№ | Тапсырманы тақырыбы | СОӨЖ жүргізу формасы |
Күндізгі бөлім |
| 1. «Маркетингтік зерттеулер» дефинициясының анықтамасын зерттеңіз. Сіздің ойыңызша маркетингтік зерттеудің мәнін қандай анықтама тереңірек анықтауға мүмкіндік береді. Осы түсінікке қатысты қандай өзіндік анықтама ұсына аласыз. 2. Маркетингтік зерттеудің санаттық құрылымының мәнін ашыңыз: мақсаты, міндеті, пәні мен объектісі. 3. Маркетингтік зерттеулердің мазмұны қандай және оның негізі бойынша шаруашылық жүргізуші субъект қандай шешімдерді қабылдайды? 4. Мына түсініктердің мәнін ашыңыз: нарықты сегменттеу, компания және оның өнімін нарықта жайғастыру, бәсекелік артықшылықтарды талдау және шаруашылық субъектісінің стратегиясын дайындау, маркетинг жопарын жасау. 5. Шаруашылық субъектісінің маркетингтік қызметінің тиімділігін қалай бағалауға болады? 6. Маркетингтік зерттеулерді жүргізуге қажеттілік оны жүргізумен шектеліп ғана қоймайтын жағдайлар мен талаптарды атаңыз. 7. Маркетингтік зерттеулер қандай белгілері бойынша жіктеледі? Олардың түрлері қандай? Олардың қолданылуы тәжірибесіне отандық және шетел компаниялары мен фирмалары негізінде мысал келтіріңіз. 8. Маркетингтік зерттеуді жүргізу барысында қандай қағидалар сақталуы қажет? | Ауызша талқылау |
Академиялық кезең басында студенттердің білім деңгейін анықтау | Ауызша сұрақ-жауап алу |
| 1. Маркетингтік зерттеулердiң бағыттары, олардың міндеті, объектілері және негiзгi нәтижелерiн сипаттаңыз. 2. Маркетингтік зерттеу нәтижелерi негiзiнде негізгі бағыттары және жіктеудің басқа да белгiлерi бойынша рангілей отырып отандық шаруашылық субъектілерінiң тәжiрибелік қызметінен мысалдар келтіріңіз. | Ауызша талқылау |
| 1. Маркетингтік ақпарат түсінігін, жиналу мақсатын, ерекшеліктерін, қағидаларын ашып көрсетіңіз; 2. Маркетингтік ақпарат қалай жіктеледі? 3. Ақпараттың қандай көздері бар? 4. Бірінші ретті ақпаратқа қарағанда екінші ретті ақпаратты жинаудың маңызы неде? 5. Екінші ретті ақпараттың ерекшеліктері мен кемшіліктерін сипаттаңыз; 6. Екінші ретті ақпарат қалай жіктеледі? 7. Ішкі ақпараттың сыртқы ақпараттан айырмашылығы неде? 8. Ішкі және сыртқы ақпараттарды барлық түрлері бойынша шығу көздерін, артықшылықтарын, кемшіліктерін және негізгі белгілерін ашып көрсетіңіз; 9. Екінші ретті ақпараттың жарамдылығын бағалайтын қандай әдістерді білесіз? 10. Бірінші ретті және екінші ретті ақпараттардың салыстырмалы сипаттамаларын өткізіңіз. | Ауызша талқылау |
| 1. Маркетингтік зерттеулерді жоспарлау деген не және қандай шараларды қамтиды? 2. Маркетингтік зерттеу жоспарлары зерттеу дизайны және олардың түрлері бойынша қалай жіктеледі? Олардың айырмашылығы неде: мақсаты, негізгі өзгермелілер, маркетингтік зерттеулер жүргізуде қолданылатын әдіс, және оның қорытындысы бойынша ма? 3. А кондитерлік фабрикасы диабеттік азық-түлікті шығарамын деп шешті және нарық сыйымдылығы мен өзінің үлесін нарықта бар өндірушілер бойынша бағалағысы келеді. Бұл азық-түлік орта табысы бар сегментке есептелінген. Дескриптивті зерттеулердің мүмкін болатын жоспарының алты сұрағын қарастырыңыздар (6 Ws). 4. Маркетингтік зерттеулердің іздеу, дескриптивті және себеп-салдарлық түрлерінің арасындағы қарым-қатынасты анықтаңыздар. 5. Маркетингтік зерттеулерді жүргізу барысында желілік графикті тұрғызу қалай орындалатынын анықтаңыздар. 6. Өз курстық жұмыстарыңыз шеңберінде маркетингтік зерттеулер жоспарын құрастырыңыздар. | Ауызша талқылау |
| 1. Маркетингтік зерттеу үрдісінің негізгі кезеңдерін бөліп көрсетіңіз. 2. Маркетингтік мәселенің негізгі көздерін/мүмкіндіктерін анықтаңыз. 3. Маркетингтік зерттеу тұжырымдамасын жасау үрдісін мысалдар арқылы ашып беріңіз: мәселені анықтау. Маркетингтік зерттеу мәселесі мен басқару мәселесі арасындағы, симптомдар мен мәселе арасындағы айырмашылық қандай? Маркетингтік зерттеу мәселесін анықтау барысында қандай қателіктер болуы мүмкін және оларды қалай азайтуға болады? – зерттеу пәні мен объектісін анықтау; – зерттеу әдістемесін (оның теориялық негіздерін) жоспарлау; – әртүрлі айнымалылар не/және параметрлер арасындағы өзара байланысты анықтауға бағытталған аналитикалық модельдерді жасау; – зерттеу мақсаты және жұмыс болжамын қалыптастыру; – релеванттық сипаттаманы анықтау. Ол зерттеу жоспарын өзгертуге әсер етуі мүмкін және сауалнама сұрақтарының мазмұнын анықтау үшін қолданылады. 4. Келесідей басқару мәселелері негізінде маркетингтік зерттеу мәселесін құрастырыңыздар: – Нарыққа жаңартылған тауар шығаруға бола ма? – Екі жылға созылған коммуникация саясатын өзгерту керек пе? – Өнімді жылжыту шығындарын жоғарылату керек пе? – Жаңа қызметтер үшін қандай баға стратегиясын қолдану керек? – Сауда делдалдарын ынталандыру шарттарын өзгерту керек пе? 5. Өзіңіздің курстық жұмысыңызға байланысты екі жұмыс болжамын құрыңыз және оны негіздеп, маркетингтік зерттеудің қай түріне жататынын анықтаңыз. 6. Қандай өлшеу шкалаларын білесіз? Мысал келтіріңіз. 7. Далалық жұмыстарды жүргізу қандай кезеңдерден тұрады? | Ауызша талқылау |
| 1. Маркетингтік зерттеуді қандай әдістермен жүргізуге болады? 2. Маркетингтік зерттеудің ішкі және сыртқы субъектілерінің астарында не түсіндіріледі? 3. Маркетингтік зерттеулердің ішкі және сыртқы субъектілері қалай жіктеледі? 4. Маркетингтік зерттеуді жүргізу формасына сипаттама беріңіз. 5. Ұйымдасқан маркетингтік зерттеу формасының әрбірінің артықшылықтары мен кемшіліктері және бағалау критерилері қандай? 6. Маркетолог-зерттеушінің қандай біліктілігі болуы қажет? 7. Қандай маркетингтік зерттеуге қатысушылармен соқтығысып қалдыңыз? Мысал келтіріңіз. 8. «Этика» сөзінің мағынасын ашыңыз. Осы түсініктің «маркетингтік этика» түсінігімен байланысы қандай? 9. «Маркетингтік зерттеулерге қызығушылық танытатын тараптар» түсінігін ашыңыз. Маркетингтік зерттеуге қандай қызығушылық танытатын тараптар қатысады және олардың негізгі құқықтары мен міндеттері? 10. Әрбір қызығушылық танытатын тараптар маркетингтік зерттеулерді жүргізу кезінде қандай этика мәселелерін сақтағаны жөн | Ауызша талқылау |
| 1. Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің ортақ әдiстерiн қалай жіктеуге болады? 2. Кабинеттік зерттеу әдiстері, қолданылуы, кадрлардың мәні, ахуалдары және кемшiлiктер. 3. Мәлiметтi талдаудың қандай түрлерi кабинеттік зерттеу жүргізуде қолданылады? Оларды ашып көрсетіңіз. 4. Дәстүрлi және ақпараттың ақпараттық-мақсаттық талдауларының артықшылықтары мен кемшiлiктері қандай ? 5. Нарықты зерттеудiң далалық әдiсi, мәні, артықшылықтары мен кемшiлiктері. 6. Сынақтық сату әдiсі, мәні, артықшылықтары мен кемшiлiктері. 7. Дербес iскер байланыс әдiсі, мәні, артықшылықтары мен кемшiлiктері. 8. Кабинеттік және дала зерттеулерiн бiрге қолдануға мысалдар келтіріңіз, отандық серiктестiктер мен фирмалардың маркетингтік тәжiрибесiн талқыға салып көрсетіңіз | Ауызша талқылау |
| 1. Бақылауға анықтама беріп және оны тиімді жүргізу жағдайлары мен талаптарын ашып көрсетіңіз. 2. Бақылаудың қандай түрлерін білесіз? Оларға сипаттама беріп, мысал келтіріңіз. 3. Бақылау әдістері қалай жіктеледі? Оларға сипаттама беріп, мысал келтіріңіз. 4. Өзіңізге таныс механикалық аспаптардың функцияларын атап көрсетіңіз? 5. Бақылау жүргізу үрдісін сипаттап беріңіз. Құрылымданған тәртіппен құрылымданбаған тәртіпті өңдеу айырмашылықтары қандай болып табылады? 7. Бақылау әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін тізіп көрсетіңіз. Келтірілген бақылау қиыншылықтарының субъективті және объективті түрлерін бөліп көрсетіңіз. Бақылаудың кейбір кемшіліктерін қалай түзетуге немесе жоюға болады? | Ауызша талқылау |
| Академиялық кезең ортасында студенттердің білім деңгейін анықтау | Тест |
| 1. Эксперименттің маркетингтегі себеп-салдардық тұжырымдамасын ашып көрсетіңіз. 2. Эксперимент әдісін сипаттап беріңіз. 3. Эксперименттің ішкі және сыртқы шынайылығын бағалауға нендей себептер мүмкіндік береді? Эксперименттің шынайылығына қандай факторлар әсер етеді? 4. Экспериментті жүргізу бағытын болмаса сызбасын сипаттап беріңіз? 5. Экспериментті өткізу мен жобалау үрдісін айтып беріңіз? 6. Эксперименттер қалай жіктеледі және олардың формалары | Ауызша талқылау |
| 1. Пікір сұрау әдiсін сипаттаңыз. Оның артықшылықтары және кемшiлiктері қандай? 2. Респонденттерден мәлiмет жинау әдiстерi қандай пікір сұрауды өткiзуде қолданылады? Оларды сипаттаңыз. 3. Пікір сұрауды өткiзу формалары қалай жіктеледі? Оларды сипаттаңыз. 4. Пікір сұрау әдiстерi қандай болады? Олар қалай жіктеледі? 5. Пікір сұрау әдiсін таңдауға қандай факторлар ықпал етедi? Оларды сипаттаңыз. | Ауызша талқылау |
| 1. Ішінара бақылауды жоспарлауда қолданылатын ірiктеменің негiзгi түсініктерін ашыңыз. 2. Іріктемені жоспарлау үрдісі қандай кезеңдерден тұрады? 3. Iрiктемені құрастыру әдiстерi қалай жіктеледі ? 4. Ірiктемені құрастырудағы ықтимал және детерминделген әдiстер қалай жіктеледі, жеке-жеке сипаттаңыз. 5. Iрiктеменің көлемін анықтайтын қандай әдiстер бар? | Ауызша талқылау |
| 1. Сапалық және сандық зерттеуге анықтама беріңдер. 2. Сандық және сапалық зерттеулерге салыстырмалы сипаттама беріңдер. 3. Ғылыми ортада сапалық зерттеулер репрезентативтілігіне қатысты қандай пікірталастар туындайды? Сіз қандай көзқарасты ұстанасыз және себебі неде? 4. Маркетингтік зерттеуде Малхотра, К. Нэрш сандық және сапалық тәсілге қатысты қандай принципті ұсынады? 5. Қандай жолдар арқылы ақпараттың сенімділігін қамтамасыз етуге болады? 6. Триангуляция әдісін анықтаңыз, оның сыры неде? 7. Сапалық зерттеуде сенімділікті бағалаудың қандай критерийлерін білесіз? 8. Қандай жағдайларда сапалық зерттеу, қандай жағдайларда сандық зерттеу жүргізіледі? 9. Сандық зерттеудің негізгі ерекшелігі қандай? 10. Сандық зерттеу әдістері қалай жіктеледі | Ауызша талқылау |
| 1. Фокус-топ әдісінің қысқаша тарихын айтыңыз. Д.Морган фокус-топтардың даму тарихында қандай 3 кезеңді атап көрсетеді? Бұл кезеңдерге сипаттама беріңіз. 2. Фокус-топтағы негізгі типтік түсініктерді ашыңыз. 3. Фокус-топты жүргізу әдістемесін анықтаңыз. 4. Фокус-топты жүргізу кезеңдерін атап өтіңіз. 5. Фокус-топтың мақсатына байланысты қандай типтері бар. 6. Топик-гайд нені білдіреді, мысал келтіріңіз? 7. Фокус-топтарды зерттеуші мамандар қандай функциялар атқарады: зерттеушілер, модераторлар, рекрутер және ассистент? 8. Фокус-топты жүргізу бойынша қандай қорытындыларды білесіз? 9. Фокус-топ әдістерінің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? 10. Фокус-топтың нәтижелілігі қалай анықталады? | Ауызша талқылау |
| 1. Панельге, панельге қатысушыға, панельдік зерттеулерге анықтама беріңіз. Панельдің қандай сипаттамалары бар? 2. Панельдер қалай жіктеледі? Жіктеулерінің түрлері мен белгілерін анықтап, мысал келтіріңіз. 3. Панельдің қандай түрлерін білесіз? Оның обьектілері, мақсаттары және қолдану аясы қандай? 4. Синдикативті қызметтер қалай жіктеледі? 5. Аудиториямен байланыс жасауда панельдің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай? 6. Панельдік зерттеулердің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай? 7. Қазақстандық зерттеу компаниялары қандай панельдік зерттеулер жүргізеді, мысал келтіріңіз | Ауызша талқылау |
| 1. Маркетинтегі талдаулық жүйеге не кіреді? 2. Эксперттік бағалау түсінігі. Эксперттік бағалаудың түрлері. Эксперттік бағалау жүргізудің кезеңдеріне сипаттама беріңіз. 3. Дельфи әдісі деген не? Дельфи әдісінің алгоритмін сипаттаңыз. 4. Математикалық статистика әдістеріне негізделген болжам жасау әдістерін сипаттаңыз. 5. Математикалық моделдеу әдісін түсіндіріңіз. 6. Зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды есеп қандай бөлімдерді қамтиды? Әр бөлімге талдау жасаңыз. | Ауызша талқылау |
| Академиялық кезең соңында студенттердің білім деңгейін анықтау | Тест |