Аржылық менеджменттің негізгі (базовые) көрсеткіштері.
Қаржылық менеджменттің келесі базалық көрсеткіштері бар: Қосылған құн, инвестицияны пайдаланудың брутто нәтижесі, инвестицияны пайдаланудың нетто нәтижесі, активтердің экономикалық рентабелділігі. Біріншісі: қосылған құн – егерде белгілі бір кезеңде өндірілген өнімнің құнынан өндіріске қолданған материал қаражаттарының және басқа кәсіпорындардың көрсеткен қызметінің құнын алып тастағандағы нәтижесі – шындығында шикізатқа, энергияға және т.б құнына қосылған құн болып шығады. Қосылған құнның көлемі кәсіпорын әрекетінің ауқымын және оның ұлттық байлықты қалыптастыруға қосқан үлесін көрсетеді. Екіншісі инвестицияны пайдаланудың брутто нәтижесі: қосылған құннан еңбекақы және оған байланысты кәсіпорынның міндетті төлемдері, сонымен қатар барлық салықтарды, кәсіпорынның салық төлемдерін шегеру арқылы анықталады. Инвестицияны пайдаланудың брутто нәтижесі (ИПБ) – қаржылық менеджментте кәсіпорын әрекетінің негізгі аралық қаржы шаруашылық нәтижесінің бірі ретінде қолданылады. Қосылған құндағы ИПБН үлес салмағына қарай кәсіпорынды басқарудың тиімділігін анықтауға болады және кәсіпорынның мүмкін рентабельдігінде білуге болады. Үшіншісі инвестицияны пайдаланудың нетто нәтижесі немесе несие төлеміне дейінгі пайызы және пайдаға салынатын салық. Алдағы қаралған көрсеткіштерден негізгі қорды қалпына келтіру үшін жұмсалған барлық шығындарды шегереміз – бұл инвестицияны пайдаланудың нетто нәтижесі болады. Шындығында, кәсіпорынның шығыннан алған бұл экономикалық тиімділігі кәсіпорынның несиеге, қарыз; төленетін және пайдаға салынатын салықты төлеуге дейінгі пайдасы. Төртіншісі – активтердің экономикалық рентабелділігі немесе кәсіпорынның бүкіл капиталының экономикалық рентабелділігі, оның меншікті және қарыз қаражатының соммасы.
Қаржылық менеджменттің құрылымы және мақсаты.
Қаржылық менеджмент – кәсіпорын және ұжымдардың ақша қаражаты айналымын ұйымдастыру, қаржы ресурстарының құрылуы, бөлінуі және пайдаланумен байланысты басқару мәселелерін жүзеге асыру және оған әзірлік әдісі мен принциптерінің жүйесі болып табылады. Қаржылық менеджмент – қаржы ресурстарының айналымын басқаруға, сонымен қатар осы ресурстардың қозғалыс үрдісі барысында нарық субъектілерінің арасында пайда болатын қатынастарды басқаруға бағытталған. Қаржылық менеджмент фирманың қаржысымен жұмыс атқарады, яғни фирманың өндірістін әрекетіне жұмсалған фирманың өз капиталы және қарыз капиталымен жұмыс атқарады (үлестірілмеген пайда, амортизациялық қорлар, банк несиелері, құнды қағаздар эмиссиясы). Сонымен қатар қаржылық менеджмент басқа да экономикалық пәндермен тығыз байланысты теориялық пән болып табылады. Қаржылық менеджмент міндеті – фирма кірісінің қалыпты деңгейін сақтай отырып, қарапайым акциялар бойынша мүмкін болатын дивидендтің барынша көбейтілуін қадағалау, яғни фирманың оңтайлы қызмет ету тәртібін анықтау. Қаржылық менеджменттің басты мақсаты – қазіргі кезде және болашақта кәсіпорын иелерінің әл – ауқатын барынша көбейту. Бұл мақсат кәсіпорынның нарықтың құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету барысында көрінеді, бұл өз кезегінде кәсіпорын иелерінің қаржы мүдделерін жүзеге асырады. Кәсіпорынның нарықтық құнын барынша көбейту үрдісі оның пайдасын барынша көбейту арқылы жүзеге асырылады.
Қаржылық менеджмент өзінің басты мақсатын жүзеге асыру үрдісінде келесі негізгі тапсырмаларды шешуге бағытталады:
1) Алдағы уақытта кәсіпорынның даму тапсырмаларына сәйкес қаржы ресурстарының жеткілікті көлемін құрауды қамтамасыз ету.
2) Кәсіпорынның негізгі бағыт разрезінде қаржы ресурстарының құрылған көлемін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
3) Қаржы айналымын оқтайландыру.
4) Көзделген қаржы тәуекелі дәрежесінде кәсіпорынның пайдасын көбетуді қамтамасыз ету.
5) Көзделген пайда дәрежесінде қаржы тәуекелі дәрежесін азайту.
6) Кәсіпорынның даму барысында, оның қаржы теңдігін үнемі қамтамасыз ету.
Қаржылық менеджмент келесі бөлімдерден тұрады:
1. Қаржылық талдау және шешім қабылдау жүйесі.
2. Қысқа мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: (коммерциялық несие) қамсыздандырылмаған қысқа мерзімді қаржыландыру; қамтамасыз етілмеген қысқамерзімді қаржыландыру; қысқа мерзімдік жалды қаржыландыру.
3. Ұзақ мерзімді қаржы ресурстарынқолдануды жоспарлау: капиталды бюджеттендіру; лизинг немесе ұзақ мерзімді несие; қарапайым және артықшылығы бар акциялар шығару; инвестициялық жобаларды бағалау және тнвестициялық қоржынды басқару; алдағы кезеңдегі кірістерді ескере отырып, ақшаның құнын бағалау (дисконттау).
4. Мүмкін болатын тәуекелді талдап, бағалау.
5. Шешімнің нұсқамасы және орындалуы.
6. Шешімнің орындалуын бақылау.
7. Шешімнің жүзеге асырылуы барысын талдау және оның оорындалуын туралы есеп беру.
Қаржылық менеджменттің ең негізгі екі буыны – пайда және тәуекел, және олардың ара – қатынасы, әрбір нақты бір кезеңде корпорацияның қаржы менеджерінің нақты шешімін анықтайды. Осыған байланысты қаржылық менеджмент құрамына қаржы әрекетінің екі түрі енеді: біріншіден – пайданы көбейту, екіншіден – компанияның нақты өтімділік деңгейін қамтамасыз ету. Қаржылық менеджмент қаржыны басқару мақсатын өндіру процесінен және соларға ықпал тигізетін әдістер мен тәсілдерден және қаржы механизм тұтқасынан тұрады.