Р зейнетақы жүйесі: мәні, ерекшеліктері және өзгерістер
Жылдан-жылға Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің реформасында көп өзгерістер орын алуда. Сонау 1998 жылдан бастап елімізде аралас зейнетақы жүйесі енгізілді,яғни мемлекеттік және жинақтаушы зейнетақы жұйесі қатар жүрді.Қазіргі таңда зейнетақы жүйесі мемлекет тарапынан Біріңғай Жинақтаушы Зейнетақы қоры құрылуда.
Қазіргі кезде зейнетақы қандай да бір себептермен еңбекке қабілетін жоғалтқан, белгіленген жасқа толуына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және тағы басқа себептерге орай еңбек міндеттерін орындауды тоқтатқан немесе оны тоқтату құқығына ие тұлғалар үшін тағайындалады.
Қазақстан Республикасында зейнетақылардың келесі түрлері төленеді:
1.еңбек зейнетақылары;
2. әлеуметтік зейнетақылар.
- Еңбек зейнетақысы – бұл азаматтарға жалақысын немесе өзге де табысын өтеу мақсаттарында төленетін ай сайынғы ақшалай төлем. Еңбек зейнетақысына қатысты құқық зейнетақы заңдарының шарттарымен және нормаларымен анықталады.
Еңбек зейнетақылары өз кезегінде келесі түрлерге бөлінеді:
- жасына байланысты зейнетақылар;
- мүгедектігі бойынша зейнетақылар ;
- еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар;
- асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар.
- Әлеуметтік зейнетақылар қандай да бір себептермен зейнетақының өзге түрлерін алу құқығын иеленбеген азаматтар үшін тағайындалады. Әдетте, әлеуметтік зейнетақылар зейнетақылық жасқа жеткен, бірақ қажетті еңбек стажы жоқ тұлғаларға тағайындалады. Мұндай жағдайда зейнетақы жалақыдан есептеле алмайтындықтан, ол тиісті зейнетақы ең төменгі мөлшерінде белгіленеді. Зейнетақылық қамсыздандыруды халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады :
- Ортақ жүйеден (зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыздандыру); Ортақ жүйе республикалық бюджетке түскен әлеуметтік салық пен басқа да төлемдерге негізделген.
- Жинақтаушы зейнетақы жүйесі (жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру).
1. Ортақ жүйе элементтері: базалық зейнетақы (яғни,еңбек өтіліне қарамастан барлығына бірдей төленеді); еңбек стажы (еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетке шығу уақытында алты айдан кем болмаған адамдарға төленеді).
2. Жинақтаушы жүйе элементтері: міндетті жарналар (ай сайынғы табыстан зейнетақы аударымдарының белгіленген 10-пайыздық мөлшері бар міндетті аударымдар) және ерікті жарналар(ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарына негізделген жинақталған қаражат). (Міндетті және ерікті зейнетақы туралы төмендегі 1-сызбадан көруге болады.)
ҚР Зейнетақы жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін келесідей қарастыруға болады:
Ортақ жүйенің артықшылықтары;
зейнетақыны мемлекет төлейді;
кірісі аз адамдардың тұрақтылығы.
Ортақ жүйенің кемшіліктері:
зейнетақының ең жоғары мөлшері бойынша шектеу;
демографиялық тәуекелдер (жұмыс істейтін халық пен зейнеткерлер арасында баланстың бұзылуы әлеуметтік салықтардың көбеюіне алып келеді); зейнетақыны ресімдеудің күрделі жүйесі.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің артықшылықтары:
салымшы кірісінің деңгейіне зейнетақы мөлшерінің тікелей тәуелділігі;
МЗЖ мемлекет кепілдігі жинақталған зейнетақы қаражатын мұраға қалдыру;
нвестициялық кіріс есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын ұлғайту;
мультиқоржындар жүйесінің көмегімен жинақталған зейнетақы қаражатын басқару мүмкіндігі.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің кемшіліктері:
инвестициялық кірістің мөлшеріне қор нарығының ықпалы;
ерікті зейнетақы аударымдарының жүйесі дамыған жоқ; МЗЖ сомасының жалақы мөлшеріне тәуелдігі.
Зейнетақы мөлшердің өзгерістері.
Зейнетақы жүйесінің жас ерекшеліктері бойынша өзгеріс болуы:
- 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін республикада зейнетақыға әйелдер 55, ерлер 60 жаста шығатын.
- 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ерлер – 61 жасында, әйелдер – 55 жасында;
- 1999 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер – 62 жасында, әйелдер – 57 жасында;
- 2000 жылдың 1 шілдесінен бастап, ерлер – 62,5 жасында, әйелдер – 57,5 жасында; 2001 жылдан бастап ерлер – 63 жасында, әйелдер – 58 жасында зейнетақыға шыға алатын болды.
Қазіргі таңда зейнетақы реформасына өзгерістер енгізілді. Соның ішінде бастысы, ол әйелдердің зейнетке шығу жасын 63 жасқа дейін. Реформа 2018 жылмен 2027 жыл аралығында жүзеге асырылады. Зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Заңда ҚР Президентінің жанындағы Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес құру көзделген. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеп тұрған ЖЗҚ айырмашылықтары: БЖЗҚ құру. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы «МЖЗҚ» АҚ базасында акционерлік қоғам нысанында құрылатын болады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы мен акционері болады. БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады, және де азаматтардың өздерінің таңдауы бойынша ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жинақтайды.