Маркетинг жоспарын жіктеу. Оларды жіктеу белгілері:іс-әрекет ету мерзімі, маңыздылығы және жасау әдістері.
Маркетинг жоспары – бұл құжаттар жоспарларының мамандандыруы, ол белгілі бір уақыт кезеңінде маркетингтің мақсатын іске асырушы үшін құрылған. Маркетинг жоспары әрбір стратегиялық шаруашылық бөлімшелер (СШБ) үшін құрылады және оған азық – түлік желілер үшін жоспарлар және бөлек базалар бойынша өнімдер түрі үшін жоспарлар кіреді. Әдетте компаниялар: жылдық, ұзақ мерзімді және стратегиялық жоспарлар құрады.
Ұзақ мерзімді жоспар – негізгі факторлар мен күштерді бейнелейді, олар келесі жылдар бойында ұйымдастыруға әсер етеді. Оған ұзақ мерзімді мақсаттар, негізгі маркетингтік стратегиялар, ресурстар жатады.
Стратегиялық жоспар - әрдайым өзгергіш ортада компанияға өз мүддесіне мүмкіндіктердіқолдануға көмек көрсету үшін құрылады. Ол терең мақсаттар мен компанияның борышын анықтаудан басталады, содан кейін SWOT-талдаудың нақты мақсаттары белгіленеді (компанияның мықты және әлсіз жақтары жайлы және мүмкін қауіп-қатер туралы есептеме).
Маркетингтік жоспарға өндіріс жоспарлары,тауарлар шығарудың ,нарықтық қызметтің, маркалы бұйымдарды шығарудың жоспарлары да жатады.
Әдетте, маркетингтік жоспарлаудың уақыт мерзіміне байланысты 3 түрі болады:
· Ұзақ мерзімді жоспар
· Орта мерзімді жоспар
·Жылдық жоспарлау
Ұзақ мерзімді жоспарда(5-10 жыл) әрбір нақтылы тауар бойынша осы тауардың нарығына ықпал жасай алатын факторлар анықталады, жоспарлы кезеңнің мақсаты ,пайдаға жеткізетін стратегиялық тәсілдер байыпталады. Әрбір жылдың нәтижесі бойынша ұзақ мерзімді жоспар өзгертіледі және толықтырылады.
Орта мерзімді жоспарда (2-5жыл)нақтылы жағдайдағы кезеңге байланысты болып келеді,өйткені ол өте алыс болашақты қамтымаған. Бұл жоспарлауда ұзақ мерзімді жоспардағыдай болып келеді.
Жылдық жоспарлау –бұл ұзақ мерзімді жоспардың сол жылда іске асыруға міндеттілерінің тарамдалған нұсқасы. Жылдық жоспарда маркетингтік жағдайлардың,мүмкіндіктер мен қатерлердің ,әрбір өндірілетін тауар тарапынан туатын мақсаттар мен міндеттердің толық сипаттары берілді,маркетинг стратегиясы және осы жылдық іс-қимылдың бағдарламасы баяндалады.
Маркетинг жоспарын тиімді құруға әсер ететін факторлар мыналар болып табылады:
· Өткен мерзімдегі жасалған маркетинг жоспарының орындалуын талдау
· Ағымдағы нарықтық жағдайды талдау,оның өзгерісінің динамикасы
· Ұйымның іскерлік тұрақтылығының факторларын талдау,ұйым шығаратын тауарлардың нарықтағы сұраныс факторлары.
Маркетингтің жалпы, біріккен және арнайы жоспары. Стратегиялық және тактикалық жоспарлар.
Стратегиялық жоспар - әрдайым өзгергіш ортада компанияға өз мүддесіне мүмкіндіктердіқолдануға көмек көрсету үшін құрылады. Ол терең мақсаттар мен компанияның борышын анықтаудан басталады, содан кейін SWOT-талдаудың нақты мақсаттары белгіленеді (компанияның мықты және әлсіз жақтары жайлы және мүмкін қауіп-қатер туралы есептеме).
Көптеген компанияларда маркетингтік жоспар стратегиялық және тактикалық екі деңгейде әзірленеді. Стратегиялық жоспар компанияның даму келешегін анықтайды, тактикалық ағымдық міндеттерді шешуге бейімделген.Стратегиялық жоспарлаудың мәні болашақта технологиялық, экономиялық және әлеуметтік мәдени өзгерістерге байланысты өсіп отырады.
Тактикалық жоспарлау
Барлық басқару функциясының ішінде жоспарлау ең елеулісі болып табылады, өйткені мұның өзі кез-келген балама әрекеттерді таңдап алуға байланысты. Жоспарлау кәсіпорын басшылығындағы негзгі функциялардың бірі ғана емес, оның өзі жеке төрт функцияда (ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс істек, басшылық, жетекшілік және бақылау) көрініс табады. Сонымен, басшы ұйымдастырады, кадрлармен жұмыс істейді, бағыттайды және басшылық етеді, сондай-ақ жоспарға сәйкес көзделген мақсатқа жету үшін бақылайды.
«Жоспарлау» ұғымына мақсатты айқындау және оған жету жолдары енеді: батыста кәсіпорынның әрекетін жоспарлау, өткізу, қаржы, өндіріс және сатып алу секілді маңызды бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Мұндайда, әрине, барлық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланыста болады.