ІІІ. Жаңа білімді меңгеру. 1. Құқық қорғау органдарының маңыздылығы

1. Құқық қорғау органдарының маңыздылығы

2. Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті

3. Прокуратура

1. Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады:

а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен;

ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен;

б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру. 1. Құқық қорғау органдарының маңыздылығы - student2.ru

2. Полиция – Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар:

Ø қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады;

Ø патруль полициясы – көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды;

Ø жол полициясы – жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды;

Ø әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу;

Ø полицияның арнайы отрядтары – күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қаитамасыз етуге бағытталған және т.б.

ҰҚК органдары тікелей ҚР-ның ПРезидентіне бағындырылған. ҰҚК органдарының басты міндеті ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген адамдарының барлау және дұшпандық қызметімен күрес болып табылады. Бұл күрес заңға сәйкес жария, сондай-ақ жария емес құралдар мен әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі.

ҰҚК органдарының қызметіндегі басқа маңызды бағыт – лаңкестікпен, заңсыз қару айналымымен, нашақорлықпен, жемқорлықпен, контрабандамен, пара алумен, басқа да ауыр қылмыстармен күресу болып табылады.

3. ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген.

Прокуратураның басты міндеті:

– барлық мемлекеттік органдардың,

– қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Заңдарды,

– Президенттің жарлықтарын,

– басқа құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Сыныпты 3 топқа бөліп, «Полиция», «Ұлттық қауіпсіздік комитеті» және «Прокуратура» деп атаймыз. Әр топ өз атауларына сәйкес қызметтерін сипаттайды.

V. Үй тапсырмасын беру.Құқық қорғау органдары

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық
Сынып: 11 Сабақ: 31 Күні:

Тақырыбы:Құқықтық реттеу негіздері

Сабақтың мақсаты:Құқықтық реттеудің маңыздылығын түсіндіре отырып, білімдерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Құқықтық реттеудің ерекшелігіне, әдісіне, түрлеріне тоқталып, мәнін түсіндіру.

Дамытушылық:Тұлғаның құқықтық мәнді сапасын қалыптастыру

Тәрбиелік:Отандық құқықтық мәселесін қозғай отырып, дамыту мақсатында оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:сыныптық

Сабақты ұйымдастыру әдісі: лекция

Көрнекілігі:оқулық

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Құқық қорғау органдарының маңыздылығы

2. Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті

3.Прокуратура

Наши рекомендации