Аржының айрықшалықты белгілері
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақшалай және тек ақшалай қатынастарды ғана білдіреді. Сондықтан қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты – қаржының маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиіcтілігін баса көрсетеді.
Қаржылық қатынастар өзінің негізінде ұдайыөндірістік қатынастар болып табылады. Қаржылық қатынастардың ұдайыөндірістік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты мен ұдайыөндірістік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені бұл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.
Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақшалай қорлардың қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақшалай қорлар, істің шын мәнінде, қаржылық қатынастардың объектілері болып табылады.
Нақтылы жұмсауға арналған ақшалай-қаржылық қорлар қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалады. Әдістер қаржылық қатынастарда іс-әрекеттің амалдары ретінде директивалық[*], яғни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, бұл экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына арналған ақшалай ресурстарды пайдаланудың көлемдері мен бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттілігімен байланысты болады. Сөз жоқ, әдістерді таңдау ғылыми ізденіс пен қоғам дамуының белгілі бір кезеңінің объективті алғы шарттары арқылы айқындалады.
Ақшалай қаражаттар экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тауар және ақшалай нысандардағы құнның тең (бірдей) қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалылық белгісі басқа экономикалық категориялардың – бағаның, еңбекақының, кредиттің іс-әрекетіне тән. Ақшалай қорлардың бүкіл ақшалай қаражаттардан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақшалай нысандағы құнның біржақты қозғалысының негізінде жасалады. Кез келген қаржылық операция осындай ерекшелікпен (салықтар, табыстан (пайдадан) аударылатын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру, субвенциялар және т.б.), яғни баламасыздықпен сипатталады. Салалық қаржыларда қорлардағы ақшаның ішкі шаруашылықтық мақсатты оқшаулануының ұқсас қағидаты қолданылады.
Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері бұл экономикалық категорияны ақшалай қатынастардың бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіндік береді, әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде-бір құндық экономикалық категория белгілердің жоғарыда аталған жиынтығын иемдене алмайды. Егер белгілердің алғашқы екеуі – қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты мен ұдайыөндірістік сипаты қаржылық қатынастардың өрісін тежеп отыратын болса, қаржыға тән қор нысаны – міндетті сипаты, біржақты тәртіптегі құн қозғалысының баламасыздық сипаты – экономикалық категория ретіндегі қаржының айырықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.
Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Өзінің материалдық тұлғалануы бойынша қаржы – қоғамның қажеттіліктері мен өндірістің дамуы үшін пайдаланылатын мемлекеттің, оның муниципалдық құрылымдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақшалай қорлары Дәлірек айтқанда, бұл – елдің қаржылық ресурстары.
Бірақ мұндай сипаттама жеткіліксіз, өйткені экономикалық категория ретіндегі қаржының мәні оның маңызды болып табылатын сандық жағында емес, бұл категорияның жұмыс істеуі тек оған тән функцияларды орындау кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастардың мазмұнында ашылады. Мұндай тәсілдемеде қаржы дегеніміз бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды қалыптастыру және пайдалану жолымен олардың сан алуан мұқтаждарын қанағаттандыру үшін қоғамдық өнімді жасау және оның құнының қозғалысын қамтамасыз ететін ұдайы өндіріс үдерісін деп айда болатын экономикалық қатынастар.
Сонымен жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржыға мынадай түсініктеме беруге болады: қаржы – бұл: 1) ақшалай қорларды жасау, бөлу, қайта бөлу және пайдалану үдерісіндегі қатынастарды бейнелеп көрсететін экономикалық категория; 2) ақшамен айналысу және оны басқару практикасы; 3) қандай да бір жобаға қатысатын капитал; ең алдымен жаңа істі бастау үшін алынатын капитал; 4) белгілі бір, әсіресе қаржы компаниясы жасаған мақсатқа арналған ақшалай қарыз.