Адамдарды жұқтырудан қорғау жөніндегі іс-шаралар

Адамдарды жұқтырудан қорғау мақсатында мынадай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) және санитариялық-гигиеналық іс-шаралар жүргізіледі:
1) кейіннен жабдықтарды, үй-жайларды дезинфекциялай және қалдықтарды зарарсыздандыра, ауру жануарлар тасымалдаған көлікті дезинфекциялай отырып бруцеллез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде жануарларды сою ережесін сақтау;
2) зерттеу кезінде бруцеллезге әсер беретін жануарларды қабылдауға, тасымалдауға және союға, ұшаларын бөлуге және олардан алынатын шикізаттарды өңдеуге бруцеллезге диспансерлік тексеруден өткен, оның ішінде бруцеллезге тексеру кезінде оң иммунологиялық реакциясымен, бірақ бруцеллездің манифестік түрлерімен ауыратынын жоққа шығаратын тиісті медициналық мекемелерге қатысты динамикада титрлердің өсуі жоқ кәсіпорынның тек тұрақты жұмысшыларына рұқсат етіледі;
3) қолдарының саусақтарында тіліктер, жара бар және терінің басқа да зақымданғаны анықталған тұлғалар жұмысқа терінің зақымданған жерлерін алдын ала өңдегеннен кейін резеңке саусаққаппен ғана жіберіледі. Бруцеллез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіден келіп түскен жануарларды, тексерген кезде бруцеллезге әсер беретін, малдардың барлық түрлерін (және оны сойғанда алынған өнімдерді) қайта өңдеуде осы жұмысқа қатысатындардың барлығы резеңке саусаққап киеді;
4) бруцеллезге әсер беретін жануарларды қабылдауға, тасымалдауға, союға және ұшалары мен олардан алынған шикізаттарды қайта өңдеуге жасы 18 жасқа толмаған адамдар, жүкті және бала емізетін әйелдер, маусымдық жұмысшылар, этиологиясы әртүрлі жіті және созылмалы (асқыну сатысындағы) аурулармен ауыратын науқастар, бруцеллездің клиникалық белгілері байқалған науқастар, бруцеллездің алдын алу бойынша санитариялық минимумнан өтпеген жұмыскерлер жіберілмейді;
5) бруцеллез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектідегі жануарлардан алынған сою өнімдері мен сүтті өңдеу мен пайдаланудың белгіленген ережелерін сақтау;
6) кәсіпорындарда және шаруашылық жүргізуші субъектілерде жануарлармен жұмыс істеу ережелерін сақтау: персоналды, оның ішінде бруцеллезді жұқтыру қаупіне қатысты жұмысқа уақытша тартылған адамдарды жеке гигиена құралдарымен, жеке және арнайы киімдермен (халаттар, резеңке саусаққаптар, жеңқаптар, клеенка алжапқыштар, арнайы аяқ киім) қамтамасыз ету;
7) демалатын бөлме, тамақ ішетін орын, себезгі бөлмелер сияқты тұрмыстық үй-жайларды пайдалану ережелерін сақтау;
8) ыстық сумен, жуғыш және дезинфекциялық заттармен қамтамасыз ету;
9) шаруашылық жүргізуші субъектілерде және кәсіпорындарда орталықтандырылған дезинфекцияны, арнайы киімдерді жууды және тазалауды ұйымдастыру;
10) гигиена ережелері, жеке қорғаныш заттарын қолдану, бруцеллезге қарсы режимдерді сақтау туралы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыскерлеріне нұсқау беру. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне ұқсас нұсқау жүргізеді;
11) бруцеллезді жұқтыру қаупімен байланысты жұмысқа нұсқаудан өткеннен кейін ғана жіберу.

Эпидемиологиялық қадағалау: Бруцеллез кезіндегі эпидемиологиялық процесс 3 негізгі звенодан тұрады: ауру көзі, таралу жолдары мен факторлары, қабылдаушы макроорганизм.

1.Аурудың көзі – жануарлар (ешкі мен қой, ірі қара мал, шошқа). Қазіргі бруцеллездің эпидемиологиялық ерекшілігі — бруцелла өзіне тән иесінен тән емес иесіне миграциясы. Соңғы кездерде мал далада жайылмайды, бір қора да ұсталады да Brucella melitensis ұсақ малдан ірі қара малға аусып, сиырдың сүті, еті арқылы жұғады. Эпидемиологиялық анамнез жинаған кезде ауру сиырдан жұғады, ал науқастан және зақымдалған тағамнан Brucella melitensis бөлінеді. Көптеген бақылауларға сүйенсек, науқас адам инфекция көзі болуы мүмкін емес, өйткені, адам бруцеллаларға „биологиялық тұғырық” болып табылады. Өте сирек жағдайда жедел бруцеллезбен ауратын науқастың әртүрлі бөлінділерінен (зәр, емшек сүті, плацента, қағанақ сұйықтығы) бруцеллез қоздырғышының табылуы мүмкін. M. Santic-Palvinic және соавт. (1983) залалданған теңіз шошқалармен қарым-қатынаста болған микробиологиялық зертхананың техникалық қызметкерінің ауырған жағдайын баяндаған. Науқастың қанынан Brucella melintеnsis биовар 2 дақылы бөлініп алынған. Қызметкер ауырғаннан 3 айдан кейін әйелі ауырады, оның қанынан дәл сондай дақыл табылған. Ұрық туылу барысында залалданған қағанақ суын жұтып қойған жағдайда залалдануы мүмкін. M. Hassid (1974) пікірі бойынша бруцеллез анасынан баласына трансплацентарлы және трансамниотикалық жолдарымен берілуі мүмкін. Емшектегі балалар емшек сүті арқылы заладануы ықтимал.

2.Таралу жолдары мен факторлары. Контактілі жол бруцеллез ошақтарында жиі кездеседі. Бұл инфекцияның басты патогенетикалық ерекшелігі — бруцеллалардың жүкті жануарлардың жыныс мүшелеріне және даму барысындағы ұрықтың тіндеріне жоғары органотроптылығы. Жыныс жүйелерінде қоздырғыштың қарқынды көбеюі: ұрықтың өлуіне, түсік тастауға, эндометриттің, маститтің дамуына әкеп соғады. Плацентамен, қағанақ суымен, жыныс жолдарындағы бөлінділермен және ұрықпен бірге сыртқы ортаға өте көп мөлшерде бруцеллалар шығады. 1 мл қағанақ суында бірнеше миллионнан миллиардқа дейін микроб жасушалары болуы мүмкін. Бруцеллездің белсенді эпизоотия кезінде отарда ондаған, кейде жүздеген мал түсік тастап, оның әркайсысы 1,5-2,0 л залалданған материал бөлетінін ескерсек, онда бруцелллардың малшаруашылық мекемелерінде, жануарлардың тұратын, су ішетін және жайылатын жерлерінде қоздырғыштың жайылу қарқындылығын елестетуге болады. Мал түсік тастағаннан соң бір ай бойы бруцеллалар көп мөлшерде бөлінеді, ал 2-3 айдан соң сау-тұрақты емес, ал 7 айдан соң тоқтайды. Мал төлдегеннен соң бруцеллалар малдардың сүт безінде 5-8 ай, ал мастит болса 36-48 айға дейін анықталады. Осыған байланысты адам малдың төлдеуіне көмектесуі кезінде және мал төлдеген мезгілде малды қырқүға қатысу кезінде тікелей контакт болғанда бруцеллезді жұқтыру қаупі жоғары. Шикізатты өңдеуге байланысты (ауру малды сою, терісін алу, етін бөлшектеу, терісін өңдеу, жүнін өңдеу және басқа ауылшаруашалық жұмыстары) өндірістік процестер залалдану механизмінде шешуші орын алады. Бұл кезде залалдану жарақаттанған және сау тері арқылы жүзеге асады. Казахстан ждет ужасное в январе, но на 3 знака деньги упадут с неба... Доход для сайтов Алиментарлы жол шикі және термикалық өңдеуден шала өткен малшаруашылық өнімдер (сүт, әсіресе ешкі сүті, сүт өнімдері — қаймақ, ірімшік, уыз, шашлык, стейк, т.б.) арқылы жүзеге асады. Ешкі — қой типті бруцеллардың ірі қара малға көшуінің (миграция феномены) жиі кездесуіне байланысты сүт факторы қала тұрғындарының арасында, әсіресе балалардың арасында бруцеллездің таралуына маңызды орынға ие болып отыр. Oxford text book of Medicine мәліметі бойынша 500 адамды зерттегенде, 70% жағдайда пастерленген сүтті және жұмсақ ірімшікті қолданғанда залалдану байқалған. Жоғары вирулентті қоздырғышпен залалданған сүтті қолданған жағдайда эпидемиялық өршулер пайда болады. Аурушылдық топтық-жанұялық сипат алады және ошақтан тыс жерге таралады. Осындай жағдайларды эпидемиологиялық зерттегенде ауру көзі ірі қара мал болғаны, ал бөлініп алынған бруцелла дақылы ешкі-қой түріне жататыны анықталды. Инфекцияның таралуының әртүрлі факторларының эпидемиологиялық маңызын бағалау үшін бруцеллалардың тұрақтылығын ескеру қажет. Сүтте, қаймақта, сары майда, ірімшікте бруцеллалар қалыпты температурада 16-20 күн, сүтқышқыл өнімдерінде (простокваша, сүзбе) – 2 күн, ал төмен температурада (тоңазытқышта) – 18-20 күн, әлсіз тұздалған (10%) және әлсіз қышқыл уызда – 72 күн сақталуы мүмкін. Бруцеллалардың сүтте, әсіресе ешкі сүтінде ұзақ сақталуы оның эпидемиологиялық ролін анықтайды. Пісірілмеген бір стакан сүтті ішкен адамның ауырған жағдайы белгілі. Мал төлдегеннен кейін бірнеше күн бойы алынған уыз өте қауіпті, өйткені бұл мезгілде бруцеллалар сүтпен өте көп мөлшерде бөлінеді. Қоздырғыш үлкен қашықтыққа тарап, адамдардың топтап ауыруын шақырады. Сүттің қышқылдығы мен қоршаған орта температурасы неғұрлым жоғарылаған сайын, соғұрлым бруцеллалардың сақталуы төмендейді. Бруцеллалар қымызда 1-3 күн, Тернер бойынша қышқылдығы 80°-қа және спирт денгейі 1,5-2°-қа жоғарыласа 2 тәулікке дейін сақталады (Ш. Букейханова, 1952). Етте және ет фаршында бруцеллалар сақталу температурасына және құрамындағы тұздың деңгейіне байланысты 14 күннен 40 күнге дейін тіршілік етеді. Бұл фактор ет өңдеу өндірістердің жұмысшыларына және тутынушыларда үлкен маңызға ие. Әсіресе, жануарлар түсік тастағаннан соң сойылса жүзеге асатын еттің интравитилді залалдануы қауіпті. Түсік тастаған жануарлардың еті аса қауіпті, ал ол жануарлардың ішіндегі ұрықтың асқазанында бруцеллалардың таза дақылы табылған (М.М.Ременцова,1969). Бруцеллалардың полипатогенділігі мен едәуір тұрақтылығы олардың тек қана жануар организмінде ғана емес, сонымен қатар сыртқы орта заттарында да сақталуына әсер етеді. Сыртқы орта заттары сонымен бірге бруцеллездің ауру малдары бар шаруашылықта (күрек, айыр, шелек) таралу факторларына жатады. Ашық су көзіндегі суды малдар ішкенде жеңіл залалданып, қоздырғыш ұзақ уақыт тіршілігін сақтайды. Ондай су тек эпидемиологиялық қана емес эпизоотологиялық тұрғыдан да қауіпті, өйткені инфекцияның адамға ғана емес, жануарларға да берілу факторы болып табылады. Аэрогенді жол малды қырыққанда, жүнді сұраптағанда, тарағанда, жануарларды ұстайтын қораларды тазалағанда, малшаруашылық шикізатты өндегенде, қаракөл қозылар етінен сүйек – ет ұнын өндіргенде, лабораторлық жолмен шаң арқылы ену нәтижесінде жүзеге асады. Жүнде, теріде сақталу жағдайына байланысты бруцеллалар 1 айдан 4,5 ай тіршілігін сақтайды. Жануарладың бұл шикізат түрі бруцеллар ауру жануарлардың әртүрлі бөлінділері арқылы жеңіл залалданады. Әсіресе түсік тастаған, өлі туылған немесе 2-3 күндік қаракөл қозылардың терісі қауіпті. Бруцеллалардың кептіруге тұрақтылығы, олардың топырақта және малдың нәжісінде 8 күннен 3-4 айға дейін сақталуына мүмкіндік береді. Өлген жануарды немесе түсікті дұрыс көмбеген жағдайда, қоздырғыштар тіршілігін жалғастыра береді. Адамдар залалданған нәжісті бақтарда тыңайтқыш ретінде, тезек (отын) ретінде, құрылысқа қолданса және мал ұстайтын жерді тазалаған кезде залалданады.

3. Қабылдаушы макроорганизм. Адамдардың ауруы кәсіби сипатқа ие (қойшылар, сауыншылар, малшылар, мал дәрігерлері, ет және сүт комбинаттары, тері мекемелері, теріні біріншілік өңдеу фабрикалары, бруцеллез зерттханаларының қызметкерлері). Нарықтық экономиканың дамуына байланысты ауылшаруашылығымен кәсіби байланысы жоқ адамдардың, қала тұрғындары мен балалар арасында сырқаттанушылдық деңгейі өсіп отыр. Бұрын байқалатын мезгілділік, яғни аурудың қыс – көктем айларында жиілеуі, сонғы кезде малдың жеке иелерінің санының өсуіне байланысты айқын көрініс бермейді. Бруцеллезбен жасы және жынысы әртүрлі адамдар ауыруы мүмкін. Бірақ, науқастардың құрылымында жас адамдар – жиі, ал сирек – егде жастағы және балалар ауырады. Ер адамдардың жиі ауыруы ауылшаруашылық өнімдерінде олардың көбірек болуына байланысты. Адамдар арасында бруцеллездің нозогеографиясы ауылшарушылық жануарлардың бруцеллезінің таралуына тікелей байланысты. Бірақ, бруцеллалардың түрлері мен биоварларының біркелкі емес патогенділігі бруцеллездің эпидемиологиясында аса маңызды роль атқарады және адамдардың ауыру динамикасына әсер етеді. B. Melitensis — тің жоғары жұғү қауіпі бруцеллездің таралу сипатына әсерін тигізеді. С.Ә.Әміреевтің (1989) мәліметтері бойынша зақымданған қойлармен тікелей жанасуда болатын қой-зат фермалардың жұмысшыларының арасында — 78,6% бруцеллезге қарсы серологиялық реакциялар оң нәтижеде, ал басқа ауыл тұрғындарының арасында – тек қана 11,1 ден 39,7%. Серологиялық реакциялар бойынша оң нәтижелі адамдардың жартысында бруцеллездің әртүрлі клиникалық көріністері анықталған, ал қалғандары өздерін дені сау деп есептеді. Сиыр бруцеллезі ошағында залалданған адамдарда бұл ауыру латенттік түрде өтеді, тек аздаған бөлігінде ғана бруцеллездің клиникалық көріністері дамиды.Сондықтан адамдардың бруцеллезбен ауыруының тіркелуі нағыз эпизоотикалық жән эпидемиологиялық жағдайды көрсетпейді, нәтижесінде бруцеллез бойынша қолайсыз шаруашылықтарда сырқаттанушылықтың деңгейі аз екен-деген жалған пікір туындайды. Бруцеллезге стерилді емес және тұрақты емес иммунитет тән. Қайтадан залалдану және бруцеллезбен ауырып жүрген немесе бұрын ауырып кеткен адамдардың ауру жағдайлары белгілі.



Орытынды

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында елбасымыз ауыл шаруашылығындағы мәселелерді де елеусіз қалдырмады. Өз сөзінде «Мен 20 жылдан артық күш-жігерім мен халқыма қалтықсыз еңбек етіп келемін. Осы жылдары мәртебемізді көтеріп, мерейімізді асырған барша жетістіктеріміз – біздің ортақ табысымыз. Аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде бұрын соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылады. 2016 жылдың өзіңде ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді, мұның құны 4 миллион тонна бидай экспортына тең. Мемлекет бұл мақсатта 130 миллиард теңгелік несие ресурстарын бөледі. Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, жүз мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріс көзіне айналды. Мұның өзі малдың барлық түрінің асыл түліктері мен тұқымдарының бас санының көбейтуге мүмкіндік береді»,- деп аяқтады.

Сол себепті малдардың қауіпті ауруларға шалдығуының шаруашылықтарға тигізетін зияны өте көп. Міне осы тұрғыдан қарағанда алдынғы кезде елімізге жетіспеушілік тудыратын мал өнімін көтеру, бұл ет және ет өнімдері мен мал өнімдері. Қатерлі ауруға тек бір - екі бас мал ғана емес, көптеп малдардың топ - тобымен ауруы; ауыр жағдайда көмек көрсетіліп үлгермегенде ауру малдың кенеттен өлім жітімге ұшырауы; аман алып қалған малдардың өнімінің азаюы; жұмыс малдарының жұмысқа жарамсыздығы; жедел көмекке; емдеп жазуға жұмсалатын қаражат шығындары; адам күші, оларға төленетін жалақы. Міне осы сияқты тағы басқа да шығындар шаруашылықтардың, ветеринария қызметкерлері мен жеке қожалықтардың, сондай - ақ ветеринариялық зертханалардың экономикалық жағдайына елеулі әсерін тигізері сөзсіз.

Ұлан байтақ Қазақстан республикасының жерінде бытыраңқы орналасқан көптеген мал шаруашылықтарында малдардың ішінде әр түрлі қауіпті аурулар жиі кездесетін жағдай. Өзімізге белгілі ветеринарияның ауыл шаруашылығындағы рөлі – жануарларды әр түрлі қауіпті аурулардан сақтаған жөн.

Бруцеллезбен ауыратын науқастардың реабилитациясы толық жүргізілуі қажет. Физиотерапевтік ем әдістерін – магнит, электр мен емдеу, жарықпен емдеу, ультрадыбыспен, инфрадыбыспен емдеу; бальнетеотерапия –пелоидтар, бишофит, гидробентонит; емдеу дене шынықтыру, рефлексотерапия, психотерапия кең қолдану керек. Ескеру қажет: жоғары температуралы табиғи және физиотерапевтикалық факторларды тек қана бруцеллездің өршу сатысынан 6 айдан кейін тағайындауға болады.

Наши рекомендации