Да ХХ ғасырдың ІІ жартысында еуразияшылдықты насихаттаған ғалымдар. 2 страница

39. Г.В.Вернадскийдің «Биосфера ілімі» туралы тұжырымдамасы

Биосфера – ғаламшардағы тірі ағзалар мекендейтін Жердің күрделі сыртқы қабаты. Бұл терминді австрия ғалымы Э.Зюсс 1875 ж. енгізген.

В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімінің маңызды бөлігі болып саналатыны оның пайда болуы мен дамуы туралы көзқарас. Тіршіліктің алғашқы түрлері анаэробтық бактериялар болған. Ал тірі заттың құрушы және дамытушы орны тек автотрофтар – цианобактериялар және көкжасыл балдырлар (прокариоттар) одан кейін нағыз балдырлар мен жер өсімдіктері (эукариоттар) пайда болғаннан кейін іске аса бастады. Осы ағзалардың әрекеті биосферада бос оттегінің жиналуына әкеліп соқты. Бұл эволюцияның ең маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады. Бұлармен қатар гететрофтар да дами бастады. Бұлардың даму уақыты құрғаққа шығып, құрылықтарда қоныстануынан және адамның пайда болуынан басталады.

Вернадский ілімінің биік шыңы – ноосфера – сана сезім сферасы туралы ілімі. Бұл ілімінде ол ғаламшар үрдісіндегі тіршіліктің, тірі заттың геологиялық орнын, мәнін ашты. Осы жандылардың ішінен Вернадский адамды ең қуатты геологиялық күш деп бағалады. Сонымен, ноосфера – ондағы зат пен энергия алмасу табиғи үрдістерін қоғам қадағалап отыратын орта. Вернадский биосфераны үш құрауышқа бөледі:

1) тірі зат – тірі ағзалар биомассасынан құралған;

2) биогендік зат – детриттердің барлық түрлері, сондай-ақ шымтезек, көмір, мұнай және биогендік текті газ;

3) биокостық зат – биогендік заттардың биогендік емес минералдық жыныстармен қоспасы (топырақ су түбіндегі балшық, табиғи сулар, шөккен карбонаттар және т.б.); костық зат – ағзалардың тікелей биогеохимиялық әрекеті әсер етпеген тау жыныстары, минералдар, шөгінділер

Сонымен, биосфера – ғаламшардағы зат айналымына ықпал етіп тұрған ең ірі кеңауқымды экожүйе.

40. Г.В.Вернадскийдің өмір жолы мен шығармашылығы

Вернадский Георгий Владимирович-1888-1973 жж. – белгілі орыс және американ тарихшысы, атақты ғалым В. И. Вернадскийдің ұлы. Мәскеу №5 гимназиясында оқыған. 1905 жылы Мәскеу университетіне түскен. Алайда 1905 ж. революциясы басталған кезде ол оқуын тастап, Германиядағы Фрайбург және Берлин университеттерінде оқуын жалғастырған.

1910 ж. Мәскеу университетіне қайтып келіп, ұстаздық қызмет атқарған. Бірақ

1920 жылы эмиграцияға кетіп, Константинополь, Афина, Прага, Карлова университетінде орыс заң факультетінде оқытушы қызметін атқарған.

1927 жылы Йель университетіне АҚШ-қа (Нью-Хейвен, Коннектикут штаты) шақыртылады. 1946 жылы осы университет Ресей тарихы профессоры атағы беріледі. 1956 ж. зейнеткерлікке шыққан.

Еңбектері: «Русское массонство в царствование Екатерины ІІ»; «Очерк истории права Русского государства ХҮІІІ-ХІХ вв.» Прага: Пламя, 1924; «Русская история», М.: «Аграф», 1996; «Древняя Русь»; «Россия в средние века Тверь», Тверь-М.: «Леан», «Аграф», 1997 «Русская историография»; «Московское царство»; «Монголы и Русь. Тверь-М. : «Леан»; Аграф», 1997.

41. Л.Н.Гумилевтің өмірі мен өскен ортасы

Л.Н.Гумилев (1912 -1992 жж.) – ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы. Оның Еуразия тарихы, түркі және славян, Азия және Еуропа халықтарының тарихы жөніндегі еңбектері зерттеу нысанасы- Еуразия аймағы мемлекеттерінің, халықтарының, мәдениеті мен тілінің тарихы болып табылатын шын мәніндегі «еуразиятану» ғылымындағы пәнаралық бағытты дамытты. Бұл жағынан алғанда, Л. Н. Гумилев тек еуразияшыл ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, түркология мен славистиканы жақындастырған шығыстану мен ресейтанудың арасындағы ғылыми шыңды бағындырған еуразиятанушы-зерттеуші.

Балалық шағын Тверь губерниясының Слепнёво атындағы Бежецк уезінде әжесінің қолында өткізген. 1917 - 1929 жылдары аралығында Бежецк қаласында тұрды. Бежецк қаласының №1 мектебінде 1926 жылдан 1929 жылға дейін білім алды. Ал 1930 жылы Ленинградта оқыды. 1930—1934 жылдары Саян, Памирдегі, Қырымдағы экспедицияларда жұмыс істеді. 1934 ж. Гумилев Ленинград университетінің тарих факультетіне түсіп, Батыс пен Шығыстың өздеріне тән әр түрлі мәдениеттерінің бір-бірімен байланысы, сонымен қатар ерте орта ғасырлардағы халықтардың тарихи жөніндегі мәселелер қамтылған алғашқы «Удельно-лестничная система у тюрок в VI – VIII вв.» мақаласын жаза бастайды. Бірінші рет 1935 ж. түрмеге қамалады, бірақ анасының аралсауымен көп уақыт өтпей босатылады. 1938 ж. Гумилев қайта түрмеге қамалып, 5 жылға бас бостандығынан айрылады. 1944 ж. өз еркімен майданға кетіп, 1945 ж. Берлин операциясына қатысады. 1945-1948 ж. университетті жедел (экстерно) түрде бітіріп, «Политическая история первого тюркского каганата (546-656)» атты кандидаттық диссертация қорғады. Тұтқында жүргенде «Хунну» кітабын жазып, ол кітап кейіннен «Степная трилогия» кітабының бір бөлігі болды: «Хунну» (1960), «Древние тюрки» (1967), «Поиски вымышленного царства» (1970). Алғашқы екі кітабында Гумилев ұлы дала этносының тарихын суреттесе, «Поиски вымышленного царства» бөлігінде еуропалықтардың Еуразия даласының тұрғындарына алдын ала жоспар бойынша жасалған қарым-қатынастарының қалай туындағаны көрсетілген. 60-70 жылдарда Гумилевтің ғылыми еңбектерінің тарихи құрылымы жалпылама түрде қабылданған кеңестік тарихи ғылымнан түбегейлі айрықша болды, сондықтан да оның жұмыстары теріс бағаланды. Гумилевтің зерттеу әдістері толық көлемде «Этногенез и биосфера Земли» (1989) мақаласында көрсетілген. Гумилевтің тарих ғылымына қосқан негізгі үлесі «Древняя Русь и Великая степь» (1989) мақаласы болды. Онда IX-XII ғасырлардағы Еуразия этностарының бір-біріне өзара әсерлері қарастырылған. Автордың айтуы бойынша, тарих ұзақ уақыт бойы еуроорталықтандырушылық ұстаныммен бағаланды. Гумилев тарихтың міндеті цивилизацияның («суперэтностармен») ауысуына қатысты, тарихи процестердің мәніне байланысты этностардың дамуын оқып үйрену деп санады. Тарихи зерттеулердегі осы бағыт қазіргі уақытта жүзеге аса бастады. 1991 жылы Ресей жаратылыстану ғылымдарынң акдемигі (РАЕН) болып таңдалды. Зейнетке шыққанға дейін 1986 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің география Ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді. 1992 жылы 15 маусымда Санкт-Петербургте қайтыс болды. Александро-Невской лаврлары Никольскта жерленген. 2005 жылы тамызда Қазанда «Санкт-Петербург күндеріне және Қазан қаласының мыңжылдығын тойлауына байланысты» Лев Гумилевке ескерткіш қойылды, онда мынандай сөздер жазылған : «Өмір бойы татарларды жала жабудан қорғаған орыс адамына». Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен 1996 жылы Қазақстан Республикасының елордасы Астанадағы жоғары оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Гумилевтің есімімен аталды. 2002 жылы университет қабырғасында Л. Н. Гумилевтің кабинет-мұражайы құрылды.

42.Л.Н.Гумилевтің алғашқы ғылыми ізденстері

Л. Н. Гумилев бар ғұмырын Батыс пен Шығыстың өздеріне тән әр түрлі мәдениеттерінің бір-бірімен байланысы, сонымен қатар ерте орта ғасырлардағы халықтардың тарихын тереңнен зерттеп-зерделеуге арнаған болатын.

Ол «Политическая история первого тюркского каганата (546-656)» атты кандидаттық диссертация қорғағаны мәлім. Тұтқында жүргенде «Хунну» (1960) кітабын жазып, ол кітап кейіннен «Степная трилогия» кітабының бір бөлігі болды. Сондай-ақ, оның «Древние тюрки» (1967), «Поиски вымышленного царства» (1970) атты еңбектері бар. Алғашқы екі кітабында Л. Н. Гумилев Ұлы дала этносының тарихын суреттесе, «Поиски вымышленного царства» бөлігінде еуропалықтардың Еуразия даласының тұрғындарына алдын-ала жоспар бойынша жасалған қарым-қатынастарының қалай туындағаны көрсетілген.
60-70 жылдарда Л.Н. Гумилевтің ғылыми еңбектерінің тарихи құрылымы жалпылама түрде қабылданған кеңестік тарихи ғылымнан түбегейлі айрықша болды, сондықтан да оның жұмыстары теріс бағаланды.
Л.Н. Гумилевтің зерттеу әдістері толық көлемде «Этногенез и биосфера Земли» (1989) атты зерттеу жұмысында толық айқындалған. Оның тарих ғылымына қосқан негізгі үлесі «Древняя Русь и Великая степь» (1989) деген еңбегі болды. Онда IX-XII ғасырлардағы Еуразия этностарының бір-біріне өзара әсерлері қарастырылған. Автордың айтуы бойынша, тарих ұзақ уақыт бойы еуроорталықтандырушылық ұстаныммен бағаланды. Л.Н. Гумилев тарихтың міндеті цивилизацияның («суперэтностармен») ауысуына қатысты, тарихи процестердің мәніне байланысты этностардың дамуын оқып үйрену деп санады.

43. Л.Н.Гумилевтің пассионарлық идеясы (мәні,теориялық негіздері)

ев Гумилевтың этногенездік Пассионарлық теориясы тарихтағы оқиғаларды этностардың дамуы мен сол ландшафттың және басқа этностардың арасындағы қарым - қатынас ретінде сипаттайды. Негізінен мақала ретінде рецензиялық журналдарда басылып шығарылды, кейін диссертация негізінде көрсетілді, өзінің докторлық степендиясын қорғау мақсатында, бірақ ЖАК - мен қабылданған жоқ. Лев Гумилевтың гипотезасы этнос ұғымын (дәлірек, этникалық жүйелердің бірнеше түрін) анықтайды және сипаттайды, сонымен қатар Пассионаризм ұғымын енгізеді және типикалық этногенез процессін және этностар арасындағы өзара байланысты сипаттайды.

ассионаризм Пассионаризм — биохимиялық энергияның кей түрінің шамадан тыс болуы, сонымен қатар адамның ішіндегі анықталмаған, сол адамның өмірін және қоғамды өзгертуге бағытталған талпыныс. Ол ерлік және қылмыс, шығармашылық және құрту, жақсылық және жамандық, махаббат және жеккөрушілік. Адамға өз өмірінен қымбат зат - оның мақсаты. Ол адамды һақарман етіп те, көшбасшы етіп те көрсетпейді, өйткені адам сол ортаның жаман және жақсы жақтарын анықтай алған жағдайда пассионарлық топтың мүшесі болып есептеледі.

44. Л.Н.Гумелевтің теориялық тұжырымдамаларының мәні мен ерекшеліктері

1980-жылдардың соңына қарай тарихи еуразияшылыққа деген қызығушылық арта түсіп, осы идеямен қаруланған тұлғалар қатарының саны артқандығы да белгілі. Сондықтан, ХХ ғасырдың соңында орыс қоғамында еуразияшылық идея жандана түсіп, Ресей ғалымдары ұлттық-мемлекеттік идеологиясыз халықтың күш-жігерін державаны қалпына келтіруге бағыттай алмайтындығын да жазуда.

Орыс ғалымдары Л.Н.Гумилевтің еуразияшылықты ғылыми теорияға айналдырғандығын, сондықтан осы теория негізінде орыс халқының, со­нымен бірге Ресейдің өзге де жергілікті халықтарының мүддесін көздейтін ұлттық-мемлекеттік идеологияны жа­сау қажеттігін де іргелі мәселе ретінде көтеруде. Ұлттық, бірінші кезекте орыс проблемасын шешу ісінде Л.Н.Гумилевтің қағидаларын қажеттеріне жаратып, Ресей мемлекетінің геосаяси дамуына идеялар ұсынуда.

Еуразияшылық идеясының славян-түркі байланысын қайта жандандыруға өзек болатындығы бізге тиімді екендігі де рас. Осы көзқарасты жақтаушы ғалымдар Еуразия құрлығындағы ортақ тарихи-мәдени құндылықтарды даму көзі ретінде қарастырады. Олар Ұлы дала тарихының әлемдік өркениетке қосқан үлесіне оң баға беріп, орыс тарихының «татарлармен» тығыз байланысатындығын көрсетті.

Ең басты мәселе еуразияшылық иде­ясын тарихи жүріп өткен ізімен және оны заманауи түсінікпен (тарихи шындықты бетке ала отырып) ұғынуда болып отыр. Себебі, тарих – қоғамдық сананы қалыптастырушы қуатты құрал. Үстем мемлекеттердің тарихи көзқарасты өздерінің саяси мақсаттарына орай пайдаланатындығы да ешкімге құпия емес. Мәселен, тарихтың жеткіншегі ретінде қалыптасқан этнология, этногра­фия ғылымдарының саяси мәнін ешкім де жоққа шығармайды. Сондықтан, та­рихи көзқарастарды зерделегенде ұлттық мүддені ешқашан естен шығармауымыз керек. Себебі, кейбір орыс ғалымдарының «Создание русским этносом из Москов­ского княжества российской державы можно объяснить двумя основными причинами. Во-первых, высокой пассио­нарностью русского народа, которая позволила ему освоить необходимое жизнен­ное пространство и навязать свою волю другим народам Евразии. Во-вторых, осо­бенностью стереотипа поведения русских в области межнациональных отношений, в силу которой присоединенные народы не превращались в людей второго сорта, а вовлекались на равных правах в процесс государственного строительства» -деп жазғандары тарихи шындықты дәл көрсете алмайды. Сөзімізді Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің президенті Юрий Афанасьевтың: «Кез келген адам­нан «Дмитрий Донской кім болған» деп сұраңызшы. Куликово шайқасы, татар езгісінен құтылу деп жауап береді. Егер «татар езгісінен құтылу» дегенді Дмитрий Донскойдың өзіне айтса, ол есінен адасып кетер еді. Себебі, ол мой­ындайтын патша татар патшасы ғана болатын. Ал Мамай өзін хан жасағысы келген көлденең көк аттының бірі болды. Донской осыған қарсы шығып, заңды патшаны қорғаған. «Татарлардан азат болу» деген сандырақты ол қабылдамас еді. Бірақ қазір осылай сөз саптау біздің тарихи қағидамызға айналып кетті» -деп айтқанымен дәлелдей аламыз. Ал, Л.Н.Гумилев көшпелі мәдениеттің та­сымалдаушылары ғұндар, түрік халықтарының салт атпен жүріп Еуропа мәдениетіне шалбар киюді үйреткендігін де жазғанды.

Ресей ғалымдарының бірсыпырасы мемлекетті құрушы орыс этносы еуразияшылықты орыс идиологиясы ретінде қабылдамағандықтан, бұл идея құндылық деңгейінде қалып, күшке айналмады деп жазуда. Тіпті, еуразияшылықты орыс ұлтының дамуына қарсы идеология ретінде қабылдайтын да көзқарастар ара тұра кездесіп қалады. Сондықтан, бір ұлтты биіктетіп, екіншілерін аласартып көрсету тарихты бұрмалау болып табы­лады деген пікірді ұстанамыз.

Орыс ғалымдардың пікірінше, Л.Н.Гумилевтің еуразиялық көзқарастары еуразиялық идея дамуының жоғары сатысы болып табылады. Сондықтан, осы шағын мақалада Л.Н.Гумилевтің еуразиялық көзқарастарының тарихи мәнін және оның қазақ ұлтының этникалық өздік сана мәселелеріне қатысты қырларын зерделеу-ге ұмтыламыз.

1970 жылдары кеңестік тарихнама­да Л.Н.Гумилевтің еңбектерін зерт­теу басталған-ды. Гумилевтің кеңестік тарихнаманың тезіне көнбеген эт­нос, этногенез, пассионарлық тура­лы көзқарастары, түйіндеп айтқанда, этнологиялық тұжырымдары бір жақты сынға ұшырағандығы оқырманға жақсы таныс. 1990 жылдардың соңында Л.Н.Гумилевтің тарихи тұжырымдарын еуразияшылықпен сәйкестендіріп, соны­мен қатар этногенез мәселесінің жалпы заңдылықтарын айқындау ісіне алғашқы қадамдар жасауға ұмтылыс танытқан еңбектер жарық көре бастады.

Л.Н.Гумилев орыс идеясынан сусындағандықтан, орыс идеологиясын насихат­тады. Ғалымның «Ресей өзін Евразиялық держава ретінде ғана құтқарып қала алады, тек евразияшылдық арқылы ғана» -деп жазғаны да белгілі. Ғалым Н.С.Трубецкой, П.Н.Савицкий және Г.В.Вернадский секілді ойшылдардың негізгі тарихи-әдіснамалық тұжырымдарымен келісетіндігін бірнеше мәрте айтып, алайда, «олардың этногенез теориясындағы басты мәселе – пассионарлықты ұғынуды ескермегендігін» жазған еді. Ғалымның пікірінше, этностар пассионарлық сер-пілістің нәтижесінде туындайтын табиғи құбылыс болып табылады. Этнос өзінің өмір сүруіне қажетті әлеуметтік ин­ституттарды, соның ішінде мемлекетті қалыптастырады. Сонымен қатар, этностардың тұрмыс-тіршілігіне табиғи ортаның тигізер ықпалы тұрғысында көптеген тың ойларын қалдырған-ды. Мәселен, Л.Н.Гумилев 1966 жылдың 17 ақпанында өткен КСРО Географиялық қоғамының Этнография бөлімінің мәжілісінде «Этнос және ландшафт. Та­рихи география халықтанудың бірі» атты баяндама жасайды. Ғылыми тұжырым-дарға негізделген баяндама «талқылау үшін» редакциялық белгісімен екі жылдан соң ғана жарияланған еді.

Л.Н.Гумилевтің «Этностардың өзіндік сыртқы ерекшеліктерін анықтайтын эт­нография тәрізді сипаттамалы ғылыммен қатар этногенез және адамзат пен тірі және қатып қалған табиғат арасындағы өзара қарым-қатынастың мәселелерін шешетін халықтану (этнология) ғылымын шығару мүмкіндігі бар. Бұл жаңа ғылым өзінің пәні, аспектісі және әдістемесі бойынша гуманитарлық ғылым қатарына емес, жаратылыстану ғылымдарына жатады» -деген тұжырымы этнологияның дербес ғылым ретінде дамуы мемлекет ісінің алға басуына оңтайлы әсерін тигізетіндігін айқындап тұр.

Көшпелі халықтардың тарихы мен мәдениеті жөнінде көптеген еңбектер жазған зерттеуші, космолог, белгілі шығыстанушы, құрлықтардың өзара байланысы жөніндегі жаңа тұжырымдама мен жобаның авторы академик Джангар Пюрвеев Л.Н.Гумилевпен 1991 жылғы қазан айында соңғы рет әңгімелескен-ді. Сол сұхбатта Лев Николаевич өзінің еуразияшылық көзқарастарын анық айтқан еді: «Ұлттар табиғи түрде үлкен топтарға бірігеді, мен бұларды «суперэтностық топтар» деп атаймын. Этностық емес, суперэтностық. Біздің суперэтностық тобымыз Қытай мен Еуропаның аралығында жатыр және оның айрықша этностық нақышты тұтастығы бар. Бұл топтағы халықтар бірге болуға, бірін бірі жақсы көріп, құрметтеуге тиіс. Бірақ, бұл – бірге болу әлдекімге еліктеу немесе қайтадан оқып, үйрену негізінде емес, әр ұлттың өзінің дербес мәдениеттері негізінде жүзеге асырылады. Әр халықтың өз мінез-құлық стереотипіне құқығы бар, ол өзін өзіне ыңғайлы деп тапқан орайда ұстай алады, халықтың осы ерекшелігімен санасу керек және бұл құрметтелуге тиіс. Сол себепті мен орыстарды қалай сыйласам, қалмақтар мен якуттарды да, қазақтар мен бурят­тарды да солай сыйлап, құрметтеймін. Олардың бәрінің де біртұтас еуразиялық отбасында бірге туған бауырлардай болуға толық құқығы бар». Сондай-ақ, ғалым халықтың тарихқа қосқан үлесі оның санына байланысты болмайтындығын, мәселен, Еуропа мәдениетіне саны миллионға жетпейтін байырғы гректер жұрттың бәрінен көп үлес қосқандығын түйіндеген еді. Осы тұста Алаш зиялыларының «Ел қалыңдауы мен мәдениет жоғарылауы ара­сында не сабақтастық бар? Мәдениеттің негізгі себепкері ел тығыздығы деген тым көтеру болады…» -деген пікірін айта кеткеніміз жөн болар еді.

45. Л. Н. Гумилев еңбектеріндегі түркі халқы тарихының зерттелуі.

Лев Николаевич Гумилев (1912 -1992 жж.) – ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы. Оның Еуразия тарихы, түркі және славян, Азия және Еуропа халықтарының тарихы жөніндегі еңбектері зерттеу нысанасы- Еуразия аймағы мемлекеттерінің, халықтарының, мәдениеті мен тілінің тарихы болып табылатын шын мәніндегі «еуразиятану» ғылымындағы пәнаралық бағытты дамытты. Бұл жағынан алғанда, Л. Н. Гумилев тек еуразияшыл ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, түркология мен славистиканы жақындастырған шығыстану мен ресейтанудың арасындағы ғылыми шыңды бағындырған еуразиятанушы-зерттеуші.

Л. Н. Гумилев бар ғұмырын Батыс пен Шығыстың өздеріне тән әр түрлі мәдениеттерінің бір-бірімен байланысы, сонымен қатар ерте орта ғасырлардағы халықтардың тарихын тереңнен зерттеп-зерделеуге арнаған болатын.

Ол «Политическая история первого тюркского каганата (546-656)» атты кандидаттық диссертация қорғағаны мәлім. Тұтқында жүргенде «Хунну» (1960) кітабын жазып, ол кітап кейіннен «Степная трилогия» кітабының бір бөлігі болды. Сондай-ақ, оның «Древние тюрки» (1967), «Поиски вымышленного царства» (1970) атты еңбектері бар. Алғашқы екі кітабында Л. Н. Гумилев Ұлы дала этносының тарихын суреттесе, «Поиски вымышленного царства» бөлігінде еуропалықтардың Еуразия даласының тұрғындарына алдын-ала жоспар бойынша жасалған қарым-қатынастарының қалай туындағаны көрсетілген.

60-70 жылдарда Л.Н. Гумилевтің ғылыми еңбектерінің тарихи құрылымы жалпылама түрде қабылданған кеңестік тарихи ғылымнан түбегейлі айрықша болды, сондықтан да оның жұмыстары теріс бағаланды.

Л.Н. Гумилевтің зерттеу әдістері толық көлемде «Этногенез и биосфера Земли» (1989) атты зерттеу жұмысында толық айқындалған. Оның тарих ғылымына қосқан негізгі үлесі «Древняя Русь и Великая степь» (1989) деген еңбегі болды. Онда IX-XII ғасырлардағы Еуразия этностарының бір-біріне өзара әсерлері қарастырылған. Автордың айтуы бойынша, тарих ұзақ уақыт бойы еуроорталықтандырушылық ұстаныммен бағаланды. Л.Н. Гумилев тарихтың міндеті цивилизацияның («суперэтностармен») ауысуына қатысты, тарихи процестердің мәніне байланысты этностардың дамуын оқып үйрену деп санады.

Л.Н.Гумилевтің көне түріктер тарихына арналған кандидаттық және докторлық диссертациялар негізге алсақ, ол – тарихшы‑шығыстанушы. Сонымен қатар Лев Николаевичті түрколог ретінде тануға болады, алайда бұл мамандық түркі халықтарының тілі мен әдебиетін зерттейтін филологиялық, лингвистикалық бағыт болып табылады, ал бұл Л.Н.Гумилевтің ғылыми қызығушылығымен мүлдем сәйкеспейді. Оның шығармашылығын жинақтай келгенде, біз оның белгілі бір шығыс тілінің, аймағының немесе кезеңінің шеңберіне сыймайтын – шын мәніндегі еуразиялық масштабтағы ғалым екендігін мойындауымыз керек.

Л.Н.Гумилев – энкциклопедист, жалпы тарихтың білгірі. Ғұндар мен көне түріктерді оқу арқылы ол уақыт өлшемі бойынша кейінгі орта ғасырды зерттеді. 1930 жылдар мен 1990 жылдардың басына дейінгі аралықтағы оның ғылыми зерттеулерінің пәні тек бір ғана этникалық топ емес, тұтас Еуразия халықтары болды.

Л.Н. Гумилев Еуразияның дала халықтарының алдымен саяси, одан кейін этникалық тарихын зерттеу арқылы дәстүрлі филологиялық немесе әлеуметтік‑экономикалық шығыстану ғылымының шеңберінен шығып кетті. Ол кез келген ғалымның бағына бұйырмайтын аймақтық (еуразиялық) тарих деңгейіне, содан барып әлем тарихының концептуалды деңгейіне көтерілді.

Л.Н.Гумилевтің тарихшы ретіндегі тағы бір ерекшелігі оның бір жағынан ғұндардың, түркілердің, хазар мен монғолдардың тарихын зерттеуімен қатар, екінші жағынан өзінің жеке этнология нұсқасын, оның ішінде этногенез теориясын жасауы.

Наши рекомендации