Тапсырма. Мәтін бойынша мағынасы түсінікті сөздерді жазып алыңыз. Аудармасын еске түсіріңіз
Бос уақыт және қызығушылық
Уақыт кестесін дұрыс пайдалана алатын адамның іс-әрекеті жүйелі болады. Кестесіне сәйкес жоспарлаған жұмыстарын да тыңғылықты орындайды. Ондай адамның өзіне көңіл бөлетін бос уақыты да табылады. Мұндай жағдайда, әрине, өзің қызығатын, рухани ляззат алатын іспен шұғылданған пайдалы. Бұдан адамның бір мезгіл болса да, жүйкесі тынығып, күш-қуаты артады.
Әр адамның қызығушылығы әр түрлі. Бірі – тауға шығып серуендеуді қаласа, енді бірі – сүйікті спорт түрімен айналысады. Кітап оқу, кесте тігу және тоқыма тоқу да кейбір адамның қызығушылығын арттырады.
Бос уақытта мәдени орындарға барып, әнші, биші, күйшілердің өнерін тамашалаудан жаныңызға жылылық ұялайды.
Тапсырма. Мәтінді қайталап оқып, сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.
1. Сіз уақытыңызды дұрыс пайдалана білесіз бе?
2. Бос уақытта немен шұғылданған пайдалы?
3. Қызығатын іс-әрекетпен айналысқанда, қандай күйде боласыз?
4. Адамдардың қызығушылығы әр түрлі. Сипаттап беріңіз.
5. Бос уақытта мәдени орындарға баруды ұнатасыз ба?
7 - тапсырма. Сұхбатты жалғастырып, еркін сөйлесуге дағдылан-
Ыңыз.
- Сәлем, достым. Жағдайың қалай?
-...
- Жексенбі күні бос уақытым бар. Сондықтан көл жағасына барып, балық аулап, тынығып қайтқым келеді. Саған ұнаса, бірге барайық.
-Жоқ .....
- Сен сурет салуды ұнатады екенсің ғой. Сурет салуды қашаннан бастадың?
-...
- Қандай тақырыптарда суреттер саласың?
-...
- Сенің ата-анаң, бауырларың да сурет салумен айналыса ма?
-...
8 – тапсырма. Сан есімдерді дұрыс қолданып, бір тәуліктегі кестеңізді толтырыңыз.
Мен таңертең сағат .......................... тұрамын.
Сағат ......... ......... денемді сергітер жаттығуларды орындаймын.
Сағат ....... ........ жуынып, таранамын.
Таңғы асымды сағат ............... ................ ішемін.
Бізде сабақ сағат ............... басталады.
Күніне біз сағат .............. оқимыз. Яғни таңертеңгі ..... .......... -дан кешкі ..... ......... дейін университетте боламыз.
Бір сабақ ............ минутқа созылады.
Үлкен үзіліс кезінде, яғни, сағат ............ -да, біз түскі тамақ ішеміз.
Сабақтан шыққан соң, сағат ............. жатақханаға барамыз.
Сағат ............... -да кешкі тамақ ішіп, сабаққа дайындаламыз.
Тапсырма. Сан есімдерге дұрыс жалғанбаған қосымшаларды тауып, қатесін табыңыз.
Мың тоғыз жүз тоқсанінші жылдың жиырма бесыншы қазанында мемлекеттің тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды. 1991 жылға желтоқсанның 16-ыншы тәуелсіздік туралы заң қабылданды. Бір сабақ сағат сегіз жарым басталады. Жарыста алтау бала озып келді. Енді судың үшке бір бөлігін құясың. Екі – екінің отырыңдар.
Тапсырма. Антоним қатарын табыңыз.
Жалқау – (жомарт, мейрімді, еңбекқор)
Ақылды – ( ақкөңіл, ақымақ, өтірікші)
Шыншыл – ( мейрімді, ақымақ, өтірікші)
Сараң – (еңбекқор, жомарт, мейрімді)
Көңілді – (ақымақ, көңілсіз, өтірікші)
8 – сабақ
Бурабай табиғаты
Есімдік
Тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.
1. Айдос, сен демалыс күні Бурабайға барғың келе ме?
2. Бурабайдың табиғатын бұрын көрдің бе?
3. Биші қайыңдар қай жерде көп кездеседі?
4. Сұлу Көкше туралы поэманы кім жазған?
2 - тапсырма. Берілген сөздердің қазақша аудармасын жазыңыз.
Земной рай - …
Необычная природа - …
Танцующие березы - …
Оздоровительные центры - …
Прекрасное Кокше
Тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді аударып, оқыңыз.
Бурабай – (вторая Швейцария) деп аталады. Тамыз айында біз Бурабайға (поедем отдыхать). Демалушыла Бурабайға (приезжают из зарубежа). Бурабай, Зеренді, Шалқар жерлерінің (Удивительная природа). Ғажайып табиғат баурайында (оздоровительные центры) орналасқан. Жолдың екі жағында биік қарағайлар (выстроились в ряд) Көкшетау жерінде (восемьдесят озер) бар.
Тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
табиғат- природа
таңғажайып – удивительный, изумительный
ауа - воздух
керемет - необычный
бейнелі – образный
сұлулық - красота
тарихи - исторический
шыңдары - вершины
саяхатшы - путешественник, турист
Тапсырма. Мәтінді тыңдап, орыс тіліне аударыңыз.
Бурабай табиғаты
Біздің республикамызда табиғаты таңғажайып жерлер өте көп. Соның бірі – Көкшетаудағы Бурабай мекені. Бұл жердің табиғаты жылдың төрт мезгілінде де керемет көрінісімен қызықтырады. Бой сергітер таза ауасы дертке дауа. Бурабайдың таза ауасын, әдемілігін Швецария табиғатымен салыстырады. Бүгінде бұл аймақты «Қазақстанның Швецариясы» деп атау орын алған.
Бурабайда сан ғасырлық тарихы бар «Жұмбақтас», «Оқжетпес» шыңдары орналасқан. Бұл шыңдарды қызықтаған адам таудың әр қырынан әр түрлі бейнені көре алады. Бурабайға саяхатшылар, дем алушы Қазақстан, шетел азаматтары үнемі барады. Осындай тарихи жерді келешек ұрпаққа жеткізу үшін, қорғай білуіміз керек.