Мұстафина Р. Исламның Қазақстанға таралу тарихынан // Қазақ тарихы, № 5. 2004.

7-тақырып. Қарахан мемлекеті.

Жоспар: 1. Қарахан мемлекетінің құрылуы.

2. Феодалдық қатынастардың дамуы.

3. Сыртқы саясаты.
Қарахан мемлекетінің құрылуы. Қарахан мемлекеті Х ғ. ортасында Жетісу аумағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде пайда болды. Мемлекеттің құрылуында қарлұқ, жікіл және яғма тайпалары зор рөл атқарды. Қарахан әулетінің негізін салушы болып Сатұқ Боғра хан (915-955) есептеледі. Ол әуелі Тараз бен Қашғарды бағындырды, ал 942-жылы Баласағұн билеушісін құлатып, жоғарғы қаған атанды. Сатұқ Боғра ханның мұрагері Мұса 960-жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Оның астанасы Қашғарда орналасты.

Феодалдық қатынастардың дамуы. Қарахан мемлекетінің құрылымы феодалдық үлестік жүйеге негізделді. Мемлекет өз билеушілері басқарған бірқатар ірілі-ұсақты өңірлерге – үлестік жерлерге бөлінді. Округтердің орталығы болған Тараз, Испиджаб және Баласағұн ірі үлестер еді. Мемлекет басшысы – хақанның билігін іс жүзінде «ілек» деп аталатын үлестік билеушілер шектеп отырды. Хақанның төңірегінде сарай адамдарының: уәзірлердің, сарай күзеті бастығының, қазынашылардың, хат жүргізушілердің, елшілердің, т. б. болғаны белгілі. Отырықшы және көшпелі аймақтардың халқын басқару иерархиялық ұстанымдарға негізделгенімен, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері сақталды.

Қарахан мемлекетінде феодалдық қатынастардың дамуы – Қазақстан аумағында феодалдық құрылыстың нығаюының маңызды кезеңі болып табылады.

Сыртқы саясаты. Х ғ. аяғында Қарахан мемлекетінің билеушілері Мауараннахрда үстемдік еткен Саманилер әулетімен соғыстар жүргізді. Осы соғыстардың барысында Қарахан билеушісі Насыр ибн Әли 999-жылы Саманилердің астанасы болған Бұхараны басып алды, ал 1004-жылы Мауараннахр Қарахандардың иелігіне қосылды. Үлестік жүйеде негізі қаланған Қарахан мемлекеті шығыс және батыс иеліктерінен тұрды. Шығыс иелігіне Жетісу мен Шығыс Түркістан, батыс иелігіне Мауараннахр кірді. Екі иеліктің билеушілері арасындағы өзара тартыстар ХІ ғ. 40-жылдары Қарахан мемлекетінің екі дербес қағанатқа – Шығыс Қарахан және Батыс Қарахан болып бөлінуіне әкелді. 1089-жылы Салжұқ мемлекетінің билеушісі Мәлік шах Батыс Қарахан мемлекетіне басып кіріп, Самарқандты басып алды. Ал Шығыс Қараханның билеушісі Боғра хан өзін Мәлік шахтың вассалы ретінде мойындауға мәжбүр болды. Салжұқ сұлтандары Қарахан әулеті мүшелерінен өздеріне қолайлы хандарды тағайындап отырды. ХІІ ғ. басында Тараз бен Баласағұнның билеушісі Қадыр хан Жабырайылдың салжұқ үстемдігіне қарсы бас көтеруі сәтсіздікпен аяқталды. ХІІ ғ. 30-жылдары Шығыс Қарахан иелігінде, Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен Жетісуда шығыстан келген қарақытайлардың әскери-саяси үстемдігі орнатылды.
ОБСӨЖ тапсырмалары.

1-тапсырма. Негізгі ұғымдарға анықтама беру.

Яғма, жікіл, ихта, ихтадар, вакуф, музари немесе барзигар, коммендация, Газневилер, Саманилер.


2-тапсырма. Талқылауға арналған сұрақтар.

1. «Қарахан» терминінің шығуы туралы қандай болжамдар бар ?

2. «Қарахан» терминін ғылыми ортаға қай ғалым және қашан енгізді?

3. Қарахан мемлекетінің этникалық-тайпалық құрылымына сипаттама беру.

4. Қарахан мемлекетінде қандай жоғары лауазым иелері болды ?

5. Қарахан мемлекетінің алғашқы билеушілері және олардың мемлекеттің саяси жағдайын нығайту жолындағы әрекеті жайлы айту.

6. Қарахан мемлекетінің екіге бөліну себептерін анықтау.
3-тапсырма. Кестені толтыру.

№1-кесте.

Қарахан мемлекетінің сыртқы саясаты
Кімдермен күресті Уақыты Себептері Нәтижесі
Саманилермен
Салжұқтармен
Қарақытайлармен

№2-кесте.

Қарахан мемлекетіндегі жер иеленудің түрлері.
р/с Түрлері Кімдер иеленді Иелену үшін қойылатын талаптар
1. Ихта
2. Вакуф
3. Үлескерлік жер
4. Коммендация

4-тапсырма. Картамен жұмыс.

Картадан Қарахан мемлекетінің құрылған жер аумағын, оның Батыс және Шығыс хандықтары болып екіге бөлінгеннен кейінгі территориясын анықтап, контурлық картаға түсіру.


Әдебиеттер:

Абусеитова М.Х. и др. История Казахстана и Центральной Азии. А., 2001.

Бартольд В.В. История турецко-монгольских народов // Сочинения. Т. V. М., 1968.

Азақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. А., 1996.

Наши рекомендации