Түсiндiрме беретiн жазба
ПӘНДЕР МОДУЛІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы»
Пән модулінің атауы________________________________________________
модульдің шифрі__________________________________________________
модульдің типі ____________________________________________________
5В030100- «Заңтану»,
5В030300- «Құқық қорғау қызметі»
((BA/MA/PhD) модуль деңгейі, мамандық шифрі)
АСТАНА – 2013
Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешен келесі мамандық бойынша жоғары оқу орынға арналған 5В030100 - «Заңтану», 5В030300- «Құқық қорғау қызметі»
(коды және атауы)
«Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы» пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінделген
Пәннің оқу әдістемелік кешенін дайындаған мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушы А.Қ. Спанов
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
«__» тамыз 2013 ж. Хаттама № 1
Кафедра меңгерушісі ______________________________ А.Ж. Наурызбай
(қолы, аты-жөні)
Ұлттық құқық жоғары мектебінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
«__» тамыз 2013 ж. Хаттама № 1
Мазмұны
1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы 2. Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (syllabus) 2.1. Оқытушы туралы мәліметтер |
2.2. Курстың пререквизиттері |
2.3. Курстың постреквизиттері |
2.4. Пәннің жалпы сипаттамасы |
2.5. Студенттердің міндеттері |
2.6. Пән бойынша дәріс кестесі |
2.7. Пән бойынша семинар кестесі 2.8. Пәннің мазмұны 2.9. Дәріс сабағының мазмұны 2.10. Семинар сабағының мазмұны |
2.11. Пән бойынша СОӨЖ тапсырмасын орындау және өткізу графигі 2.12. Пән бойынша СОӨЖ тапсырмасын орындау және өткізу графигі |
2.13. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі |
2.14. Қамтамасыз ету картасы 2.15. Белсенді тарату құралдары |
2.16. Аралық бақылаудың сұрақтары 2.17. Емтихан сұрақтары |
2.18. Глоссарий |
2.19. Оқу пәнінің бақылау түрлері |
2.20. Білім бағалаудың жалпы шкаласы |
3. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, дәріс конспектілері)
4. Пәнді игеру үшін ұсынылатын әдістемелік нұсқаулықтар (СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін әдістемелік нұсқау)
5. Курстық жұмыс жазу үшін әдістемелік нұсқаулар
6. Курстық жұмыс тақырыптары
7. Диплом жұмыстарының тақырыптары
8. Білім алушылардың білімдерін бақылау және бағалау материалдары (жазбаша бақылау тапсырмалары, өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар, тақырыптар бойынша тест тапсырмалары)
9. Демонстрациялық материалдар (слайд, плакат, т.б.)
10. Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен (соның ішінде электронды тасығыштарда болуы) қамтамасыз етілуі
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
Ұлтық құқық жоғарғы мектебі
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы
КЕЛІСІЛГЕН БЕКІТЕМІН
Мемлекет және құқық теориясы Ұлттық құқық жоғарғы
мен тарихы кафедрасының мектебінің директоры
меңгерушісі з.ғ.к., доцент з.ғ.д., профессор
Наурызбай А.Ж. У.Ш. Шапак
«__» ____________ 2013 ж. «__» _________2013 ж.
ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәні «Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы»
Мамандық 5В030100 «Заңтану», 5В030300- «Құқық қорғау қызметі»,
Оқу нысаны Күндізгі
Пәннің коды 12.00.01
Курсы I Семестр- 1
Барлығы 3 кредит
Дәріс-30 сағат Семинар 15 сағат
СОӨЖ- 23 сағат
СӨЖ – 67 сағат
Емтихан 1 cеместр Еңбек көлемі 135 сағат
Астана -2013
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының келесі мамандық бойынша жоғары оқу орынға арналған 5В030100 «Заңтану», 5В030300- «Құқық қорғау қызметі»__
(коды және атауы)
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы типтік бағдарламаға негізделген.
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫН мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының дайындаған аға оқытушысы А.Қ. Спанов
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы отырысында талқыланды.
«__» тамыз 2013 ж. Хаттама № ____1____
Кафедра меңгерушісі ___________________________ А.Ж. Наурызбай
(қолы, тегі, аты, жөні)
Ұлттық құқық жоғары мектебінің
оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды
«___» тамыз 2013ж. Хаттама № __1___
Мазмұны
I. Түсiндiрме беретiн жазба.............................................................................................. | |
II. Пәннің мазмұны...........………………………………………………......................... | |
II.1. Кіріспе…………………………………………………………………..................... | |
II.2. Негізгі бөлім ………………………………………………………...….….............. | |
№ 1 Тақырып. Заң ғылымдар жүйесіндегі шет елдердің мемлекет және құқық тарихының пәнi, әдiсі мен орны. № 2 Ежелгi Мысырдың мемлекетi мен құқығы. № 3 Тақырып. Ежелгi Шумер-Вавилондық өркениеттің мемлекеті мен құқығы. № 4 Тақырып. Ежелгi Үндiнің мемлекетi мен құқығы. № 5 Тақырып. Ежелгi Қытайдың мемлекетi мен құқығы. № 6 Тақырып. Ежелгi Грецияның мемлекетi мен құқығы. № 7 Тақырып. Ежелгi Римнің мемлекетi мен құқығы. № 8 Тақырып. Франк мемлекетi мен құқығы. № 9 Тақырып. Францияның феодалды мемлекетi мен құқығы. № 10 Тақырып. Англияның феодалды мемлекетi мен құқығы. № 11 Тақырып. Германияның феодалды мемлекетi мен құқығы. № 12 Тақырып. Ресейдің феодалды мемлекеті мен құқығы. № 13 Тақырып. Араб Халифатының мемлекетi мен құқығы. № 14 Тақырып. Қытайдың феодалды мемлекеті мен құқығы. № 15 Тақырып. Жапонияның феодалды мемлекеті мен құқығы. № 16 Тақырып. Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі Ұлыбритания мемлекетi мен құқығы. № 17 Тақырып. Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі АҚШ мемлекеті мен құқығы. № 18 Тақырып. Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі Франция мемлекеті мен құқығы. № 19 Тақырып. Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі Германия мемлекеті және құқығы. № 20 Тақырып. Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі Ресей мемлекет және құқығы. № 21 Тақырып. Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі Жапония мемлекеті және құқығы. № 22 Тақырып. Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі Қытай мемлекеті және құқығы. | |
II.3. Тәжірибе (семинар) тақырыптары мен лабораторлық сабақтардың (лабораториялық практикумның) жобаланған тізімі. .................................................. | |
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша емтиханның бақылау сұрақтары: III. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі.............................................................................. |
Түсiндiрме беретiн жазба
Шет мемлекеттердің мемлекет және құқық тарихы тарихи-теориялық құқықтық пәндермен бірге, заңгерлерді дайындауда негізгі болып табылады. Оны қабылдамай, мемлекет және құқықтың даму ерекшелігін, заңдылығын, салалық және арнайы заң пәндерін тануға болмайды.
«Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы» пәнінің мақсаты әлемдік генезис практикасына және құқықтық процесстер мен құбылыстардың дамуына маңызды әсер еткен мемлекеттік мекемелер эволюциясы және құқықтық институттарының қалыптасуы бойынша білімнің жасалуы болып табылады.
Пәнді оқыту процессіндегі келесі мақсаттардың шешілуі ұсынылады:
1. Құқықтық процесстердің динамикасы және әр түрлі тарихи кезеңдердегі құбылыстар жөнінде студенттердің ғылыми түсінігінің қалыптасуы;
2. Оқытылатын елдердің мемлекеттік-құқықтық жүйелер жөнінде өзіндік нәтиже мен қорытындылардың жасалуы, мемлекеттік және құқықтық институттардың салыстырмалы-құқықтық анализді жүргізу бойынша тәжірибе мен біліктілігінің дамуы.
3. Құқықтық мемлекеттің және демократиялық қоғамның құндылығына бағытталған адами өркениеттің дамуы бойынша студенттердің теориялық материалдарын меңгеруі;
4.Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы саласындағы өзіндік білімді жетілдіру мотивациясы мен креативті ойлау қабілетінің қалыптасуы;
5. Құқық бастамасы анализінің қоғамның нақты-тарихи шарттарымен байланыста өткізілуі, оқытылатын елдердің мемлекеттік-құқықтық эволюциясының жалпы және ерекше белгілерін айқындау біліктілігін машықтандыру.
6. Қазіргі мемлекеттік-құқықтық ақиқат пен тарихи оқиғалар арасындағы паралелдерді анықтауға машықтандыру.
Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы заң білім жүйесінде маңызды роль атқарады, өйткені қазіргі мемлекеттік құқықтық құбылыстар мен процесстердің маңыздылығын тануға, олардың дамуын болжауға, өткен мемлекеттер мен құқықтық жүйесіне ретроспективті анализіне сүйене отырып, негізделуге болады.
Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес студенттен Ежелгі Шығыс елдеріндегі (ежелгі шығыс өркениеттері) мемлекет және құқық тарихы пәнін білуі талап етіледі. Мысырдың, Вавилонның, Үндінің, Қытайдың; антикалық өркениеттер мен антикалық мемлекеттер: Ежелгі Грекия мен Ежелгі Рим; рим құқығының тарихы; Батыс пен Шығыс ортағасыр өркениеттерінің екібағытты дамуы; Еуропа елдеріндегі феодалдық мемлекет пен құқық (Англия, Франция, Германия, Ресей т.б); Шығыс елдерінің ортағасырлық мемлекеттері: ислам әлемі мен Араб халифаты, Үнді, Жапон, Қытай; мұсылмандық құқық; буржуазиялық мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы (Англия, АҚШ, Франция, Германия; Ресей т.б); анго-саксондық және континеталдық құқық жүйелерінің пайда болуы; Ең жаңа уақыттағы мемлекеті мен құқығы. (Ұлыбритания, Франция, Ресей, Германия, т.б). Еуропа, Америка, Африка, Азия елдеріндегі мемлекет және құқық; ХХ ғасырдағы шет елдердің мемлекет және құқық негізгі тенденциясының дамуы.
Шет елдердің мемлекет және құқық тарихын оқуда студент жалпы тарих, философия, политология сияқты жалпы гуманитарлы пәндерді білуі қажет. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы нақты материалдарға сүйене отырып, мемлекет және құқық теориясымен байланысты, сонымен бірге мемлекет және құқық теориясымен өңделген ұғымдар мен методологиялық келіске негізделеді.
«Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы» пәні «Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы» пәніне ұқсас болып, хронологиялық кезектілікте нақты елдің ерекшеліктері мен құқықтық мемлекет заңдылықтарын оқытады, сонымен бірге, әртүрлі тарихи кезеңдегі мемлекет және құқық теориясының эволюциясы бойынша білім беретін «саяси және құқықтық ілімдер тарихы» пәніне жақын болып келеді.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Әлемдік мемлекеттіліктің тарихына елеулі әсер еткен елдерде мемлекет және құқықтың пайда болуы мен дамуын шетел мемлекет және құқық тарихы зерттейді. Осыған орай, жалпы заңдылықтар мен жеке елдердің мемлекет және құқық тарихының спецификалық жақтары ашылып, олардың дамуын айқындаған негізгі себеп-салдар байланыстары оқытылады. Аталған процесстердің қарама-қайшылығы мен барлық қиындығын көруге мүмкіндік беретін, сонымен қазіргі мемлекеттілікті тереңнен ұғуға, сонымен қатар болашақта оның дамуының негізгі қырларын болжай отырып, шарттар шығарылады.
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы жеке елдердің мемлекеттік құқықтық институттарының тарихы хронологиялық тәртібімен төрт негізгі кезеңдерде оқытылады: Ежелгі дәуірдің мемлекет және құқық тарихы, Орта ғасырлардың мемлекет және құқық тарихы, жаңа кезеңнің мемлекет және құқық тарихы, Қазіргі уақыттың мемлекет және құқық тарихы. Осындай кезеңдестіру әлем өркениеттері дамуының негізгі төрт кезеңдеріне сәйкес келіп, мемлекет және құқық негізгі бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта қоғамдық өмір мен көптеген мемлекеттік салаларда интерграциялық процесстер күшейе түседі. Бұл құқықтық салаға да қатысты. Әлемдік қауымдастық пен мемлекеттер жалпықұқықтық принциптердің үлкен маңызын құптап, жалпы әртүрлі заңгерлік жүйелер жақындастығын қолдайды. Ғылыми идеялар мен құқықтық ақпараттың алмасуы және ұлттық заңнаманың дамуы тәжірибесінің өзара қолдануы мен оқытылуына қызығушылық арта түседі. Салыстырмалы-құқықтық, салыстырмалы-тарихи және тарихи әдістердің қолданылуына негізделген құқықтық зерттеулердің маңызды дамуы барлық әлем елдерінде қолданылады. Ұлттық заңнаманың жетілдірілуі, мемлекет және құқықтық жүйелердің дамуындағы тарихи заңдылықтарды айқындауды мақсат етеді. Осы зерттеулердің маңыздылығы, құқықтанудың дәстүрлі мәселелерінің шешілуіне ғана әкеліп соқпайды, сонымен бірге тағы да басқа жаңа мәселелерді көтеруге болады.
Жеке елдердегі мемлекет пен құқық жалпытарихтық заңдылықтарды анықтап, олардың пайда болуы мен дамуы процесіндегі және тарихи кезеңдердің дамуы заңдылықтарын шетелдердің мемлекет және құқық тарихы зерттейді, өткеннің мемлекет-құқықтық тәжірибесін жалпылайды. Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы пәнінің ерекшелігі оның қолданатын жалпыфилософиялық және нақты-ғылыми әдістерін, зерттеу құралдары мен тәсілін, жалпылай ғылыми танымның міндеттері мен мақсаттарын анықтайды. Шет елдердің мемлекет және құқық тарихының пәндік және методологиялық ерекшелігінің айқындамасы принциптерінің жиынтығы болып табылады, зерттеу тәсілдері мен құралдары, олар өзіндік мүмкіншілігімен үлкен шамада тарихи-құқықтық мазмұнымен берілген заң пәнінің профиліне сәйкес келеді.
Тарихи ретроспектива мен перспективадағы мемлекет және құқықтың дамуы мен пайда болуы даму процессі историзм принципінде елеулі рөл атқарады. Белгілі дәуірде мемлекет және құқықтың формасы мен нақты тарихи типтің зерттелуінде негіз жатыр. Өткен және қазіргі шетелдердің мемлекет және құқығы мен олардың арасындағы байланыстарын ашуға көмектеседі, сонымен бірге олардың дамуындағы логиканы айқындауға, олардың мемлекеттік-құқықтық тәжірибесін салыстыруға көмектеседі. Тарихи үйлесімділік қазіргі уақыт тұрғысынан өткеннің контексінде қызмет етуін бағалау, интерпретация және адекватты түсінудің тәсілі ретінде болып шығады. Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы заңгерлік білім беру жүйесінің маңызды бөлігі. Қазақстан республикасының мемлекет және құқық тарихы тарихи-теориялық пән болып табылады және базалық пәндердің міндетті тізіміне енеді.
Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы оқу пәні ретінде келесі қызметтерді атқарады:
1. ғылыми танымдық;
2. тәжірибелі-қолданбалы;
3. оқу-тәрбиелік;
Негізгі бөлім.