесінде әр статьяны екі аспектіде қарау керек:

- экономикалық мазмұны, мөлшері және динамикасы бойынша;

- баланстың кері жағындағы қай статьямен ол тілдеседі.

Балансты оқыған кезде аналитиктің маңызды әрекетінің бірі – оның «ауру», яғни ерекше коңіл бөлуді қажет ететін статьяларын айқындау.

Бұл «Жабылмаған шығын» және «Қамтылмаған кредиттер» статьялары. Біріншінің болуы жағымсыз қаржылық нәтиженің, шығын мен шығыстар табыс пен түсімнен артық болуын анықтайды. Екіншінің болуы кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін және қаржы жұмысында маңызды кемшіліктердің болғанын дәлелдейді.

Басқа да статьялар болуы мүмкін: дебиторлармен, уақытында төлемеген сатып алушылар мен тапсырысшылармен есеп беру құжаттары бойынша қарыз бөлігінде есеп айырысу; жұмыскерлермен банк кредиттерінен алынған несие бойынша артықшылық бөлігінде есеп айырысу; материалдық зиянды қатару бойынша персоналмен есеп айырысу.

Экспресс-талдаудың соңғы кезеңінде қаржылық есеп берудің талдауы өткізіледі. Мұнда, біріншіден, кәсіпорынның мүлік потенциалын, екіншіден, кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық әрекеті нәтижелілігін сипаттайтын аналитикалық көрсеткіштер жүйесі қолданылады.

Наши рекомендации