Еңбек өнімділігінің артуының қорлары мен факторлары

Кіріспе

Еңбек ресурстары - халықтың еңбектік әлеуеті, ел (аймақ) халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі; елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі. Еңбек ресурстарының өлшемі халықтың санына, оның өсіп өнуінің режіміне, демографиялық құрылымына байланысты барлық демографиялық процестерінің қарқындылығына сәйкес болады. Қазақстанда оған I және II топтағы мүгедектерден басқа барлық еңбек жасындағы адамдар (16—63 жастағы ерлер, 16—63 жастағы әйелдер) және жеңілдік жағдайда жасы бойынша зейнетақы алатын зейнеткерлер, еңбек жасынан жоғары және төмен тұрған жұмыс істейтін адамдар жатады. 1999 жылғы халық санағы бойынша, Қазақстанда Еңбек ресурстары бүкіл халықтың 56%-дан астамы болды.

Еңбек ресурстары мен еңбек өнімділігінің мәні

Қазіргі жағдайда еңбекті ұйымдастыру мен оның өнімділігінің көбеюіне көп көңіл бөлу қажет, себебі олар нақты экономикалық өсу мен прогресстің көзі болып табылады. Соңғы жылдары жұмыс орындарының босап кету жағдайлары өте анық байқалады. 1991 жылдан бастап, бірқатар салаларда өндіріс қуатының кемуі жаңа қуаттың артуына қарағанда біршама көбейген. Сондай-ақ, әсіресе құрылыста физикалық жұмыс орындарының кемуі шапшаң түрде жүруде, бұған басты себеп: өнімді сатудың азаюына байланысты көп жұмыс күшінің қажеттілігінің шектелуі.Қазіргі экономикалық жағдайда еңбек тиімділігінің өсуі негізгі мәселелердің бірі болып табылады және оның дұрыс шешімін таба білген жағдайда әлеуметтік дағдыланған нарықтық экономиканы құруда жақсы жетістіктерге жетуге болады. Мәселені қарастырудың нақты механизмі, ақша-несие және экспорт-импорт саясатын дұрыс жүргізуде жатыр. Аталған бағыт ұлттық өндірісті дамыту, инвестициялауға бейімді орта туғызу, мемлекеттің меншігінен алуды өндірістің мүмкіншілігі мен тиімділігінің негізінде жүргізу және мемлекеттің жинақталған интеллектуалдық және еңбек потенциалын ерекше талдау секілді шараларға жол ашатын бірден бір жол.

Еңбек өнімділігінің өсуіне бағытталған іс-шараларға жұмысшылармен бірге мемлекеттік органдар да атсалысуы керек. Сондықтан бұл сұрақ барлық салалар үшін және әсіресе құрылыс саласында өте маңызды.

Еңбек өнімділігі – өндіріс процесіндегі еңбек шығындарының тиімділігі. Жалпы анықтама бере отырып, еңбек өнімділігі өнім көлемімен, яғни уақыт бірлігінде жұмысшылыр өндіретін нақты тұтыну заттарының санымен анықталады деп тұжырымдауға толық негіз бар.

Еңбек өнімділігінің артуының қорлары мен факторлары

Факторлар – белгілі бір құбылыс немесе процеске әсер ететін қозғаушы күштер. Еңбек өнімділігіне әсер ету сипаты мен дәрежесіне байланысты оларды: материалды-техникалық, ұйымдастырушылық- экономикалық, әлеуметтік- психологиялық, табиғи-климаттық, саяси және меншіктік деп топтастыруға болады.

Материалды - техникалық факторлар жаңа техниканы, прогрессивтік технологияны, шикізат пен материалдардың жаңа түрін пайдаланумен байланысты. Бұл жағдайда өндірісті жетілдіруге келесілер арқылы қол жеткізіледі:

– жабдықтарды модернизациялау;

– тозған жабдықтарды, жаңа өнімділігі жоғарысымен ауыстыру;

– өндірісті механизациялау дәрежесін жағарылату: қол жұмыстарын механизациялау, кіші механизациялау құралдарын енгізу, цехтар мен алаңдағы жұмыстарды комплексті механизациялау;

– өндірісті автоматтандыру;

– жаңа прогрессивті техноглгияларды енгізу;

– шикізат пен материалдардың жаңа түрлерін қолдану.

ҒТП еңбек өнімділігін арттырудың негізгі көзі. ҒТП жетістіктерін өндіріске енгізу инвестицияларды талап етеді және олар бірінші ретте өндірісті техникалық қайта құру мен реконструкциялауға жұмсалуы керек.

Бұл фактор өте маңызды, себебі ол затталған еңбекті үнемдеуді қамтамассыз етеді.

Ұйымдастырушылық-экономикалық фактор еңбектің, өндірістің және басқарудың ұйымдастырылу дәрежесіне байланысты анықталады. Оларға өндірістегі басқарудың ұйымдатырылуының жетілдірілуі жатады: басқару аппаратының құрылымы, өндірісті басқару жүйелері, өндіріске басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізіу және дамыту.

Әлеуметтік-психологиялық фактор еңбек бірлестіктерінің сапасымен, әлеуметтік-демографиялқ құрамымен, дайындық дәрежесімен, еңбекке белсенділігімен және моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыратын тұтастай басқару стилімен анықталады.

Табиғи-климаттық факторлар құрылысқа едәуір әсер етеді, себебі құрылыс жұмыстары түгел дерлік ашық ауада жүргізіледі.

Бұл факторлар құрылыс процессін жобалаудың алғашқы кезеңінде ескерілуі қажет.

Саяси және заң шығарушлық факторлар салық салу, инвестициялау, лицензиялау, кедендік шараларды және т.б. реттейді; халық шаруашылығының барлық бағыттарының соның ішінде құрылыстың дамуын анықтайды.

Меншіктік факторлар. Қазіргі жағдайда өндіріс құралдарына және еңбек өнімділігіне меншік формаларының өзгеруінен туындаған мемлектеттегі экономикалық механизмнің де өзгеруіне байланысты, құрылыс экономикасына (қолданбалы ғылым ретінде) бірқатар өзгерістер енгізілуде. Бұл кәсіпкерлік пен бәсекелестік негізінде жаңа экономикалық қатынастарға алып келеді.

Барлық аталған факторлар өзара байланысты және бірі-біріне тәуелді сондықтан,олар біртұтас зерттелуі тиіс.

Өндірістегі еңбек өнімділігінің өсуінің қорлары дегеніміз, өндірістегі үнемдеудің қолданылмайтын (деректі) ресурстары. Әдетте казақстандық кәсіпорындарда еңбек өнімділігінің өсуінің қорлары: еңбексыйымдылығының кему қорларына, жұмыс уақытын пайдалануына, материалдық ресурстар мен еңбек құралдарының үнемделуіне өзара бөлінеді.

Қолданылу уақытына байланысты қорлар ағымдық және перспективалық болып бөлінеді.

Ағымдық қорлар өте жақын уақытта іске асырылуы мүмкін, себебі олар айтарлықтай мерзімді шығындарды қажет етпейді. Олардың қатарына жабдықтарды қолдануды жақсартуды, жарамсыз қондырғыларды істен шығаруды, еңбекке ақы төлеудің анағұрлым тиімді және рационалды жүйесін қолдануды, кәсіпорындарда еңбекті ұйымдастыруды жақсартып, оны нормалауды жатқызуға болады.

Перспективалық қорлар әдетте өндірісте қайта құруды, жаңа технологияларды енгізуді және т.б. талап етеді, ол үшін қажетті қосымша капитал салымы және жұмыстарды жүзеге асыруға біршама уақыт тағайындалуы керек.

Өнімділікті маңыздылығы жағынан анықтағанда, яғни өнім көлемінің оларға кеткен шығындар ретінде қарастырсақ, ол келесі төрт жағдайда көбеюі мүмкін:

– өнім көлемі өсіп, шығындар азайғанда (классикалық жағдай);

– өнім көлемі шығынға қарағанда тезірек өскенде;

– өнім көлемі өзгеріссіз қалып, шығындар азайғанда;

– өнім көлемі, шығындарға қарағанда біршама азырақ қарқынмен кемігенде.

Өнімділікті арттыруға бағытталған басқарушылық стратегиясы осы жағдайлар бойынша таңдалынуы керек.

Наши рекомендации