Маршруттау хаттамаларын ұйымдастырушы бағдарлама

Cisco Packet Tracer – Cisco Systems фирмасымен шығарылатын, Cisco құрылғылары арқылы құрылған желілерді жобалау үшін арналған бағдарламалық қамтамасыздандыру. Оның көмегімен желінің жұмыс жасауға қабілетті модельдерін жасауға, Cisco операциондық жүйелерімен жұмыс жасап үйренуге, маршрутизаторлар мен коммутаторларды орнатуға, бірнеше тұтынушыларды өзара әрекеттестіруге (бұлтша арқылы) болады. Жалпы алғанда, желінің тіпті өте күрделі үлгілерін жасауға мүмкіндік береді. Өзіне Cisco 1800, 2600, 2800 маршрутизаторлар және 2950, 2960, 3650 коммутаторлар сериясын, DHCP, HTTP, TFTP, FTP серверлерін, жұмыс станцияларын, компьютерлер мен маршрутизаторларға алуан түрлі модульдерін, Wi-Fi құрығыларын, әртүрлі кабельдерін кіргізеді.

Cisco Packet Tracer студенттерге желі тәртібімен тәжірибе жасауға және өздерінің «егер, осылай болса» деген сұрақтарына жауап іздеп, табуға мүмкіндік беретін желіні модельдеудің қуатты бағдарламасы болып табылады. Packet Tracer тек қана оқытуда ғана емес, сонымен қатар компьютерлік желінің қарапайым моделдеуі үшін зерттеуде де қолданылатын Cisco маршрутизатордың симуляторы болып табылады. Құрал Cisco Желілік академиясына қатысқан немесе сонда жұмыс істейтін оқытушылар, студенттер және түлектер үшін тегін таратуға берілген. Студенттер өзі немесе басқа студенттермен бірігіп, виртуалды құрылғыны және модельденетін қосылысты қолдану арқылы желі құра, орната және оның ақаулығын жоя алады. Packet Tracer желі және хаттамалар қағидаларын оқыту үшін тиімді, интерактивті ортаны ұсынады. Ең бастысы, Packet Tracer студенттер мен оқытушыларға тәжірибелер, барлау және желі және технология ережелерін түсіндіру үшін өзінің виртуалды «әлем желісін» жасауға көмектеседі.

Бұл БҚ сонымен қатар CCNA курсының зертханалық жұмыстарды орындау үшін де жобаланған. Топологияның практикалық тапсырмаларын орындауға қажетті құрылғыларда бірнеше минутта жинауға болады, сондықтан зертханалық жұмысты орындауды бірден бастауға болады.

Cisco Packet Tracer кешенді жобаларды құру үшін жеткілікті кең мүмкіндіктері бар өте ыңғайлы құрал болып табылады. Ресми специфи-кациясына сәйкес берілген бағдарламалық қамтамасыздандырудың CCNA, CCNA Security, CCNP емтихандарын табысты тапсыруға қажетті машықтану іскерлігін алуға қажетті функциялары бар.

Cisco Packet Tracer-де мына іс-әрекеттерді жасауға болады:

− маршрутизаторлар, коммутаторлар, қатынас нүктелері және т.б. құрылғыларды қолдану арқылы локальді желіні виртуалды құру;

− Cisco желілік құрылғысының әр түрлі орнатулардың кең таңдауы;

− пәрмендік жолды және т.б. виртуалды бейнелеу.

Техникалық сипаттамаларына қарап, бұл бағдарламалық қамтамасыздандыру компьютерге қойылатын талаптары жоғары емес екендігін байқауға болады. Бұл Cisco Packer Tracer-ді CCNA [1] курсының практикалық дағдыларын өңдеу үшін кез келген заманауи компьютерлеерде де қолдануға болады.

Cisco Packet Tracer-дің техникалық сипаттамаларына сәйкес бағдарлама мүмкіндіктері және хаттамаларды үйлестіруі:

− FTP , SMTP, POP3, HTTP, TFTP, Telnet, SSH, DNS, DHCP, NTP, SNMP, AAA, ISR VOIP, SCCP, ISR сұраныстары мен орнату пәрмендерінің үйлесімі, сұраныстың жылдам менеджері;

− TCP және UDP, TCP Nagle алгоритмі мен IP фрагменттеу, RTP;

− BGP, IPv4, ICMP, ARP, IPv6, ICMPv6, IPSec, RIPv1/v2/ng, кең облысты OSPF, EIGRP, статикалық маршруттау, маршруттауды қайта үлестіру, көп деңгелі коммутация, QoS-тың 3-деңгейі, NAT, CBAL, файерволлдың зоналық негізделген саясаты және ISR-ге басып енуден қорғау жүйесі, GRE VPN, IPSec VPN;

− Ethernet (803.3), 803.11, HDLC, Frame Relay, PPP, PPPoE, STP, RSTP, VTP, DTP, CDP, 803.1q, PAgP, L2 QoS, SLARP, қарапайым WEP, WPA, EAP.

Бағдарламаның негізгі терезесінде 6 негізгі меню бар, оның 4-еуі ең жиі қолданылатын болып саналады. Төменгі сол бұрышта осы бағдарлама жұмыс жасауға мүмкіндік беретін құрылғылар орналасқан, ал оның оң жағында сіздер таңдалынған құрылғылардың барлық құрылғыларын көре аласыздар.

Cisco Packet Tracer өздігінен жұмысқа арналған көптеген құралдармен қоршалған жұмыс бетінен тұрады. Категорияларды тізіп шығайық:

− маршрутизаторлар;

− коммутаторлар;

− хабтар;

− сымсыз құрылғылар;

− қосылулар;

− ақырғы құрылғылар (компьютерлер, ноутбуктер);

− WAN эмуляциясы (ғаламтордың эмуляциясын жасау үшін);

− дәстүрлі құрылғылар (оны өз бетімен жинауға болады);

− еркін қосылуды жасау.

Cisco Packet Tracer-да кез келген құрылғыны қолдануды бастау үшін ол құрылғыны жұмыс облысына апару қажет. Таңдалынған құрылғыны жұмыс облысына әкеліп қойып, оның үстіне тінтуірдің сол жағын басып, орнату терезесін ашуға болады. Бұл терезеде үш белгі болады: физикалық кеңістік, конфигурация (мұнда құрылғының IP-адресін, желі маскасын және т.б. орнатуға болады) және әр құрылғыға сәйкес пәрмендер енгізілетін CLI-командалық интерфейсі. Әр құрылғылар үшін терезедегі белгі саны және мзмұны өзгеріп отыруы мүмкін.

Қолданушы контекстінде маршрутизатор конфигурациясына әсер етпейтін қарапайым пәрмендер рұқсат етілген (мониторинг үшін кейбір базалық операциялар). Пәрмендік жолды шақыру түрі:

router>

router сөзінің орнына маршрутизатор атауы шығарылады, егер ол болса.

Администратор контекстісі («exec» контексті) қолданушы контекстісіне берілген enable командасымен ашылады, бұл уақытта администратор паролі қажет. Администратор контекстісінде маршрутизатор конфигурациясы және оның күйі жайлы толық ақпаратты алуға болатын пәрмендер, конфигурациялау режиміне ауысушы пәрмендер, сақтау командалары және конфигурацияны жүктеу командалары рұқсат етілген. Пәрмендік жолды шақыру түрі:

router#

Пайдаланушы контекстіне қайта көшу disable командасы бойынша немесе активт болмаған кезде қойылған уақыт өткен жағдайда орындалады. Жұмыс сеансының аяқталуы – exit командасы.

Конфигурациялаудың жаһанды контексті администратор контекстінде берілген config terminal («терминал арқылы конфигурациялау») командасымен ашылады. Жаһанды конфигурациялау контексті құрамында маршрутизаторды конфигурациялау командалары, маршрутизатор жүйелерін конфигурациялау контекстілеріне көшу командалары бар. Мысалы:

– интерфейстің конфигурациялау контексті: interface командасымен жаһанды конфигурациялау контекстінде берілген интерфейс атауы ашылады (мысалы, interface serial0);

– динамикалық маршрутизациялау үрдісін конфигурациялау контексті: жаһанды конфигурациялау контекстінде берілген router хаттама үрдіс_нөмірі командасымен ашылады (мысалы, router ospf 1).

Көптеген басқа да конфигурациялау контекстілері бар. Кейбір конфигурациялау контекстілері басқа конфигурациялау контекстілерінің ішінде орналасқан [17].

Жиі кедесетін конфигурациялау контекстілерінде командалық жолдарды шақыру түрі:

router(config)# /жаһанды/

router(config-if)# /интерфейстің/

rounter(config-router)# /динамикалық маршрутизацияның/

rounter(config-line)# /терминалдық желінің/

Наши рекомендации