Жж. Ұлттық зиялы қауым өкілдеріне қарсы репрессиялар. 1 страница

1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И. В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.

Осындай жағдайда И. В. Сталин мен оның серіктері мүмкін болатын оппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық республикаларда да біржолата талқандауды ұйғарды.

1928 жылдың ортасынан бастап Алаш қозғалысына қатысқан зиялылар жаппай тұтқындала бастады. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген жалған айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады. Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Орталық, Ресейге жер аударылды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Соңғы зерттеулер бойынша 1931жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да соттан тыс және сот органдары 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкім орындалса, ал 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың қатарына 1931-1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін қорғағандар да қосылды. Ашық сот процестері 1937 жылы республиканың Үржар, Преснов т. б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ә. Асылбеков, Н. Нүрсейітов, М. Ғатаулин т. б. басшыларының үстінен жүргізілген сот процесі халықтың жан-жақты талқылауына ұласты. Алайда «халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү.Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О.Жандосов, Т.Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды.

1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің айнымас серігі - мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заң бұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді. Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Мысалы, 1926жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің I тарауында көрсетілген контрреволюциялық қылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза - ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап, азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды.

Тоталитарлық тәртіп адамдардың өздеріне қарсы қойылған айыптауларды әділ, жан-жақты талқылайтын соттың қарастыруын талап ету сияқты ажырамас құқығын да теріске шығарды. БОАК-нің 1919 жылғы 17 ақпандағы «Бүкілресейлік Төтенше Комиссия туралы» декретінің өзінде қарулы қарсылық (контрреволюциялық, бандиттік) көрсетілген жағдайда төтенше комиссияларға тікелей қару қолданып, жазалау әрекеттерін жүзеге асыру құқығын сақтаған ереже бекітілді.

Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың «мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды. Негізінен көршілердің, қызметтестердің, тіпті таныстар мен туыстардың жалған ақпараттарына негізделген, Кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыптау да кең тарады. Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық, ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысқан ұлттық ауытқушылық үшін айыптау да кең қолданылды. Көптеген адамдар террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшін негізсіз қуғын-сүргінге ұшырады.

«Әлеуметтік тапсырыс беру» мемлекеттік қуғындау-жазалау органдарын толық қуатымен жұмыс істеуге мәжбүр етті. Бұл жұмыстың көлемі ұлғайып, «тасқынды» сипатқа ие болды. БК(б)П ОК-нің саяси бюросы өз бастамасымен, республикалық және жергілікті партия, кеңес органдарының, НКВД өтініштерінің негізінде жекелеген аймақтардағы қуғын-сүргінге ұшырауға тиісті адамдардың шектеулі тізімін бекітті. Қызмет бабында өсуге, көрініп қалуға ұмтылушылықтың нәтижесінде республикалық және жергілікті органдар бұл тізімді кебейтуді ұсынған өтініштер білдірді.

Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары[

Қазақстан 20-жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдары бұрын-соңды болмаған әлеуметтік сынақ жасаудың алып полигонына айналды. Мұнда бірінші ретфеодализмнен капиталистік қоғамға соқпастан социализмге өту идеясын жүзеге асыру әрекеті жасалды.

30-жылдардағы Қазақстан жөніндегі саясат осындай сынақ мақсатында жүргізілді. Бүгінгі күннің көзқарасы бойынша ол мынадай перспективаларды көздеді:

· саяси салада: қазақ халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда «Кіші Қазан» жоспарын жүзеге асыру;

· әлеуметтік-экономикалық салада: Қазақстанды елдің шикізат базасы ретінде дамыту, қазақ халқын отырықшылыққа көшіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру;

· ұлтаралық қатынастар саласында: ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебінен республиканың ұлттық әлеуетін (күш-қуатын) «жақсарту».

Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады (Қарлаг, Степлаг, АЛЖИР). Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 1937-1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар - М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, көрнекті ғалымдар - А. Байтұрсынов, С. Асфендияров т. б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді.

50-жылдардың ортасында лагерьлерде қамалған жазықсыз адамдарға қатысты үкімдерді қайта қарау мен оларды жою жөніндегі процесс басталды. Қаза тапқандар мен атылғандар ақталып, түрмедегі еріксіздер бостандыққа шығарылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жаппай ақтау - 1920-1950 жылдар аралығында кеңес мемлекетіжүргізген қуғындау, жазалау саясаты асқан қаталдық, шектен шыққан зұлымдық тәсілмен жүргізілгендігін дәлелдеді. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының жалпы саны, ғалымдардың есептері бойынша, 3,5 млн адамды құрады. Алайда бұл сан да нақты емес, өйткені 20-40-жылдары тұтқындалған мыңдаған адамдардың тағдыры әлі күнге шейін белгісіз болып отыр.

1930 жылдардағы халықаралық жағдай[

30-жылдардың екінші жартысында Еуропада жаңа соғыс қаупі төне түсті. 1937 жылы фашистік мемлекеттер - Германия мен Италия милитаристік Жапониямен бірге «Антикоминтерндік пакт» атанған әскери-саяси блокқа бірігіп, дүние жүзін қайта бөлісу соғысына белсенді дайындық жұмыстарына кірісті. Бұл агрессияшыл блоктың саясаты тек Кеңес Одағына ғана емес, басқа да көптеген мемлекеттердің мүдделеріне қауіп төндірді.

Фашистік лагерьдің күш біріктіру жағдайында КСРО өз әрекеттерін кеңейте түскен агрессорларға қарсы ашық күреске шықты: 1936 жылы - Испаниядағы соғыс, 1938 жылы - Жапониямен Хасан көліндегі «кіші» соғыс, 1939 жылы - Халхин-Голдағы кеңес-жапон соғысы болып өтті. Осындай жағдайда ашық күнгі найзағайдай әсер еткен, Молотов-Риббентроп пактісі атанған, КСРО мен Германияның арасында 1939 жылғы 23 тамызда (Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуынан 8 күн бұрын) өзара шабуыл жасаспау жөніндегі Пактіге қол қойылды.

1939 жылы 1 қыркүйекте бұған дейін Франция және Англиямен әскери көмек жөнінде шарт жасасқан Польшаға Германия тұтқиылдан шабуыл жасады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. 3 қыркүйектен 10 қыркүйекке дейінгі аралықта Германияға қарсы Австралия, Жаңа Зеландия, Үндістан, Канада соғыс жариялады; АҚШбейтараптығы, Жапония Еуропадағы соғысқа араласпайтындығы жөнінде мәлімдеме жасады.

КСРО мен рейхтің арасындағы одақ қысқа мерзімдік болса да, КСРО-ның саясаты «Антикоминтерндік пактінің» тарапынан болатын агрессияға қолдау көрсетіп, фашистік блоктың Екішні дүниежүзілік соғысты бастауына белгілі бір деңгейде жағдай жасады. Финляндиямен болған қысқа әскери қақтығыс КСРО Қарулы Күштерін ұйымдастырудағы кеткен қателіктер мен әскери техниканың, басшылық құрамды дайындаудың төменгі дәрежеде екендігін көрсетті. 30-жылдардағы армияда да болған жаппай қуғын-сүргіннен соң, әскердегі командирлік лауазымға арнайы даярлығы жоқ адамдар келді.

Басталған дүниежүзілік соғыс пен халықаралық жағдайдың шиеленісуі елдің бүкіл өмірін қайта құруды қажетсінді. Республика экономикасы әскери мүдделерді орындауға көшірілді. Бейбіт мақсатқа бөлінетін қаржы барынша қысқартылды. Өндіріс орындары қорғанысқа қажетті өнімдер шығаруға көшірілді, карточка жүйесі енгізілді. МТС-тар мен совхоздарда саяси бөлімдер құрылды, халық комиссариаттары мен олардың басшыларының сала жұмысы бойынша құқықтары мен жауапкершілігі арттырылды. Басқару органдарының ұйымдастыру құрылымдарына өзгеріс енгізілді. Қазақ КСР ХШК-нің жанында жұмысшы күшін бөлу жөніндегі бюролар, көшіріп әкелінген тұрғындарды шаруашылықтарға орналастыру жөніндегі бөлімдер құрылып, Кеңестердің атқару қызметі күшейді. Қазақстан өнеркәсібі соғыс қарсаңында елдің экономикалық күш-қуатында маңызды рөл атқарды.

Қазақ КСР-інің соғыс қарсаңындағы экономикалық даму

Соғыс алдындағы жылдарда Қазақстан экономикасында «индустрияландыру» бағыты жүзеге асырылды. 1926-1940 жылдардағы Қазақстанның индустриялық дамуы елді ірі нәтижелерге жеткізді. Қазақстан КСРО-ның құрамындағы аграрлы елден дамыған индустриялы-аграрлы елге айналды. 1938 жылы Балқаш мыс қорыту зауыты алғашқы өнімін берді, 1940 жылы Ақтебе ферроқорытпалар зауытының құрылысы басталды. Шымкент, Ащысай және Лениногорск комбинаттарының өнімі артты. Қарсақбай мен Ертіс мыс балқыту зауыттары жаңа техникамен жарақтандырылып, қайта құрылды. Қазақстанда 1940 жылы 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеп, өнім ендірді. 1940 жылы елімізде индустрияның жалпы өнімі 1913 жылғымен салыстырғанда 7,9 есеге өсті. Республикамыз соғыс қарсаңында КСРО-да қорғасын ендіруден бірінші, мұнай мен кемір өндіруден алтыншы орын алды. Қазақстанның халық шаруашылығында өнеркәсіп басым салаға айналды, оның ірлесі 60%-ға жетті.

Еліміздің өнеркәсіпті шикізат аймағы Орталық Қазақстанда қалыптасты. Қарағанды өз көмірімен Балқаш пен Жезқазғандағы түсті металлургия кеніштерін, Оралдың оңтүстігіндегі кәсіпорындарды қамтамасыз етіп отырды.

1930 жылдардың соңында республикамызда транспорт жүйесі де жетілдіріле түсті. Соғыс қарсаңындағы жылдарда Қазақстанда темір жол салу ісі де кеңінен қанат жайды. Республиканың табиғи байлықтарын игеруде маңызды рөл атқарған Түркістан-Сібір темір жолы салынды. Ақмола-Қарталы темір жолының құрылысы 9 ай ішінде бітіп, оның үзындығы 806 километрге жетті. Гурьев-Қандыағаш темір жол желісі пайдалануға берілді. Аталған темір жолдар республиканың батысы мен орталық өлкелерін байланыстырды, жүк тасымалдау көлемін ұлғайтты. 1940 жылы елімізде 1358 километр темір жол пайдалануға берілді. Темір жол желілерінің ұзаруы республикамыздың халық шаруашылығын дамытып, ел корғанысын нығайтуға елеулі үлес косты.

Химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде де іргелі табыстарға қол жеткізілді. Еліміздің ірі қалаларында аяқ киім және тігін фабрикалары, ет, жеміс-көкөніс комбинаттары мен май, консерві, қант шығаратын зауыттар салынып, жұмыс істей бастады.

Соғыс алдындағы жылдары ауыл шаруашылығы да біртіндеп дами бастады. Негізгі ауыл шаруашылық өнімін колхоздар өндірді, 1940 жылы Қазақстанда колхоздардың саны - 6901- ге жетті, 194 совхоз болды. 1940 жылы еліміздің колхоздары мен совхоздарының егіс алқаптарында 41 мыңнан астам трактор, 11,8 мың астық комбайны, 14 мыңдай жүк автомашинасы жұмыс жасады. 1940 жылы егістік көлемі 5,8 млн гектарға, ал мал басы саны 3,5 млн-ға өсті. Күріш, қант қызылшасы мен мақта егу сияқты ауыл шаруашылығының жаңа саласы игеріле бастады. Соғыс қарсаңында мал басы жағынан Қазақстан Одақта РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші орынға шықты. Елімізде механизаторлар мен жоғары және арнаулы білімі бар мал дәрігері, зоотехник, агроном кадрлары қалыптасты. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің артуына мемлекеттің беретін қаржысы мен көмегі айтарлықтай әсер етті.

Халық шаруашылығындағы осындай жетістіктермен қатар шешілмеген мәселелер де баршылық еді. Ұжымдастыру мен 30-жылдардың басындағы зұлматтан кейін ауыл шаруашылығы әлі де толық өркен жайып кете алмады. Тоталитарлық жүйе колхоз құрылысына, еңбеккерлердің тәртібін бақылауға ерекше назар аударды. Колхозшыларға өз колхоздарын тастап, басқа жаққа көшіп кетуге тыйым салынды. Колхозшылардың қарамағындағы бақшалық жер телімдері мен мал басы санына қатаң түрде шек қойылды. Ауыл шаруашылығын басқарудың зорлықшыл әкімшілік-командалық тәртібі енгізілді. Ауыл еңбекшілерін материалдық ынталандыру, олардың еңбекбелсенділігін қолдау принципі жүзеге аспады. Білікті маман кадрлар жетіспеді, колхоз бен совхоз басшылары ұдайы ауыстырылып отырды. Осының бәрі ауыл шаруашылығының жедел қарқынмен дамуына кері әсер етті. Осындай қиыншылықтарға қарамастан Қазақстанның соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы Ұлы жеңістің алғышартын қалыптастырды.

24) Мәдени революцияның мақсаты

Мәдени революцияның жүзеге асырылуы — социалистік қоғам құру туралы лениндік жоспардың бip тармағы болатын. Мәдени революция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып, жаңа мәдениет түрін жасау және жаңа адамды тәрбиелеу міндетін шешуге тиісті болды.

Мәдени революция коммунистік партия белгілеген міндеттерге сәйкес білім беру, ғылым мен мәдениет мекемелерінің қызметін түбірімен өзгерту дегенді білдіреді. Бұл кезеңде Қазақстан мәдениеті кеңес елінің орталық аудандарынан айтарлықтай артта қалған-ды. Халықтың басым көпшілігінің бастауыш білімі де жоқ, яғни сауатсыз еді. Соған байланысты Қазақстандағы мәдени революция басты екі міндетті шешуге тиісті болды: біріншіден, мәдени артта қалушылықты жою, екіншіден, білім беру, ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру.

Мәдениет саласындағы жұмысқа басшылық жасау және бақылау жүргізуді партияның ОК хатшылығы жүзеге асырып отырды, ал жергілікті жерлерде бұл істі партия комитеттері мен ұялары, олардың насихат және үгіт жүргізу коллегиялары атқарды. 1920 жылы тамызда партияның ОК-де үгіт-насихат бөлімі құрылды. Осы жылы 6 қарашада РКФСР Ағарту халкомы жанынан Бас саяси-ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық және мемлекеттік орган мәдени революцияға күнделікті практикалық басшылықты жүзеге асыра бастады. Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығында партияның ОК-де мәдениетке байланысты әр түрлі мәселелер туралы мәжілістер өткізілді.

Мәдени революцияның міндеттері[

Қазакстанда мәдени революцияны түпкілікті жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттерді шешу қажет болды:

· жергілікті жерде нақты мәдени база жасау үшін сауат ашу және саяси білім тарату шараларын жүзеге асыру;

· Қазақстандағы оқу-ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру, оқытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу;

· рухани өмірге жаңа мазмұн беру үшін қазақ социалистік музыка мәдениетін дамыту;

· кеңестік мемлекеттердің тұтас аумағында бірыңғай мәдени кеңістік жасау үшін өлкеде өнердің жаңа түрлерін — театр, кино, бейнелеу өнерін, т.б. қалыптастыру;

· Қазақстанда ғылымды дамыту үшін ғылыми мекемелер жүйесін

құру;

· жергілікті халықтың қоғамдық және жеке өмірдегі рулық және діни наным-сенімдерін жойып, кеңес адамының жаңа өмір салтын енгізу;

· социалистік қоғам құру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрларды даярлау;

· Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім жүйесін құру.

Осылайша 1920—1930 жылдары партияның мәдени саясатының мазмұны партиялық және мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ рухани саладағы мекемелер мен ұйымдар қызметі арқылы жаңа кеңестік сана қалыптастыру ісіне бағытталды. Мәдени саясат дегеніміз — түпкі мақсаты. Біртұтас социалистік мәдениет қалыптастыру үшін партия, бір жағынан — шығармашылық саласын халыққа жақындата түсуге, екінші жағынан — халықтың жалпы білімі мен мәдени деңгейін көтеруді ұсынды. Мұндай көзқарас әр түрлі ұлттық мәдениеттер қызметінің өрісін айтарлықтай тарылтты. Көп ұлтты мемлекеттің рухани саласын бірегейлендіру беталысы кейінірек ондағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне алып келді.

Мектептік білім[

Жаңа мектептер ашу Кеңес өкіметінің алғашқы айларында-ақ қолға алынды. 1918 жылдың 21 қаңтарында РКФСР ХКК-нің «Шіркеуді мемлекет пен мектептен ажырату» туралы Декреті шықты. Қазақстанда мектептерді басқару жергілікті кеңестердің қолына көшті. 1921 жылы 18 қаңтарда Орынборда халыққа білім беpy жөніндегі Бірінші жалпықазақтық конференция болып, онда республикадағы халыққа білім беру ісін ұйымдастыру міндеттері айқындалды.

XX ғасырдың 20-жылдарының ортасына қарай Қазақстанда төмендегідей білім беру жүйесі қалыптасты:

Қазақстанда кеңестік мектептер жүйесін құрудағы негізгі қиыншылықтар:

· мектеп үйлерінің жоқтығы;

· арнаулы білімді маман мұғалімдердің жетіспеуі;

· 2-3 ауысыммен оқыту;

· ұлттық тілдегі оқулықтардың жетіспеуі, ескі, революцияға дейінгі оқулықтарды пайдалану;

· көшпелі қазақ ауылдарында мектептер ашу ерекше мәнге ие болды.

Осы өзекті мәселені шешу жолында республикада бірқатар шаралар қарастырылды:

· қалаларда мектепке жарамды деген үйлер мемлекет меншігіне алынды;

· жаңа мектеп үйлерін салу қолға алынды;

· Қазақ АКСР Ағарту халкомының академиялық орталығы оқулықтар мен бағдарламалар жасауға кірісті;

· педагогтік курстар мен мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында оқытушы кадрларын даярлау қолға алынды;

· ауыл кедейлерін оқыту мәселесін шешу үшін интернат түріндегі коммуна-мектептер құрылды;

· қазақ ауылдарында жылжымалы маусымдық жартылай жабдықталған мектептер ашылып, олар оқу жылы қысқартылған және жеңілдетілген оқу бағдарламасымен қамтамасыз етілді.

  Мектептердің әр типтілігін жою үшін КСРО СИК БК(б)П ОК 1934 жылғы 15 мамырда «Бастауыш және орта мектептер құрылымы туралы» қаулы қабылдады. Осы құжатқа байланысты бүкіл КСРО аумағында жалпы білім беретін мектептердің бірыңғай түрі енгізілді.

Бірыңғай мектеп жүйесі бірыңғай оқыту бағдарламасын, бірыңғай әдістемелік жүйе, бірыңғай оқулықтар болуын талап етті.

1935 жылы қаңтарда БК(б)П Өлкелік комитеті мен республика үкіметі «Қазақстан мектептері құрылымын жетілдіру туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулы ұсақ мектептерді түпкілікті жойып, жетіжылдық және орта мектептерді дамыту, сондай-ақ әр оқушының сыныптан сыныпқа өтуін қамтамасыз етуге арналған бірқатар шаралар қарастырды.

Халыққа білім беруге арналған шығын мөлшері республикада жылдан жылға өсе берді. Өз ісінің үздік шеберлері С.Көбеев, О.Колкенова, Ш.Сарыбаев, Л.Добрянская, Х.Казиев, И.Волков, А.Ақатов, т.б. республикадағы білім саласында тұңғыш еңбек сіңірген мұғалімдер атанды. Шығармашылық ізденіс пен күнделікті тәжірибеге сүйенген кеңестік педагогика қалыптасты.[1]

25)Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы[өңдеу]

Республикада алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту және насихаттау ісімен айналысқан Түркістан өлкесіндегі «Талап» қоғамы. Басқарманың құрылтайшысы және жетекшілері жазушы М.Әуезов, этнограф Ә.Диваев, профессорлар Х.Досмұхамедов, А.Шмидт, Н. Архангельский, М. Тынышпаев, М. Есболов, И. Тоқтыбаев, Қ. Тыныстановтар болды. Қоғам Жарғысының жобасын Түркістан ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты мемлекеттік ғалымдар кеңесі бекітті. 1923 жылы 4 желтоқсандағы «Талап» қоғамының мақсаты мен қызмет шеңбері төмендегідей болды:

Наши рекомендации