Бап. Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жумыс істеу
1.Қогамдық орындарда есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекур-сорларды медициналық емес тутыну-
2.Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, ңайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау-
3. Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптың заттарды, сол тектестерді вткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта вңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау -
4.Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді вткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау -
Ескертулер.
1.Есірткі және психотроптық заттардың мөлшері «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар жэне олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қоса берілген, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде айқындалады. Есірткі мен психотроптық зат тектестердің шағын, ірі жэне аса ірі мөлшері өздері тектестері болып табылатын есірткі және психотроптық заттардың шағын, ірі жэне аса ірі мөлшеріне сәйкес келеді.
2.Жеке тутыну үшін сатып алған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өз еркімен тапсырған не есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсаттарда тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған не есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға не-месе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен табылған мүлікті табуға белсенді түрде ықпал еткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Қылмыстық кодекстің 296-бабының 1-бөлігінде есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен откізу максатынсыз заңсыз жұмыс істеуге заң тиым са-лады.
Қьшмыстың заты есірткі, психотроптық заттар, сол тектес заттар, прекурсорлар — бұлардың барлығы да адамның психикасын тікелей эсер ететін, денсаулығын бұзатын зиянды заттарға жатады. Осыған орай осы баптың 1-бөлігінде -
Қоғамдық орындарда есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорлар-ды медициналық емес тұтынуға - қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Қоғамдық орындарда осы заттарда өз бетінше тұтыну қылмыс болып табылады, егер оны тұтынуға медициналық рұқсатнама жоқ болса.
Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі бойынша:
Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау — қылмыстың ауырлататын түріне жатады. Баптың бү_л тармағында өткізу мақсатынсыз заң тыйым салған заттарды дайывдап, қайта өндеу, иемдену, сақтау, тасымалдау - қылмыс болып табылады. Осы көрсетілген тыйым салынған эрекеттердің біреуін болса да (дайындау, немесе сақтау) істеу қылмыстың аяқталғанын білдіреді.
Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өндеу, иемдену, сақтау, тасымалдау - үшін қылмыстық жауаптылық осы баптың 3-бөлігінде, ал осы баптың 4-тармағында -
Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау үшін аса ауырлататын қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Қылмыс құрамы объективтік жағынан белсенді іс-эрекеттер арқылы жасалады. Субъ-ективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен, пайдакүнемдік ниетпен іске асыры-лады.
Қылмыс субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам.
ҚК-тің 296-бабының арнайы ескертуіне сэйкес:
1. Есірткі жэне психотроптық заттардың мөлшері «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар жэне олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қоса берілген. Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі жэне өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде айқындалады. Есірткі мен психотроптық зат тектестердің шағын, ірі жэне аса ірі мөлшері өздері тектестері болып табылатын есірткі жэне психотроптық заттардың шағын, ірі жэне аса ірі мелшеріне сэйкес келеді.
2. Жеке тұтыну үшін сатып алған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өз еркімен тапсырған не есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсаттарда тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған не есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды эшкерелеуге, қылмыстық жолмен табылған мүлікті табуға белсенді түрде ыкдал еткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу
1.Есірткі, психотроптың заттарды, сол тектестерді өткізу маңсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу -
2.Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарга, сол тектестерге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарга, сол тектестерге қатысты;
4) лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып жасаган іс-әрекеттер -
4.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде иөзделген, қылмыстық топ жасаган іс-әрекеттер, сол сияқты есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді білім беру үйымдарында не иөрінеу кәмелетке толмаған адамға өткізу -
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 1-тармағында есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасы-малдау, оларды женелту не өткізу — үшін қылмыстык жауаптылық белгіленген, ал осы баптың 2-бөлігінде есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу максатынсыз ірі мөлшерде иемденіп алу тасымалдағаны немесе сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Қылмыстың заты есірткі заттар, жэне сол тектестер, психотроптық заттар. Есірткі заттар - адамның психикасына эсер ететін, одан эрі организмді Бұлдіретін синтетикалық немесе табиғи тектес заттардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатқа пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Бұларға гашиш, наша, героин, кокаин, каннабис, апиын жэне т.б. заттар жатады.
Психотроптық заттар жэне сол тектестер - адамның психикалық функциясына эсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттардың 38 атауы берілген. Оларға амино-рекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин т.б. жатады.
Қылмыстық құқық бү-зушылық объективтік жағынан көрсетілген заттарды заңсыз алғаны немесе дайындағаны арқылы сипатталады. Көрсетілген іс-әрекеттерге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы «Есірткі, психотроптық, күшті эсер ететін жэне улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы» №3 қаулысында, Жоғарғы Соттың 1999 жылғы 30 сэуірдегі №2, 2000 жылғы 22 желтоқсандағы №19, 2003 жылғы 7 шілдедегі №7 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен тиісінше түсінік берілген.
Жоғарғы Соттың осы каулысының 3 тармағына сэйкес жоғарыда көрсетілген заттарды сатып алу, басқа тауарға немесе затқа айырбастап алу, қарыздың орнына беру, қарызға немесе сыйға алу, тауып алғанды иелену, құрамында есірткі бар жабайы есімдіктерді немесе олардың бөлігін жинау, осындай өсімдіктердің күзетілмейтін егістік алқабындағы жинау жүмысы біткеннен кейінгі қалдығын (масағын) жинап алуды т.б. заңсыз иемденіп алу деп түсіну керек.
Кінэлінің арнайы рү_қсатсыз көрсетілген заттарды езінен жасырын жерден, үй-жайдан, көлік құралынан, басқа да орындардан тауып алумен байланысты кез келген қасақана эрекет заңсыз сақтау болып табылады.
Есірткі, психотроптық заттарды оларды дайындауға пайдаланылатын аспаптар неме-се құралдарды, сонымен қатар прекурсорларды көлік құралдарын пайдалану арқылы не-месе басқа да эр түрлі тәсілдермен арнайы рүқсатсыз орнынан ауыстыру үшін жасалған кез келген қасақана эрекеттерді, осы заттарды заңсыз тасымалдау деп түсіну керек. Бұл эрекеттерді есірткі, психотроптық затты, аспаптарды, қү_ралдарды, прекурсорларды заңсыз иесі ғана емес, оның тапсырмасы бойынша басқа адамда тасымалдауы мумкін. Мұндай ретте көрсетілген заттарды заңсыз тасымалдауды басқаларға тапсырған түлға осы қылмыстың ұйымдастырушысы болып табылады. Егер есірткі, психотроптық заттың, аспаптардың, қүралдардың, преісурсорлардың заңсыз иесі — өзіне тапсырылған жүктің сипатын анық білмейтін адамдар арқылы көрсетілген заттарды, аспаптарды, қүралдарды тасымалдауды жүзеге асырса, онда ол қылмыстың ү-йымдастырушысы емес, тікелей орындаушысы ретінде жауапқа тартылады.
Осы көрсетілген эрекеттер (иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау) заңсыз болуы қажет. Яғни мүлдай эрекеттер күзыретті органдардың немесе лауазымды адамдардың тиісті рүқсатынсыз жасалуы тиіс. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттар мен нэрселерді өткізу мақсатынсыз өте ірі мөлшерде заңсыз алу, тасымалдау, сақтау үшін жауаптылық ҚК-тің 297-бабының 2-тармағымен сараланады.
Заңсыз сақталуға немесе айналымға шығарылған есірткі құ-ралдарын, психотроптық заттарды өте ірі мелшерлерге жатқызу үшін жиынтық кестеге жүгіну қажет.
Жиынтық кестеге сэйкес көрсетілген заттар ірі мөлшерге жатпаса, онда іс-эрекетте көрсетілген қылмыс кұрамы болмайды.
Қылмыстық құқық бұзушылық қүрылысы жөнінен формальдық күрамға жатады. Сол себепті ол заңда көрсетілген эрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған болып табылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам есірт-кі немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз алғанын жэне сақтағанын сезеді жэне сондай эрекет істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 1-тармағында мөлшеріне байланыссыз есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз алу, тасымалдау немесе сақтау, дайындау, өндеу, жөнелту, не өткізгені үшін жауаптылық белгіленген. Ал осы көрсетілген заттарды өткізу мақсатында ірі мөлшерде заңсыз алу, тасымалдау, сақтау, тағайындау, өңдеу немесе жөнелту ҚК-тің 297-бабының 2-1 тармағында көрсетілген қүрам бойынша саралануға жатады.
Көрсетілген заттарды заңсыз иемденіп алудың, тасымалдаудың және сақтаудың түсініктеріне осы баптың бірінші бөлігін талдағанда тоқталып өттік. Кез келген эдейі жасалған эрекет нэтижесінде белгілі бір есірткі немесе психотроптық зат тізімінде көрсетілген затқа айналдырылса онда оларды дайындау болып табылады.
Ал сол заттардың пішінін өзгерту (үсату, таблеткаға қалыптау, пилюла, пасталар жа-сау т.б.) заңсыз дайындау болып табылмайды.
Белгілі бір есірткі немесе психотроптық заттың күшін көтеру үшін арнайы рұқсатсыз тазарту (жат қоспалардан тазарту) заңсыз өңдеу болып табылады. Құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді кептіру, үстау, кейбір бөлшектерден ажырату жэне баска да түрлендіру (сол заттан басқа бір есірткі зат алынбаса) заңсыз қайта өңцеу деп есептелмейді. Мұндай эрекеттер жеке қылмыс болып табылады.
Есірткі немесе психотроптық заттарды, оларды дайындайтын құрал-саймандарды, прекурсорларды бір жаққа заңсыз жөнелту деп оларды кез келген байланыс кұралымен, арнайы адам арқылы, сонымен қатар құстар мен жануарларды пайдалану арқылы жібе-. руді айтамыз. Жоғарыда көрсетілген заттарды, құрал-саймандарды, прекурсорларды бір тұлғаның билігінен басқа тұлғаларға кез келген тэсілмен заңсыз беру (сату, сый-лау, қарызын өтеу, айырбастау, қарызға беру, басқа адамға укол салу т.б.) осы заттарды заңсыз өткізу болып табылады. Қылмыстық кодекстің 259-бабының 2-тармағындағы қылмыстың объективтік жағының қажетті белгілерінің бірі - заңда көрсетілген заттарды өткізу мақсатында иемденіп алу немесе сақтау болып табылады. Өткізу мақсатында заңсыз иемденіп алу немесе сақтау пиғылымен жа-салғандығы жөнінде мэселені шешу үшін бұл заттарды шын мэнінде өткізуге дайындалғанын дэлелдейтін айғақтар жинағын арқау ету керек (мысалы, жоғарыда көрсетілген заттар көп мөлшерде табылса, оларды өзі ғана пайдаланатынын жоққа шығармайтын фактілердің болуы — заттардың бөлшектенуі, құралдар мен жабдықтардың бөлініп қойылуы, кінэлінің басқалармен есір-ткіні қолданатын фактілерінің орын алуы т.б.).
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-тармағында осы қылмысты аса ауырлата-тын түрлері: Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденіп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізуді.
а) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса (ҚК-тің 31-ба-бын қараңыз);
б) бірнеше рет (ҚК-тің 12-бабын қараңыз);
в) есірткі заттарға немесе психотроптық заттарға қатысты аса ірі мөлшерде; Есірткі немесе психотроптық заттардың ірі немесе өте ірі мөлшерге жататыны немесе
жатпайтыны жиынтық кесте арқылы анықталады.
Лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып жасағаны үшін жауаптылық көзделген (ҚК-тің 3-бабының 26-тармағын қараңыз)
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 4-тармағында: Есірткі заттарды немесе психо-троптық заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденіп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізуді;
а) қылмыстық топ жасаса (ҚК-тің 31-бабын қараңыз);
б) білім беру ұйымдарына;
в) көрінеу кэмелетке толмаған адамға қатысты жасалған қылмыстар үшін жауаптылық белгіленген.