Көп қабатты өнеркәсіптік ғимараттардың қолданылу шарттары туралы түсінік беріңіз.

Бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттар. Химиялық өнеркәсіпте бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттар технологиялық процесі горизонтальді өндірістер үшін құрылымдалынады

Әр түрлі өндірістердің әкімшілік-шаруашылық меңзелінудегі қызметтерінің ғимараттарын блоктау қажет. Ол әкімшілік-қоғамдық орталықтардың территорияларын азайтуға және жұмысшы қызметкерлерге қызмет көрсету жүйесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Көп қабатты өнеркәсіптік ғимараттар. Химия өндірісінің технологиялық процесі вертикальді болып келетін түрлерін орналастыруғы тек көп қабатты ғимарттар ғана қолданылады Мысалы: аммиакты силитра өндірісі; органикалық синтез өндірісі; химиялық талшықтар зауыдтарының цехтары; пластикалық масса, органикалық еріткіштер, бояулар мен қышқылдар өндірісінің технологиялық сызбанұсқалары мен ғимараттарының келбеттері (плакаттар).

Шатырларының түсіретін салмағына байланысты колонналарының торларының өлшемдері 9 ×6 м (1000 кг/м2), ал 6 ×6 м (2500 кг/м2). Көп қабатты өнеркәсіптік ғимараттардың биіктіктері ретінде қабаттың еденінің деңгейінен биік жақта орналасақан келесі қабаттың еденінің беткі деңгейіне дейінгі аралық алынады

Химия өндірісінің көп қабатты ғимараттары: крансыз және көпірлі кранды немесе аспалы кранды болады. Жоғарғы қабаттардағы өткелдері 18 және 24 м. Жалпы химия өндірісінің көп қабатты ғимараттары үшін олардың ендері (жалпақтықтары) 18 метрден кем болмағаны дұрыс болады. Жарылыс қауіптілігі жоғары өндірістер үшін 30 метрден артық болмауы тиіс екі жағынан біркелкі әйнектелініп терезеленілген жағдайда, ал бір жағынан ғана терелеленіліп әйнектелінсе 18 метр болуы шарт.

17. Өртке қарсы қауіпсіздік және жарылыс қауіпсіздігінің шарттары туралы жалпыламалық түсінік.

Өртті сөндіруге арналған гидранттардың бір-біріне дейінгі аралығы 100 метрден артық болмауы керек, ал ол гидранттар ғимараттардың қабырғаларынан 6 метр, ал жол торапынан 2 метрден артық болатын қашықтықтан алыс орналаспауы шарт.

Ғимараттың өртке қарсы қауіпсіздік және жарылыс қауіпсіздігінің шарттары. Күкіртсутек, ацетилен, этиловый эфир және т.с.с. ұшқыннан тұтанып кету қаупі бар газды- немесе булыауалы қоспалы заттармен жұмыс істелінетін химия өнеркәсібінің кәсіпорындарының цехтарының едендерін соққы кезінде ұшқын шығармайтын материалдардан жасалынуы негізгі шарттардың бірі.

Бутан, бутилен, пропан, пропилен, дивинил және т.б., көмірсутектер қолданылатын цехтардың едендерін соққы кезінде ұшқын шығармайтын материалдардан және осы заттардың әсерінен еріп кетпейтін заттардан жасалынуы керек.

Фонарьы және терезелерге арналған ойықтары бар ғимараттарда түтінді алып шығарып кететін түтінге арналған люктері қарастырылған болуы шарт.

Фонарьсыз өрт қауіптілігі жоғары өндірістерге арналған ғимараттарды түтінде алып кетуге арналған люктерін дистанционды ашып-жабу секілді басқару мүмкіндігі бар вытяжной шахталар болуы керек. Ол шахталардың люктерінің өлшемі өндірістік жайдың көлденең қимасының 0,2 % болады. Өндіріс орын жобалау кезінде өндірістің өрт қауіпсіздігі және жарылыс қауіптілігі жағынан дәрежесі анықталады.
Заттар қасиеттеріне және оларды пайдалану немесе өңдеу шарттарына байланысты барлық өндірістер 6 категорияға бөлінеді. А және Б- жарылыс өрт қауіпті; В, Г, Д- өрт қауіпті; Е- жарылыс қауіпті.

18.Конструкторлық құжаттардың түрлері

Конструкторлық құжат – бұл жеке немесе үйлесулері арқылы бұйымның құрамы мен құрылысын анықтайтын графикалық және мәтіндік құжаттар. Жалпы конструкторлық құжаттар жобалық және жұмысшы конструкторлық құжаттар болып бөлінеді.

Жобалық конструкторлық құжатта бұйымды жасақтауға қажетті барлық мәліметтер болады, ал жұмысшы конструкторлық құжатта осы бұйымды даярлап шығару үшін қажетті мәліметтер келтіріледі.

Конструкторлық құжат бұйымды дарлап жасап шығарудың әдістері мен тәсілдерін, сонымен қатар олардың қолданылу реттіліген регламенттемейді. Бұл технологиялық құжаттардың міндеті. Бірақ конструкторлық құжаттарда келтірілген мәліметтер оларды таңдауға және қолданылуына анағұрлым әсер етеді.

Техникалық тапсырма (ТТ) бұйымды жобалаудың мақсатты бағытын және ұтымды бірізділігін анықтайтын маңызды бастапқы құжат болып табылады. Анализ және тәжірибелік сынақтар мен өндіріс қажеттіліктерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен салыстыруға негізделе техникалық тапсырманы дайындау процесінде сапалы сипаттамалар құрастырылады.

Макет – бұл жобалық немесе жұмысшы құжаттарды орындағанда, эксперименттік үлгіні құрастырғанда олардың жұмыс істеу принципін тексеру үшін жасақталынып даярланудағы заттың немесе оның көлемдік құрамдас бөліктерін жүзеге асыратын бұйым.

Техникалық ұсыныс тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасының сараптамасына, ғылыми-зерттеу жұмыстардың нәтижелеріне, құжаттарын жасақтаудың ақылға сиымдылығының дәлелі бар конструкторлық құжаттардың жиынтығы болып табылады.

Эскиздік жоба – бұйымның құрылысы мен жұмыс істеу принципі, меңзелінуі, жасақталынудағы бұйымның негізгі параметрлері мен габаритті өлшемдерін анықтайтын мәліметтер беретін және принципиалды конструктивті шешімдер келтірілген конструкторлық құжаттардың жиынтығы.

Техникалық жоба – жасақталынудағы бұйымнаң құрылысы туралы толық мәлімет, соңғы техникалық шешімдер мен жұмысшы конструкторлық құжатты жасақтауға қажетті мәліметтер келтірілген конструкторлық құжаттардың жиынтығы.

Бұйымның тәжірибелік үлгісі – техникалық тапсырмаға сәйкестілігн тексеру үшін және де бұйымның негізгі бөлшектерін жасап шығарудың технологиялық процестерін даярлау мен құжаттарға қажетті түзетулерді енгізу үшін қайта жасақталынған жұмысшы конструкторлық құжаттарға сәйкес даярланған бұйым үлгісі.

Бекітілген серия бұйымы – бұйымның тәжірибелік үлгісін жасап шығарып және оны сынау нәтижелерінің негізінде жасақталынған құжаттарға сәйкес даярланған бұйым.

Сериялық өндірістің бұйымы – біріңғай конструкторлық құжаттарға сәйкес периодты қайталанатын сериялармен сериялық өндіріс жағдайында жасалған бұйым.

Массалық өндірістің бұйымы - біріңғай конструкторлық құжаттарға сәйкес массалық өндіріс жағдайында үздіксіз бұйым.

Химиялық өндірістердің қондырғыларын 3 класқа бөлуге болады;

1) аппараттар;

2) машиналар;

3) тасымалдау құралдары.

Меңзелінуіне байланысты химиялық қондырғыларды әмбебап, мамандандырылған және арнайы деп бөледі.

Әмбебап қондырғылар – бұл жалпыламалық меңзелінудегі немесе жалпы зауыдтық қондырғылар. Мамандандырылған қондырғылар - әртүрлі модификацияланған бір ғана процеске пайдаланылады: жылуалмастырғыштар, ректификациялық бағаналар, абсорберлер және т.б.

Арнайы қондырғылар – тек қана бір процесті жүргізу үшін арналған: каландрлар, вулканизациялық нығыздауыштар, грануляторлар, хлораторлар, сублиматорлар және т.б.

Технологиялық қондырғыларды негізгі және көмекші деп ажыратылады.

Көмекші қондырғылардың қатарына сыйымдылықтарды, резервуарларды, сақтағыштарды және т.б. жатқызуға болады.

19. Жобаның технико-экономикалық негіздемесі:

Наши рекомендации