Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

54. Пәндік нәтижелер. 5-6 сыныптың соңында оқушылар:

1) тарих пәнін, археологиялық және жазба деректерді;

2) ауа-райының адамдардың өміріне және шаруашылық қызметіне әсерін;

3) уақыт сызығын, тарихтағы жыл санауды;

4) алғашқы адамдардың тұрақтарын;

5) ежелгі Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларды, тарихи тұлғаларды;

6) тарихи Отан ұғымын;

7) Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктерді;

8) мемлекет, мемлекеттік рәміздер тарихы туралы білуі тиіс.

55. 5-6 сыныптың соңында оқушылар:

1) жыл мен ғасыр арақатынасын, тарихтағы жыл санаудағы ұзақтық пен жүйелілікті орната білуді;

2) картадан тарихи объектілерді көрсете білу, географиялық жағдайды сипаттай алуды;

3) ежелгі адамдардың кәсібін, өмірі мен тұрмысын суреттей алуды;

4) ежелгі сәулет және өнер ескерткіштерін суреттей білуді;

5) Қазақстан территориясында өмір сүрген тайпалардың өзара байланысын талдауды;

6) оқу материалдарының мазмұнын өз сөзімен әңгімелеуді, тарихи оқиғаға өз бағасын бере білуді;

7) оқулықтағы мәтінінен негізгісін таба білуді;

8) мәтін мазмұнына сай қысқаша жоспар құра білуді;

9) тарихи терминдерді қолдану және оларды түсіндіре білуді;

10) басқа оқушылардың жауаптарына өз көзқарасын білдіруді меңгеруі тиіс.

56. 7-8 сыныптың соңында оқушылар:

1) ортағасырлар кезеңіндегі Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуын;

2) Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің құрылуы мен дамуының ерекшеліктерін;

3) моңғол және жоңғар шапқыншылығына қарсы тәуелсіздік үшін күрестегі, мемлекеттің сыртқы саясатындағы, негізгі фактілер мен оқиғаларды;

4) Қазақстан халқының мәдениеттегі жетістіктерін;

5) ортағасырлар кезеңіндегі негізгі тарихи ескерткіштерді;

6) жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихының хронологиялық шегін;

7) ХVІІІ ғ. басындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайын;

8) қоғамның әлеуметтік құрылымы мен басқару жүйесін, шаруашылығын;

9) ұлт – азаттық қозғалыс тарихындағы маңызды оқиғаларды;

10) ұйғырлар мен дұңғандардың Жетісуға қоныс аударуының себептерін;

11) ХVІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстан мәдениетін білуі тиіс.

57. 7-8- сыныптағы оқушылар білуі тиіс:

1) орта ғасырлардағы халықтың өмірі мен тұрмысын мазмұндауды;

2) тарихтағы негізгі саяси өзгерістерге талдау жасай білуді;

3) түрлі деректерден тарихи ақпараттарды іздестіре білуді;

4) хронологиялық, синхронды кестелер жасауды;

5) орта ғасырлардағы қалалардың экономикалық, саяси және мәдени дамуын түсіндіре білуді;

6) адамзат дүниетанымының қалыптасуындағы діннің рөліне баға бере білуді;

7) қоғамның мәдени және рухани дамуында ислам рөліне баға беруді;

8) мәтінді талдау, негізгісін анықтай білуді;

9) оқу мәтініне жоспар жасай білуді;

10) маңызды тарихи оқиғаларға, тарихи қайраткерлерге, әлеуметтік топтарға мінездеме бере білуді;

11) күнделікті мәселелерді шешуде алған білімдерін пайдалана білуді;

12) аргументті түрде өз ұстанымын дәйекті дәлелдей алуды;

13) хабарламалар мен баяндамаларды орындауды;

14) тақырыпты оқып меңгеруі барысында тарихи картаны пайдалануды;

15) берілген тақырыптың мазмұнына конспект құра білуді;

16) тест сұрақтарымен жұмыс істеуді;

17) өздігінен қосымша материалдар іздеуді (интернет, кітапхана және т.б.) меңгеруі тиіс.

58. 9-сыныптың соңында оқушылар:

1) отан тарихының біртұтастығы мен жүйелілігін сипаттайтын негізгі фактілерді, үдерістер мен құбылыстарды;

2) Отан тарихының кезеңдерін;

3) Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктері мен оның әлемдік қауымдастықтағы рөлін;

4) тарих беттеріндегі ақтаңдақтарға қазіргі көзқарасты;

5) қазіргі қоғамдық үдерістердің тарихи шарттылығын;

6) Қазақстанның Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы тарихи дамуын, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі және Азамат соғысы туралы;

7) «әскери коммунизм» мен жаңа экономикалық саясаттың саяси мәнін;

8) қазақ мемлекетінің құрылуының басты кезеңдерін, ҚазАКСР мен ҚазКСР-ның құрылуын;

9) Қазақстанда индустрияландыру мен ұжымдастырудың барысы және оның қазақ халқына тигізген зардаптарын;

10) тоталитарлық мемлекеттің қалыптасуы және ұлт зиялыларына қарсы жаппай қуғын – сүргін туралы;

11) Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесін;

12) соғыстан кейін Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік-саяси дамуын;

13) тың және тыңайған жерлерді игеру себептері, оның Қазақстанға тигізген салдарын, Қазақстанның «тоқырау» жылдарындағы тарихын;

14) Қазақстан Тәуелсіздігінің жариялануы туралы;

15) Егеменді Қазақстанның дамуын білулері тиіс.

59. 9-сыныптағы оқушылар:

1) белгілі бір тарихи тақырып бойынша кеңейтілген әңгіме дайындай білуді;

2) қазіргі замандағы басты оқиғалардың себебін, тарихи маңызын өздігінен аша білуді;

3) мемлекет саясатының мәнін түсіндіре алуды;

4) жаңа тақырыппен өздігінен жұмыс істеуді, ізденіс жұмыстарын жүргізе алуды;

5) оқыған тақырыбы бойынша өздігінен талдау жасап, ондағы негізгі мәселені таба білуді;

6) мемлекет тарихындағы оң және келеңсіз құбылыстарға баға бере алуды;

7) белгілі бір мәселелер бойынша өзіндік көзқарасын дәйекті дәлелмен білдіре алуды;

8) тест тапсырмаларымен жұмыс істей білуді;

9) конспект, кесте, сызбалар құра білуді;

10) тарихи деректерді (деректердің авторын, уақытын, не үшін және оның құрылу мақсатын анықтауды) талдай алуды;

11) мәтін, карта, кесте, сызба және т.б. түрінде берілген тарихи материалдарды талдай білуді;

12) тарихи мәліметтердегі фактілерді, пікірлерді, құжаттарды және тарихи түсініктерді айыра білуді;

13) оқытылып отырған кеңістік және уақыт аралық аясындағы тарихи үдерістер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын орната білуді;

14) тарихи мәселелерді талқылауда өз көзқарасын білдіруді, талқыланып отырған мәселеге тарихи мәліметтерді дәйектей отырып, өз ұстанымын айта білуді;

15) тарихи материалдармен өздігінен жұмыс істеп, солардың негізінде рефераттар, конспектілер, пікір жаза білуді;

16) қазіргі өмір жағдайына байланысты тарихи құбылыстарды саралай отырып, өз ұстанымын анықтай білуді;

17) сырттан алынған әлеуметтік ақпараттарды сыни қабылдауда тарихи талдай білу дағдыларын қолдана білуді;

18) өз әрекеті мен айналасындағылардың әрекетін тарихи жағдайда қалыптасқан әлеуметтік мәселеге сәйкес салыстыра білуді;

60. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және құқықтық тәртіпке сыйластықпен қараудан;

2) азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім және Отанды қорғау мен оған қызмет етуден;

3) мемлекеттік және ана тілін меңгеру, Қазақстан территориясында тұратын халықтардың, басқа да этностардың құндылықтарын, мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуден;

4) туған өлкесінің табиғатын сақтау және аялау, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік көрсетуден;

5) салауатты өмір сүру, өзін қорғау және айналадағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан;

6) өз бетімен білім алу және өзін өзі жүзеге асыра білу, жасампаздық еңбекке қабілеттілігін ынталандыра білуінен;

7) үлкенге құрмет және кішіге ізет көрсете білуінен;

8) әлеуметтік ортаның ерекшелігін дұрыс бағалай білу, діни ағымдарды, идеологияны, құқыққа қарсы әрекеттерді ажырата білуінен көрініс табуы тиіс.

61. Жүйелі-іс әрекетте оқушылар:

1) ғылым негіздері және адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті ғылыми жетістіктер бойынша игерген жүйелі білімді;

2) ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды қолдана алуы;

3) танымдық, жобалау, құрастыру және іздену, шығармашылықпен қолдану әдістерін;

4) қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды;

5) жоғары коммуникативтік қабілеттілік пен көптілді мәдениеттілікті қолдана білуі тиіс.

Наши рекомендации