Жинақталған сұраныс және жиынтық ұсыныс.АD-AS жалпы тепе теңдік үлгісі.
Жинақталған сұраныс (АD) бұл ұлттық өндірістің нақты көлемі тұтынушының, кәсіпорынның, мемлекеттің кез келген баға деңгейінде сатып алуы. АD тауар рыногында ұсынылған соңғы тауарға және қызметке барлық сұраныс қосындысын көрсетеді. AD=c+i+gp+x; с үй шаруашылының жиынтық сұранысы; і капитал құралдарына сұраныс; gp мемлекет тарапынан тауарға және қызметке сұраныс; х таза экспорт, шетелдің отандық тауарға сұранысымен, отанның шетелдік тауарына сұранысы арасындағы айырымы. Жинақталған ұсыныс(AS) бұл әртүрлі баға деңгейінде ұсынуға мүмкін тауар мен қызметтің жалпы саны, AS жалпы ұлттық өнімге тең немесе ұлттық табыс көлеміне теңестіруге болады AS=ЖҰӨ немесе AS=ҰТ. Жинақталған ұсыныс баға деңгеиіне тәуелді. Өте жоғары баға өндіріс тауарын және оған ұсынысты ынталандырады.. Ал, өте төмен баға керісінше өндіріске және тауарға ұсынысты қысқартады. Жиынтық ұсынысына тек қана бағалық факторлар ғана емес, сонымен бірге бағалық емес емес факторлар да ықпал етеді. Егер бағалық факторлар жинақталған ұсыныс қисығының қозғалысын көрсетпесе, онда бағалық емес факторлар қисықты оңға жылжытады, шығынды азайтқанда солға олар көбейгені. Егер жинақталған сұраныс жинақталған ұсынысқа тең болса, тауар нарығында тепе-теңдік орнайды. Бірақ нақты өмірде ол бұзылады.
Экономикалық цикл. Циклдың алуан түрлілігі.
Экономикалық цикл- кезеңдік көтерілу, өрлеу және іскерлік белсенділік басылуымен көрінеді, мүмкін болатын барлық ұсыныс пен сұраныстың сәйкессіздік формаларында айқындалады.Цикл суретінде тербелудің болу нәтижесі әр түрлі экономикалық белсенділік көрсеткіштерін көрсетеді: ЖҰӨ өсу қарқыны, жалпы сату көлемі, жалпы баға деңгейі, жұмыссыздық көлемі және т.б.Негізгі цикл болып ЖҰӨ өсу қарқыны теңселуі кезінде экономикалық жүйе төрт фазадан тұрады: жандану,өрлеу,бум(ағылшын тілінен аударғанда « гүлдену,тез көтерілу немесе дүрбелең»), депрессия, төмендеу, күйзеліс.
А-максималды басылу нүкте, Б-шынға көтерілу нүкте.Төмендеу,күйзеліс сипаттамасы:-Алдымен қор жойылады, сосын өндірістік инвестиция қысқарады; -Еңбекке сұраныс түседі;-Тауар бағасы өсуі төмендейді немесе баяулайды;-Табыстың тез түсуі байқалады немесе несиеге сұраныс әлсізденеді, проценттік ставка төмендейді.Максималды басылу –максималды басылу нүктесінде болады. Басылу фазасында рецессия және депрессия болып бөлінеді,Рецессия(күйреу)-бұл ұлттық өндіріс көлемінің басылуы, 6ай және одан әрі жалғасады.Депрессия(күйзеліс)-бұл жоғары жұмыссыздықтың өсуімен біраз жылға созылатын ұлттық өндіріс көлемінің басылуы.Өрлеу сипаттамасы басылудың қарама-қайшы жағы барлық болып жатқан құбылыс, қарама-қарсы бағытта жүреді. Гұлдену сипаттамасы-іскерлік белсенділік шыңы. Экономика өз мүмкіндігінің шегінде жұмыс істейді, инвестиция және сатып алушының шығыны өте жоғары, товарға және қызметке сұраныс өсуі бағаны өсіреді.Қор жойылады, жұмысшы күшіне сұраныс көбейеді. Мұның бәрі, келесі фазасы іс циклының басылу кезеңіне әкеледі. Барлық экономикалық дағдарыстар ұдайы өндіріс жүрісінің тез бұзылуынан басталады, оған өндіріс аралық(рыноктағы тауар сұранысы) және халық тұтынуы (төлем мүмкіндік сұранысы) баланстарының тең еместігінен пайда болады.Сондықтан өндіріс тұтынуды қуып жетуі еді, ал төлем сұранысы өндірісті қуып жетеді. Бірінші жағдайда- дағдарыс артық өндірісте, ал екіншіде-дағдарыс өндіріс жетілмегендігі.90-жылдары ерекшелігі құрылымдық дағдарыстар болды: мұнайға, энергетикаға, шикізатқа, валюталық, азық-түліктік. Құрылымдық дағдарыстар: жалпы азық-түлік өндірісіне үлкен ықпал етеді, циклдық дамудың дәстүрлік картинасын өзгертеді.Ауыл шаруашылығында циклдық даму негізгі орын алады. Аграрлық дағдарыстар пайда болады.Аграрлық дағдарыстың пайда болуының негізгі формалары: ауыл шаруашылығының тауарының сатылмаған запасының өсуі, оларға бағаның түсуі, өндіріс көлемі қысқаруы, жұмыссыздық өсуі, еңбекақы түсуі. Азық-түлікке қарағанда аграрлық дағдарыс көбіне ұзақ және тоқырамалары болады, циклдық сипаттамасы болмайды. Рыноктық экономикасы дамыған елдер артық өндіру дағдарысымен күресу тәсілдерін шығаруда. Негізгі ролі фискальді және монетарлы саясатты мемлекеттік органдарға бұру.