RIP және OSPF хаттамалары үшін кең жолақты трафикке кететін шығындарды салыстыру
RIP хаттамасы қолданылатын желілерде маршруттық ақпаратпен алмасуға үстемелік шығындар қатаң түрде бекітілген. Егер желіде маршрутизаторлардың белгілі бір саны болса, таратылатын маршруттық ақпаратпен құралатын трафик келесідей формуламен сипатталады:
F = (аталатын маршрут саны/25) x 528 (хабарламадағы байт саны) x (уақыт бірлігіндегі көшірме саны) x 8 (байтағы бит саны). | (3.1) |
OSPF хаттамасы бар желіде HELLO хабарламасымен және байланыстардың күйі туралы жаңартылған хабарламалармен пайда болатын желінің өзгеріссіз күйіндегі жүктеу келесі формуламен сипатталады:
F = {[ 20 + 24 + 20 + (4 x көршілер саны)] x (уақыт бірлігінде HELLO көшірмесінің саны)}x 8 + [(хабарландырулар саны x хабраландырудың орташа өлшемі) x (уақыт бірлігінде хабарландыру көшірмесінің саны)] x 8, | (3.2) |
мұндағы 20 – IP-дестесінің тақырыпша өлшемі;
24 – OSPF дестесінің тақырыпшасы;
20 – HELLO хабарламасының тақырыпша өлшемі;
4 – әр көршіге таратылатын деректер.
HELLO хабарламасын жіберудің қарқындылығы – әрбір 10 секунд, байланыс күйі туралы хабарландыру – әрбір 30 минут сайын. «Нүкте-нүкте» байланысы немесе кеңжолақты локалды желі бойынша уақыт бірлігінде хабарламаның бір ғана көшірмесі жіберіледі, Frame relay типті NBMA желісі бойынша әрбір көршіге хабарламаның өзінің көшірмесі жіберіледі. Frame relay желісінде 10 көршілес маршрутизатормен және желідегі 100 маршрут пен маршруттық ақпарат трафигі келесідей қатынастармен анықталады:
RIP: (100 маршрут / хабарландыруда 25 маршрут) x 528 x (10 көшірме / 30 сек) = 5 632 (б/с), | (3.3) |
OSPF: {[20 + 24 + 20 + (4x10) x (10 көшірме / 10 сек)] + [100 маршрут x (32 + 24 +20) + (10 көшірме /30x60 сек]} x 8 = 1 170 (б/с). | (3.4) |
Біздің болжамалы мысалымыздан алынған нәтижелер бойынша RIP хаттамасымен құрылатын трафик OSPF хаттамасымен құрылатын трафиктен 5 есе қарқынды екенін көруге болады.
EIGRP метрикасы
Маршрутизация метрикаларын есептеу үшін EIGRP хаттамасы ақырғы мекен-жайға дейінгі маршруттың минималды өткізу қабілетін және жиынтық кідірісті қолданады. Басқа метрикаларды да баптауға болады. Бірақ, біз оны құптамаймыз, себебі бұл жағдайда сіздің желіңізде маршрутизацияда ілмектер пайда болуы мүмкін. Өткізу қабілеттілігі және кідіріс метрикалары белгілеген желіге маршруттың бөлігі болып табылатын, маршрутизатор интерфейсінде орнатылған мәндердің негізінде анықталады.
3.47 суретте 1-маршрутизатор А желісіне ең тиімді жолды анықтап жатырғаны көрсетілген.
3.47 сурет – А желісіне ең тиімді жолды анықтау
Есеп ізделіп отырған желіге қатысты екі хабарландырудан басталады: бірінші маршрут 4 маршрутизаторы арқылы өтеді (минималды өткізу қабілеті – 56 және жиынтық кідіріс – 2200), ал екіншісі – 3 маршрутизаторы арқылы (минималды өткізу қабілеті – 128 және жиынтық кідіріс – 1200). 1 маршрутизаторы метриканың ең аз мәні бар маршрутты таңдайды.
Енді, метриканы есептейміз. EIRGP, кідіріс метрикасы мен өткізу қабілеті метрикасын өлшеу арқылы жиынтық метриканы анықтайды. Өткізгіштік қабілетін өлшеу үшін, EIGRP келесі формуланы қолданады:
өткіз. қабілет. = (10000000/өткіз. қабілет.(i)) * 256, | (3.5) |
мұндағы өткіз. қабілет.(i) – белгіленген желіге апаратын маршруттың
құрамына кіретін барлық кіріс интерфейстерінің минималды өткізгіштік қабілеті (өлшем бірлігі – килобит).
Кідірісті есептеу үшін, EIGRP келесі формуланы қолданады:
кідіріс = кідіріс(i) * 256, | (3.6) |
мұндағы кідіріс (i) – белгіленген желіге апаратын маршруттың
құрамына кіретін барлық интерфейстерде орнатылған кідірістер қосындысы (өлшем бірлігі – оннан бір микросекунд).
Show ip eigrp topology және show interface командалар листингінде, кідіріс микросекундпен берілген, сондықтан, ол мәндерді формулада қолдану үшін, оларды 10-ға бөлу керек. Бұл құжатта, интерфейсте орнатылған және көрсетілген кідірістер қолданылады.
Жоғарыда көрсетілген мәндер, ізделіп отырған желінің жиынтық метрикасын анықтау үшін қолданылады:
метрика = [K1 * өткіз. қабілет. + (K2 * өткіз. қабілет.) / (256 - жүктеме) + K3 * кідіріс] * [K5 / (сенімдлік + K4)]. | (3.7) |
K мәндерін, тек-қана мұқият жоспарлап алғаннан кейін қолдану қажет. Қате K мәндері көршілес тораптар арасында байланыс орнатудың мүмкінсіздігіне әкеледі, оның кесірінен, сіздің желіңізде жиақтылықты жүргізу мүмкін болмайды.
K5 = 0 жағдайында, формула келесі түрде болады:
метрика = [k1 * өткіз. қабілет. + (k2 * өткіз. қабілет.) / (256 - жүктеме) + k3 * кідіріс].
Әдепкі қалпы бойынша, K келесі мәндерге тең:
- K1 = 1;
- K2 = 0;
- K3 = 1;
- K4 = 0;
- K5 = 0;
Әдепкі қалпы бойынша қызмет көрсетуі үшін, формуланы келесідей жеңілдетуге болады:
metric = bandwidth + delay. | (3.8) |
Cisco маршрутизаторлары жылжымалы үтір арқылы есептемейді, сондықтан, метриканы дұрыс есептеу үшін, есептеудің әр кезеңінде шыққан мәнді бүтін санға дейін, аз жағына қарай дөңгелектейміз. Бұл мысалда, 4 маршрутизаторы арқылы өтетін маршруттың жалпы құны:
minimum bandwidth = 56k,
total delay = 100 + 100 + 2000 = 2200,
Жалпы құны = [(10000000/56) + 2200] x 256 = (178571 + 2200) x 256 = 180771 x 256 = 46277376.
Ал 3 маршрутизаторы арқылы:
minimum bandwidth = 128k,
total delay = 100 + 100 + 1000 = 1200,
Жалпы құны = [(10000000/128) + 1200] x 256 = (78125 + 1200) x 256 = 79325 x 256 = 20307200.
Сондықтан, А желісіне жету үшін 1 маршрутизаторы 3 маршрутизаторы арқылы өтетін маршрутты таңдайды.
Өткізгіштік қабілеттігінің және кідіріс мәндері – маршрутизатордың белгіленген желіге бару жолында келесі сегментке жететін, интерфейсте орнатылған мәні. Мысалы, 2 маршрутизаторы, А желісі туралы хабарлайды және оның Ethernet-интерфейсінде орнатылған кідірісті көрсетті. Содан соң, ол мәнге 4 маршрутизаторы өзінің Ethernet-интерфейсінде орнатылған кідірісін қосты, ал 1 маршрутизаторы өзінің кезекті портында орнатылған кідірісті қосты.