Аяқталмаған өндірістің мәні

Аяқталмаған өндіріс — технологиялық ерекшеліктің күшімен белгілі бір сәтте дайын өнімге айналмаған өндірістік ресурстар шығыны.Бухгалтерлік есеп стандартты бухгалтерлік есепті қаржылық және басқару деп бөлуді және соған сәйкес орталық бухгалтерияның құрамын екі бухгалтерияға, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясына бөлуді көздейді.Басқару бухгалтериясы 8010 – «Негізгі өндіріс», 8020 – «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары», 8030 – «Көмекші өндірістер» бөлімшелерінің шоттарында жүргізіледі. Қалған шоттар қаржылық бухгалтерияда жүргізіледі.Баланстық және басқа да есеп беруді жасау үшін әр бір есепті кезеңнің аяғында басқару бухгалтериясынан қаржы бухгалтериясына аяқталмаған өндірістің қалдықтары беріледі. Аяқталмаған өндірістің құнын есепке алу үшін қаржылық бухгалтерияда 1340 – «Аяқталмаған өндіріс» бөлімшесінің мынадай шоттары көзделген: 1341 — «Негізгі өндіріс», 1342 – «Меншікті өндірістің шала фабрикаттары», 1343 – «Көмекші өндіріс» шоттар.Аяқталмаған өндірістің қалдықтарын басқару бухгалтериясынан қаржы бухгалтериясына беру: 1341, 1342, 1343, – шоттарының дебеті бойынша 8010 — «Негізгі өндіріс», 8020 — «Меншікті өндірістің шала фабрикаттары», 8030 — «Көмекші өндірістер» шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді.Келесі есепті жылдың басындағы аяқталмаған өндірістің 1341, 1342, 1343, шоттарында есепке алынған құны басқару бухгалтериясына беріледі. Ол операция жоғарыда аталған шоттардың кредитімен 8010, 8020, 8030 шоттардың дебеті бойынша көрсетіледі.
Осылайша 1341, 1342, 1343 – шоттардың дербес маңызы болмайды. Олар аяқталмаған өндірістің құнын қаржы бухгалтериясында есепке алуға және оның қалдықтары туралы деректерді баланста көрсетуге арналған. 1341-1343 шоттар жай шоттар болып табылады, олар өнім түрлері, тапсырыстар, қайта жасаулар мен өндіріс сатылары бойынша талдамалық есебін жүргізуді талап етпейді.
1341-1343 шоттарда есепке алынған аяқталмаған өндірісті талдамалық есепке алу толық көлемде 8010-8030 шоттарда, яғни басқарушы есептің бухгалтериясында жүргізіледі.

Бағалық шешімдер қабылдау. Баға қалыптастыру.Арнайы тапсырыстың бағасын қалыптастыру.

Баға нарықтық қатынастардың базисі ретінде, көптеген жағдайда табыстың бөлінуін, несиенің проценттік ставка-сының деңгейін, бюджеттің толығуын, қорланудың бейімділігін анықтайды. Нарықтық экономика жағдайында еліміздің аграрлық секторы экономикасында бағаны мемлекет тарапынан бақылауға қою, нарықтық бағаға кезеңдеп өтуді қамтамасыз етеді. Біріншіден, тауар бағасы құнынан ауытқуы көп болған жағдайда мемлекет сол тауарларға нақты бағалар тағай-ындайды. Екіншіден, нарық баға тағайындалатын тауарлар санын әр кезеңге сай анықтап отырады. Үшіншіден, мемлекет бағалық шектеулерді ендіреді (бағаның ең жоғары деңгейі). Бағаны босаңдату немесе бағаның қозғалы-сына қандайда болмасын бақылау қоюды алып тастау, елімізде азық-түлік тапшылығы жағдайында, өнеркәсіп және қызметтену салаларында монополиялық құрылым қалыптасқан, нарыққа қажет-ті инфрақұрылымның жоқ болуы бағаның шиеленісуіне, бірнеше жылдар бойы құрылған шаруашылық байланыстарының бұзылуына және агроөнеркәсіп кешенінен мол мөлшердегі қаржы ресурстары-ның кетуіне әкеліп соқты. Баға тауарларға енгізілген құнның ақшалай көрінісі болып табылады. Құн өнім бірлігін өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті жұмыс уақыты шамасымен анықталады. Сондықтан еңбектің қоғамдық қажетті шығындары баға белгілеу негізін құрайды. Баға қоғамдық қажетті шығындар деңгейін, сонымен қатар өнім мен көрсетілген қызмет сапасын нақтырақ көрсетуі, ғылыми-техникалық прогресті, ресурс сақтауды белсендірек ынталандыруы, бұйымның техника-лық-экономикалық және тұтынушылық қасиетін жақсартуы, жаңа, алдыңғы қатарлысын ендіруі, экономика режимін күшейтуге көм-ектесуі үшін баға белгілеуді жетілдіру қажет.

Басқа алдағы кезең шығындарының есебі: еңбек демалысының резервін, негізгі құралдарды жөнелтуге және т.б. резервтер құру

Шаруашылық қызметінің барысында, кәсіпорында келесі есепті кезеңнің өндіріс шығындарына немесе айналымына жатқызылатын шығындар туындайды. Мұндай шығындарға мынадай жұмсалған шығындар: маусымдық өнеркәсіп саласында өндірісті дайындау бойынша, жаңа өндірісті, жаңа цехтарды құрау және жаңа кәсіпорындарды игеру бойынша, өнімнің жаңа түрін өндіруді игеру, техникалық әдебиеттерге, газеттерге жазылу сомасы, алдағы есепті кезең үшін төленген жалдау ақысы, алдын ала төленген сақтандыру төлемдері және басқа да шығындар жатады.Келешек кезең шығындары 1620, 2920 “Алдағы уақыттың есебіне жататын шығындар” шоттарында жүргізіледі.

Бухгалтерияда шығындар болған кезде Дт 1620, Кт 3390, 1010 жазуы болса, ол келешек кезең шығынының 1/12 бөлігі /мысалы, газеттерге жазылғанда/, Д 7210 К 1620 жазуымен жабылып отырады.Болашақ кезеңнің есебіне жататын шығындар жыл сайын тізімдеуді қажет етеді. Бұл тізімдеу осы шот бойынша келесі жылға ауысатын қалдықтың ақиқаттығын және олардың жыл ішіндегі өндіріс шығындарына немесе айналым шығындарының есебіне есептен шығаруылының дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Наши рекомендации