Тақырып. Циклдік-экономикалық дамудың заңдылығы ретінде

Нарықтық экономиканың циклдік дамуы200 жыл дерлік байқалуда. Алғашқы өнеркәсіптік дағдарыс 1825 ж. Англияда орын алды. Осыдан кейін 1836 ж. өнеркәсіптік дағдарыс Англия мен АҚШ-ты жаулап алды. Кейін дағдарыстар 7-12 жыл сайын дүниенің көптеген елдерінде қайталанып отырды. АҚШ-та және бірқатар еуропалық елдерде орын алған 1847 – 1848 жж. дағдарыс, шын мәнінде, бірінші дүниежүзілік өнеркәсіптік дағдарыс болды.

Қазіргі заман ғылымына циклдіктің 1380 астам түрлері белгілі.

Экономикалық цикл– бұл бір экономикалық дағдарыс басталуынан екінші дағдарыс басталуына дейінгі кезең және ол экономикадағы өрлеу және құлдыраумен сипатталады.

Цикл табиғатыосы уақытқа дейін аз зерттелген.

Экономикалық цикл кезеңдері және олардың сипаттары
К. Маркс экономикалық цикл 4 кезеңнен тұрады деп есептеген.

 
 

- тауарларды қайта өндіру,

Дағдарыс- бағалар төмендеуі,

- несиелерді қысқарту,

- несиелік пайызды көтеру,

- табыстардың төмендеуі,

- өндірістің төмендеуі, - жұмыссыздықтың өсуі, - еңбекақының түсуі,

- банк берешектерінің өсуі,

- банктің күйреуі,

- кәсіпорындардың басқа салалардағы банкроттығы,

- акция бағамының төмендеуі.

Депрессия- өндіріс құлдырауы тоқтайды, бірақ өспейді,

- тауар артықшылығы бірте-бірте тарайды,

- сауда солғын жүреді,

- жалпы жұмыссыздық,

- төмен еңбекақы,

- несие пайызының төмен деңгейі,

- «өсу нүктелері» пайда болмайды және жандануға өту басталады.

Жандану– нарықтың жаңа жағдайларына бейімделген кәсіпорындар, тауар шығарылуын ұлғайтады,

- жаңа өнеркәсіптік құрылыс жүзеге асырылады,

- өндіріс инвестициялары өседі,

- табыс нормасы, несиелік пайыз мөлшерлемесі, еңбекақы көтеріледі,

- тауар бағалары көтеріледі,

- жұмыссыздық мөлшері шамамен азаяды.

Өрлеу- ЖҰӨ деңгейі дағдарысқа дейінгі ең жоғарғы нүктеден асады,

- өндіріс ұлғаяды,

- еңбекпен қамтылу өсіп, жұмыссыздық қысқарады,

- тауар сұранысы көбейеді,

- еңбекақы көтеріледі,

- еркін ақша капиталын ұсыну өседі,

- несие сұранысы көбейеді.

Бірақ өндіріс мөлшері бірте-бірте қайта төлем қабілеттілігі бар сұраныс шегінен шығып, нарық сатылмаған тауарлармен толып жаңа өнеркәсіптік цикл басталады.

I ЦИКЛ Өнеркәсіптік цикл және оның кезеңдері

(ұзақтығы – 12 жыл).

өрлеу

дағдарыс жандану

депрессия

Қазіргі заманғы экономикалық әдебиетте АҚШ экономикалық зерттеулердің Ұлттық бюросы (NBER) шығарған терминология кеңінен қолданады, осыған сәйкес цикл келесі төрт кезеңнен тұрады:

- шың(бум),

- қысқару (рецессия, құлдырау),

- түбі (депрессия),

- жандану (кеңею).

Экономикалық конъюнктураны сипаттау үшінбірқатар экономикалық көрсеткіштер қолданылады:

- ЖҰӨ,

- Жұмыссыздық деңгейі,

- Жеке табыстар,

- Өнеркәсіптік өнім көлемі,

- Баға деңгейі және т.б.

II

өрлеу өрлеу

құлдырау бум қысқару құлдырау бум қысқару құлдырау

Циклдіктің ең маңызды себептерінің бірі деп экономистердің көпшілігі тұтыну мен инвестициялар арасындағы сәйкестіктің тербелуінатайды.

Басқалары цикл себептері мыналар деп есептейді:

 
 

ішкі: сыртқы:

- негізгі капитал тозуы, - соғыстар,

- нарықтық экономиканың болжанбайтындығы, - революциялар және басқа да күйзелістер,

- мүдделердің баланссыздығы, - жаңа аймақтарды игеру,

- өндіріс ішіндегі технологияның артта қалуы, - халықтың көші-қоны,

- өндірістік мүмкіндіктердің қайшылығы - шаруашылық байланыстардың үзілуі,

- технологиядағы артта қалу.

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңіне экономиканы мемлекеттік реттеу және циклдік дамудың кейбір ерекшеліктерінің орын алуы тән:

- цикл ұзақтығының қысқаруы (3-5 жылға);

- дағдарыстардың әлсіреуі (ЖҰӨ төмендеу тереңдігінің азаюы);

- цикл құрылымының өзгеруі (жеке кезеңдерінің аз уақытқа көрінуі).

 
 
Дағдарысқа қарсы саясат

- бұл мемлекеттің дағдарыс алдындағы жағдайлар кезеңінде экономикалық белсенділіктің тербелуін реттеу жөніндегі шаралар жиынтығы және экономикалық дағдарыс дамуының алдын алу.

Депрессия және өрлеу кезеңдері мемлекеттің ерекше бақылауында болады.

       
 
 
   
Мемлекетпен ұсынылатын циклге қарсы реттеу

Наши рекомендации