Тәжірибелік жұмыс. Шешімді іздеу (поиск решения) баптамасының көмегімен тиімділеу есептерін шығару
Күнделікті өмірде оптимизациялау есептерін шешу қажеттілігімен жие кездесеміз. Қарапайым мысал, сауда дүкеніне кіргенде әрдайым мына бір сұрақ туындайды: амиянымыздың мүмкіндігіне қарай қажеттілігімізді барынша қалай қанағаттандыруға болады? Ал, менеджерлер, экономистер үнемі жұмыстары барысында қызметкерлер штатын жоспарлау, еңбек ақы қорын жоспарлау, өндірістің тиімді жоспарын құру, тауарды нарыққа жылжыту бойынша жарнама кампанияларын жоспарлау секілді мәселелермен кездеседі.
Өмірде және экономикада жие кездесетін осындай есептердің көптүрлілігіне қарамастан, Excel оларды шешудің тиімді әдісі – Поиск решения құралын ұсынады. ДК пайдаланушысынан талап етілетіні Excel үшін есептің дұрыс қойылуын қалыптастыру, ал есептің тиімді шешімін дәл және тез арада Поиск решения құралы тауып береді.
Поиск решения(Шешімін табу)– оптимизациялау есептерін шешуге арналған Excel қондырмасы. Егер Сервис менюінде Поиск решения командасы болмаса, онда оны жүктеу қажет. Ол үшін Сервис→Надстройки командасын ашып, Поиск решения қондырмасын белсенді ету керек. Егер Поиск решения Надстройки сұхбат терезенде болмаса, Windows-ң басқару панеліндегі Установка и удаление программ пиктограммасына шертіп, Excel (немесе Office) орнату программасының көмегімен Поиск решения қондырмасын орнату керек.
Поиск решения 27-суреттегі сұхбат терезесінің элементтерін қарастырайық.
Установить целевую ячейку(Мақсатты ұяшықты орнату)өрісіне максимумы, минимумы немесе берілген мән табылатын функция ұяшығына сілтеме жасалады. Шешім мен мақсатты ұяшық арасындағы өзара байланыстың типі Равной(Тең болатын)тобындағы ауыстырғыштарға белгі қою арқылы орнатылады. Мысалы, мақсатты функцияның максимумын немесе минимумын табу үшін ауыстырғыш Максимальному значениюнемесе Минимальному значениюжағдайына сәйкесінше қойылады. Мақсатты функцияның берілген мәнін табу үшін Равнойтобындағы Значениюжағдайы таңдалады.
Изменяя ячейки(өзгеретін ұяшықтар)өрісіне есептің шешімін табу барысында өзгеруі қажет ұяшықтар адресі, яғни айнымалыларға бөлінген ұяшықтар көрсетіледі.
Есептің айнымалыларына қойылатын шарттар
- Ограничения(Шектеулер)өрісінде бейнеленеді. Шешімін табу құралы теңдік, теңсіздік, сонымен қатар айнымалылардың бүтін сан болу шарты түріндегі шектеулерді енгізуге мүмкіндік береді. Шектеулер біртіндеп енгізіледі. Шектеулерді енгізу үшін Поиск решения сұхбат терезесіндегі
- Добавитьбатырмасына басу қажет және ашылған Добавление ограничения (Шектеулерді енгізу)28-суретте көрсетілген сұхбат терезесінің өрістерін толтыру керек.
27-сурет – Поиск решения терезесі
Ссылка на ячейкус(Ұяшыққа сілтеме)өрісіне шектеудің (шарттың) сол жағы, Ограничение(Шектеулер)өрісіне оң жағы енгізіледі. Ашылатын мына тізім арқылы шектеудің сол жағы мен оң жағының арақатысы таңдалады. Келесі шектеулерді енгізу үшін Добавление ограничениясұхбат терезесіндегі Добавитьбатырмасына басу қажет. Барлық шектеулер енгізілгеннен кейін ОКбатыршамасы шертіледі.
28-сурет – Шектеулерді енгізу терезесі
Поиск решения сұхбат терезесінің Параметрыбатырмасы шешімді табу үшін қандай параметрлер берілгендігін текеру мақсатына қолданылады.
Параметры поиска решениясұхбат терезесінде зерттелетін мәселенің шешімін табудың варианттары мен шарттарын өзгертуге, сондай-ақ тиімді модельді жүктеуге және сақтауға болады. Үнсіз келісім бойынша қолданылатын басқару элементтерінің жағдайлары мен мәндері көптеген есептердің шешімі үшін жарайды.
Параметры поиска решениясұхбат терезесінің элементтерін арастырайық:
- Максимальное времяөрісі есептің шешімін табуға кететін уақытты шектеу үшін арналған.
- Предельное число итерацийөрісі аралық есептеулер санын шектеу үшін қажет.
- Относительная погрешностьжәне Допустимое отклонениеөрістері шешімнің қандай дәлдікпен табылатындығын анықтау үшін арналған. Үнсіз келісім бойынша берілген параметрлер арқылы табылған шешімді үлкен дәлдікпен және аз ауытқумен қайта тауып, сосын бастапқы шешіммен салыстырған орынды.
Мұндай тексеруді айнымалыларына бүтін сандық шарты қойылған есептерге жүргізу ұсынылады.
- Линейная модельжалаушасы сызықтық оптимизациялау есептерінің шешімін табу немесе сызықтық емес септердің сызықтық аппроксимациясы үшін қызмет етеді. Сызықтық емес есептер жағдайында бұл жалауша алынып тасталуы, ал сызықтық есеп жағдайында салынуы қажет, себебі кері жағдайда бұрыс шешім алынуы мүмкін.
- Показывать результаты итерацийжалаушасы шешім табуды тоқтата тұруға және жекелеген итерациялардың нәтижелерін қарау үшін арналған.
- Автоматическое масштабированиежалаушасы өлшемі бойынша сапалық тұрғыда ерекшеленетін кіріс және шығыс мәндерді автоматты түрде нормализациялау үшін арналған, мысалы миллион теңгемен есептелетін салымдарға қатысты пайда пайызын максимизациялау жағдайында.
- Оценкатобы экстрополяция әдісін таңдау үшін қызмет етеді.
- Производныетобы сандық дифференциациялау әдісін таңдау үшін арналған.
- Методтобы оптимизациялау алгоритмін таңдау үшін арналған.
Есептің шешімінің нәтижелері туралы есеп беруді дайындау үшін Результаты поиска решениясұхбат терезесінде қажетті есеп беру типін таңдау қажет: Результаты, Устойчивость, Пределы.