Бюджеттік жүйенің қызмет ету принциптері. Біртұтас және федералды мемлекеттердегі бюджеттік жүйенің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі ынтымақтык, толығу, бірізділік, басымдылық, шынайшылық, жайдарылық, дербестік, жауаптылық, тиімділік және нәтижелілік принциптерге негізделеді. Бұл принциптер арасында басты болып ынтымақтық және дербестік принциптері саналады, олар бюджеттік процесті ұйымдастырудың да негізгі принциптері болып саналады. Бюджеттік кодексте жоғарыда айтылған принциптердің әр біреуіне түсініктеме берілген.
Ынтымақтық принцип- бюджеттік жүйенің ұйымдастыру-экономикалық орталықтандыру дәрежесін көрсетеді. Ең толық түрде бұл принцип Кеңес Одағының бюджеттік жүйесінде болды. Қазіргі қезенде жергілікті билік органдарының дербестікке ие болғанына және оларға қаржылық ресурстармен билік жүргізу жөнінде бірсыпыра құқық берілгеніне байланысты ынтымақтық принцип босаңсытылып қалды.
Республика аумағында әрекет жасайтын мемлекеттік кірістер мен мемлекеттік шығыстар жалпы бірыңғай жүйесі бар екені осы ынтымақтык принцип арқылы дәлелденеді. Бүл принцип бюджеттік жоспарлау әдістемесі мен ұйымдастыру бірлестігіне және жоспарлау мен әлеуметтік-экономикалық болжамдау өзара байланысына кепіл береді. Осы принциптің негізінде заңнамалық, өкілдік органдар жағынан бюджет қаражаттарының қозғалысына тиімді бақылау жүргізіледі.
Бюджеттік жүйеяің ынтымақтық принципі бірыңғай құқықтық база, бірыңғай бюджеттік жіктеу арқылы бюджеттерді сапқа тізу бюджеттік процесті іске асыруда бірыңғай шаралар пайдалану, статистикалық және қаржылық акпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларының бірлестігі, бірыңғай ақша жүйесі, бірыңғай әлеуметтік-экономикалық және салықтык саясатпен қамтамасыз етіледі. Бұл принципті колданған бюджетті кұрастыру мен бекітуде көбінесе артықшылығы бар бюджеттік баптардың болмауына әсерін тигізеді.
Толығу припципі- бюджеттер мен Ұлттық қорда республиканың заңнамаларымен карастырылған, объективті және сенімді көрсеткіштер негізіндегі кірістер мен шығыстар толық көлемінде болуын қадағалайды. Үкіметте бюджетте қарастырылғаннан басқа ешкандай да кірістер мен шығыстар болуы тиісті емсс. Сонымен қатар, бюджет қаражаттарын пайдалануда есепке жатқызудың өзара талаптары мен талаптар құқығына жол беру жіберілмейді. Бюджеттің толығу принципімен бюджет-брутто мен бюджет-нетто түсініктері байланысты. Бюджет-брутто мемлекеттің кірістер мен шығыстар бойыиша барлық каржы операцияларын көрсетеді. Ал бюджет-нетто тек кана бюджет баптарының қалдықтарын көрсетеді, яғіш әр бап бойынша кіріс түсіруге жұмсалған шығындарды алғаннан кейінгі түсімдерді көрсетеді.
Қазіргі кезеңде әлемдік тәжірибеде бүл принциптщ лайықтылығы шамалы деп есептеледі, себебі оны қолдану бюджетті қажетті емес өз алдына бөлек болатын шығыстармен толтыруы мүмкін. Қазақстанда мемлекеттік қаржы құралдарын қалыптасуда орталықтырылған әдіс колданады, сондыктан 1998 жылдан бастап барлық бюджеттен тыс қорлар жойылған.
Шынайшылық принципдеген бюджеттің қабылданған көрсеткіштерінің республика мен аймақтардын әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімді жоспарлары және ортамерзімді фискалдык саясаттың бекітілген параметрлері мен бағыттарға сәйкестігі. Сондықтан бюджет көрсеткіштерінің шынайшылығы экономика ахуалы және өндіріс көлемін объективтік бағалау мен әлеуметтік-экономикалык даму жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштеріне негізделеді.
Шынайшылык принцип бюджет аткару жөнінде есеп беруді бұрмалауыи болдырмау мен жогоға қажет. Ол мемлекеттің каржы операцияларын әділетті көрсету мен бекітілген сомалар бюджеттік белгілеулерге пайдалануын қарастырады. Шынайшылық даму болжамдар мен бағдарламалар керсеткіштері және бюджеттік резервтер барлығымен қуатгандырылған негіздегі барлың кіріс көздері мен шығыс бағыттары есептемелерімен дәлелденіп анықталады.
Бюджет жүйесінің жайдарылық принципібекітілген бюджет пән оны аткару есебі жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын керек етеді. Бүл қоғам мүшелерінің әр біреуіне мемлекетгің болашақ кірістері мен шығыстары, әсіресе қаражат шығындарының негізгі бағыттарымен, оның ішінде әлеуметтік салаға арналған қаражаттар көлемімен танысуға мүмкіншілік береді. Жайдарылық принциптің түсінігіне толығырақ сипаттаманы былай беруге болады — ол бюджеттік заңнамалар аумағындағы нормативтік-құқықтық актілер, бюджеттер мен оларды атқару жөніндегі есептер және фискалдық саясат жөнінде басқа да ақпараттарды міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы мен мемлекеттік қаржы бақылау жүргізу.
Жергілікті бюджеттердің жөнді мен тиімді іс-әрекеттің шарттары болып дербестік пен теңгерулік табылады. Бюджеттердің дербестік принципімаңында олардың кірістері өздік қайнар көздерінің түсімдері арқылы қалыптасу мен сол кірістер көлемінде ғана пайдалану бағыттары анықталуы түсініледі. Бұл принципті қолдану әр деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдерді тұрақты түрде бөлуін кірістіру мен олардың жұмсау бағыттарын анықтау және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін бюджеттік заңнама негізінде бюджеттік процесті өз еркі іске асыруына құкық берумен қамтылады.
Бұл принцип биліктің өкілетті және атқарушы органдарының аймақтар деңгейінде қаржы ресурстарды пайдалану мен жұмсау жөніндегі құқықтарын бірсыпыра кеңейтеді, себебі жергілікті бюджеттерді атқарған процесте қосымша алынған кірістерді жоғары деңгейдегі бюджетке қайтарып алуы мен жергілікті бюджеттер қосымша ресурстармен қамтылмаса оларға қосымша шығындар салуы жіберілмейді.
Бюджеттердің дербестігін бюджет жүйесінің барлық буындарының түсімдер көздері заңмен бекітілу мен бюджет құралдарын
Федералды мемлекеттерде жергілікті бюджеттердін кіріс пен шығыстары федерация мүшелерінің бюджеттеріне, ал федерация мүшелері өз кірістері және шығыстарымен федералды бюджетке кірмейді. Біртұтас мемлекеттерде жергілікті бюджеттер өз кірістері және шығыстарынен республикалык бюджетке кірмейді, яғни олар дербесті болады. Жоғары экономикалык және әлеуметтік тиімділікке жетуүшін шығыстар неғүрлым жергілікті әкімші-аумактық бірлікке жақын болуы қажет, себебі сол бірлік мүдделеріне жұмсалатын шығыстар.
Мемлекет біртұтас немесе федералды болсын олардың бюджеттік жүйелерінде бюджеттер әр түрлі деңгейде оңашалану мен дербестігі болуы мүмкін, бірақ та орталық бюджет маңында әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтандырылған деңгейге байланысты төменгі түрған бюджеттерге қатынасты белгілі бір реттеуші рөлі сақталады. Қазақстан Республикасында, екі буынды бюджеттік жүйе қолданылады - республикалық бюджетжәнежергілікті бюджеттер.