Азақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы. 2 страница

Осы кездегі негізгі өзгерістер, ол Қазақстан территориясына басқа халықтардың келуі мәселен Қазақстанға шамамен 640 мың адамдар көшіп келеді. Ең бірінші келген халықтар украиндер. Олардың көбісі қазіргі заманға дейін қалалық жерлерде немесе ауылды жерлерде өз отбасын құрып, тату- тәтті өмір сүріп жатыр. Онымен қатар құрылыс жұмысы жақсы жүрді. Көптеген мектептер, клуб, асхана, үйлер совхоздар және де тағы басқа құрылыс түрлері көп мөлшерде жүріп салынып отырды.

Тың игеру кезеңіндегі жағдай қазірге дейін ғалымдар арасында пікір-талас болып отыр.

Тың туралы әңгіме болғанда тағы бір есте болатын жағдай, Қазақстан тыңындағы кеңшарлардың ерекшелігі- олардың аса ірі екөлемді болып, жоғарғы деңгейде механизациялану. Басшылар көбінесе орталықтан келгендер болды.

Бекіту сұрақтары:

1. Республика экономикасын бейбіт өмірге бейімдеп қайта құру қашан басталды?

2. Өнеркәсіп және оның салалары: республикада біртұтас транспорт жүйесін құру қалай әсер етті?

3. Ауыл-шаруашылығының жағдайы қандай көріністе болды?

4. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру, оның әлеуметтік – экономикалық салдары және тыңды игерудің Қазақстан тұрғындардың этнодемографиялық құрлымына әсері қалай тиді?

Лекция №5 Қазақстандағы шаруашылықтық «тоқыраулар» және экологиялық дағдарыстар /9-10/

Негізгі ұғымдар: Экология, Биресми қоғамдық қозғалыстар, Экологиялық қозғалыстарды саясаттандыру.

Мақсаты:КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстандағы саяси-эклогиялық жағдайлар туралы тарихи мәліметтер беру.Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Жоспар:

1. Қазақстандағы (1985-1991ж.ж.) саяси жағдайлар

2. 1985-1991 ж.ж. Қазақстан экономикасы жүйесінің дағдарысы.

1. Қазақстандағы (1985-1991ж.ж.) саяси жағдайлар.Президент Н.Ә.Назарбаев атап өткеніндей, бұрынғы жүйенің басты тарихи ағаттығы мынадай: тұтас бір халықтар тоталитарлык мемлекеттің прокруст төсегіне зорлап жатқызылып, мұның өзі ұлттық сана сезім серіппесінің әбден сығымдалуына апарып соқтырды. Тарих мынаны тағы бір көрсетті: қоғамданудың қандай жолын, капиталистік немесе социалистік жолын таңдамасын,ұлттык сана сезімді қорғау және дамыту институттарын орнықтырылмаса, мемлекеттік құрылыс сөз жоқ күйрейді.

Бүкіл Кеңес тарихы халықтар құқықтарының өрсекел бұзылуы мен тікелей геноцид фактілеріне толы.Бұл 20-30 жылдардың ашаршылығы. Ол тұста миллиондаға азаматтар қырылды. Қазақстардың саны жартысына дейін қысқарды, орыс халқы мен басқа халықтар миллиондаған адал еңбеккерлерінен, білімді де іскер адамдарынан айырылды. Көптеген ұлттардың гендік қыры бұлінді. Бұл ұлттық мәдениеттің,ғылымның, әдебиеттің және қоғамдық ойдың таңдаулы өкілдерінің жаппай жазалауға ұшырап, атылып кетуі.Бұл халықтардың жаппай депортацияланып, ұлттық құрылымдардың жойылуы.

Бүкіл кеңес тарихы халықтардың құқықтары сан рет бұзылғанын және тікелей геноцид фактілерінің орын алғанын көрсетеді. Бұл — миллиондаған азаматтар қаза тапқан 20-30-шы жылдардың ашаршылығы. Қазақтардың саны жартысына дейін кеміді, орыс және басқа халықтар миллионаған адал еңбеккерлерінен, білімді де кәсіпқой адамдарынан айрылды. Көптеген ұлттардың гендік қорына нұқсан келтірілді. Бұл — мәдениеттің, ғылымның, әдебиет пен қоғамық ойдың ең таңдаулы өкілдерін жаппай қуғынға салу мен ату. Бұл -халықтарды жаппай күштеп көшіру мен ұлттық құрылымдарды жою.

Ойластырылмаған экономикалық саясаттың және «ғасырлар жобаларын» жүзеге асырудың салдарынан шын мәнінде Қазақстанның бүкіл территориясын қамтыған елеулі экологиялық апаттар орын алды. Әскери ведомстволардың қызметі зор нұқсан келтірді. Мұның өзі біз үшін Семей полгонының проблемасына, Арал теңізінің, Возрождение аралындағы биополигонның, Батыс және Орталық Қазақстандағы полигондардың қасіретіне айналды. Мұндай саясат табиғи қарсылық туғызды. Ол кей жағдайда қоғамдық игілікті, ұлттық құндылықтарды қорғау жөніндегі ашық әрекеттерге де ұласты. Бұлардың түпкі мақсаты шынайы ұлттық теңдікке жету болатын.

80-ші жылдардың соңында елеулі дәрежеде шиеленіскен ұлттық қатынастардағы қарамақайшылықтар халықтардың сана-сезімін ұзақ жылдар бойы жаныштаудың салдарынан туған болатын. Нақ осы сала қоғамдағы толғағы жеткен проблемалардың бүкіл тереңдігін көрсеткен неғұрлым сезімтал барометр болып шықты. Мұның өзі бірқатар республикалардың тоталитарлық системаға ашық қарсы тұруына жағдай туғызды. Осы кезеңде халықтардың ұлттық-мемлекеттік теңсіздігі аса үлкен мемлекеттің саяси ыдырауының басты негізіне айналды. Ол халықтардың нақты мемлекеттік егемендікке қол жеткізуге деген табиғи ұмтылысына төтеп бере алмады.

Біз болған оқиғалардан тағылым алуымыз керек. Ұлт саясаттын жүргізе отырып, біз Қазақстан халқының ұлттық құрамын және жеңіл де оңай өте қоймаған оны құрудың процесін ескеруіміз керек. Сарапшылардың бағалауы бойынша, шаруалар отарлауы барысында революцияға дейінгі кезеңде Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан 1 милли­он 150 мың адам келген. Коллективтендіру көзінде КСРО-ның орталық аудандарынан Қазақстанға 250 мың конфискеленген шаруалар жер аударылды. Соғыс алдындағы жылдарда өнеркәсіп құрылысы үшін елдің барлық түкпірлерінен, әсіресе еуропалық бөлігінен 1 миллион 200 мың адам көшірілді.

Қазақстанға әр жылдарда 800 мыңға таяу немістер, 18,5 мың корейлердің отбасы, 102 мың поляк, Солтүстік Кавказ ха-лықтарының 507 мың өкілдері зорлықпен көшірілді. Қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар мен басқа да халықтар Қазақстанға өз еркімен келген жоқ.

XX ғасыр қазақтарды өзінің Отанында азшылыққа айналдырған қайғылы оқиғалардың ғасырына айналғаны үшін қазақтардың еш кінәсі жоқ. Сондықтан бүгін таңда осы халықтың мемлекеттікке деген құқына күмән келтірушілер оның қасіретінің тереңдігін білмейді немесе білгісі келмейді. Қазақ ұлты басқа қай ұлтпен салыстырғанда да мемлекеттікке лайық екеніне сенімдіміз. Мұны ол өзінің бүкіл тарихымен дәлелдеп отыр.

Біздің республикамызға өз еркінен тыс келгендер де кінәлі емес. Сондықтан қазіргі көшіп-қонудың себебі экономикалық проблемаларда ғана емес, сонымен бірге күштеп көшірілген орыстардың, украиндардың, белорустардың, немістердің және басқа халықтардың ұрпақтарының тарихи отанына оралуды қалайтынында, ұлттық мемлекеттік құрылысына қатысуға деген ынтасында жатыр.

КСРО ыдыраған сәттен бастап едәуір шиеленісіп кеткен проблемелардың бірі көші-қон проблемасы болды.Қазақстан Республикасы мемлекет комның мәліметі бойынша 1992 жылы Қазақстан Ресейге 149,2 мың адам, 1993 жылы-2-151,2 мың, 1994 жылы- 255,5 мың, 1995 жылы- 144,3 мың адам көшіп кеткен.Сонымен бірге Ресейден Қазақстанға 1992 жылы- 71,8 мың, 1993 жылы- 49,1 мың, 1994 жылы-32,9 мың,1995 жылы-35,7 мың адам көшіп барған. Көшіп кеткендер мен көшіп барғандар арасында орыстар да, қазақтар да бар.

Статистикалық мәліметтер талдағанда мынаны атап өту керек: алғашқы кезеңде, 1992-1993 жылдары республикадан көшіп кеткендер көрсеткішінің едәуір болуы ең алдымен көптеген әскери қалашықтардың жабылуына және стратегиялық мақсаттағы әскери бөлімдердің Ресей аумағына ауыстырылуына байланысты.

Орыстардың белгілі бір бөлігі Ресейге көшсек материалдық жағдайымыз едәуір жақсарады деп үміттенеді. Көш-қонның тағы бір факторы, аздап болса да, «тұрмыстық ұлтшылдық дейтінің қылаң беруі еді, ол Қазақстанда да, Ресейде де өздерін көрсетіп қалғысы келген өрескел ұлтшыл ұйымдардың әрекеттеріне байланысты еді. Екі мемлекетте де аренаға шыққан, едәуір байыпты саналатын ұлттық отаншыл күштердің өзінің белсенділігі де көші-кон процестеріне ықпал еткенін атап көрсету қажет.

Тәуелсіздікке ие болған алғашқы күндерден бастап Президент, Үкімет Қазақстанның басқа да мемлекеттік органдары азаматтық тыныштықты қамтамасыз ететін ұлтаралық татулықтың ықтимал пошымдарын іздестірумен ұдайы айналасып отырды.

1995 жылы казанда құрылған Республика үкіметтің құрамы көп нәрсені аңғартады және кадр мәселесіндегі мемлекеттік ұлт саясатын бейнелейді.

Осы заманғы көптеген талдаушылар, шынтуайтына келгенде XX- ғасырда әлемде болған және болып жатқан барлық процесстер, экономикалық процесстер де ұлттық фактормен әйтеуір бір түрде байланысты деп санауға бейім. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «ғасырлар тоғысындаң деген еңбегінде этностық, ұлттық сана-сезімін ғаламдық оянуы, этнос ішіндегі күрделі процестер XX- ғасырдың екінші жартысының ең қиын мәселесі болды деп атап өтті. КСРО одағы көзінде орын алған ұлттық кайшылықтар мен жанжалдар түйіні тек КСРО шеңберінде ғана ұлғайып қойған жоқ. Ұлттық фактор империялардың күйреуінде өз рөлін атқарды, ол Германия мен Жапонияның соғыстан кейінгі қалпына келтірілуі сияқты өзінің салдарлары жағынан ірі ауқымды құбылыстарды да Азия-Тынық мүхит аймағы елдерінің экономикалық секірісінде де, Европаның бірігуінде де және кеңсе- кеңестік дәуірден кейін, жаңа мемлекеттердің кұрылу прцестерінен де көрінді.

Ұлт мәселесін маркеттік тұрғыдан түсінудің таптық және ұлттық деген

Қоғамдардыңара қатынасының идеологияландырылған доктриналарының қалың астарын қопармай-ақ, басты нәрсені бөліп алайык, бір ғана әлеуметтік-экономикалық жүйе өсіріп шығарған, не нәрсенінің де мәнін бірдей түсіну жағдайында өскен қоғам таптық діни ұғымды бірінші орынға қойды ды, ұлттық жұмылу процестерінің төтенше тиімділігі мен өміршендігін ескермеді, бұл екі арада қоғамның дами түсуіне орай ұлттык, этностық факторлардың рөлі арта түскен еді.Ұлттык дәстүрлер мен ерекшкліктердің ықпалы, отбасы институтының өзіндік ерекшеліктері, конфессиялар жиналымының сипаты, ой машығы мен әлеуметтік құлықты секілді маңызды мәселелер ғылыми тұрғыда терең талданған жоқ десе болғандай.

Қазақстанда өкілетті мемлекеттік органдардың және әлеуметтік ықпалы мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып, дәл осындай көзқарастарды жүзеге асыру талабы бар.

Сондықтан көп этносты Қазақстан үшін ұлтаралық татулықты қамтамасыз ету қазір басты міндет, демократияның аса маңызды құрамдас бөлігі. Өзгерістердің ойдағыдай жүргізілуі де, адамдардың тұрмысын жақсарту да, жалпы республиканың тұрақты дамуы да осыған байланысты. Өзінің ұлттық саясатында мемлекет этностар арасындағы өзара қатынастың ұзақ мерзімді принциптерінің іргесін қалауда.

Сонымен бірге республика басшылығы мынадай тұжырымға келді: мемлекет жүргізіп келе жатқан ұлт саясаты оны күнделікті іске асыруға оның объектілері-этностар өкілдері тікелей қатысса ғана тиімді бола алады.

Қазақстан қоғамының дамуындағы көпұлттық факторын есепке алу, саяси, экономикалық салаларда жүргізіліп жатқан реформалар тұсында нақты ахуалды талдау Қазақстан халықтарының форумын шақырудағы іргелі факторлар болып, ол 1992 жылы желтоқсанда, Тәуелсіздік күнін, егемен Қазақстанның өмір сүруінін бір жылдығын мерекелеу қарсаңында Алматыда өтті. Оған республикада тұратын барлық ұлттардың өкілдері қатысты. Бұл съезді шақыру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған болатын.

Осындай бірегей сан ұлттығы бар (оның үстіне мұның негізінде көптеген халықтардың қасіреті жатыр) Қазақстан бірін-бірі қырып жатқан ТМД елдеріндегі біздің жақын көршілеріміздің қайғылы жағдайына жол берген жоқ. Және де президентіміз мемлекетте бейбітшілік пен ұлтаралық тұрақтылықты одан әрі де сақтай алатынымызға сенімдірді.

Бұл сенім неге негізделіп отыр?

Ұлт мәселесін шешуде үш көзқарас бар деп есептейміз. Біріншісі - кейбір елдер ұлты басқа халықты «күштеп көші­ру» саясатын жүргізуінде. Бұл көшіп келген халықты туыстарша қарсы алған қазақ халқына ешқашан тән болған емес. Мен бір халықтың екінші халыққа қоятын кезкелген талаптары еш мағынасыз және өзінің салдары бойынша қауіпті екенін, тайталасу жолы орасан зор дүрбелеңге және сан мыңдаған адам құрбанына апарып соғатынын түсіндіріп жатудың қажеті болмас деп ойлаймыз. Екіншісі - ұлттық мәселеге жалпы мән бермеу, сөйтіп, бұл проблемалар өзінен-өзі шешіледі деп үміттену. Бұл да оңтайлы жол емес. Біз үшін үшінші, ең сенімді жол қалып отыр. Біз көп еңбекті және тынымсыз жұмысты талап ететін осы жолмен келе жатырмыз. Бұл түйісу нүктелерін, халықтар арасындағы келісім мен сенім аймақтарын кеңейту жолы. Біз келісім саясаты мен парасатты ұлттық стратегиясыз ешқандай міндеттерді шеше алмаймыз.

Біздің басты бағытымыз мәмілеге келу және біріктіретін бастауларды нығайту арқылы барлық ұлттық топтардың да­муына негізделуге тиіс. Біздің қоғамды топтастыратын тұтқалардың бірі нақ осы Қазақстан халықтарының ассамблеясы болуға тиіс

Ассамблея құру жөніндегі бастама Қазақстан қоғамының қойнауында туындады. Соған сәйкес республикада зор дайындық жұмысы жүргізілді. Халықтардың кіші ассамблеялары құрылып, оған облыста тұратын ұлттардың лайықты өкілдері сайланды.

1995 жылы 1-наурызда Президент Қазақстан халықтары ассамблеясын құру туралы жарлыққа қол қойып, ол туралы ерекше бекітті. Барлық облыстарда кіші республикалық ассамблеяның 260 делегаты сайланды.

Ассамблея төрағасы болып Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев, орынбасарлары болып, Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша, Қазақстан республикасы әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ә.Бәйменов пен Алматы сәулет-кұрылыс институтының ректоры, Белорус ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі П.Атрушкевич сайланды. Ассамблея кеңесі құрылып, оның құрамына ұлттық-мәдени орталықтардың, ардагерлер кеңестерінің, кіші ассамблеялардың және басқаларының 63-өкілі кірді

2000 жылдың басында Ассамблеяның кезекті отырысы болып өтті. Жылдан жылға, осылайша оның жұмысы қарқын алып келеді, оның істеп жатқан жұмысына баға берер болсақ, жеміссіз емес. «Біздің басты бағытымыз,- деп көрсетті Қазақстан Президенті,- мәмілемелер іздестіру және біріктіретін негіздерді нығайту арқылы барлық ұлттық топтарды дамытуға негізделуі тиіс. Қоғамымызды топтастыру мехнизмдерінің бірі Қазақстан халықтарының ассамблеясы болуға тиіс.

Ассамблея-диаспоралар арасьндағы ұйымдастырушылық жұмыстың орталығы. Оның органдарына мемлекеттік статус берілуінің арқасында ұлттық-мәдени бірлестіктердің мәселелері жедел қаралады, олардың бірқатары бойынша үкімет деңгейінде шешімдер қабылданды. Алматыда Қазақстан халықтары ассамблеясының үйін ашу туралы мәселе талқылайды.

Қазақстанның тек көп ұлтты ғана емес, көп конфессиялы мемлекет екндігі де елеулі факт болып табылады. Қазақстан басшылығы діни конфессияларды тұрақты қоғамдық саяси ахуалды сақтауға жәрдемдесетін фактор деп біледі. Мұсылмандармен және православиеліктермен бірге мұнда протестанттар, буддистер, католиктер, баска да дін өкілдері тұрады. Республикада негізгі екі конфессия-ислам мен православие. Республикадағы,қоғамдағы тұрақтылық,әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізудегі табыс солардың өз қарым-қатынасын қалай құратыыа байланысты.

Қазақстан жүргізіп жатқан, жанжалдар, туындап, оларды күшпен шешуге жол бермеген ұлт-саясаты, этносаралық проблемаларды бейбіт шешу, өткелі кезеңнің күрделі жағдайында татулықты сақтап қалу тәжірбиесі шетелдік жұртшылықтың да шын қызығушылығын туғызды.

Жылда Москвада Наурыз мейрамы тойланады.

— Әскери ынтымақтастық, саласындағы Ресей-Қазақстан қатынастары хақында бірер сөз. Ахуал тайға таңба басқандай: егер Қазақстан мен Ресей әскери-саяси ынтымақтастық туралы шартқа және бұрынғы стратегиялық объектілерді бірлесіп пайдалану туралы құжаттарға қол қоймаса, екі жақ та ұтылады — Ресей ғылыми және әскери сынақтар базасынан айрылады, ал Қазақстан үшін бұл полигондар ауыр қамытқа айналады, өйткені жападан жалғыз республиканың оларға шамасы келмейді. жұмыс істеп тұрған бірегей әскери-техникалық кешендерді сақтап қалу үшін, Қазақстан іргелі мәмілелер жасауға дайын ба?

— Мәміле біржақты емес, екеуара кешірімшілдікті қалайды. Қазақстан Ресейге байланысты барлық проблемаларды өзара пайдалы шартпен шешуге дайын екенін әрқашан мәлім-деп келді.

Әлбетте, жасалған әскери кешендердің орасан ғылыми-техникалық әлуеті бар. Біз Ресеймен тең негізде немесе өздігімізбен оны сақтап қаламыз. Бірақ бұл орайда, полигондар мен Байқоңыр космодромы Қазақстанда орасан зор аймақты алып жатқанын ескеру керек. Шамамен, Чехияның, Словакияның, Венгрияның және бұрынғы ГДР-дың жерлерін қоса алғандағыдай аумақты, шаруашылық айналымнан әдейі шығарылған 13 миллион гектардан астам жерді алып жатыр. Мұның үстіне әскери адамдар өз эксперименттері үшін тағы да үш жарым миллион гектар ауыл шаруашылық жерлерін оқтын-оқтын алып жүрді. Демек, осынан-ақ жұрттың көп жағдайда тажалды объектілерге қалай қарайтынын түсінуге болады.

— «Протон» ұшырағыш-ракетасының отынында қауіптілігі жағынан бірінші топқа жататын аса улы гептил сияқты қосынды барын білесіз ғой. Мінеки, ұшырылғаннан кейін ракетаның бөлінетін бөлшектері осы гептилмен бірге тіпті де рождестволық сыйлыққа ұқсамайтын күйде аспаннан адам­дар төбесіне құлап жатады. Осы умен қаншама аумақ уланатынын әлі есептеуіміз керек екендігін ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы алға тартты.

ТМД-дағы ядролық қару-жарақ мәселелерін мен Альберт Гормен, оның Қазақстанға сапары көзінде-ақ ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы егжей-тегжейлі талқылаған болатын. Уильям Клинтонның Мәскеудегі келіссөзінің тақырыбы да тілге тиек болғаны мәлім. Мұның үстіне, 1993 жылдың желтоқсанында біздің парламент сырттан қысымсыз Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу жөніндегі шешімді бекіткен. Ал АҚШ президенті Ресеймен, Украинамен және Беларусьпен нақ сол проблеманы талқылады. Оларға Қазақстанның да қатысуының қажеті болған жоқ еді.

2. 1985-1991 ж.ж. Қазақстан экономикасы жүйесінің дағдарысы. 1970-1990 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылык жоспарларын орындаудын барысы және оның дагдарысқа ұшырауы

Тың игеру Қазақстанды еліміздегі ірі мықты аймактың біріне айналдырды. Тың игергеннен бері республика совхоздары мемлекетке 17,7 млрд. пұттан астам астық сатгы. 10-бесжылдықтан кейін Қазақстан жыл сайын мемлекетке орта есеппен 1 млрд. пұттан жоғары астық өткізіп түрды. Елімізде өндірілетін товарлы бидайдың 25-28%-ін, жалпы одақ жүн өндірудің 24%-ін, қаракөл терісіне 33%-ін береді.

Республикада 2077 совхоз, 415 колхоз жұмыс істеді. Колхоздар мен совхоздарда қормен жарактану 15 жылда (1967-82) 4 есе, электрмен жарақтану 3,4 есе ості. Ауыл, селоға қызмет көрсететін барлық салалар — химия, құрама жем,ауыл шаруашылық машиналарын жасау, су шашу және ІІолық күрылыс дамыды. Республика егістіктерінде 239 мың трактор, 109 мыңнан астам астық комбайындары, 184 мың жүк автомобильдері, көптеген басқа техника жұмыс істеді. Ауыл шаруашылық өндірісін мамандану мен шоғырландыру, оның агроөндірістік интеграциясы кең көлемде жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылығын химияландырудың, суландырудың және жайылымдарға су жіберудің көлемі өсті. Мал бордақылау және ет өндіру жөніндегі мал шаруашылық комплекстері, ірі құс фабрикалары, жүздеген совхоздар мен колхоздардың күшін біріктіретін шаруашылықаралық ұйымдар құрылды.

1971-1982 жылдары ғана 7,9 млн. адам жаңа үйге көшті, яғни әрбір екі тұрғынның бірі жаңа үйге көшті. Адамдардың денсаулығын сақтау саласында 46 мыңға жуық дәрігер еңбек етті.

1985—1990 жылдары ауыл шаруашылығы дағдарысқа ұшырады' Ауыл шаруашылығының төменгі дәрежеде дамуының егізгі себептері мыналар: шаруалардың экономикалық ынтасының шаруашылықта қыспаққа алынуы, колхоздық секторларды жою және мемлекетгік мешпікке алу совхоздарды көбейту. Шаруашылық еңбек үнемі қатар әкімшілік бақылауда жояады. Бұның бәрі шаруашылық бастамаларын төмендетуге, қоғам еңбегінің нәтижесін де немқұрайлы қарауға әкелді. Тұрғындар ауылдық жерлерден кете бастады. Егер 1950 жылы Қазақстанда 3760 колхоз болса, ал 1985эісылы 388 ғана қалған."" Колхоздардың өлшемі ерікті түрде құралды, оларды орналастыруда табиғи өндіріс орындары мен басқа да фактілер есепке алынбады. Бұның нәтижесінде бірнеше тұрғындар пункттері басқарусыз қалды. Жалпы істің нәтижесінде 1956-1965 жылдармен салыстырғанда 1966-1975 жыддардағы дәнді дақылдар түсімі әр гектарға шаққанда орта есеппен 1,9 центнерге артты. Осы мерзімде Қазақстан одаққа үш мәрте 16,4 миллион тоннадан асырып астық тапсырды. Бұл көрсеткіш оныншы бесжылдықта Маусым сайынғы сипат алды. Жан басына шаққанда 1986-1990жылдары Қазақстанда 1556 килограмм астық өндіріледі. Орталық басшылық болса республика алар межені кол жеткен табыстардан жоспарлай отырып, бұрынғыдан бетер биіктетгі. бірінші бесжылдықта астықтың жалпы түсімін 28-29 миллион тоннаға, он екінші бесжылдықта 31,5 миллон тоннаға жеткізуді талап етті.

Наши рекомендации