Арапайым ақылды сайлаушы” тарапынан төрешілік
Өмір аясында, сенімді болу қабілеті өте субьективті түсінік. Бұл біздің қазіргі таңдағы әлем туралы түсінігіміз, персоналды стилистикалық және эстетикалық айрықша ықыластарымыз және жеке қызығушылықтарымыз қаншалықты көндіре алатындығына байланысты. Субьективті түсінікке қараған төрешілік өз кезегінде проблематикалық болар еді, себебі нәтиже төрешінің қандай адам болғандығына тәуелді болар еді. Сонымен қатар, төрешінің жеке қалауларына байланысты кейбір дебатерлерге жеңіске жету қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан, төрешілер дебатерлердің сенімділігін өз ойы бойынша емес бәріне ортақ бағалау критерийлеріне байланысты бағалауға тиіс. Төрешілер бағалау барысында өз орнына “қарапайым ақылды сайлаушыны” (кейде “ортастатистикалық саналы индивидуум” немесе “мағлұматпен қамтамасыз етілген әлем азаматы”) қойып көрулері керек. Бұл гипотетикалық қарапайым ақылды сайлаушының дебат тақырыбына алдына ала жиналған көзқарасының болмауы оны алдау мен логикалық қателер және софистикаға көнбеуіне жәрдем етеді. Ол политикалық және социалогиялық сұрақтарды жақсы білгеніне қарамастан арнайы мамандандырылған білімдерге тапшы. Ол әлі көнбеген және оны кімге дауыс беру керек екендігі қобалжытады. Сол себептен ол ең сенімді кейс құрастырған командаға жеңісті бергенді жөн көретін болады. Ол қарама-қайшы аргументтерді (күрделі аргументтерді қоса алғанда) түсінуге және бағалауға жеткілікті түрде білімді; бірақ ол оған табысталған материалмен ғана шектеледі, егер де материал барлығына ортақ түсінікке қарама қайшы келмесе және таң қалдырарлықтай дәрежеде болса.
Жоғарыда көрсетілген материалға қарағанда қарапайым ақылды сайлаушы көпшілікке (немесе барлығына) ұқсамайды. Алайда, “қарапайым ақылды сайлаушы” концепциясы барлық командаларға жеңіске жетуге теңдей мүмкіндік беретін төрешіліктің характеристикалар жинағын жалпылауда пайдалы болып саналады. Сондықтан “қарапайым ақылды сайлаушы” термині төрешілердің келесі міндеттерін сипаттайды:
· Егер де тақырып әрбір адам білетін тақырып (мысалға, “Сирия таяу шығыста орналасқан”, “Ресей – аса маңызды мұнай экспортері” – бұлар көпке белгілі мәліметтер, ал Ирактағы әскери қимылыстар мұндай мәлімет емес) болмаса төрешіге өзінің білім жиынтығын қолдануға болмайды;
· Аргументті толықтай ашып бере алмаған мағлұмат көздері мен эмоциялық апелляцияларға көңіл бөлу маңызды емес;
· Аргументтерді бағалау барысында географиялық, мәдени, ұлттық немесе басқа контексті қолданудан алшақ болу;
· Сүйікті аргумент немесе сүйікті сөйлеу стиліне көңіл бөлмеу;
· Ұсыныстың, шешімнің және мәселенің абыройын өз көзқарасыңа қарамай бағалау.
Қарпайым ақылды сайлаушы ретінде төрешілік атқару раундта жақсы төрешілік ету (аргументтерді логикалық ағымын, қай команданың жеңіске жеткенін қарастыру және ережелер бұзылмауын қадағалау) жауапкершілігінен босатпайды. “Бұл анық иррационалды ынталандыру болды, бірақ қарапайым ақылды сайлаушы бұған сеніп қалуы мүмкін” деп пайымдауға болмайды. Бұл рационалды емес қорытындымен және төрешінің қарапайым ақылды сайлаушыдан ақылдырақ екендігін асыра сілтеп көрсетіп жібереді. Төрешілердің өздерін қарапайым ақылды сайлаушы ретінде идентификациялауы өзіндік субьективті талғамдар мен ойларын қолданудан қашу болып табылатындығын білдіргіміз келеді. Көпшілігіміз дебатты өте жиі ойнағандықтан арнайы стильдің эстетикалық префенцияларын және әзілдер қолдана бастаймыз. Бұл сүйікті бір хобби бола тұра дебат тақырыбынан ауытқуларға алып келуі мүмкін. Юмористикалық және күрделі стилде қолданылған ойлар сайлаушыларға ұнай бермейді. Төршілерге раундта кім ақылды, сырбаз немесе күлкілі болғанын емес кім өз ақылын, сырбаздылығын және әзілдерін сайлаушыны көндіре алатындай етіп қолданғанына қарап бағалауы керек екендігін ескерткен жөн. Бұған жетудің ең үздік тәсілі дебатқа шын проблема немесе дау ретінде қарап кім сайлаушыларды басқаларға қарағанда көндіре алатындығын тауып оларға орындарын жіктеу.