Периодты ауа қозғалысы
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ауа қозғалысының түрлері
2. Тұрақты ауа қозғалысы желдер
3. Периодты ауа қозғалысы
4. Периодсыз ауа қозғалысы
Қорытынды
Ауа массасы әр уақытта да тоқталмас қозғалыс үстінде болады. Өйткені, Жер бетінің жеке аудандары, материктер мен мұхиттар әр түрлі ендіктерде әр түрлі мөлшерде қызу әрекеттеріне ұшырап отырады. Соның нәтижесінде және Қариолис күшіне байланысты периодты түрде қайталана соғып отыратын желдер (бриздер, муссондар, пассаттар), циклондар және антициклондар пайда болады. Ауа қабатының қозғалысы -Жер бетінің жеке аудандарының температуралық өзгерістеріне, басқаша айтқанда, ауа райының қалыптасуына тікелей әсер етеді.
Ауаның қозғалысы екіге бөлінеді. Әдетте, жер бетінен бастап санағанда ауаның көлденен, бағыттағы қозғалысы жел деп, ал тік бағытталған қозғалысы ауа ағыны деп аталады. Олар көптеген жағдайда конвекциялық әрекеттерге байланысты туады.
Ауа қозғалысы атмосфера қысымының жиі өзгеруіне байланысты деп саналады. Оның себебі — Күн энергиясының және Жердің өз осінен айналу жылдамдығының өзгеріп отыруы. Ауа қозғалысы негізінен жоғары қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады.
Жер бетіне жақын аудандарда ауа қозғалысы тұрақты, периодты (мезгіл-мезгіл) және периодсыз (мезгілсіз) болып ажыратылады.
Тұрақты ауа қозғалысы
Тұрақты желдер — пассаттар деп аталады. Олар экватор бойымен шығыстан батысқа қарай бағытталып планетарлық масштабта соғады.
Пассат (нем. Passat, ис. viento de pasada — көшкенге қолайлы жел) — Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардың тропиктік және экваторлық ендіктерінде субтропиктік жоғары қысымды аймақтардан экваторға қарай жыл бойы соғатын тұрақты желдер; Солтүстік пен Оңтүстік жарты шарларда субтропиктік жоғарғы қысымды облыстардан экваторға қарай соғып тұратын тұрақты желдер; қос жарты шардағы субтропиктік жоғарғы қысым аймағы (25 градус — 30 градус ендіктер) мен экватор арасындағы жыл бойы байқалатын тұрақты түрдегі ауа массаларының тасымалдануы.
Жер бетіңе жақын ауа қабатыңда үйкелу мен Кориолис күшінің әрекетінен, Солтүстік жарты шарда Солтүстік-Шығыс желі, ал Оңтүстік жарты шарда — Оңтүстік-Шығыс желі қалыптасады.
Жердің өз өсімен айналуының әсерінен өзінің алғашқы бағытынан бұрылып, Солтүстік жарты шарда солтүстік-шығыс, Оңтүстік жарты шарда оңтүстік-шығыс пассат желдері басым болады. Пассаттар мұхиттардың үстінде (әсіресе Тынық және Атлант мұхиттарында) тұрақты және айқын байқалады. Материктердің үстінде атмосфера қысымының жергілікті ерекшелігіне байланысты оншалық байқалмайды. Пассаттарда қозғалатын ауа қабатының қалыңдығы субтропиктік жоғары қысымды өңірде (25-30° ендіктер) 1—2 км құраса, экватор маңында бүкіл тропосфера қабатын қамтиды. Одан жоғарыда жел қарама-қарсы бағытта соғады (қ. Антипассат). Пассаттар атмосфераның жалпы циркуляциясы жүйесіне кіреді.
Периодты ауа қозғалысы
Судың және құрлықтың жылыну жылдамдықтарыныя өзгеріс-теріне байланысты периодты түрде байқалатын ауа қозғалыстары туады. Олар — муссондар деп аталады
Муссон (фр. mousson, араб.: маусым – жыл мезгілі), жер бетіне таяу тропосфераның төменгі қабатындағы ауа массаларының жыл мезгілдеріне қарай алмасатын маусымдық ағысы.
Маусым ауысуы кезінде желдің басым бағыты 120 – 180º-қа өзгеріп тұрады. Муссонның пайда болуының басты себебі — күрлық пен мүхиттың біркелкі ысымауы. Атмосферада циклонды, антициклонды аймақтардың түзілуі, құрлық пен теңіздің әркелкі жылынып, суынуы, олардың арасындағы қысым айырмашылығы, жылу режимінің өзгеруі салдарынан ауа жылына екі рет орын ауыстырып ығысады. Жаздық ылғалды (мұхиттық) муссон мұхиттан салқын, ылғалды ауа әкелсе, қысқы (континенттік) муссон құрлықтан мұхитқа суық, құрғақ ауа тасымалдайды. Муссондар тропиктік және тропиктік емес деп бөлінеді. Тропиктік муссонның бағыты және жылдамдығы жоғары, әсері күшті; олар Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияға тән, онда ылғалды мезгілде бірнеше мыңдаған мм жауын-шашын түседі. Тропиктік емес муссон Шығыс Азияға тән. Мұнда муссонның әсері шамалы. Қысқы құрғақ муссон Сібірдің өте суық ауасын Тынық мұхиттың жағалауына әкеледі; Жазғы ылғалды муссон мұхит жағалауына мол жауын-шашын апарады. Муссон атмосфераның жалпы айналымы жүйесінде маңызды орын алады және муссонды климат бар елдер экономикасының дамуына елеулі әсер етеді.
Муссондар циклондар мен антициклондар неғұрлым тұрақты болатын және олар маусым бойынша күрт айырмашылық жасайтын аудандарда қалыптасады. Муссондарды тропиктік және тропиктік (экваторлык; )муссондар деп жалпы екі топка беледі.
Тропиктік емес муссондар жылдың бір мезгілінде құрлық пен мұхиттың жылынуының әркелкі болуына байланысты туындайды. Олар, негізінен, солтүстік жарты шарда айқынырақ байқалады. Мұнда материктердід шығыс жағалаулары коңыржай және субтропиктік ендіктерде муссондық циркуляция ықпалында болады. Өйткені бұл аудандарда батыс желдерінің әсері азаяды, сондықтан құрлық пен көршілес орналаскан мұхит айдыны арасындағы температура мен қысым айырмашылығы маусымдық тұрақты желдердің (муссондардың) пайда болуына жағдай жасайды. Қоңыржай ендіктерде батыс желдерінін багытына қарама-қарсы соғатын жазғы муссондар құрлыққа жауын-шашын әкеліп, ауа температурасын едәуір төмендетеді.
Ең тұрақты және айқын байқалатын муссондар тропиктік ендіктерде пайда болады. Тынық және Атлант мұхиттарының тропиктік ендіктерінде жыл бойы пассаттар басым келеді. Сондықтан тропиктік муссондар тек Тынық мұхиттың батыс бөлігі мен оған көршілес Шығыс Азия мен Индонезия жағалауларында ғана айкын байқалады. Муссондық циркуляция Үнді мұхиты алабының тропиктік ендіктерде жатқан үлкен кеңістіктерін қамтиды. Бұл Үнді мұхитының екі ірі құрлыктың аралығындағы орнымен және екі жарты шарда орналасуымен түсіндіріледі.
Тропиктік (экваторлық) муссондардың пайда болуына субтропиктік антицикпондар мен экваторлық төмен қысымды алаптың жыл мезгілдеріне қарай орын өзгертуі тікелей әсер етеді. Шілдеде экваторлық төмен қысымды алап солтүстік жарты шардың неғұрлым жоғары ендіктеріне қарай, ал қаңтарда, керісінше оңтүстік жарты шарға қарай ығысып, орын ауыстырады. Субтропиктік антициклондар да осы бағытта ығысады. Экваторға көршілес аймақтарда қоқымдық орталықтардың жыл мезгілдеріне қарай күрт орын ауыстыруына байланысты басым желдердің де бағыты өзгереді. Тропиктік муссондарға екі жарты шардың жыл ішінде біркелкі жылынбауы да себепші болады.
Шығыс бағыттан соғатын қысқы, муссон пассаттардың бағытына сәйкес келеді. Қысқы муссон кезінде ауаның материктен мұхитқа бағытталуы құрғақ кезеңнің осы мерзімге сәйкес келуіне себепші болады. Бағыты пассаттарға қарама-қарсы болатын жазгы муссон кезінде ауа мұхиттан материкке бағытталады, сондықтан жаңбырлы кезең, негізінен, жаз мезгіліне сәйкес келеді.
Жалпы алганда, Жер шарында жылына орташа есеппен 70-ке жуық тропиктік циклондар пайда болады. Тропиктік циклондардың қайталану максимумы сол жарты шардың жазы мен күзіне сәйкес келеді. Оңтүстік Азияда циклондар көктем мен күзде байқалады. Желдері тұрақты соғады. Тропиктік белдеудің шығыс жағалауы климаттық жағдайдың біршама қолайлылығымен ерекшеленеді. Жағалау бойымен жылы ағыстардың өтуіне байланысты батыспен салыстырғанда температура біршама жоғары, жауын-шашын мол. Тау беткейлерінде жылына 1500—2000 мм жауын-шашын түседі.
Субтропиктік белдеудің жазы тропиктік белдеуге өте ұқсас, антидиклондың режім басым болады. Тропиктік белдеуге қарағанда субтропиктер күн жылуын 20%-дай аз алады (2 1 00 -102 — 25 20 -102Дж/см2-ге дейін), сондықтан климаттың маусымдық сипаты айкынырақ байқалады. Қыс кезінде циклондық әрекеттер жиі қайталанады. Белдеу бойынша батыстан шығысқа жүрген сайын климаттың ішкі айырмашылықтары күшейеді. Батыс жағалық бөліктерге жазы құрғақ, қысы ылғалды болатын субтропиктік жерортатеңіздік климат сипаты тән. Құрлық ішіне енген сайын климат континентті сипат алады (мұндай климат жағдайлары тән болатын ірі шөлдерді картадан табыңдар). Материктердід батыс жағалауында климат муссондық сипатка ауысады. Қыс салыстырмалы түрде суық әрі құрғақ, ал жаз ыстық, ылғалды.
Қоңыржай белдеулерде жыл бойы қоңыржай ауа массалары мен батыс желдері басым болады, тропиктік белдеулермен салыстырғанда едәуір салқын, жыл мезгілдері айкын байқалады (ол неліктен?). Қоңыржай климаттық белдеу әсіресе солтүстік жарты шарда өте көлемді болады, сондықтан радиациялық баланс солтүстігінде 1260-102 Дж/см2-ден оңтүстігінде 2100102 Дж/см2-ге дейін жоғарылайды. Температура белдеу ішінде солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай өзгереді. Әсіресе қысқы температура құрлықтың ішкі аудандарында антициклондық режім әсерінен күрт төмендейді. Мұның әсерінен Еуразияда солтустік жарты шардың суықтық полюсі орналасқан (карта бойынша оның орны мен температуралық көрсеткіштерін анықтаңдар).
Жауын-шашынның жылдық мөлшері, жалпы алғанда, біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады. Материктердің батысында ылғал мол, бұл мұхиттардағы ылғалды ауа массаларының батыс желдер арқылы тасымалдануымен байланысты. Шығысқа қарай ауа ылғалынан айырылып, континенттік сипат алады, жауын-шашьш күрт азаяды. Ал материктердің шығыс жағалауларында мұхиттардың ықпалының күшеюіне байланысты жауын-шашын мөлшері артады. Белдеуде батыстан шығысқа қарай мынадай климат сипаттары айқын ажыратылады: қоңыржай теңіздік, қоңыржай контипенттік, континенттік, шұғыл континенттік, муссондық.
Субарктикалық және субантарктикалық белдеулер екі жарты шардың поляр маңы аудандарын алып жатыр. Мұнда жылдық радиациялық баланс 630-102 Дж/см2-ден 924-102 Дж/см2-ге дейін өзгереді. Жазда коңыржай, қыста арктикалық және антарктикалық ауа массалары басым болады. Жазы салыстырмалы түрде жылы, бірақ қысқа болады, қысы өте қатал. Жылдың температуралық амплитуда аса үлкен емес. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 мм-ден аз, көбінесе қатты күйде түседі.
Арктикалық және антарктикалық белдеулер екіжартышардың полюс маңын алып жатыр. Бұл белдеулерде радиациялық баланс 294 -102 Дж/см2 шамасында.
Периодты түрде қайталана соғатын желдердің қатарына таулы-жазықтық жерлерде байқалатын желдерді де жатқызуға болады. Олар таулы және жазық алкаптардың тәулік бойы әр түрлі жылдамдықпен жылынып-суынып отыратындығымен тікелей байланысты. Мұндай желдердін, бағыты күндіз жазық алқаптан тауға қарай, ал түнде таудан жазыққа қарай бағытталады.
Бриз (фр. brise — жел) — теңіздердің, көлдердің (кейде ірі өзендердің) жағасында тәулік ішінде өз бағытын карама-қарсы жаққа өзгертіп соғатын жел.
Күндізгі Бриз теңізден (көлден) құрлыққа карай соқса, ал түнгі Бриз құрлықтан теңізге (көлге) қарай соғады.
Құрлық пен судың бірдей жылынбауы салдарына беткі ауа қабаттарын -дағы атмосфералық қысымда айырма пайда болады да, ауаның қозғалысы басталады. Күндізгі Бриз (теңіздік) теңізден қызған құрлық бетіне (жағалауға), ал түнгі Бриз (жағалық) салқындаған құрлық бетінен теңізге қарай соғады. Бұл табиғи құбылыс негізінен жаз айларына тән. Себебі, жазда құрлық пен теңіз үстіндегі тәуліктік ауа темп-расының айырмасы 20ӘС-қа дейін жетеді.Бриз жер бетінен жүздеген метр (кейде 1 км-ден астам) биіктікке дейінгі ауа қабатын қамтиды, ондаған қашықтыққа дейін соғады. Теңіздік Бриздің жылд. 7 м/с-қа дейін жетеді. Бриздер теңіздер мен үлкен көлдердің жағалауында байқапады. Олар су айдындары мен құрлық арасындағы тәулік ішіндегі температура мен қысым айырмашылығынан пайда болады. Күндіз жел теңізден жағалауға (теңіздік бриз), ал түнде жағалаудан теңізге (жағалық бриз) бағытталады. Бриздердің жылдамдығы, әдетте, 3—5 м/с, тропиктерде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Теңіздік бриз құрлықта ауа температурасын төмендетіп, салыстырмалы ылғалдылығын арттырады. Мәселен, Үндістандағы Мадраста теңіздік бриз әсерінен ауа температурасы 2—3°С-қа төмендеп, ылғалдылық 10—20%-ға жоғарылайды, ал Батыс Африкада бұл көрсеткіштер тиісінше 10°С пен 40%-ды құрайды.