Сынып. Дүние жүзі тарихы. ? КСРО-ның соғыстан кейінгі жалпы дамуына сипаттама беріп, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы басты
Сабақтың тақырыбы: §21. Кеңес одағы
Сабақтың мақсаты:
? КСРО-ның соғыстан кейінгі жалпы дамуына сипаттама беріп, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы басты ерекшеліктерді атап көрсету. Оқушыларды кеңес өкіметінің жүргізген ішкі және сыртқы саясатының негізгі мазмұнымен таныстырып, жаңа экономикалық сакясаттың мәнін ашып көрсету.
? Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру;
? Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: Карталар.
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырмасы
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
· Оқу құралын тексеріп түгелдеу
· Әнұран орындау, «Хабар»
· Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
ГДР үшін Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары қандай болды?
Италия үшін Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары қандай болды?
Г. Коль үкіметінің сыртқы саясат акцияларын айтыңдар.
К. Адэнауердің билікке келуі немен байланысты?
А. Каспери үкімеі қандай әлеуметтік шараларды іске асырды?
Соғыстан кейінгі Италияның Еуропадағы сыртқы саясатының ерекшеліктері қандай?
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Соғыстан кейінгі КСРО-ның қоғамдық-саяси жағдайы
2. 60-жылдардағы КСРО
3. КСРО-дағы тоталитарлық жүйе
4. КСРО әскерлерінің Ауғанстанға енуі
5. 80-жылдардағы КСРО
6. Гобачев тұсындағы КСРО
Сабақты бекіту:
Білгенім | Үйренгенім | Үйренгім келеді |
КСРО-ның ыдырауы
70-80 жылдары ұлттық этникалық қақтығыстар жиілей бастады.Соған қарамастан Мемлекет басындағылар КСРО-ны «бауырмал халықтың ұйымшыл отбасы» деп атады.Көп ұлтты мемлекеттің билігі бір орталықтанған ,сондықтан барлық билік Коммунистік партия қолында болған болатын.
Көпшілік 70-80жылдарды, яғни Брежневтің билік ету кезеңін, КСРО-ң гүлденген кезеңі деп санаса, Брежнев өлімінен кейін Кеңес Одағы құлдырай бастады. Көптеген зерттеушілер КСРО құлауының нақты себептерін көрсетпейді, әйтседе мүмкін болуларының ішінде келесілерін келтіред:
• Әр көп ұлтты мемлекетте кездесетін орталықтанған тенденциялар
• Стагнация,кейін экономиканың құлдырауына, ол өз кезегінде саяси жүйенің құлауына әкелген Кеңестік жүйенің кемшіліктері
КСРО экономикасына қатты әсер еткен әлемдікØ мұнай бағасының түсуі
КСРО қару-жарақ жарысына төтеп береØ алмауы,рейганомиканың жеңісі
Үкімет басшылары саясатының тиімсіздігі,Ø Брежнев және оның жолын қуушылардың реформалық қызметтері экономиканы құлдыратып,бірорталықтанған билік механизмін жоюы.
КСРО-ны құлатуда батысØ елдерінің қызығушылығы
Билік үшін күресØ
Елде құлдырау үстіндегіØ анархия жағдайында саяси және шаруашылық элитаның мемлекетті бөлісіп, жекеменшікте көп иелікке ие болғылары келгендігі
Ұлттық қайшылықтар,әрØ ұлттың өз салт-дәстүрін өзі дамытқысы келуі
Елді демократизациялауØ салдарынан жеке ұлттардың КСРО-ның бөлуін қалауы
Тәуелсіз зерттеушілердіңØ пікірінше, КСРО экономикасының құлдырауына Горбачевтің Одақ экономикасының жартысына жақынын ұстап тұрған спирттік ішімдіктерге тиым салуы және т.б
ХХ ғасырдың 80-90 жылдары КСРО-ң әлеуметтік-саяси, экономикалық өміріндегі қатынастар шиеленісі 1991 ж 21- желтоқсанындағы одақтың өмір сүруінің тоқтатылуына әкелді.
1985 жылы М.С.Горбачев және оның жақтастарының «қайта құру» саясатын бастауынан халықтың саяси активтігі өсті, жаппай, соның ішінде ұлттық қозғалыстар мен ұйымдар құрылды. Кеңестік жүйені реформалауға тырысуы елдегі кризисті одан ары тереңдетті.Саяси сахнада бұл кризисс КСРО президенті Горбачев пен РФСФР президенті Ельциннің арасындағы қайшылықтар негізінде көрінді. 1989 жылы ресми түрде елде экономикалық кризисс басталғандығы жайлы жарияланды. Осы жылдары советтік экономикадағы басты проблема максимумына жетті, яғни үнемі тауар тапшылығы, саудадан күнделікті қолданылатын заттар жоғала бастағандығы(наннан басқа). Бүкіл ел бойынша сауданы карточкалық жүйе бойынша жүргізу енгізілді. 1991ж бастап алғаш демографиялық кризисс байқалды,елде туылымнан өлім көрсеткіші өсті.
КСРО территориясында ұлтаралық қақтығыстар жиілей түсті.Осыған байланысты сөйлейтін болсақ, алысқа бармай-ақ, мысал ретінде өз еліміздегі 1986 жылғы аса озбырлық пен қатыгездікпен басылған жастардың «Желтоқсан» оқиғасын айта кетуге болады.Үкімет басына Колбиннің отыруы, халық үшін жылдар бойы жиналған ызалықтарына түрткі болғандай болды.
Осындай шиеленістің ең шегінен шыққаны Таулы Қарабах қақтығысы. 1988 ж бастап бұл жерде армяндар мен азербайжандар қырғынға ұшырай бастады. 1989 жылы Армян КСР Жоғарғы Кеңесі Таулы Қарабахтың өзіне қосылғандығы жайлы жариялайды,ал Азербайжан КСР болса блокада бастағанын ескертеді.Сөйтіп, 1991 жылдан бастап екі ел арасында соғыс басталды деп айта аламыз.
Осындай шиеленіскен жағдайлар Ферғана даласында да болып өтті.Оның басты себебі бірнеше ортаазиялық ұлтты бір бүтінге біріктірмек болулары.
КСРО-ң ыдырау үстіндегі жағдайын көре отырып, көптеген құрамындағы мемлекеттер болашаққа деген нық сенімдері болмаса да, Одақтың да келешегі шамалы екенін көре отырып, елінің болашақ дамуы үшін мемлекет басшылары егемендіктерін жариялай бастады. Бұл үрдісті алғашқы болып Балтық теңізі маңы елдері бастады.Оның үстіне, 1990 жылы 7 ақпандағы КСРО КП ОК биліктегі монополияның әлсірегенін жариялаған соң,елде алғашқы бәсекелестік сайлаулар өтті. Осының нәтижесінде көптеген одақтық мемлекеттерде билікке либералдар мен ұлтшылдар келді.Олар ортақ одақтық заңдардың республикалық заңдардан басымдығына наразылықтарын білдірді,сондай-ақ жергілікті экономикаға бақылауды өз қолдарына беруді және салықты тікелей одақ бюджетіне төлеуге қарсы шықты.Осы және тағы да басқа шиеленістер өзі оңып тұрмаған одақ арасындағы экономикалық байланысты үзді.
Бұл кризисс әр елге әртүрлі әсер етті, әр ел әртүрлі қабылдады. Литвада 1988 жылы 3 мамырда тәуелсіздік жолындағы Саюдис қозғалысы құрылды. Ал 1990 ж 11 наурызда Литва Жоғарғы Кеңесі ел егемендігі жөнінде жариялады. Сондай-ақ, көршілес Эстонияда 1988ж Эстония Халық Фронты құрылды да, мамырда Таллинде «әншілер революциясы» өтеді. 1990 ж 23 наурызда Эстония Компартиясы КСРО КП мүшелігінен шығатындығын жариялайды, ал кейін 1990ж 30 наурызында Эстония Жоғарғы Кеңесі өз тәуелсіздіктерін жариялайды. Осы кездері Латвияда да Халық Фронтының күшеюі байқалады, олардың негізгі мақсаты -ел тәуелсіздігі еді. 1990 жылы 4 мамырды Латвия Жоғарғы Кеңесі егемендіктерін жариялап, 1991 жылы 3 наурызда осы қабылданған шешім референдум арқылы бекітілді.
Кейін осы тәртіп бойынша Одақтас елдердің көбі өз егемендіктері мен тәуелсіздіктері жайлы қаулылар қабылдап,референдумдар өткізе бастады.Мысалға:
• Украина- 1991ж 24 тамыз
• Қырғызстан- 1991ж 31 тамыз
• Өзбекстан – 1991ж 1 қыркүйек
• Таджикистан- 1991ж 9 қыркүйек
• Армения -1991ж 29 қыркүйек
• Азербайжан- 1991ж 18 қазан
• Түркменстан-1991ж 27қазан
• РФСФР-1991 ж 12 желтоқсан
• Қазақстан- 1991ж 16 желтоқсанда өз тәуелсіздіктеріне қолдары жетті.
Бағалау:
Үйге тапсырма: : §21.КСРО