Умеков З.Ш., Жанбекова З.Х., Кернебаев А.С. 4 страница

Семинар сабағының жоспары:

Талқылауға арналған сұрақтар

1. Басқару дегеніміз не? Басқару, өзін-өзі реттеу және стихиялық объектілердің айырмашылығы қандай? Адамдар басқаруда қандай орында?

2. Басқару әсерінің негізгі элементін атаңыз?

3. Басқарудың көп қырлы болуының себебі неде? Басқарудың және ғылымның негізгі астары неде? Кімдер құмарта қарайды?

4. Басқарудың қандай түрлері бар? Олардың айырмашылығы?

5. Мемлекеттік басқарудың ерекшелігі және сәйкес әлеуеттілігі неде?

СӨЖ және СӨЖО тапсырмалары:

1. Тақырыптық сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

2. "Мемлекеттік басқару теориясының философия, экономикалық теория, социалогоия, политология, мемлекеттік тәне құқық теориясы және басқа пәндермен" өзара қатысы туралы тақырыпқа эссе дайындау

3. Төмендегі тақырыптарға реферат дайындау:

" Мемлекеттік басқарудың саксониялық моделі";

"Мемлекеттік басқарудың Батыс Европалық моделі";

"Мемлекеттік басқарудың Скандинавиялық моделі";

"Мемлекеттік басқарудың Патернамистік (Жапония) моделі".

Әдістемелік ұсыныс: Дайындықты бастау керек дәрістің конспектіні және ұсынылған әдебиеттерді оқу керек. Дайындалу кезінде "пән" , "объект", "әдіс", басқару ғылымының категорияларын бір-бірінен айыра білу керек. Басқару теориясының әртүрлі мектептерімен даму бағытына семинар сабағында көңіл болу керек. Қысқа түрде эссе және реферат өткізу арқылы бақылау керек.

Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

1. Басқару объектісінің кеңейтілу жағдайына қатыссыз,барлық басқару жүйесі өзінің даму барысында уақыт келе өзінде жинақталады Сондықтан, кеңейтілу тенденциясына қарсы тұру үшін басқару аппаратын әрқашан қадағалап отыру қажетБерілген жағдай былай аталады:

A) Паркинсон заңы

B) Файоль заңы

C) Джефферсон заңы

D) басқару заңы

E) Ұйымдастыру заңы

2.Басқарудың ыңғайлы принципіне жатпайды:

A) экономика және саясат бірлігі

B) орталықтану мен аймақтардың, өзге де жергілікті құрылымдардың дербестігінің үйлесуі

C) жұмысшы санының қысқаруы

D) төмегі таптың жоғарғы тапқа бағынуы

E) Жұмысшы санының ұлғаюы

3.Американдық мектеп басқаруының мінезделуі:

A) империкалық бағытты іздестірумен

B) мемлекеттік-құқықтық институттың даму этаптарының бірінде формальдік – заңдық жағдайды игеру

C) жасалған жұмыстардың принциптерінің универсальділігімен

D) философиялық іздестірудің теориялық бастамасына мінезделеді

E) барлық жауаптары дұрыс

4.Ағылшын мектеп басқаруының мінезделуі:

A) империкалық бағытты іздестірумен

B) мемлекеттік - құқықтық институттың даму этаптарының бірінде формальдік - юристік жағдайды игеру

C) жасалған жұмыстардың прициптерінің универсальділігімен

D) философиялық іздестірудің теориялық бастамасына мінезделеді

E) барлық жауаптары дұрыс

5. Неміс мектеп басқаруының мінезделуі:

A) империкалық бағытты іздестірумен

B) мемлекеттік - құқықтық институттың даму этаптарының бірінде формальдік - юристік жағдайды игеру

C) жасалған жұмыстардың принциптерінің универсальділігімен

D) философиялық іздестірудің теориялық бастамасына мінезделеді

E) барлық жауаптар дұрыс

6.Француз мектеп басқаруының мінезделуі:

A) империкалық бағытты іздестірумен

B) мемлекеттік - құқықтық институттың даму этаптарының бірінде формальдік - юристік жағдайды игеоу

C) жасалған жұмыстардың принциптерінің универсальділігімен

D) философиялық сипаттағы фундаменталды теориялық зерттеулермен

E) барлық жауаптары дұрыс

7.Мемлекеттік басқару жүйесіне аталғандардың қайсысы жатпайды:

A) бүтіндік

B) өзара қызметтік қатынастар және өзара бағынышты элементтер заңдылықты және ережеге бағынады, әрқайсысына бағынбау арқылы

C) импульсіне және орталықтың әсеріне бүтін сияқты жүйеге әсер ететін, ішінен шыққан құрастырушы элементтер

D) тұтастыққа біріктірілетін элементтер жекеге ұқсас болмайтын жүйелік сапалық қасиеттерге ие болады

E) барлық жауаптар дұрыс емес

8.Басқару органдарының функционалдық өзара қатынасы жалпы жағымды болып бөлінеді:

A) ішкі және сыртқы

B) тік және көлденең

C) тік және керісінше

D) құқықтық және әлеуметтік

E) барлық жауаптар дұрыс емес

9.Мемлекеттік органдардың мінездемесіне айтылғандардың ішінде не кірмейді:

A) белгілі бір мемлекеттік функцияларды орындайтын структура

B) мемлекеттік мақсаттарды орындайтын, еңбекті дұрыс бөлетін адамдар тобы

C) пайда табу мақсатында істейтін, мемлекеттің меншігіне жататын ұйым

D) мемлекеттік басқару структурасы

E) барлық жауаптар дұрыс емес

10.Шешім мен алға қойған мақсаттардың көлемін анықтайтын саяси кеңістік:

A) шешім авторитеті

B) шешім диапазоны

C) шешім ақпараттылығы

D) шешімнің практикалығы

E) барлық жауаптар дұрыс

ІЛІК КӨЗҚАРАС,

БАСҚАРУ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

Дәрістің мәнмәтіні

Мақсаты:

Жүйелердің анықтамасын беріп, олардың қасиеттерін анықтау, мемлекетті басқарудың құрылымдық жүйесін және мемлекеттің экономикалық функцияларын қарастыру.

Мемлекетті басқару жеке элемент ретінде емес, біртұтас жүйе ретінде қызмет атқарады. Осының негізінде басқарудың тиімділігін қарастыру және тиімділігін арттыру жоларын арттыру.

Дәріс жоспары

1. Жүйелердің анықтамасы мен олардың қасиеттері.

2. Мемлекетті басқарудың құрылымдық жүйесі – мақсаттық моделі, анықтамасы, мәні және қасиеттері.

3. Мемлекеттің экономикалық функциялары.

Негізгі түсініктер:Басқару, мемлекетік орган, экономиканы мемлекеттік реттеу, либерализм және т.б.

Тақырыптың мазмұны

1.Мемлекетті басқару жүйесі – бұл тарихи феномен, ұлттық мемлекет пайда болғаннан басталды және қазіргі саяси жүйемен байланысты. Көне дәуірден (Платон, Аристотель) оның кейбір элементін әлеуметтік – саяси жүйеге байланысты ең бірінші рет мемлекетке қолдану кезінде басқару проблемасына деген қызығушылық пайда болды. XIX – XX ғ.ғ өндірістік техникалық революцияның басталуына қарай еңбекті жоспарлы ұйымдастыру және осыған байланысты мемлекетті басқару институциялары мен механизмдері пайда болып, сонымен қатар мемлекетті басқару туралы сала қалыптаса бастады.

Басқару дегеніміз жан-жақты феномен, бұл процесс материалдық дүниенің барлық жүйесінде бар. Басқару – жүйені ұйымдастыру қызметі табиғи (эволюциялық), жасанды жолмен пайда болады. Кез келген ұйымдасқан жүйені осындай феноменсіз ойлау мүмкін емес. Мемлекетті басқару жүйелік тұтастықты білдіреді, жиынтық институттар негізінде, тұтас құқықтық негізде ұйымдасқан қатынастар, процесстер мен ұстанымдар қызметі және қоғамдық ұйымдарды басқару әдістемесі пайда болады.

Мемлекетті басқару:

- өзара байланыста және бағынышта болатын әр элеметтерден тұрады;

- жиынтық элеметтерді ұйымдастырудың біртұтастығы, олардың қосындысы емес;

- элементтердің тұтастығын интегралдау, жүйенің сапалық белгісін табу, жекелік белгі емес;

- элементтердің өзара қарым-қатынасы мен бағыныштылығы заңдылық пен ережеге бағынады, әрқайсысына бағынышты емес;

- жүйе, тұтас ретінде қоршаған ортаға әсер етеді, күш береді, оларды жасайтын элементтердің ішінен шығады.

Басқару органдарының функционалдық байланысы төмендегіше бөлінеді:

1. Сатылас байланыс – бұйрық беру арқылы бір органның екінші органның жоғарыдан төмен қарайғы қарым-қатынасын білдіреді, жергілікті басқару органы, аймақтық басқару органы

2. Деңгейлес байланыс – басқарушы органдардың өзара қатынасын сипаттайды

Сатылас байланыс – деңгейлеске қарағанда үстемдік сипатта, себебі орталықтану және шоғырлану мемлекеттік үстемдікке тән қасиет.

Басқару органдарының өзара байланысы жүйелі пирамида түріндегі құрылымды құрайды, оның негізі – жергілікті басқару органдары. Жоғарғы шегі – биліктің және басқарудың орталық институттары. Сатылас билік «төменнен» «жоғарғы шекке дейінгі» - осындай құрылымның өзегі болып саналады. Болуы мүмкін саяси режимнің түрлеріне қарай ол қатал әлде жұмсақ.

2. Мемлекетті басқарудың құрылымдық жүйесі – оның мақсаттық моделі мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы болып саналатын мемлекеттік органдар.

Мемлекеттік органдардың сипаттамасы:

1. Функционалдық – оның құрылымдық сапасын ашып көрсету арқылы, мемлекеттің атқаратын белгілі қызметін анықтайды.

2. Әлеуметтік –қоғам белгілеген қоғамдық еңбектің бөлінуі кезінде адамдар ұжымының мемлекеттің жүктеген мақсатын, мемлекеттік қызметті орындау тәртібін қарастырады.

3. Заңдылық – қажетті қызмет бабын, болмаса айқын үлесін беру.

4. Ұйымдастыру - мемлекеттік аппараттың дербес бөлінген жабдық құрылымын анықтайды.

Сонымен, мемлекеттік орган (синонимдері: мемлекеттік орган, мемлекеттік үстемдік етуші орган, жергілікті өзін-өзі басқару органдары) үстемдік етуші құрылымның бірлігін көрсетеді, формализмге негізделіп құрылған, өзіне тапсырылған міндет пен қызметті жүзеге асыру үшін конституционалдық:

1. Деңгейлес – заң шығарушы, орындаушы және сапқа жататын;

2. Сатылас – мемлекеттік үстемдік етуші билік және жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырады.

Негізі – «Ұстап тұратын өзек» мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру құрылымы – атқарушы билік органдары. Оған жоғары биліктің қабылдауынан бастап, мемлекеттік атқарушы билік және өзін-өзі басқару органдарының барлық сатысы кіреді. Нұсқаулар орындаушыға жеткізіліп, соған сәйкес тәртіпке бағындыру арқылы жүзеге асырылады. Материалдық қаржымен қамтамасыз етіледі, қызметкерлер құрамы қызмет жасайтын технологиямен және басқа элементтермен ерекше төменгі деңгейдегі жүйе ретінде қызмет етеді.

Ұйымдастыру құрылымында, оның ішінде мемлекеттік басқаруда бірнеше негізгі ұйымдастыру құрылымы қолданылады және соған сәйкес оның түрлері қалыптасады.

Функционалдық негізде мемлекеттік органдар қалыптасады, желілік-функционалдық негізде басқарудың нақты қызметін атқаратын орган құрылады.

Желілік және функционалдық негіздердің құндылығын біріктіру арқылы құрылым жасауға жағдай жасалады, барлық органдар шешімдер қабылдайды және оларды өмірге енгізеді, ал басқасы мәлімет беру, консультативтік, статистика, жоспарлау, үйлестіру және өзге міндеттерді атқарады. Қорытындысында мемлекеттік басқарудың деңгейі жоғарылайды.

Бағдарлама – мақсатты негізде ұйымдастыру құрылымы, соның негізінде мақсатты негіз анықталады, не кешенді бағдарлама жасалады және соған сәйкес элементтер және олардың өзара байланысы толық бағындырылады.

Қалыптамалық негізіндегі басқару құрылымы желілік және бағдарламалық. Мақсатты басқару қатар қолданылады.

3. Мемлекеттік экономикалық қызмет экономикалық маңызы әртүрлі ресурстарды өндірісте ұтымды пайдалану арқылы адамдардың қажеттілігін қанағаттандырады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері:

- табиғи ресурстар (орта, ресурстар)

- инфрақұрылым (көлік, байланыс, қатынас)

- ғылыми-техникалық кешен

- отын-энергетикалық кешен

- агро өндірістік кешен (азық түлік)

- қорғаныс

- әлеуметтік ая

Батыс ғалымдары ғылымды және капитализмнің практикалық даму тарихын екі кезеңге бөледі.

Классикалық және кейнсиандық әрқайсысы өзіне тән ғылыми мектеп, идеологиясы бар. Либералдық идеология классикалық мектепке тән, ал демократиялық идеология кейнсиандық мектепке тән.

Классикалық мектеп мемлекеттік реттеу арқылы еркін нарықты дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға жағдай жасайды. Кейнсияндық мектеп керісінше дағдарыстық апатты ауыздықтау үшін мемлекет әлеуметтік жағдайға жауапты болу керек деп есептейді. Демек, екі жағдайда да мемлекет өзінің қызметін, әрбір жағдайға байланысты еркін нарықты қолдауға бағыттайды.

Ерекше қиын және дағдарыс жағдайларында мемлекеттік реттеу саясатының экономикалық жағынан тиімді екенін экономика тарихы дәлелдейді. («Жаңа бағыт» Ф.Д.Рузвеев, Эрхардың реформасы).

Либералдық идеология экономиканың мемлекеттік реттеудегі рөлін жоққа шығармайды, оны тереңдете түсу керектігін, дағдарысты болдырмауды, бизнесті қолдауды, ол үшін салықты азайтуды, орта және шағын кәсіпорындардың қоғамға керекті тауарларды көптеп шығаруын, қызметтер көрсетуді, мемлекет пен халық арасындағы қарым-қатынасты жақсартуды, патернализмді толық болдырмауды жорамалдайды. Бәсеке бар жерде, оған жағдай жасалған жерде нарық субъектісі шығынды азайтуға, сапаны арттыруға мүдделі болады, сатып алушыларды жоғалтып алмау үшін сұранысқа ие жаңа тауарлар шығаруға ұмтылады.

Либерализм мемлекеттің экономикада бәсекеге қатысуын бекерге шығарады, оны екі мынадай себеппен түсіндіреді: а) мемлекет меншік ретінде тиімді емес; б) мемлекет – тиімсіз менеджер (шенеуніктер қаржыны дұрыс жұмсауға бейімді емес және сыбайластық орын алады).

Либералдардың пайымдауынша мемлекет тек қана өзінің өндіріске байланыстылығын азайтып қана қоймай, қоғамдық, ұжымдық тұтынуға да қатысады. Сонымен қатар дамыған елдерде ІЖӨ-нің көп бөлігі мемлекеттік бюджет пен бюджеттік емес қорлар арқылы бөлінеді.

Мемлекеттің жиынтық шығыны төмендегі мемлекеттерден көрініп тұрғандай, әртүрлі деңгейді құрайды:

- Швеция, Дания – 57;

- Италия, Греция – 46;

- Германия, Канада – 42;

- Ұлыбритания, Португалия, Финляндия – 37;

- АҚШ – 34;

- Жапония – 28;

- 1999 жылы АҚШ бюджетінің барлық деңгейіндегі қаржыландыру былайша көрінеді: білім – 500 млрд.долл. немесе барлық шығынның 80%-ы, денсаулық сақтау – 1000 млрд.долл. немесе 46%.

Скандинавия елдерінде экономикалық әлеуметтендіру жоғарғы қарқынмен дамуда. Швецияда ақпараттық технологияның дамуы АҚШ-ты қуып жетуге жақындап қалды, онда салық пен мемлекеттік шығын ең жоғарғы мөлшерде.

Қаржы ресурстарын бюджетте шоғырландыру арқылы мемлекет өндіріске және қызмет көрсетуге тапсырыс береді. Кәсіпорынның меншік формасына байланысты емес, атап айтқанда, соған байланысты олардың даму бағытын анықтайды. Мемлекеттік тапсырыс тауарға және өндіріске, экономиканың дамуына, инвестиция тартуға қуатты күш болып есептеледі. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 100-ге жуық федералдық ведомстволар көп мөлшерде қаражатты мемлекеттік тапсырысқа орналастыру арқылы мемлекеттік мұқтаждықты қанағаттандырады. Федералдық деңгейдегі штаттар, жергілікті органдар ІЖӨ-нің 32%-ын, оның ішінде федералдық үкімет 6,3%-ын құрайды, жиынтық мемлекеттік шығынның үлесі ІЖӨ-нің 4%-ын алады. АҚШ-тағы кәсіпорындардың 50-ге жуығы әскери-өнеркәсіптік кешенге кіреді, мемлекеттік тапсырыс және контрактылар арқылы әскери-өнеркәсіптік кешенінің даму жағдайын анықтайды.

Қытайда мемлекеттік тапсырыс ІЖӨ-нің 20%-ын құрайды, экономикасы 20 жылда өте жоғары қарқынмен дамып келеді, қызметкерлерді қамтамасыз ететін кәсіпорындарының жоғары деңгейде дамуы оның басты себебі болып саналады.

Экономика заң арқылы анықталған және оның АҚШ-қа тән белгілері:

- валютаның айырбасталымдылығы;

- еңбек нарығының еркіндігі;

- шетел Инвестициясының мүмкіндігі;

- белгілі мөлшерде мемлекеттік меншіктің болуы

- ресурстарды бөлу, баға белгілеу және нарықтар тарифтерінің деңгейін бақылау. Оның ішінде меншікті кемсітушілік формасы жоқ.

ДСҰ-ға мүше болып кіру үшін: мемлекет халықаралық саудаға және жинақтық бағаның қаралуына араласпауы керек.

Әрбір елде көп және аз көлемде мемлекеттік меншік болуы керек. Табиғи ресурстар, базалық салалар, инфрақұрылымдар т.с.с. оларды ұстауға жеке секторда мүмкіндік жоқ болғанда не оларды ұстай алмағанда, мемлекеттік меншікке беріледі.

Қазіргі кездегі нарықтың асимметриялық ақпараты дәстүрлі экономикалық теорияны бекерге шығарады, себебі ашық және реттемейтін нарық тиімді және мінсіз деп дәлелдейді. Нарыққа қатысушылар әртүрлі деңгейдегі мәліметтерді білгісі келеді, ал ақпараттың тең болмауы нарықтың тәуелділігін толық бағалай алмайды. Сондықтан, басқа институттардың нарықтағы жағымсыз жағдайын түзеу үшін мемлекеттің басқыншылығы қажет.

Экономиканы мемлекеттік реттеу басқару органдарының қоғамдық ұдайы өндіріске ықпал етуі үшін қолданылады. Реттеуді іске асыру арқылы мемлекет құқықтық қызметті қамтамасыз етеді, ұдайы өндірістің базалық параметрін және ақша айналысын бақылайды. Әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастырады, теңгерімділікті және тепе-теңдікті ұстап тұрады. Халықтың табысын саралауды шектейді. Мемлекет шаруашылық субъектілерінің қызметін реттеуімен бірге өзі нарықтың ірі субъектісі болып есептеледі. Сатушы мен сатып алушылардың жағында болады.

Заңдарға, сондай-ақ бөлу-орындау, ақпараттық жағдайларға сүйену арқылы мемлекет экономиканы реттейді, барлық жағдайға ықпал ету арқылы бақылау жасайды. Ережелер арқылы қоғамның құқылы мүшесіне және заңды тұлға мен жеке тұлғаларға белгілі деңгейде үстемдік жүргізетін және басқаратын нормативтік құжаттар береді. Заң шығару арқылы шаруашылық субъектілерін қаруландырады. Нарық ойынының ережесіне бөлу-орындау қызметін енгізе отырып, өкілеттік бойынша сатылас және деңгейлес әдістерді қолданады, шаруашылық субъектілерінің меншік түрлеріне қарамай-ақ, қамтамасыз ету, жалпы мемлекеттік міндетті шешу кезінде, шаруашылық субъектілерінің қызметін бақылау кезінде, заңды бұзу кезінде жүзеге асырылады.

Нормативтік акт өзінің механизмін қалыптастырады, екі бағытта әсер етеді: а) құқықтық мәжбүрлеу, б) экономикалық ынталандыру бағытында.

Азаматтық әкімшілік және құқықтың басқа түрлерімен мүмкіндік, қарым-қатынас реттеледі.

Азаматтық кодекс заңды және жеке тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді, кәсіпкерлік қызметті іске асыру кезінде мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің арасындағы шаруашылық қызметінің аз бөлігі реттеледі.

Өкімшілдікке негізделген не басқа үстемдікке бағынатын кодекс мүліктік қарым-қатынасқа қолданылмайды. Азаматтық қарым-қатынас үкіметтің актілерімен реттелінеді. Экономиканың дамуына байланысты таңдалған модельге қарай жоспар айқындалады.

Мемлекеттік органдар экономиканың дамуына инструменттердің көп аралығын пайдаланады, оның жиынтығы мемлекеттік реттеу әдісін құрайды.

Экономиканы реттеу кезінде барлық әдістер қолданылады, болжам жасау, жоспарлау негізінде шешім қабылданады. Ол экономиканы және оның кейбір салалық элементтерін жетілдіруге, кәсіпорындардың тиімділігін жақсартуға әсер етеді. Мемлекеттік реттеу әрбір кезеңде ықшамды мақсатты жүзеге асыру үшін жағдай жасайды.

Экономиканы мемлекеттік реттеу әдісі әкімшілдік және экономикалық болып ажыратылады. Өз кезеңінде экономикалық әдіс тура және жанама болып бөлінеді.

Экономиканы реттейтін әкімшілдік әдіс мемлекеттің күшімен іске асыруға негізделеді. Қабылданатын нормативтік актілер мәжбүрлеу, тыйым салу, белгілі қызметті орындауға рұқсат беру арқылы орындалады. Оларды орындау кәсіпорынның шаруашылық мәртебесін және заңдылығын тіркеу, меншік түрін өзгерту мақсаты үшін қолданылады.

Қаржылық жағдайды сауықтыру, нарық субъектісінің қызметін жан-жақты бақылау, өзінің әсершілдігімен, шапшаңдығымен, қайталанбауымен, әкімшілдік әдіс арқылы оның органдарды мәжбүрленуіне негізделеді.

Әкімшілдік әдіс қатал, қиын және өткір жағдайларда күшейе түседі. Басқарудың тиімділігі жоғары сатылас жағдайда шаруашылық құқықтық әрекет етуіне қарай жүзеге асады.

Әкімшілік әдісті бағаламау құқықтық емес мемлекет екенін білдіреді және ол шенеуніктерді экономиканың құқықтық емес өрісіне әкеледі, басқару аппаратын бюрократияландырады.

Қаржылық және ақша-несие саясаты экономикалық әдісті құрайды, оларды пайдалану арқылы макроэкономикалық теңдікке жетуге тауар, ақша, валюта және басқа нарықтарда сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігін ұстап тұруға, шаруашылық субъектілерінің қызметінде мемлекеттің экономикалық арнасына бағдар ұстауға болады. Олар тура және жанама болып бөлінеді. Реттеудің тура әдісі мемлекеттік ресурстарды пайдалану арқылы экономиканың серпінді жобаларын орындауға оң ықпал етеді және қоғамдық тұтынуды қанағаттандырады. Жанама реттеу шаруашылық субъектілерінің тәртіптік еркіндігін пайдалану арқылы экономикалық нарық пен реттеу арқылы мүдделерін өз жағдайларына байланысты қолданады.

Наши рекомендации