Оғаммен байланыс, банк қызметіндегі коммуникациялық стратегияның негізгі элементі ретінде.
Паблик рилейшнз (Public Relations, PR, ПР – қоғаммен байланыс дегенді білдіреді) – бұл банк пен клиент арасындағы өзара ұғысу, оң қарым-қатынас құру және оны қолдауға бағытталған, жоспарланатын шаралар. Қысқаша айтқанда, банктің жағымды бейнесін құру мақсатында жасалған көпшілікпен байланыс жүйесі. Паблик рилейшнздің қызметтері:
· Көпшілікке банк туралы жағымды ақпарат тарату және оған сендіру;
· Банктің жақсы бет бейнесін құру, беделін көтеру;
· Көпшіліктің ой пікіріне ықпал ету;
· Банктің жұмысына қызметкерлердің жауапкершілігін қалыптастыру.
Паблик рилейшнз әдістері:
· БАҚ-пен байланыс. Баспасөздерде мақалалар жариялау, радио, теледидардан материалдар беру;
· Баспасөз-конференцияларын ұйымдастыру. Баспасөз-конференциясы – жағымды көзқарасты жария ету, ресми мәлімдеу мен банктің жағымды пікірлерін елге жариялау мақсатымен БАҚ өкілдерін шақыру;
· Баспа өнімдері (бланктер, визиткалар, шоттар);
· Кино және фотоқұралдар (деректі фильмдер, клиптер, фотосуреттер);
· Сөз сөйлеу. Ресми жиналыстар, кездесулерде, мәжілістерде, конференцияларда шығып сөйлей алу, адамдармен араласа білу, сену, түсіну ізгі атмосфера тудырады.
· Жарнама. Жақсы жарнама банк бейнесіне ықпал етеді;
· Өнімді таныстыру рәсімін өткізу;
· Демеушілік;
· Мүдделерді алға жылжыту (лоббирование). Банктің қызметіне байланысты шешімдерді қабылдауға жағымды әсер туғызу мақсатында мемлекеттік билік және басқару органдарымен қарым-қатынас орнату;
· Банктің өзіне тән фирмалық стилі.
Паблик рилейшнз түрлері:
1.Паблисити (үгіт насихат)
2.Демеушілік. Бұл мәдениет, білім беру, спорт саласында жұмыс істейтін тұлғаларға қаржылық көмек көрсету. Демеушіліктің көздейтін мақсаттары:
Кәсіпорынның нарықта танылуы және әйгілі болуы;
Кәсіпорын және оның тауарының беделін жақсарту;
Демеушінің нарыққа ұсынған тауарына сұраныстың өсуі.
3.Банктің фирмалық стилі. Бұл банк пен оның өнімдеріне ғана тән бейне.
Фирмалық стиль мынадай элементтерден тұрады:
· Тауар белгісі;
· Логотип – банктің ерекше жазылған және арнайы дайындалған толық н\е қысқаша аты;
· Фирмалық ұран (слоган);
· Фирмалық блок – белгі мен логотиптің композициялық бірігуі;
· Бірыңғай стиль;
· Фирмалық түс немесе түстер жинағы;
· Шрифттердің фирмалық жиынтығы;
· Фирмалық константалар (формат, мәтін версткасы);
· Бірыңғай музыка.
Сонымен қатар фирмалық стиль банк қызметкерлердің ерекше жұмыс киімін де қамтиды. Фирмалық стильдің басты мақсаты – банк өнімдерінің тез өтуін және бәсеке қабілеттілігін жоғарылату.
Теріс паблик рилейшнз деп фирма туралы жағымсыз сипаттама берілуін айтады. Осыған орай, паблик рилейшнз мамандарының спиндоктор деп аталатын жаңа түрлері пайда болды. Спиндоктор теріс пиғылды паблик рилейшнз салдарынан туған жағдайды ПР құралдары мен әдістерінің кешенді жүйелерін қолдана отырып емдейді.
ПР-ға қатысты қолданылатын эпитеттер. ПР сөзінің мәні қазіргі кезде мынадай эпитеттерді қолдану арқылы кеңінен ашылады:
· «Қара ПР» – бәсекелес банкті қаралау мақсатында «қара технологияларды» (алдау, жалған ақпарат жіберу) қолдану, олардың атынан масқаралайтын, экономикалық тұрғыдан қауіпті ұрандар тарату.
· «Сары ПР» – өзіне көпшіліктің көңілін аудару үшін берілген елдің халқы үшін дөрекі саналатын элементтерді пайдалану.
· «Сұр ПР» – өзінің шыққан көзін құпияда ұстайтын жарнама (оң немесе теріс пиғылды).
· «Ақ ПР» – қара ПР-ға қарама-қарсы мағыналы ұғымды бейнелеу үшін қолданылады. Яғни банк өзінің атынан шығаратын ашық түрдегі жарнама.
· «Өзіндік ПР (самопиар)» – «өзін өзі таныту», көп жағдайда анонимді түрде жүзеге асырылады.
· «Қоңыр ПР» – неофашистік және фашистік пропагандаға жақын ұғым.
· «Жасыл ПР» – әлуметтік жауапкершілікті атқарушы ПР.
· «Вирустық ПР» – «вирустық» сөзі бұл жерде өздгігнен тарату дегенді білдіреді. Адамдардың өз таныстары мен туысқандары шеңберінде қызықты ақпаратпен алмасу қажеттілігіне негізделген.
· «Әлеуметтік ПР» – қажетті (көбінесе позитивті, жағымды) қатынастарды қалыптастыру, қолдау және дамытуға бағытталған іс-әрекет.
4. Банктегі ақпараттық логистика: логистикалық ақпарат мәні мен түрлері.
Материалдық және ақпараттық ағымдарды басқару үрдісінің негізінде олармен бірге жүретін ақпараттарды өңдеу жататындықтан, логистикалық жүйеде ақпараттардың алатын маңызы зор. Логистикалық ақпарат – логистикалық жүйені басқару үрдісін қамтамасыз ету мақсатында жиналған мәліметтер. Логистикалық ақпараттарды бірнеше белгілері бойынша бөліп қарастырамыз: Логистикалық жүйеге қатынасы бойынша:
· Ішкі және сыртқы (логистикалық жүйенің өз ішінде немесе логистикалық жүйелер арасында айналысқа енетін ақпараттар);
· Горизонтальді және вертикальді. Горизонтальді – логистикақ жүйе иерархиясының бір деңгейіне қатысты; вертикальді – логистикалық менеджменттің жоғарғы деңгейінен төменгісіне қарай;
· Кіретін және шығатын – логистикалық жүйеге кіру немесе одан шығуға байланысты.
Ақпараттарды тасымалдаушының түріне қарай:
· Қағаз тасымалдаушылардығы ақпараттар (құжаттар);
· Магниттік тасымалдаушылардағы электронды түрдегі ақпараттар;
Ақпараттың пайда болу уақытына баланысты:
· Жүйелі (регулярные), стационарлық ақпараттар;
· Периодты және жедел ақпараттар;
· «on line» және «off line» интерактивтік немесе диалогтік режиміндегі ақпараттар;
Тағайындалуына байланысты:
· Директивті, яғни басқарушылық;
· Нормативті-ақпараттық (нормативно-справочные);
· Шешім қабылдау барысында есепке алынатын және талданатын ақпараттар;
· Көмекші ақпараттар.
Ашықтық және маңыздылық дәрежесіне қарай ақпараттардың ашық, жабық, коммерциялық, құпия немесе конфеденциалды, қарапайым және тапсырыстық түрлерін көрсетуге болады.
Сондай-ақ ақпараттарды тарату жодарына қарай ақпараттар почтамен немесе курьермен жеткізілетін, телефон, телеграф арқылы, радио немесе телевидение арқылы, электронды почта, интернет, факсмильді және телекоммуникациялық желілері арқылы таратылатын ақпараттар деп жіктеледі. Ақпараттық ағындарды келесі әдістер арқылы басқаруға болады: ақпарат ағынының бағыты мен маршрутын өзгерту; банктің ақпараттық дайындығын көтеру; қабылдау жылдамдығына сай ақпараттың берілу жылдамдығын азайту немесе көбейту;