PDH цифрлық ағындарды біріктіру әдістері

Плезиохронды цифрлық иерархияға, өткен ғасырдың 80-шы жылдарында пайда болған жылдамдықтың үш стандарты кіреді.

Бірінші стандарт, солтүстік америкалық деп аталады (АҚШта және Канадада қабылданған), мұндағы біріншілік цифрлық ағынның БЦА (немесен DS1 -Digital Signal of level 1) жылдамдығы 1544 кбит/с тең болып таңдалған, ол 24 DS0 (НЦА) сәйкес келеді.

Екінші стандарт, Жапонияда қабылданған, солтүстік америкалық стандарттағы біріншілік цифрлық ағынның жылдамдығын қолданады, яғни DS1.

Үшінші стандартта, Европада және оңтүстік Америкада қабылданған, біріншілік цифрлық ағынның БЦА жылдамдығы 2048 кбит/с тең болып таңдалған, бұл 32 НЦА сәйкес келеді. Іс жүзінде 30 НЦА плюс жылдамдығы 64 кбит/с тең екі арна (БӘС және циклдық синхрондау) қолданылады.

ПЦИ бірінші стандартына жылдамдықтардың келесі кезектілігі кіреді: 1544 (немесе DS1) - 6312 (немесе DS2) - 44736 (немесе DS3) -274176 (немесе DS4) кбит/с (дөңгелектегенде: 1,5-6-45-274 Мбит/с). Бұндай кезектілік мультиплексорлау коэффициентінің келесі қатарына сай келеді: п — 24 - DS0 24 сигналынан DS1 сигналын құру үшін, т- 4 - төрт DS1 сигналынан DS2 сигналын құру үшін, 1 = 7 – төрт DS2 сигналынан DS3 сигналын құрцу үшін және к = 6 – алты DS3 сигналынан DS4 сигналын құру үшін. Берілген ПЦИ стандарты 24, 96, 672 және 4032 - DS0 (немесе НЦА) арналарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. DS1 - DS2 - DS3 - DS4 цифрлық сигналдардың деңгейлері сәйкесінше біріншілік цифрлық арна (ағын) – БЦА(Ағ), екіншілік цифрлың арна - ЕЦА(Ағ), үшіншілік цифрлық арна - ҮЦА(Ағ) және төртіншілік цифрлық арна – ТЦА(Ағ) деп аталады.

1544 кбит/с жылдамдығынан туындаған, ПЦИ екінші стандарты 1544 (немесе DS1) - 6312 (немесе DS2) - 32064 (немесе DSJ3) -97728 (немесе DSJ4) кбит/с (шамалардың жақындатылған қатары мынаны құрайды 1,5 - 6 -32 - 98 Мбит/с) кезектіліктерін береді. Берілген стандарт үшін мультиплексорлау коэффициенті сәйкесінше мыналарға тең п = 24, т= 4,1 = 5,к = 3. Аталған иерархия 24, 96, 480 және 1440 - DS0 арналарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұндағы DSJ3 және DSJ4 сигналдары жапондық ПЦИ 3-ші және 4-деңгейлерінің цифрлық арналары (немесе ағындары) деп аталады.

2048 кбит/с жылдамдығына негізделген ПЦИ үшінші стандарты, 2048 кезектіілігін туындатады (немесе Е1: біріншілік цифрлық арна (ағын) -8448 (немесе Е2: екіншілік цифрлық арна (ағын) - 34368 (немесе ЕЗ: үшіншілік цифрлық арна - ағын) - 139264 (немесе Е4: төртіншілік цифрлық арна (ағын) - 564992 (немес Е5: бесіншілік цифрлық арна (ағын) кбит/с немесе жақындатылған шамамен 2 - 8 - 34 - 140 - 565 Мбит/с, бұл келесі мультиплексорлау коэффициенттеріне сәйкес келеді п = 30, т = 1 және к = 4. Бұл стандарт европалық деп аталады және сәйкесінше 30, 120, 480, 1920 және 7680 НЦА беруге мүмкіндік береді, әдетте бұл цифрлық беру жүйелерінің аттарына саә келеді: ИКМ-30 (немесе Е1 ағыны), ИКМ-120 (Е2 ағыны), ИКМ-480 (ЕЗ ағыны) және ИКМ-1920 (Е4 ағыны). ПЦИ әр түрлі стандарты үшін цифрлық ағындарды мультиплексорлау сұлбасы 5.3 суретте көрстілген.

PDH цифрлық ағындарды біріктіру әдістері - student2.ru

Сурет 5.3 - ПЦИ әр түрлі стандарты үшін цифрлық ағындарды мультиплексорлау сұлбасы

ПЦИ үш әр түрлі стандартының параллельді дамуы жаһандық телекоммуникациялық тораптардың дамуын баяулатты, сондықтан телекоммуникация бойынша Электробайланыстың Халықаралық Кеңесінде (ЭХК-Т) оларды сәйкестендіру және біріктірілу мүмкіндігі жайында қадамдар жасалды. Нәтижесінде стандарт әзірленді, оған сәйкес:

1) ИКМ және арналары уақыт бойынша бөліну әдістерін құруда негізгі ретінде ПЦИ бірінші стандартының үш бірінші деңгейлері (DS1-DS2-DS3), екінші стандарттың төрт деңгейі (DS1-DS2-DSJ3-DSJ4) және үшінші стандарттың төрт деңгейі (Е1-Е2-ЕЗ-Е-4) стандартталды;

2) стандарттардың кросс – мультиплексорлау сұлбалары ұсынылды, мысалы үшінші стандарттан біріншіге (бірінші деңгейден екіншіге) және кері (үшінші деңгейден төртіншіге), бұл 5.3 суретте көрсетілген (мультиплексорлау коэффициенттері беру жылдамдығын көрсетітін, блоктарды байланыстыратын сызықтарда көрсетілген);

3) екінші стандартта 32064...97728 кбит/с (дөңгелектегенде 32...98 Мбит/с) өзектері сақталған, яғни DSJ3 және DSJ4 деңгейлері, олар бірінші стандарттың DS3 деңгейіне және үшінші стандарттың Е4 деңгейіне параллель болады.

Іс жүзінде DSJ3 деңгейі ЕЗ деңгейіне сәйкес келеді, бұл екінші деңгейден үшінші деңгейге кросс-мультиплексорлауды жеңілдетеді.

ПЦИ негізін Е1 және DS1 ағындары құрайтындықтан, олардың уақыттық құрылымы немесе уақыттық спектрі қарастырылады.

Наши рекомендации