Жобалау сатылары, оларды талдау.

Билет

1 Өтпелдер мен жүру және тасымалдау жолдары.

Жабдықтардың орналасуы мен қондырылуы өндірістік жерлерде салалық нормаларға қатырты жүзеге асады. Сонымен қатар мына шарттар да орындалуы қадағаланады: технологиялық схема бойынша жабдықтардың ретімен орналасуы; Жөндеу жүмыстары мен қызмет көрсету ыңғайлылығының болуы; максимальды түрде табиғи жарықтың және таза аунаың айналымы болуы керек. Осы шарттармен қатар өндіріс орындарында өтпелі жолдар мен тасымалдау және жұмыскерлердің жүру жолдары қамтамасыз етілуі керек. Технологиялық және қосалқы жабдықтардың компановкасы кезінде жұмыс, магистральді және 1 м ден кем емес енімен өтпелдер қарастырылады, сонымен қатар қызмет көрсету фронты бойынша жұмыс зонасы 2 м ден кем емес енімен, жабдықтар арасындағы өтпелдер 1 м ден кем емес болуы да қарастырылады.

Өтпелдердің минималды биіктігі еденнен конструкция элементтерінің шығыңқы бөлігін жауып тұратын немесе жабдық арасы 2,2 м кем емес, ал қалған өтпелер арасы 2 м ден кем емес болуы керек.

Ауа дыбысты жақсы оқшаулағыш немесе жұтатын болып табылады, сондықтан өндірістік шуды азайту мақсатында сол қатты дыбыс шығаратын жабдық пен колонна мен қабырға арасы 1,2 м кем емес болуы керек. Сонымен қатар , шу мен дірілді туындататын жабдықтарды құрылыс конструкциясынан оқшауланған, масасы негізгі жабдықтан 1,5-2 есе ауыр плиталарға орналастырған жөн.

Конвейерлерді эксплуатациялау кезінде жұмыскерлер өтетін көпірлер қарастырылады, олардың көршілес көпірлермен арасы 30-50 мболуы керек.

Өндірісте жүк арбаларын қолданылуы кезінде жабдықтардың арасы арбаның енінен 1 м шамасында артық болуы керек.

2 Қосалқы жабдықтарда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Жұмысшылар термиялық цехтардың көмекші құралдарында жұмыс істеу кезінде бекітілген «Өнеркәсіп кәсіпорындарынан электр қондырғыларына қызмет көрсетудің техника қауіпсіздігі және пайдалану ережелерімен» және «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелерімен және пайдалану ережелерімен» таныс болуы қажет.

Май салқындату құрылғыларында жұмыс істеу техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.

Жұмысшылар сорғымен, сүзгішпен және электр двигательдерімен жұмыс істеу ережелерімен таныс болуы керек. Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Майды қайта құюға жол берілмейді. Вентильдің барлығы дұрыс, ақаусыз болуы керек. Ғимараттың ішінде көбікті өрт сөндіргіш, құрғақ құм,киіз және жайма асбест болуы керек. Май салқындату жүйесі орналасқан подвалды жерде автоматты химиялық өрт сөндіру құрылғысы болғаны дұрыс.

Көтеру-көлік құралдарының барлығын пайдаланған кезде жұмысшыларды электр двигательдерімен, токөткізгіштік шлангілермен және басқа да механизмдермен жұмыс істеу білу ережелерімен таныстыру қажет.

Пневматикалық және гидравликалық қондырғылармен жұмыс істеген кезде белгіленген арнаулы нұсқаулықтан асып кетпеуі үшін жүйедегі қысымды қадағалап отыру керек. Детальдарды тасу кезінде жұмысшы жүк ілініп тұрған кранның немесе жүк көтергіштің астында тұрмауы керек.

Бақыланатын атмосфераны дайындау жұмысшыларға арнаулы білім беріп, оларға тиісті куәлік беруді талап етеді.

Жаңғыш газдармен жұмыс істеген кездегі негізгі қауіпсіздік ережелерінің бірі, олардың ауамен араласуына жол бермеу болып табылады, өйткені мұндай кзде жарылғыш қоспа пайда болады. Жарылысқа қауіпті атмосфера деп құрамындағы компоненттеріжануға жеткілікті атмосфераны айтады.

Құрамында 40% Н2 және 20% СО бар сутек пен эндотермиялық газ анағұрлым жарылыс қаупі бар атмосфера болып табылады.

Атмосфераны пешке енгізбес бұрын қандай да бір инертті газдың көмегімен ауаны алып тастау керек. Ғимараттың ішінде кейбір газдардың болуы улануға алып келуі мүмкін. Жекелеген газдардың ғимараттарда болуға тиіс шекті мөлшері бар, мг/л:

Көміртегі тотығы 0,02-0,03

Аммииак 0,02

Бензол 0,1

Көмірсутектер 0,3 т.б

Уланып қалмас үшін құбырлар мен аппараттарда сенімді қосылыстар мен төсемдер болуы керек. Құбырдың қосылған жерін жиі қарап тұру қажет.

3. Цехтың жалпы ауданы және оны есептеу.

Цехтың аудандарын тағайындау жағынан өндірісті, көмекші және тұрмыстық деп бөледі. Өндіріс ауданына өндіріс жабдықтары мен жұмыс орындары орналасады. Олар – слесарьлардың жұмыс орындары, құрылғы және көмекші өндіріс операциялардың орындары, мастерлер мен бақылаушылардың орындары, механизациялау мен автоматтандыру орындары, операция аралық көлігі, аралықтар.

Көмекші аудандарға көмекші бөлімшелер (ремонт қызметі, лабараториялар, қоймалар) сонымен бірге корпуста орналасқан цехтардың арасындағы магистральды жолдар жатады.

Қызмет- тұрмыстық аудандарда администрация-техникалық персоналдардың бөлмелерін орналастырады, әлеуметтіе мекемелер, санитарлы- гигиеналық объектілер, тамақтандыру, медициналық және мәдени қамтамасыз ету орындары келтіреді. Цехтың жалпы ауданы ол өндіріс, көмекші аудандардың қызмет тұрмыстық аудансыз қосындысы. Жобалаудың технологиялық бөліміне жалпы ауданның есебі кіреді.

Ауданның есебі және қызмет тұрмыстық бөлмелердің жобалаудың құрылысы жобалаудың архитектура-құрылысытық бөліміне жатады, ол арнайы жобалау мекемелерде технологиялық бөлімін жасайтын жобалаушының тапсырмасымен атқарылады.

Цех ауданын үлкейтіп анықтайды. Үлкейтілген көрсеткіштер ретінде жабдық бірлігіне немесе бір жұмыс орнына келетін салыстырмалы ауданның көрсеткіштерін қолданады

Цехта жабдықтарды орналастырудың алдында, цехтың келтірмелі ауданын табу қажет. Ол үшін алынған пештердің санын цехтың ірі ауданның нормасына көбейтеді, осымен өндірістің келтірмелі ауданын алады. Алдын ала пеш залының өндіріс орындарды есептеу үшін бір пешке арналған келесі аудан нормаларынан шығару болады: инструменталды-термиялық цехта 25-30м2, штамты термиялық цехта 30-50м2, екінші термиялық цехта итергіш және конвейерлік пештермен 50-90 м2, соққы-термиялық цехта 80-130м2; жүру жолдары бөлек саналады және орта есеппен 25-30% өндіріс ауданын құрайды.

Билет

1. Технологияларды өңдеу.

Өндірістің мынандай үш негізгі классификациялық санаттары бар:

1) Бұйым дайындауда қолданылатын әдісті сипаттайьын, мысалы, құю, пісіру, жайманы штамптаушы, механизмдерді жинау, ұсталық және т.б.

2) кендігі, номенклатурасы, жүйелігі, тұрақтылығы және бұйым шығару көлемінің белгілерімен анықталатын : жеке, сериялы немесе жаппай шығару.

3) жұмыс орындары мен жабдықтардың орналасу принципінің мамандандыру деңгейін сипаттайтын тасқынды немесе тасқынды емес.

Жұмыс істеп тұрған цехтарды қайта конструкциялау алдында жабдықтарды, технологияларды және техникалық-экономикалық көрсеткіштерді алдын ала зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Жұмыс істеп тұрған цех қайта конструкцияланғанға дейін базалық есебінде қабылданады.

(Термиялық өңдеу түрлерін және жабдықтарын жазып өт. Осы жазғаның жетеді деп ойласаң керек емес. салемнен ТОЛҒАНАЙ )

2 Бірлік өндіріс түрі

Бірлік өндіріс – түрлі өнімдердің бір немесе бірнеше экземплярлы түрде дайындалатын өндірістің ұйымдастыру формасы.

Бірлік өндірістің негізгі ерекшеліктері болып түрлі нұсқаудағы бұйымның үлкен номенклатурасы шектелген мөлшерде ғана шығарылатындығының жоспарлануында. Зауыттың бұл бағдарламасында өнім номенклатурасы тұрақты емес. Номенклатураның тұрақсыздығы, оның әртиптілігі, шығарылым шектеулігі стандартталған конструктивті-технологиялық шешімдерді пайдалану мүмкіндігін шектеуге алып келеді. Бұл жағдайда түпнұсқаның меншікті салмағы көп болып, ал унифицирленген бұйымдардың меншікті салмағы аз болады.

Әрбір соңғы бірлік өнімнің конструкциясы бойынша орындалатын тапсырмалар мен маңызды сипаттамалары мінсіз болады.

Өнімнің жасалынудағы өндіріс процесі үздікті яғни уақытша тоқтайтын сипаттамаға ие. Әр бірлік өнімнің шығарылымы айтарлықтай ұзақ уақытты алады. Кәсіпорындарда әмбебап қондырғы қолданылады, қолмен құрастыру жұмысы негізгі болып табылады.

Ауырмашина жасау ( энергетика мен қара металлургия үшін ірі машиналар өндірісі) және қызмет көрсету саласындағы химиялық өнеркәсіпте кең тараған.

Бірлік өндіріс зауыттары әдетте технологиялық принципі бойынша ұйымдастырылған участкілерден тұрады.

3 Цехтың қосымша ауданы

Қосалқы аудан- бұл қосалқы қызметтермен, және де бір корпуста орналасқан бірнеше цехтарға немесе учаскелерге қызмет көрсететін магистральды және өрт сөндіру көліктерінің жолдары жүретін цех аймағы.

Өндірістік және қосалқы аудандарды, цехтың жылпы технологиялық ауданға жатпайды және ол жобаның құрылыс бөлігінде ғана ескеріледі. Цех ауданын үлкейтіп анықтайды. Үлкейтілген көрсеткіштер ретінде жабдық бірлігіне немесе біржұмыс орнынан келетін салыстырмалы ауданның көрсеткіштерін қолданады. Конвейерлі пештері бар таза термиялық цехта бұл салыстырмалы көрсеткіш бір пешке 50-ден 90 м 2 дейін; аспапты-термиялықта-25-30 м2 , ұсталы-термиялықта -80-130 м 2 ; қалыпты-термиялықта - 30-50 м2 құрайды.

Санап болған соң шыққан өндірістік ауданға өткелдер мен көлік жолдарына 25-30% қосады. Технологиялық ауданды барысында қослақы бөлмелерді орналастыру үшін өндірістік ауданға тағы 25-30% қосылады.

Билет

Жобалау сатылары, оларды талдау.

Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау үш кезеңде жүргізілуі мүмкін:

1) Мақсатты цех құрылысының техникалық мүмкіндігі мен экономикалық мақсатқа сәйкестігін орнықтыру, қажетті алаңның, жұмыс күші мен энергетиканың болжамды есебін жүргізу болып табылатын жобалық тапсырма. Бұл тапсырма цех құрылысына кететін шығынға, жабдықтар алуға және жабдықтауға және техникалық-экономикалық көрсеткіштер құруға смета жасаумен аяқталады.

2) Техникалық жоба құрылыс бөлімінің және әсіресе технологиялық бөлімнің, яғни технологиялық процестің неғұрлым толық сипаттамасын жасаудан тұрады. Детальдарды термиялық өңдеудің технологиялық ведомстары мен схемалары жасалады. Экономикалық бөлімінде өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы жасалады және техникалық-экономикалық көрсеткіштер келтіріледі.

3) Жұмыс сызбалары бекітілген жобалық тапсыманың негізінде жасалады. Жұмыс құжаттамасының құрамына маршруттық, операциялық карталар және термиялық өңдеуге ведомстар, жабдықтарды дәл орнату орны көрсетілген цехты жоспарлаудың сызбасы, жүк тасқынының бағыты және т.б. кіреді.

2) Колонналарды қатарлар осі және кесе көлденең осіне бөлу.

Үйдің конструкциясындағы температуралық өзгерістер (қыс, жаз) салдарынан пайда болған кернеулерді жою үшін температуралық жапсар жасайды: темірбетон үйлерде – 40 м арақашықтығында, болат қаңқасымен – 120-150м. Екі баған арасындағы температуралық жапсардың саңылауы 25-30 мм тең және қабырғаның бүкіл биіктігі бойынша іргетасқа дейін сақталады.

Қатарлардың бөлгіш осьтері мен бағандардың көлденеңдік осьтері штрих- пунктирлі сызықпен жүргізіледі және диаметрі 6мм домалақ маркамен белгіленеді. Осьтерді араб цифрларымен және жазба әріптерімен маркалайды (таңбалайды). Цифрлармен үйдің ұзындығы бойынша бағандар осі таңбаланады, ал әріптермен – ені бойынша. Осьтерді таңбалау жүйесі солдан оңға қарай және төменнен жоғары қарай жүргізіледі.

жобалау сатылары, оларды талдау. - student2.ru

а)Орта қатардағы колонналарды есептеу б-г) шеткі қатарлардағы колонналарды есептеу в) колоннаның сыртқы координациялық осін f қашықтыққа дейін ауыстыруға болады. (Суретті толық көшірмеңдер!!!!)

3. Өндірістік цехтардың едендері

Еден түрін және оның конструктивті шешімін табу барысында, ең алдымен еденге түсетін өндірістік әсерлердің түрі мен деннің қызмет көрсетуге сенімділігі және ұзақ уақытқа шыдамдылығын қамтамасыз ету талаптарын ескеру керек. Осыған байланысты өндірістік үйлер едендерді келесі талаптарды қанағаттандыру керек: жоғары механикалық берік болуы; бетінің тегіс және жазық болуы, тайғақ емес; аз сүйкелетін және үстінен көлік құралдары мен адамдар жүргенде шаңданбайтын болуы; заттар еденге құлаған кезде, зақым келтіруден сақтайтын, жақсы иілімдігі болуы; шусыз болуы; жылу сақтау коэффициентінің аз болуы; су өткізбеушілік, ылғалға қарсылық, жануға қарсы шыдамдылығы мен химиялы агрессивті заттарға қарсы шыдамдылығының болуы; тез және аз еңбек сыйымдылықты жөндеулерді өткізу мүмкіншілігін қамтамасыз ету, құрылуының өндірістік болуы, тез тазартылатын және әдемі сырт келбетін ұзақ сақтауы.

Тұтас едендерге, саз балшықтан соғылған, малтатасты және қиыршықтасты, бетонды және цементті-құмды, мозайкалы және металды-цементті, асфальтбетонды, ксииолит және т.б. жатады.

Саз балшық едендерді, кейбір ыстық цехтарға жасайды. Еден жабыны, саз балшық, құм және су қоспаларынан тұрады және төсеніш қабаттың қызметін атқарады. 2 Мпа аз болмаған жағдайда жабын материалының қажетті беріктілігін құрайды.

Металтасты және қиыршықтасты едендерді көлік жүретін жерлерге жасайды.Оларды, ірілігі 25-75 мм болатын малтатас пен қиыршықтардың құммен қосылған қоспасынан , қалыңдығы 100-200мм болатын қабаттармен төсеп жасайды.

Бетон мен цемент-құмды едендер, ылғалдылығы жоғары бөлмелерге және де, еденге минералды майлар, қышқылдар мен сілтілер төгілетін жерлерде жасалады. Оларды, бетонды дайындаманың үстінен 20-50мм қалыңдықпен жасайды.

Мозаикалы едендер –мрамор, гранит, базальт және құмды толтырғышты цемент құмды қоспалардан тұрады. Жабын қлыңдығы 20-25 мм.

Металлцементті жабындар- болат жаңқасы , цемент және су қоспаларынан 10-15 мм қалыңдықпен жасалады.

Асфальтбетон едендерді қоймаларда, өтпелер мен кіреберістерде, 25-50 мм қалыңдықпен жасайды.

Ксиолит едендер, ұзақ уақыт бойы адамдар болатын, арнаулы талаптарға жауап беретін бөлмелерге төселеді. 15-20мм қалыңдықпен жасалады.

Төсемасты едендер, температурасы жоғары, химиялық заттардың әсері болатын бөлмелерге жасалады.

Наши рекомендации